Бекітемін____________
Мектеп директорының м.а. Сатанова Д.К.
«Үздік мұғалім - 2016» мектепішілік сайысты өткізу
ережесі
«Үздік мұғалім - 2016» мектепішілік сайысты мектеп әкімшілігі өткізеді.
Сайыстың мақсаты:
- мектептегі мұғалімдерінің дәрежесін және беделін көтеру
2. Міндеттері:
- мұғалімдерінің кәсіби және жеке тұлғалық ретінде өсуін қалыптастыру;
- ғылыми-әдістемелік мәдениеті жоғары, талантты және шығармашылықпен жұмыс істейтін дарынды педагогтердің іс-тәжірибесін анықтау;
-білім берудің технологияларын оқытуда және тәрбие беруде қолданатын, біріктірілген сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау;
- жаңашыл педагогикалық ізденістерді табу.
3. Сайысқа қатысушылар
Конкурсқа мектептің қазақ және орыс сыныптарында сабақ беретін пән мұғалімдері қатысады.
Аймақтық іріктеу кезеңге жүлделі (1-ші) орын алған конукурсант қана қатысады.
4. Конкурсты өткізу тәртібі:
«Үздік мұғалім – 2016» конкурсы екі кезең бойынша өтеді:
1 мектепішілік кезеңі 2016 жылдың 8 сәуірінде өтеді.
2 аймақтық іріктеу кезең .
5. Конкурстың мазмұны
1.мектепішілік іріктеу кезеңі :
- Конкурсқа қатысушының визиттік карточкасының слайд арқылы презентациясы (қолдаушылар тобы қатысуға жіберіледі) -5 мин;
-Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына арналған ашық іс-
- ашық сабақ (үзінді 15 минут);
- мұғалімнің әдістемелік портфолиосы-7 мин;
Ашық сабаққа қойылатын талаптар
1. Оқыту үрдісін ұйымдастыруда педагогикалық технологияларды қолдану
2. Тұлғаға-бағытталған амалды жүзеге асыруы.
3. Білім беруде денсаулықты сақтауға жағдай жасау
4. АҚТ-ы пайдалану
5. Сабақтағы компетентілік
6. Сабақтың соңғы нәтижесін көрсетуі (тестілеу, жазбаша, ауызша сұрақтардың қорытындысы т.б.)
7. Мұғалімнің функционалдық басқаруды демсонстрациялауы
8. Сабаққа жазбаша өзіндік сараптама
6. Конкурсқа қатысушының визиттік карточкасының слайд арқылы презентациясы (қолдаушылар тобы қатысуға жіберіледі) -5 мин;
«Визитканың» мазмұны хабарлылықтан, динамикалықтан, эмоционалдықтан өзгеше көрінуі керек.
Формасы әр түрлі болуы мүмкін: репортаж, өзіндік көрсетілім, қысқа метражды бейнефильм, мұғалімніңғ бейнекескіні және т.б.
Қазылар педагогикалық тәжірибенің қызықтылығын, бірізділігін, кәсіби қызметінің нітижелілігін, келешегін бағалайды.
7. Мұғалімнің әдістемелік портфолиосы
Мазмұны:
№1 блок
Титульдік қағаз
Тегі
Аты
Әкесінің аты
Мектебі
Қағаз және электрондық нұсқада компакт дискіде
№2 блок
- категория жайлы бұйрық;
- курстан өткен туралы сертификат;
- ЖОО бітіргені жөніндегі дииплом;
- конкурстарға қатысқаны үшін алған грамоталары;
- әр түрлі деңгейде өткен әдістемелік іс-шараларға қатысқан сертификаттар мен дипломдар (республикалық, облыстық, аудандық семинар, конференцияларт.б.)
№3 бок
Мұғалімнің шығармашылық шеберханасы
Үш сабақтың жоспары (қағаз және электрондық нұсқада компакт дискіде)
Пән бойынша сабақтан тыс іс-шаралар жоспары -3 (қағаз және электрондық нұсқада компакт дискіде)
Авторлық жоспар
- дидактикалық материалдар;
- авторлық оқушының жұмыс дәптері;
- 5 тақырыпқа-сабаққа көрнекілік, мультимедиялық материалдар (диск);
- авторлық жаттығулар жинағы;
- авторлық шағын-кітапша т.б.
№4 блок
Ғылыми-ізденушілік қызметі
Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы бойынша реферат;
әдістеме кеңесінде, педкеңесте, пәндік ӘБ жасаған баяндамалары және т.б.
ғылыми конференциядағы мақалалары;
сыныптан іс-шараға арналған авторлық жоба;
оқушы қызметінің ғылыми жетекшісі (ғылыми жұмыстың тақырыбы, конурстардың нәтижесі);
бейіндік оқыту немесе бейіналды дайындық курсына арналған авторлық бағдарламасы;
8. «Үздік мұғалім - 2016» конкурсына қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:
1. қатысу үшін өтініш
2. Конкурсант жайлы мағлұмат
Жеңімпаздарды марапаттау
Барлық конкурс қорытындысы бойынша қазылар шешеді:
а) конкурс жеңімпаздары:
1-ші орын
2-ші орын
3-ші орын
б) номинация бойынша:
-новатор-мұғалім;
-эрудит-мұғалім;
-зерттеуші-мұғалім;
Достарыңызбен бөлісу: |