«бекітемін» «келісемін» Мектеп директоры: Тәрбие ісінің меңгерушісі: Б. Ж. Букаева М. С. Еділ



бет10/11
Дата24.02.2022
өлшемі5,45 Mb.
#133040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тұғыры биік Тәуелсіздік

Қорытындылау:
«Мәңгілік Ел» идеясы (мұғалімнің қорытынды сөз)
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.
Қазақтың Мәңгілік ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік болашағын баянды етуге арналады.
Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел!
«Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары «Қазақстан-2050» стратегиясының түпқазығы етіп алдым».
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.
Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.
Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек,- деп айтып кеткен болатын Елбасымыз өзінің жолдауында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет