Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж
«Бекітемін» _________ «Келісемін» _________
Директордың оқу-ісі жөніндегі Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының
орынбасары С.М.Кенжеғалиева меңгерушісі Б.Б.Құрманғалиева
Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»
Біліктілігі: 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі»
бойынша емтихан сұрақтары
2пКШК тобы
1-билет
1. Қазақ тілі әдістемесі ғылыми пән, оның басқа пәндермен байланысы.
2. Морфологиялық талдау.
Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл- қазақ тілі.(С.Е.Малов)
2-билет
1. Қазақ тілі әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері
2. Морфологиялық талдау.
Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал. (Ахмет Байтұрсынұлы)
3-билет
1. Етістікті оқыту жолдары
2. Синтаксистік талдау.
Ағыбай енді ғана байқады, батыс белдеуден сұлудың қиғаш қасындай иіліп, жаңа ай туыпты.(Қ.Жұмаділов)
4-билет
1. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық ұстанымдары.
2.Синтаксистік талдау.
Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек. (Ахмет Байтұрсынұлы)
5-билет
1. Қазақ тілін оқыту әдістері
2. Морфологиялық талдау
Абдоллада тек ақындық дарын ғана емес, орындаушылық қабілет те мол болатын. (М.Хакімжанова)
6-билет
1. Есім сөздерді оқыту жолдары
2. Фонетикалық талдау.
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
(Абай Құнанбайұлы)
7-билет
1. Етістіктің категорияларын оқыту жолдары
2. Синтаксистік талдау.
Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең, оқыт, мал аяма!
( Абай Құнанбайұлы)
8-билет
1. Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ тілінен» оқу бағдарламасын талдау
2.Фонетикалық талдау.
Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әкемінезі Абайға мәлім. (М. Әуезов)
9-билет
1. Қазақ тілі бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар.
2. Морфологиялық талдау.
Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас.(А.Байтұрсынұлы)
10-билет
1 Критериалды бағалау түрлері
2. Фонетикалық талдау.
Жаздың бір күні қыстың мың күніне татыр.(Мақал)
11-билет
1. Фонетиканы оқыту әдістемесі
2. Синтаксистік талдау.
Талабы жоқтан табандылық күтпе. (Мақал)
12-билет
1. Лексиканы оқыту әдістемесі
2. Фонетикалық талдау.
Опасыз адам жел сияқты: алдында құдық барда артыңнан итереді.(Құтып)
13-билет
1. Сөз тіркесін оқыту әдістемесі
2. Лексикалық талдау.
Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді. (Ахмет Байтұрсынұлы)
14-билет
1. Пунктуацияны оқыту әдістемесі
2. Фонетикалық талдау.
Жаманға айтқан ақылың,
Ағып жатқан селмен тең. (Шал ақын)
15-билет
1. Сөзжасамды оқыту әдістемесі.
2. Синтаксис талдау.
С.Әшімбаевтың әдебиеттің адам, қоғам өміріндегі орны, мәні, мен мазмұны туралы айтқандары өте ауқымды. (У.Қалижанов)
16-билет
1.Морфологияны оқыту әдістемесі.
2. Синтаксистік талдау.
Жылғадан аққан бұлақтан көл құралады,
Жалқы жүрген жігіттен қол құралады. (Қазбек би)
17-билет
1.Орфографияны оқыту әдістемесі
2. Синтаксистік талдау.
Қыз анадан үйренбей өнеге алмас, ұл атадан үйренбей сапар шекпес. (Қорқыт)
18-билет
1. Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі.
2.Лексикалық талдау.
Өтірік – арзан, шындық – қымбат, кәрілік – дауасыз. (Жанқұтты шешен)
19-билет
1. Үстеуді оқыту жолдары
2. Фонетикалық талдау.
Қыз ұшса - қияға, ұл ұшса - ұяға. (Мақал)
20-билет
1.Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі.
2.Морфологиялық талдау.
Батырлық та мінез секілді: өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. (Б.Момышұлы)
21-билет
1. Антоним, омоним, синонимді оқыту жолдары
2. Морфологиялық талдау.
Баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек. (М.Жұмабаев)
22-билет
1. «Қазақ тілі» пәнінің оқу мақсаттары
2 Лексикалық талдау.
А.Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы болып саналады. (Р.Сыздықова)
23-билет
1. 6-сынып «Қазақ тілі» оқулығын талдау
2.Морфологиялық талдау.
Мен жалындап өтемін, асқақ жандардың алаулы таңдары болып. (Ф.Оңғарсынова)
24-билет
1. 8-сынып «Қазақ тілі» оқулығын талдау
2 Лексикалық талдау
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті-ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.(Абай)
25-билет
1.9-сынып «Қазақ тілі» оқулығын талдау
2.Морфологиялық талдау.
Білікті адам айтпай-ақ жаныңды ұғар. (Махмұд Қашғари)
26-билет
1.7-сынып «Қазақ тілі» оқулығын талдау
2.Морфологиялық талдау
Үш күнгі жолдың соңғы күніне бала шәкірт барын салды. (М.Әуезов)
27-билет
1. 5-сынып «Қазақ тілі» оқулығын талдау
2.Фонетикалық талдау.
Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.(Ахмет Байтұрсынұлы)
28-билет
1. Жай сөйлем түрлерін оқыту әдістемесі
2. Синтаксистік талдау.
Ана тіліміз бала тіліне айналғанда ғана оның болашағы зор. (Қ.Мырза Әли)
29-билет
1. Үндестік заңын оқыту әдістемесі.
2. Лексикалық талдау
Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ. (Мағжан Жұмабаев)
30-билет
1. Еліктеу сөздерді оқыту әдістемесі.
2. Синтаксистік талдау.
Екі ақсақ, бір желаяқ – үш боздақ енді базарға қарай бет алдық. (Ғ.Мүсірепов)
Пән оқытушысы ______________
Достарыңызбен бөлісу: |