Бекітемін Күні: 30. 09 Сыныбы: 11. Пәні: География. Сабақтың тақырыбы



бет1/6
Дата02.10.2019
өлшемі1,55 Mb.
#49065
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
күнделікті сабақ

Бекітемін

Күні:30.09

Сыныбы: 11.

Пәні: География.
1.Сабақтың тақырыбы: Ішкі айырмашылықтары мен экономикалық аудандар,туристік нысандары, сыртқы байланыстары,Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасы..

2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Ішкі айырмашылықтары мен экономикалық аудандарын анықтайды.Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: кубизм әдісі, венн диаграммасы, постермен, картамен жұмыс, жеке және топтық жұмыс.

4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Оқушылар ерекше экономикалық аудандары,шекара маңындағы ашық қалалар және туристік объектілеріне сипаттама беруді үйренеді Түсіну: Ерекше экономикалық аудандары мен шекараларын анықтай алады.

Қолдану: Шекара маңындағы ашық қалалар мен туристік объектілерді ажырата алады.

Талдау: Ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарын салыстырып,талдайды. 5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: критерий бойынша бағалау. 6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін. 7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,презентация, интернет материалдары.

Сабақ барысы



Уа-қыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5 мин

Кіріспе

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды

2. Мұғалім сыныпты жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөледі.

3. Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың жұмысын тексереді.

1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.

2. Оқушылар үй тапсырмасы бойынша орындаған жұмыстарын тексертеді.




10 мин

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2.Тақырып айқындағаннан кейін мұғалім әр топқа бөлек тақырыптар мен тапсырмалар беріп, кубизм әдісі бойынша орындауын тапсырады.

1 топ Ерекше экономикалық аудандар(Зерттеңіз)

2топ Баж салығынсыз сауда аймақтары(сипаттаңыз)

3топ Шекара маңындағы ашық қалалар(картадан көрсетіңіз)

4 топ туристік обьектілер(баға беріңіз)



1.Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын берілген сұрақтарға жауап бере отырып, айқындайды.

2.Топтар өз тақырыбы бойынша жұмыстанады.

1топ: Ерекше экономикалық аудандарды постер жасап қорғайды.

2топ: Баж салығынсыз сауда аймақтарын анықтап, сипаттама береді.

3топ: Шекара маңындағы ашық қалаларды картадан көрсетеді

4топ:Қытайдың туристік обьектілеріне баға береді.

20

мин

Негізгі

бөлім


1.Мұғалім Қытай экономикасы үшін еркін экономикалық аймақтарды дамытудың қандай маңызы бар?

1.Оқушылар Қытай экономикасы үшін еркін экономикалық аймақтарды дамытудың қандай маңызы бар екендігін түсіндіреді

5

мин

Қорытынды

1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.

2.Үйге тап-ма:

1) § оқу, Ішкі айырмашылықтары мен экономикалық аудандар,туристік нысандары, сыртқы байланыстары,Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасы

1.Оқушылар критерий бойынша бірін-бірі бағалайды.

2.Оқушылар табыс ағашына өз ойларын жазып, бүгінгі сабаққа кері байланыс жасайды.



Бекітемін

Қысқамерзімді жоспар бөлімі
3-бөлім. Физикалық география.

Күні:30.09

Мұғалімнің ТАӘ:Ниязов Серік

Сынып:9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Геоақпаратық жүйелер технологияларды қолдану аясы

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.1.3 Қазақ оронимдерінің жіктелуі негізінде олардың мәнін түсіндіреді және үш тілде транслитерациясын айтады

Сабақ мақсаты

Бағалау өлшемі

Барлық оқушылар:


  • Қазақша шығу тегі бар оронимдерді анықтайды және олардың мағынасын біледі.

  • Осы нысандарды Қазақстанның физикалық

картасынан көрсетеді.

Оқушылардың көпшілігі:


  • Қазақ оронимдерді жіктейді.

Кейбір оқушылар:

  • «Қазақ оронимдерінің құрылымдаушысын» қолданып, қазақ оронимдерін жасайды.

Оқушылар:
қазақ оронимдерінің жіктелуі негізінде олардың мәнін түсіндіреді және үш тілде транслитерациясын айтады.

Тілдік мақсаты

  • алуан түрлі ақпараттарды (мәтін, сызба, кескін) оқи алу дағдысын дамыту;

  • топтық және ұжымдық жұмыс кезінде бірін-бірі тыңдау дағдысын дамыту;

  • материалды талқылау, түсіндіру барысында географиялық терминдерді қолдану.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Топонимика, топоним, ороним, халықтық географиялық термин, индикатор



Сұхбаттар мен хат жазуға арналған пайдалы сөйлемдер:

  • Оронимдер … тәуелді.

  • Шығу тегі қазақша оронимдер… .

Құндылықтарға баулу

Қазақстандық патриоттық



Пәнаралық байланыстар

Топонимика

Тірек білімі

9-сыныптың география курсындағы, сәйкесінше,

«Литосфера» бөлімінің «Қазақстанның басты орографиялық нысандары» тақырыбы бойынша алған білімдері.



Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарлы іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақты «Қазақстанның басты орографиялық нысандары» тақырыбы бойынша алдыңғы өткен сабақты қайталаудан бастаңдар. Кескін картада келесі номенклатура нысандарын белгілеу керек:







Шығыс Еуропа жазығы, Тұран жазығы, Солтүстік Қазақ жазығы, Үстірт, Сарыарқа, Бетпақдала, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Жалпы Сырт үстірті, Орал алды үстірті, Мұғалдап таулары, Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань.

Оқушылар картаға географиялық номенклатураның берілген нысандарын белгілегеннен кейін Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, өзара тексеру жасауға тапсырма беру..

Қазақстан аумағындағы орографиялық нысандардың географиялық атаулары немен байланыстырылған?

Аталған атаулардың барлығына не нәрсе ортақ?


  • Шығыс Еуропа жазығы, Солтүстік Қазақ жазығы, Каспий маңы ойпаты, Орал алды үстірті.

  • Алтай, Тарбағатай, Тянь-Шань.




  • Көкшетау, Ақтау, Қаратау, Үстірт, Жалпы Сырт, Алатау.


Сұрақ қоя отырып, оқушыларды ороним ұғымына әкелу, осы ұғымға түсініктеме беру, сонымен бірге оронимдердің шығу себебін анықтау керек. Сабақтың қиындық туғызатын мәселесін айқындау қажет.

Қазақша оронимдердің атаулары қандай және ол немен байланысты?









Сабақтың ортасы

Тапсырмалар


  1. Қазақстанның физикалық картасын қолданып, мүмкіндігінше, кестеде келтірілген қазақтың халықтық географиялық терминдері қолданылған оронимдердің толық тізімін жасаңдар. Қандай терминдер жиі, ал қайсысы сирек қолданылады?

  2. Жазған оронимдердің атауларын келесі белгілері бойынша топтаңдар:

  • жалпы есімнен жалқы есімге ауысу

  • оронимнің бөлігінің атауын бүкіл жүйеге ауыстыру

  • оронимнің пішіні бойынша

  • белгілі бір өсімдік түрінің бар болуы бойынша

  • белгілі бір жануар түрінің нақты бар болуы бойынша

  • терминдер мен гүл атауларындағы оронимдер

  • пайдалы қазбалардың бар болуы бойынша

  • сан есімі бар оронимдер

  • мемориалды оронимдер

  • аспанға теңеу немесе діни атаулар

  • эмоционалдық реңк



Қазақстанның физикалық картасы, оқулық мәтіні, 9- сынып

атласы





- метафоралар

3. Туған өлкеңдегі топонимияларда кездесетін терминдердің тізімін жасаңдар.




Сабақ соңы

Параграфтың соңында берілген 2-тапсырманы орындау




Рефлексия

«Жолдорба» жаттығуы. Тақтаға/парақ бетіне жолдорбаның суреті салынады. Сабаққа қатысып отырған оқушылардың барлығы жапсырма қағазға бүгінгі сабақта алған білімдері мен дағдыларының қайсысын өзімен бірге алып кеткісі келетіндерін жазады.






Бекітемін : Күні: 30/01.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

8.3.1.1 жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттейді



Сабақтың тақырыбы

Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Қазақстан Республикасының Жер бедерінің қалыптасуы мен даму заңдылықтары туралы білімдерін дамытады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Қазақстанның қазіргі жер бедеріні қандай күштердің әсерінен қалыптасқанын біледі;

жаңа тектоникалық қозғалыстар дегенді түсінеді

жер сілкіну кестесі мен оның күштерін анықтайды; сейсмикалық аудандастыру картасына қарап жер сілкінудің таралған аудандарын талқылайды;

өз өлкелеріндегі сейсмикалық аудандар туралы болжам айтады



Кейбір оқушылар:

Қазіргі жер бедері қалай қалыптасқанын үйренеді

Постер қорғайды. Картаны оқиды, кестелермен жұмыс жүргізеді, талдайды саралайды,өз ойын жүзеге асырады,білген білімдерін өмірге жаратады.






Литосфералық плиталардың қозғалысына байланысты болатын жер бедерінің түрлерін анықтай алады, картада көрсетеді.

Сурет бойынша сол аймақтың жер бедерінің қалыптасуын талдап, зерттеулер жүргізеді,  профилін (қима)  бейнелей алады.

Қазақстанның қазіргі жер бедеріні қандай күштердің әсерінен қалыптасқанын біледі; жаңа тектоникалық қозғалыстар дегенді түсінеді; жер сілкіну кестесі мен оның күштерін анықтайды; сейсмикалық аудандастыру картасына қарап жер сілкінудің таралған аудандарын талқылайды; өз өлкелеріндегі сейсмикалық аудандар туралы болжам айтады



Тілдік мақсат


Оқушылар:

Карталарды және мәтіндерді қолдана отырып,  Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық плиталардың және сейсмикалық аймақтарды орналасуын картадан көрсетеді  және сипаттайды.

Сызбаларды,  карталарды және мәтіндерді қолдана отырып, литосфералық плиталардың қозғалыс түрлерін  ажырата алады және салдарын түсіндіреді.

Жердің геохронологиялық кестесін ауызша сипаттай алады (айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары) дамытады.



Пән бойынша сөздер мен терминдер:

Геохронологиялық кесте, жер қыртысы, қозғалыс, сейсмикалық аймақтар, субдукция



Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер (айтылым және жазылым дағдылары)

Тектоникалық құрылымның таралу заңдылқтары мен Жер бедері арасындағы айырмашылықты анықта

Тектоникалық картада .................. орналасқан

Литосфералық плиталар ........................... тұрады



  • Сейсмикалық облыстар ...............................  орналасқан,

Құндылықтарды дарыту

Барлығына тең құқықтар мен мүмкіндіктер туғызу, үздіксіз білім алу.

Оқушының бойына  құрмет,  ынтымақтастық,  ашықтық, еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту



Пәнаралық байланыстар

Физика, математика , химия, биология

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, презентация

Алдыңғы білім

 


Оқушылар жер бедерінің қалыптасу заңдылығын білу қажет.

Карта,  тірек-сызба, фотосуреттермен жұмыс істей алу керек.



Дерек көздер:

«Қазақстанның физикалық география» оқулығы; интернеттен материалдар, әдеби оқулықтардан табиғатты болжау туралы қысқаша деректер

Критерийлер бойынша,топты бағалау және өзін- өзі бағалау: Кері байланыс,.


Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)


  1. Шаттық шеңбері: Сәттілік тілеу



. І. Ұйымдастыру кезеңі: 

А. Оқушыларға «Вlob tree» парағы ұсынылады. «Сіз өзіңізді қай жерден көресіз?»

Б. Оқушыларды «Сандар» әдісі арқылы жер бедері бойынша топтарға бөлу /жазықтар, таулар/   


Жақсы тілек айту.

Оқушылар шеңбер бойына қол ұстасып тұрып;

«Бүгінгі сабақта бір-бірімізге сәттілік тілейміз!»

Топқа бөлу

(2 минут)






Сағаттар бойынша:

1. І топ «Жазу орталығы»


2. ІІ топ «Оқу орталығы
3. ІІІ топ «Білім орталығы»


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Үй тапсырмасын

Көпір


Ой шақыру:

Жалпылама сұрақ



1сұрақ. Геолгтардың негізгі мақсаты не?

2 сұрақ. Полезой жыныстары қай жерлерде кездеседі?

3 сұрақ. Шу, Іле, Зайсан қазан шұңқырларын кім картадан көрсетеді?

4 сұрақ.Мұздық шөгінділер яғни қазіргі мұз басқан қандай таулар?


Жаңа сабақ

І Білу

ІІ Түсіну7 минут


ІІІ Қолдану

Бейнефильм көру (4 минут)

постер орындау (3 миут)

қорғау 9 минут

ІҮ Саралау

Топпен жұмыс

Жинақтау

Қорыту

Бағалау


Кері байланыс



Тақырыпты оқып шығу (7 минут)

ІІ.Тақырыпқа шығу.   Мұғалім жаңа сабақты бастау үшін  оқушыларға таулар мен жазықтардың фотосуреттерін береді. Фотосуреттер арқылы не ойлайтындығы сұралады:

  1. Суреттерде не бейнеленген?

  2. Олардың басты ерекшеліктері қандай?

Фотосурет арқылы таулар мен жазықтардың айырмашылықтарын ажыратады. Жұппенен  өз ойларын бөліседі, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы, оқу мақсаттарын анықтауға жетелейді.

  • Жер қыртысымен жер бедері арасында байланыс бар ма? Егер болса ол қандай?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, топпен  өз ойларын бөліседі. Мұғалім әртүрлі идеяларды қорындылап, жер бедерінің қалыптасу заңдылығын түсіндіреді. Мұғалім оқушыларға жер бедерінің қалыптасуы туралы ақпарат таратады (мәтін, сызба-нұсқа).
ІІІ. Оқушылардың іс-әрекеті.

Топпен жұмысҚалыптастырушы жұмыс

Картамен жұмыс:

1- тапсырма: Тектоникалық карта мен физикалық картаны салыстырыңыз және жер бедерінің қалыптасу заңдылығын анықтаңыз.

Мұғалім оқушыларға тапсырма орындау үшін атлас картаның тектоникалық және физикалық картасымен жұмыс жасауды ұсынады.

Оқушылар мәтін бойынша жер бедерінің қалыптасу заңдылығын анықтайды, тектоникалық және физикалық картаға сипаттама береді. Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады.

Тапсырманы қорғау

Оқушылар өз жұмыстарын ұсынады. Топпен  өз ойларын бөліседі, тыңдалым, айтылым дағдысын қалыптастырады.  



Бағалау: Оқушылар бір-бірінің топтарын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

Жұппен жұмысҚалыптастырушы жұмыс

2- тапсырма: Материктер бойынша жер бедері түрлерін анықтаңыз.

а) Материктер бойынша таралған платформалар (қалқан, плита) және геосинклиналь аймақтарына сай жер бедері түрлерін анықтап жазыңыз



Мате

риктер


Жер бедері түрлері

Платфор

малар


Рифтер

Қалқандар

Геосинклиналь

 


 

 

 

 

 

Оқушылар жұппен материктер бойынша таралған платформалар (қалқан, плита), геосинклиналь және оларға сай жер бедері түрлерін анықтайды.

б) Жазықтар (ойпат, қырат, үстірт, таулы қырат, таулы үстірт) пен таулар (қатпарлы жақпарлы, қатпарлы) түрлерін анықтап жазыңыз.

Материктер

Жер бедері түрлері

 

 

Ойпат

Қырат

Үстірт

Таулы үстірт

Қатпарлы жақпарлы

таулар


Қатпарлы таулар

 

 

 

 

 

 

 

Жазықтар (ойпат, қырат, үстірт, таулы қырат, таулы үстірт) пен таулар (қатпарлы жақпарлы, қатпарлы) және олардың түрлерін анықтайдыМұғалім оқушыларға атлас картадан қарастыруға жетелейді. Оқушылар тірек–сызба, картамен жұмыс жасау арқылы қолдану дағдысын қалыптастырады.

Бағалау: Бірін-бірі тексеру кезінде стикерлер арқылы бағалайды. «Жасыл» стикер дұрыс, «қызыл» стикер дұрыс еместігін білдіреді.

Келесі тапсырманы орындау үшін  мұғалім оқушылардың назарын  бейнематериалдарға аудартады. Бейнероликті көріп болған соң мұғалім проблемалық сұрақ қояды:



  • Не себептен таулардың сыртқы пішіні әр түрлі?

  • Бұл айырмашылықтың таулардың шығу тегіне қатысы бар ма?

Жұппен жұмысҚалыптастырушы жұмыс

Суретпен жұмыс:

3- тапсырма: Тауларды  абсолют биіктіктері бойынша атлас картадан тауып жазыңыз.

Аласа таулар

Орташа таулар

Биік таулар

 

 

 

Оқушыларға таулардың суреттері беріледі, суреттерге қарап таулардың шығу тегін, тау элементтерін, биіктіктеріне қарай ажыратады. Атлас картаны және суреттерді пайдалана  таулардың шығу тегіне талдау жасай алады, жазылым дағдысын қалыптастырады.

Бағалау: Оқушылар жұппен парақтарын ауыстырып, бірін бірі «+»және «-» таңбаларын көрсету арқылы бағалайды. Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады.

Жеке жұмысҚалыптастырушы жұмыс

4-тапсырма: Жазықтарды биіктіктеріне қарай гипсометриялық профильге (қима) бейнелеңіз.

Оқушыларға  сурет және мәтін беріледі, мәтін бойынша жазықтарды биіктіктеріне қарай жіктелуін гипсометриялық профильде (қимаға) бейнелейді. Жазықтықтардың биіктігіне қорытынды жасай алады.



Бағалау: Оқушылар бірін бірі «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды

1. Жер бедері плиталар тектоникасы

2. Шарын шатқалы (постер қорғау)

Критерий: а. Ойын дұрыс жеткізуі

ә. Орындалған жұмыстың

құндылығы

б. Орындалған жұмыстың

эстетикаға сай орындалуы

в. Уақытты пайдалана білуі


І.топ

ВЕНН д. «Эндогендік және экзогендік күштерді» салыстыру



Эдогендік күштер


Ұқсастығы


Экзогендік күштер













ІІ топ

Семантикалық карта

1 Семантикалық картамен жұмыс


Үгілу түрлері

Себептері

Әрекеті

нәтижесі

Физикалық










Химиялық










Биологиялық










Антропогендік









ІІІ топ Қазақстанның сейсмикалық зоналар картасы бойынша жер сілкіну аймақтарын саралау.



Слайдтар бойынша ойларын түйіндеу
Таулар, жазықтар, ойпаттар мен ойыстар
Тест

  1. Медеу бөгені қай жылы салынды

А) 1973 ж Д) 1966 ж

В) 1963 ж Е) 1921ж



2. Жер бедерін қалыптастырушы

факторлар

А) мұздықтар Д) жер сілкінісі

В) Су тасқыны Е) өрт

3. Жер бедерін қалыптастырушы сыртқы

күштер

А) жел, су тасқыны

Д) жанартаудың түзілуі

В) мұздықтар

Е) жер сілкінуі

4.Жетісу Алатауы қандай қатпарлық

кезеңінде пайда болды

А) палеозой Д) мезозой

В) кайнозой Е) протерозой

5. Ғылымда тау жынысының жасын

анықтайтын екі әдіс

А) Жылдық, ғасырлық

Д) Салыстырмалы, абсалюттік

В) Эралар, дәуірлер

Е) Интуризивті, эффузивті

6.Жер сілкіну процесін зерттейтін ғылым

А) климотология

Д) сейсмологияы

В) геморфология

Е) гидрология
1.Өзін-өзі бағалау

Нені білдім,

нені үйрендім,

нені орындай алмадым.

Мен неге көңлш бөлуім керек..
Сабақты бағалау.

Екі жұлдыз, бір тілек


Мұғалімдерге

Құрметті әріптестер, бүгінгі сабақ бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар, ( не екенін жазыңыздар),




Осы ақпараттың ішінде өзіме қажет, әлі толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)




Ал бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (оның не екенін жазыңыздар).


Рефлексия Мұғалім оқушыларға сабақтың басында ұсынған «Вlob tree» парағы қайта толтыруды ұсынады. «Сіз өзіңізді қай жерден көресіз?»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет