Бекітемін:
Күні:
Сынып: 1 сынып
Тақырыбы: Р дыбысы және әрпі Дыбыс және әріп.
Мақсаты: Жаңа дыбыстарды үйрете отырып А,Н,Л дыбыстары кездісітін сөздерді айтқызу. Буынға бөлгізу. «Р» дыбысын жеке,буында,сөзде,сөз тіркесінде,сөйлемде анық айтуға машықтандыру.
Түзетушілік мақсаты: «Р» дыбысын басқа буын,сөз,сөйлем ішінде дұрыс ажырата білуге үйрету.Оқушының фонематикалық қабылдауын,ойын тапсырмалар арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Топша
Көрнекілігі: «Р» дыбысының артикуляциясы,артикуляциялық жаттығулар,түрлі суреттер,тапсырмалар,әріптердің кесіндісі,айна, т.б.
І.Ұйымдастыру кезеңі: Бір-біріңе жылы тілектер айтыңдар.
Сөздік тынысты дамыту:
Қол алға, тыныс алу қолды екі жаққа созу, тыныс шығару қол жайлап қосылады, тыныс шығарғанда в в в в дыбысын айту, соңында алақанды соғу.
Артикуляциялық жаттығулар:«Сағат»,«Тіс тазалау» ,«Кесе» ,«Саңырауқұлақ», «Тәтті тосап», «Сылақшы», «Ашуланған мысық», « «Тарақ», «Піл», «Бақа»
Дыбыстық жаттығулар: Ішке терең тыныс алып,өкпеден шығарғанда әріптерді атау: «А», «Ә», «Е», «О», «Ө», «У», «Ғ», «Қ», «Р» , «Х»
«Р» дыбысының артикуляциясымен таныстыру.
Алдымен «Р» дыбысының артикуляциясына назар аударамыз:
— ерін аздап дөңгеленіп тұрады;
— жоғарғы,төменгі тістер алшақ келеді;
— тілдің ұшы қатты таңдайға көтеріледі;
— тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;
— тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;
— жұмсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып,ауаның мұрын
қуысына өту жағын жауып тұрады;
— дауыс шымылдықтары қатайып,бір-біріне жақындап,діріл арқылы дыбыс шығады;
— ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып,қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді;
Дыбысты қоюға арналған әдістермен жұмыс:
1.Балаға «Р» дыбысының артикуляциялық кескінін көрсету арқылы;
2. «Р» дыбысын қайталап айтқызу арқылы;
3. «Р» дыбысын айтқызу кезінде тілді жоғары көтеріп ұстап тұру арқылы;
4. «Р» дыбысына байланысты сөздерді буындап айтқызу арқылы;
ра-ра-ра-ара ор-ор-ор-тор
ро-ро-ро-рома ру-ру-ру-қару
ар-ар-ар-қар ур-ур-ур-ура
«Р» дыбысына байланысты балалардан өлең жолдарын сұрау арқылы;
Артикуляциялық жаттығулар жасату.
«Кімнің тісі таза?», «Дәмді тосап», «Кесе», «Сағат тілі» т.б.
«Р» дыбысынан басталатын сөздерді жұмыс дәптеріне жазу.
VІ.Қорытынды:
1) Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.
а) Сөйлемді оқу.Сөйлемдегі қай сөзде «Р» дыбысы кездеседі?
«Менің ағам жоғары сыныпта оқиды»..Жауабы: «Жоғары».
ә) Жоғары деген сөзде «Р» дыбысы қай буында? Жо-ға-ры.Жауабы: Үшінші буында.
|
2) Жұмбақ арқылы сабақты қорытындылау.
Қорапқа қамалып
Айтары жаңалық. (Радио)
Гүлге қонады
Шырынын сорады. (ара)
Қарда бар,
Мұзда жоқ.
Жарда бар,
Құзда жоқ. «Р»
|
Рефлекция
Біз не үйрендік?
Қай тапсырма ұнады ?
Қай тапсырмадан қиналдың?
Достарыңызбен бөлісу: |