Дәрістің мазмұны:Д.И. Менделееевтің элементтердің периодтық жүйесі.
Электронның атомдағы күйлерінің классификациясы. Химиялық байланыс табиғаты. Электрондық қабықшалар.
Элементтердің периодтық жүйесін ХІХ-ғасырда Д.И.Менделеев эмпирикалық заң түрінде ашса, Н.Бор 1922 жылы оның құрастырылу жүйесін теориялық тұрғыдан көрсетіп берді.
Берілген бас кванттық сан -ге сәйкес келетін кабықшалар жиыны қабық немесе группа деп аталады. Қабықты толықтыратын электрондар саны келесі формуламен анықталады:
Әр-бір қабықты спектроскопиялық белгілеулерге сәйкес, әріптермен белгілеу келісілген:
Бас кванттық сан 1 2 3 4 5 6
Қабық символы K L M N O P
Электрондардың максималь
саны 2 8 18 32 50 72
Энергияның n және кванттық сандарға тәуелділігі бір қалыпты емес. Бастапқы жеңіл атомдарда немесе электрондар аз кезде энергияның -ге тәуелділігі айрықша байқалады, сондьқтан n -деңгейлерінің барлық күйлерінің энергиясы деңгейлерінің барлық күйлері энергиясынан төмен жатады. Осы себепті электрондардың күйлерді толтыруы мына тізбек ретімен жүзеге асады.
кванттық теория элементтердің периодтық жүйесін теориялық негізден қарастырып қана қоймайды, әрі олардың химиялық қасиеттерін де болжайды. Периодтық жүйенің кванттық теориясының дұрыстығын 72-ші элементтің ашылуына дәлел болады. Бор теориялық талдау негізінде белгісіз 72 -ші элемент қасиеті циркон элементіне үқсас болуы керек деген болжам айтты. Соңынан осы 72-ші Hf элементі циркон руда қоспаларынан іздеу арқылы табылды.
Дәріс №15
Дәрістің мазмұны
Сәуле шығару теориясының элементтері. Сәуле шығару және жұту үшін сұрыптау ережесі.
Уақыт пен энергия үшін анықталмағандық принципі. Спектрлік сызықтың қалыңдығы.Кванттық генератор. Қазіргі жетістіктер мен зеттеулер.
кванттық жүйеге әсер етуші ұйтқу энергиясы, сол жүйе күйінің өзгеру себебі болды. Атом жүйесінің немесе жеке атомның электромагниттік сәулемен әсерлесуін, атомға кішкене ұйытқу әсер етті деп санауға болады. Алайда бұл әсерлесудің толық теориясы, кванттық электродинамикада қарастырылады. Мысалы атомның, ешқандай ұйтқу әсерінсіз, бір күйден екінші күйге көшуі (өздігінен спонтанды) кездеседі. Бұл процесс атомның қозған күйінен нормаль (қалыпты) күйіне көшуіне жауапты. Егер осындай өздігінен кванттық көшуді постулат түрінде қабылдасақ,онда ұйытқу теориясына және эйнштейіннің жартылай феноменологикалық теориясына сүйеніп, атомның сәуле шығару және жұту процестерін түсіндіруге болады.
Электромагниттік сәуле өрісі әсерінен атомның бір күйден екіншісіне көшуінің екі мүмкін сипаты бар. Егер соңғы күйдің энергиясы болса, сонда атом түскен электромагниттік сәулені жұтады, керісінше болса, атом электромагниттік толқын шығарады. Сондықтан немесе болуы керек.
Сәулелену немесе сәуле шығару және сәулені жұту процестерін дұрысында кванттық электродинамикада қарастырады. Біз жуық түрде Эйнштейн ұсынған, қазір «Эйнштейн коэффициенттері әдісі» деп аталатын, әдіс арқылы түсіндірелік. Айталық тұйық қуыста атомдар жүйесі, өзінің сәулеленуі және сәулені жұтуы процестері арқылы, термодинамикалық тепе-теңдік күйде болсын, яғни және деңгейлері үшін кванттық өтулері үздіксіз болып жатсын. Қарастырып отырған моментте n-күйде N(n)-атомдар, ал m-күйде N(m)-атомдар болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |