Бекітемін: Күні



бет1/3
Дата31.08.2022
өлшемі25,34 Kb.
#148460
  1   2   3
Байланысты:
1 мамыр сценарий гулим
9 Б сынып тізім, Дүниежүзі тарихы Абсолютизм Батыс пен Шығыс Әдістемелік нұсқаулық 6.18.1, Дүниежүзі тарихы Абсолютизм Батыс пен Шығыс Әдістемелік нұсқаулық 6.18.1, 1651774266-Есболов мақала 3, 1 маусым балалар күні

Бекітемін:
Күні: 30.04.19
Тақырыбы: «Ынтымақ,бірлік,келісім-ең басты байлық ел үшін»
Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Барысы:


Жүргізуші-1: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірменді ұстаздар мен оқушылар!
1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!
1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында « Ынтымақ, бірлік, келісім- ең басты байлық ел үшін» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен.


Жүргізуші-2: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.


Жүргізуші-1:
Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша, ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы, олар жүргізіп жатқан саясатының басты қағидаларының бірі болып табылады.
Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «жат жұрттардың» бәрін бауырына басып, төрінен орын бере, Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ . Бүгінгі біздің мектеп ұжымымен бірге ұйымдастырып отырған кешімізде, оқушылар әр түрлі ұлттың мәдениетін, ұлттық тағамымен өнерін көрсетіп,таныстырады.


Жүргізуші-2:
Қазақтың қасиетті даласында
Думанда ауыл аймақ арасында
Қызықтап көрермендер жиналыпты
Қошемет көрсетуге баласына, - дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі мерекеге қатысушы ұлттарды ортаға шақырайық:
Мад: Қазақ ұлты
1-сынып Грузин ұлты
2-сынып Қазақ ұлты
3-сынып Үнді ұлты
4-сынып Өзбек ұлты
5-сынып Түрік ұлты
6-сынып Орыс ұлты
7-сынып Кәріс ұлты
8-сынып Қытай ұлты
9-сынып Ұйғыр ұлты
10-сынып Қырғыз ұлты


Жүргізуші-1:
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін
Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!


Жүргізуші-2:
О, туған жер! Қасиетіңнен айналайын
Тамсанамын, қарап тұрып артыңа
Шыққан балаң, қазақ деген халықтан
Нәр аламын, жер - анадан алыптан.
Қарсы аламыз бәріміз,


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет