Пәні:Әдебиеттік оқу 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғасыр саңлағы.С.Ләмбекұлы
Сабақтың мақсаты:а)Мәтінді түсініп оқуға машықтандыру;Т.Әубәкіровтың өмірлік
мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі
ету;
ә)Оқушылардың сөздік қорын,тілін,мәнерлеп оқу дағдысын дамыту;
б)Оқушыларды батырлыққа,өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:жаңа білімді хабарлау
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,баяндау
Көрнекілігі:Слайд
Күтілетін нәтиже:1.Мәтінді түсініп оқуға машықтанады;2.Мәтінді талдауда шығарма оқиғаларының себеп-салдарын айқындай алады;;3.Белсенді іс-әрекет қалыптасады;
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту
1.Психологиялық дайындық
«5» болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Өнер,білім көп оқып
Өсе берсін санамыз.
2.Үй тапсырмасын тексеру
А)Тоқтар-тұңғыш ғарышкер.
(өлеңді жатқа айту)
ә) Топтастыру стратегиясы
-Тоқтар Әубәкіров туралы не білеміз?
-Тоқтар Әубәкіров кім?
-Тұңғыш қазақ ғарышкері.
-Ол қай жылы дүниеге келген?
-1946жылы 27маусым.
-Қай жерде дүниеге келген?
-Қарағанды облысы,Қарқаралы ауданында 1май ауылында дүниеге келген.
-Т.Әубәкіровтың қандай атағы бар?
-Техника ғылымының докторы,профессор,ұшқыш-инженер.
-Т.Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
-1991ж.2қазан.
-Қандай аймақты зерттеді?
-Арал теңізі.
ІІ.Мағынаны тану
1.Ой қозғау. Жұмбақ
Аспанда бір алып құс
Ызғып ұшып барады
Қарап тұрсаң ғажайып
Соңында із қалады. (Зымыран)
-Ал, осы зымыранмен қайда ұшады?
-Аспан әлеміне, ғарышқа.
-Ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз?
-Ғарышкер.
-Ғарышкерлерден кімді білесіңдер?
-Т.Әубәкіровғ Т.Мұсабаев
-ендеше бүгінгі сабағымызда тағы да Т.әубәкіров туралы әңгімелейтін боламыз
2.Мәтінді оқу. Болжау стратегиясы
3.Сөздікпен жұмыс
Ғасыр-100жыл
Саңлақ-елден ерен,озат,шебер адам.
Аэропорт-ұшақтар ұшып,қонатын жер.
Летшік-ұшқыш
4.Сергіту сәті
1,2,3
Бойға жинап күш
4,5,6
Қарлығаш боп қалқы
7,8,9,10
Қарлығаш боп қон.
5.Үш түрлі түсіндірмелі күнделік
-Әнеки,көрдің бе,Тоқтаржан,туған елдің түтіні қол бұлғап тұрғанын ,сенің тезірек ержетіп, азамат болғаныңды көрсем деймін.
-Осы кімнің сөзі,арманы?
|
«Аман жүрсек бәрі болады» дейді.
|
Техника ғылымының докторы,ұшқыш-инженер,профессор
-Тоқтар анасының арманын орындады ма?
|
6.Флипчарт
-Адам өмірде мақсатына жету үшін қандай қасиеттерге ие болу керек?
7.Оқулықпен жұмыс
Оқушыларға мәтінді оқыту.
-Әңгімедегі Тоқтар кім?
-Анасының аты кім?
Тақырып таңдау стратегиясы
-Әңгіменің тақырыбын басқаша қалай атауға болады?
ІІІ:Толғаныс
Синкуин
1.Кім? Тоқтар Әубәкіров
2.Не істеді? Армандады,ғарышқа ұшты.
3.Қандай? Батыр,ержүрек,білімді
4.Сөйлем Тоқтар-қазақтың тұңғыш ғарышкері.
5.Ғарышкер.
Үйге тапсырма
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |