«Бекітемін» Г. А. Шаймолдина Өзін-өзі тану сабағының жоспары Мектеп



бет4/8
Дата03.11.2019
өлшемі196,84 Kb.
#51061
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ө.Ө.Т.Қ.М.Ж (1)


«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 14 сабақ

Тақырыбы: Ұл бала мен қыз бала

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: сыйластық,достық,өзара түсінісу




Ресурстар

Мақсаты: Ұл бала мен қыз бала тақырыбын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

-сыйластықта болуға үйрету

-достықта болуға баулу

- оқушыларды сыйластық,достық,өзара түсінісу тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру:

14 сабақ,63 бет «Кімнің жұмысы?» мәтінін оқу.

*Алтай неге жұмысты бөлді?

*Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластыққа қалай қол жеткізді?

*Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?

*Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек?

*Ұл мен қыз бала арасындағы достық дегенді қалай түсінесіңдер?

*Өздерің қандай сыйластықтасыңдар?

Дәйексөз

«Ел ұлымен берік, қызымен көрік»

Халық даналығы

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Қазақ қызы

өсиет

1.Қазақ қызын қандай қасиеттерінен танимыз?

2. Қазақ халқы неге қыз баланы құрметтеген?

3.Қызға қырық үйден тыйым дегенді қалай түсінесіңдер?

1.Ер балаға тән қасиеттер қандай?

2.Сыйластықпен достыққа қалай қол жеткізуге болады?

3. Өздерің достарыңмен қандай қарым-қатынастасыңдар?
Шығармашылық жұмыс.

«Қызым қызғалдағым,ұлым ізгі арманым» тақырыбында әңгімелеңдер

Топпен ән айту:

Біз-туған ел баласы

Сөзін жазған: Қ. Ыдырысов

Әнін жазған: Қ. Қуатбаев

Асыр салған таласып,

Біз туған ел баласы.

Қандай байтақ Отаным,

Жан-жағыңа қарашы.

Отаным кең көсілген,

Төсінде ырыс өсірген.

Қаптаған мал, алып дән,

Бәрі менің несібем.

Бәрін көріп келеміз,

Болашаққа сенеміз.

Жақсы оқумен, еңбекпен,

Біздер жауап береміз.

Үй тапсырмасы. 15 сабақ, 70 бет «Күштісің енді сен»-деді өлеңін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.




«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 15 сабақ

Тақырыбы: Дос болайық бәріміз

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: сыйластық,адалдық,сенімділік




Ресурстар

Мақсаты: Дос болайық бәріміз тақырыбын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- сыйластықта болуға үйрету

-адалдық қасиеттерін жоғарылату

- оқушыларды сыйластық,адалдық,сенімділікке тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру:

15 сабақ, 70 бет «Күштісің енді сен»-деді өлеңін оқу.

*Неге тасқа жалғыздың күші жетпеді?

*Жолдан тасты қалай алып тастады?

* «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» дегенді қалай түсінесіңдер?

*Достық дегеніміз не?

*Достықты қалай қалыптастырамыз?

*Өздеріңнің достарың туралы айтып беріңдер?

Дәйексөз

«Татулық-достық кепілі»

Халық даналығы

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Екі дос

аңыз

1.Жауынгерлер достықтарын қалай дәлелдеді?

2. Шынайы достықты қандай әрекеттерден аңғардық?

3.Олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі қандай екен?

1.Татулық,достық адамдарға неге қажет?

2.Адал достар қандай болады?

3.Сендер достарыңа неге сенім артып,қолдайсыңдар ма? Неге?
Шығармашылық жұмыс.

«Менің досым» досыңды атын атамай сипатта,сыйлық сыйла

Топпен ән айту:

Достық

Сөзін жазған: Е. Елубаев.

Әнін жазған: И. Нүсіпбаев.

Ортақ мекен-жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан. 2 рет.

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жер ортақ,

Ортақ бізге барлығы. 2 рет.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз. 2 рет

Үй тапсырмасы. 16 сабақ, 71 бет «Сазды хикая» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.




«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 16 сабақ

Тақырыбы: Дос болайық,бәріміз!

Құндылық: ішкі тыныштық

Қасиеттер: сыйластық,сенімділік,шынайылық




Ресурстар

Мақсаты: Дос болайық,бәріміз! тақырыбын түсіндіре отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- сыйластықта болуға үйрету

-сенімділік қасиеттерін жоғарылату

- оқушыларды сыйластық,сенімділік,шынайылыққа тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру:

16 сабақ, 71 бет «Сазды хикая» мәтінін оқу.

* Көртышқанның жалғыз қалу себебі неде деп ойлайсыңдар?

* Көртышқан достарымен қалай татуласты?

* «Ескі достан айрылсаң, жаңасын таппайсың» дегенді қалай түсінесіңдер?

* Адал достыққа қалай түсінесіңдер?

* Досыңа көмекті, қамқорлықты қалай жасайсыңдар?

Дәйексөз

«Әрқашан тілектес,

Досыңа көмектес.»

Е. Өтетілеуов

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Адал достар

аңыз

1.Қасым мен Хасен не тауып алды?

2. Қазынаны қалай бөлді?

3.Екеуінің достығы одан әрі қалай нығайды?

1.Сендер ішкі тыныштықты қандай қасиеттерді құрметтеу арқылы орнатасыңдар?

2.Өзара сенімділік қалай орнайды?

3.Өздерің досқа тән қандай қасиеттерді бағалайсыңдар?
Шығармашылық жұмыс.

Жағдаятты талдау,досыңа арнап шын көңілден сыйлық жаса

Топпен ән айту:

Достық

Сөзін жазған: Е. Елубаев.

Әнін жазған: И. Нүсіпбаев.

Ортақ мекен-жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан. 2 рет.

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жер ортақ,

Ортақ бізге барлығы. 2 рет.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз. 2 рет.
Үй тапсырмасы. 17 сабақ,78 бет «Жақсы ата» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.




«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мамыт НМ

Мерзімі:

Мұғалім: Оразбаева С.О

Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 17 сабақ

Тақырыбы: Жылы жүрек-жақсы тілек

Құндылық: ішкі тыныштық

Қасиеттер: жанашырлық,мейірімділік, ізгілік




Ресурстар

Мақсаты: Жылы жүрек-жақсы тілек тақырыбын түсіндіре отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- жанашырлыққа үйрету

- мейірімділік қасиеттерін арттыру

- оқушыларды жанашырлық,мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеу

Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті:

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру:

17 сабақ,78 бет «Жақсы ата» мәтінін оқу

* Немересі атасына қандай жақсы тілек айтты?

* Атасының немересіне деген жылы жүрегі қалай байқалады?

* Өздерің жылы жүрекпен жақсы тілек айтқан кездеріңді еске түсіріп көріңдер?

* Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болдыңдар?

* Ал өздеріңе жылы сөз айтып, жақсы тілек тілеген кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Дәйексөз

«Жақсы сөз-жан семіртер»

Халық мақалы.

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Жақсылық шарапаты

1.Кім кімге жақсылық жасады?

2. Жақсылықты қалай жасады?

3.Жаңылсынға неге рахмет айтты?

Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың достықтың мәнін жете түсінуі үшін өздерінің орындауында сахналау ұйымдастырылады.

«Саңырауқұлақтың саясы»

Топпен ән айту: Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Үй тапсырмасы. 18 сабақ, 81 бет «Ұқыптылық» мәтінін оқу.

дәптермен жұмысты орындау

Сабақтың қорытынды минуты

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет