Бекітемін: Мектеп директоры



бет4/4
Дата31.08.2022
өлшемі89,11 Kb.
#148450
1   2   3   4
Байланысты:
КАБИНЕТ ПАСПОРТЫ, 1633364424, stud.kz-4565, Лабораторная диагностика (медицинский лаборант) (алгоримты каз), 6-кл. ҚМЖ 4.2.-4.3., Астамшылдық абырой емес, «Қазақ салт – дәстүрлерініңің жас ұрпаққа берер тәлімі», Химия сынып. Аптасына сағат. Барлығы 34 сағат-emirsaba.org, дәріс 10 (1)
Жақсылық –рефлексия

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)
– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер. (Жіп мұғалімге келеді.)
– Бізбен жіп не істеді?
– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың пікірі)
– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.
Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.
«Мен кім болам?» тақырыбында  ауызша оқушыларға айтқызу.
Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
«Мақалды тап» ойынын ойнайық.
Отан -  да ыстық.
Отан -нан басталады. Т.б
Қорытынды: Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтап мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет