Пәні: География.
1.Сабақтың тақырыбы: Кіріспе
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып Дүниежүзіне аймақтық шолу жасап, жалпы мәліметтерді оқып-үйрену.
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс,топтық жұмыс.
4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Оқушылар жалпы Дүниежүзінің табиғаты,табиғат ресурстары,халқы және шаруашылығымен сыртқы зкономикалық байланыстары жайлы мәліметтермен танысып,оларға сипаттама беруді үйренеді,
Түсіну: Дүниежүзіне аймақтық шолу жасап, қысқаша мәліметтер жайлы түсінігін кеңейтеді.
Қолдану: Оқушылар өздігінен білім алуды үйреніп,сыни тұрғыдан ойланып,өз ойларын жеткізе отырып ,картадан көрсете алады.
Талдау: Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды ой електерінен өткізіп талдай алатын болады.
5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: Белгіленген критерий бойынша бағалау.
6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.
7.Ресурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,презентациялар.
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды
2. Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты географиялық ұғымдар бойынша топтарға бөледі
1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.
10 мин
Тұсаукеср
1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2.Ортақ жұптық жұмыс. Тақырып айқындағаннан кейін осы тақырып туралы не білетінін жұппен анықтайды, Дүниежүзі елдеріне сипаттама беріп, дәптерге жазып алуға тапсырма беріледі.
1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.
2.Дәптерге Дүниежүзі елдеріне сипаттама береді.
25
мин
Негізгі
бөлім
1.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді. Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар топқа бөліне отырып Қазақстанмен көршілес жатқан мемлекеттерге жеке сипаттама беру тақырыптары бойынша постер жасап қорғайды.
2. Глоссарий: бүгінгі сабақта кездескен жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды
3. Картамен жұптық жұмыс: карта бойынша көршілес жатқан мемлекеттердің жылу белдеулерінің таралу ерекшелігін талдау тапсырылады.
1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.
2.Жеке жұмыс: оқушылар жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды.
3. Оқушылар жұптасып атлас немесе карта пайдалана отырып, жылу белдеулерінің ерекшеліктерін анықтайды.
5
мин
Қорытынды
1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.
2.Үйге тап-ма: 3 деңгейлік тапсырма түрінде беріледі.
1) А деңгей:§1 оқу
2) В деңгей: Қазақстан аумағы қандай жылу белдеуінде орналасқанын карта бойынша анықтау.
3) С деңгей: Өздерің тұрған жердің қандай сағаттық белдеуде орналасқанын және де Астана,Қызылорда, Мәскеу, қалаларымен уақыт айырмашылығын анықтау.
Пәні: География.
1.Сабақтың тақырыбы: Азияның саяси картасы және аймақтары
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Шетелдік Азия елдеріне жалпы шолу. Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту.
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: рольдік ойын, жеке жұмыс, топтық жұмыс.
4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Оқушылар шетелдік Азия елдері аймақ құрамына кіретін елдерді анықтай алады,экономикалық- географиялық жағдайы, жайлы мәліметтермен танысып оларға сипаттама беруді үйренеді , түсініктерін кеңейтеді.
Қолдану: Азия құрамына енетін елдерді картадан көрсете алады.
Талдау: Азиядағы монархилық және республикалық басқару жүйелеріндегі елдерді ажыратып,талдай алады.
5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: критерий бойынша оқушылардың бір-бірін бағалауы.
6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.
7.Ресурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, презентация, интернет материалдары.
Сабақ барысы
Уа-қыт
Бөлім
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
5 мин
Кіріспе
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды
2.Мұғалім үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарай сұрайды.
3.Мұғалім бүгінгі сабақты ТВ шоу түрінде ұйымдастырады. Сыныпты 4-5 адамнан тұратын үш топқа бөледі, қалған оқушылар аудиториядағы көрермендердің ролін атқарады.
1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.
2.Оқушылар үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарай өзара бір-бірін бағалайды.
10 мин
Тұсаукеср
1. Мұғалім оқушылармен бірге бүгінгі ТВ шоудың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2. Мұғалім үш топқа Батыс Азия, Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық Азия деген тақырыптармен танысып шығуға тапсырма береді. Ал аудиториядағы басқа оқушылар сұхбат кезінде сұрақ қоюға дайындалып отырады.
1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, жаңа тақырыппен танысып шығады.
25
мин
Негізгі
бөлім
1.Мұғалім тележүргізуші ретінде үш топтың бір-бір мүшелерінен сұхбат алады. Сұхбат кезінде оқушылар жауап бере алмай қалса адвокаттары көмектесуге болады.
2. Тележүргізуші сұхбат алып болған соң аудиториядағы көрермендер карта бойынша сұрақ қояды.
3.ТележүргізушіАзияның саяси какртасында болашақта қандай өзгерістер болуы мүмкін деп оқушылардан пікірлерін сұрайды.
1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, Батыс Азия, Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық Азия аймақтарын анықтап,дәптерлеріне түсіреді. 2. Көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беруге тырысады.
3. Оқушылар осы сұраққа байланысты өз ойларын ашық жеткізеді.
5
мин
Қорытынды
1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.
2.Үйге тап-ма:
1)§2 оқу
2) Шетелдік ірі Азия елдерін кескін картаға түсіру.
1.Оқушылар бірін-бірі критерий бойынша бағалайды.
2.Оқушылар смайликтер арқылы кері байланыс жасайды
Қосымша
Сұхбат кезінде берілетін сұрақтар Азия дүние бөлігінің алып жатқан ауданы?
Васко да Гаманың Үндістанға баратын жолы кай ғасырдан басталды?
3. БҰҰ-ның шешеімімен Палестина жерінде Израиль мемлекеті қай жылы құрылды? Оңтүстік Азия Гималай тауынан оңтүстікке карай неше елді қамтиды?
Конституциялық және абсолютті мемлекеттер?
Камбоджа мемлекеті басқарудың республикалық формасынан қандай билік жүйесіне көшті?