Бекітемін:
Өткізілетін күні: 30.04.2015ж
Тақырыбы: « Физика әлеміне саяхат »
Пән мұғалімі: Молдабекова Е.М
Мақсаты: Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына, тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа, сөйлеу мәдениетілігіне тәрбиелеу. Татулық қарым – қатынасын нығайта отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын туғызу.
Сабақтың түрі: Интеллектуалдық ойын.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Ғалымдар суреті
Шараның мазмұны
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Оқушылар бүгінгі сабағымыз сайыс ойын түрінде өтеді. Жалпы 4 кезеңнен тұрады.
Кезең шарттарын сайыс барысында түсіндіремін. Дайын болсақ бастаймыз.
І кезең:
І топқа:
1. Байқоңыр ғарыш кеңістігінде. 108 минутта шыр айналған. Юрий Алексеевич Гагарин
2. Телескоп арқылы 1608 жылы аспан денелерін зерттеген ғалым? Г. Галилей.
3. Шардың көлбеу беттің бойымен қозғалатынын еркін түсу үдеуін ашқан ғалым? И. Ньютон
4. Аспан денелерінің орбита мәнінде шеңберден өзгеше екенін анықтаған ғалым. Кеплер.
5. Гелиоцентірлік жүйені жасаған ғалым? Николай Коперник (1473 - 1543 ж. ж.)
6. Инерция заңын ашқан ғалым? Галилео Галилей (1564 - 1642 ж. ж)
7. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шаманы ашқан ғалым? Исаак Ньютон 1643 - 1727 ж.
8. Белгілі бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы кім ашты? Блез Паскаль (1623 - 1662 ж. ж)
ІІ топқа:
1. Зымырандардың көмегімен ғарышты игеру мүмкіндігін дәлелдеген ғалым? К. Э. Циолковский
2. Маятник сағатын құрастырған ғалым? Х. Гюйгенс.
3. Электромагниттік өріс теориясын түйіндеген ғалым. Максвелл.
4. Планеталардың күнді айнала қозғаладытынын дәлелдеген ғалымдардың бірі? Д. Бруно.
5. Адамзаттың тұңғыш ғарышкері кім? Юрий Алексеевич Гагарин (1934 - 1968)
6. Физика – табиғат туралы ғылым ретінде «Бірінші ұстаз» атанған кім? Гректің үлы ойшылы (Б. З. Б. 384 - 322 ) Стагирит Аристотель
7. Қай ғалымның айтуы бойынша 365 күн, 6 сағат 10 мин., 8 секунд бар деген. Мұхаммед Тарағай Ұлықбек (1394 - 1449 ж. ж )
8. Физика сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта “екінші ұстаз” кім? Әбу Насыр әл - Фараби (870 - 950 ж. ж)
ІІ кезең:
Ортақ екі топқа:
1. Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама
Жауабы: Энергия, energy
2.Әлемде не бар болса соның бәрі қалай аталады?
Жауабы:Материя, matter
3.Траекторияның ұзындығы не деп аталады?
Жауабы: Жол, дорого,road
4.Дененің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама
Жауабы.Күш, сила,strength
5. Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулалары аралығына ену құбылысы
Жауабы: Диффузия, diffusion
6.Жердің жалғыз серігі
Жауабы.Ай, луна, moon
7.Зат бөлшектерінің табиғатынан бөлек табиғаты ерекше бөлшектер ағыны
Жауабы: Жарық.свет, Iight
8.Өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі
Жауабы:Күн.Солнце,sun
ІІІ кезең/Топ басшылар сайысы/
Ітоп
1.Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы: Телескоп
2. Молекула қандай бөлшек: Заттың ерекшелігін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі
3. Температураның өзгеруіне байланысты зат неше түрлі күйде болады?: Үш түрлі күйде
4. Марс планетасының қазақша атауы: Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз
5. Жердің массасы қандай шамаға тең?: 6*1024кг-ға тең
6. Күш қандай шама: Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама
7. Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым: Исаак Ньютон
8. Қысым қандай бірлікпен өлшенеді?: Паскальмен
9. Қысым айырымын өлшеуге арналған аспап қалай аталады: Манометр
10. Су 100градуста қайнаса неше градуста мұзға айналады? 0 градуста
11. Ток күшін қандай әріппен белгілейді,оның бірлігі,өлшенетін аспабы: I,Ампер,Амперметр
12. Жарық бөлшектері қалай аталады?: Фотондар
13. Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі қалай аталады?: Еркін түсу
14Күштің шамасын қандай құралдың көмегімен анықтайды?: Динамометр
15. Бірінші ғарыштық жылдамдықтың мәні қандай? 7,9км/с
16. Дене импульсінің өзгерісі неге тең?: Күш импульсіне тең
17 Период қандай шамаға кері: Жиілікке
18. Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі қалай аталады: Шоқжұлдыз
19. Тербеліс амплитудасы дегеніміз не?: Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәні
20. Айға адамзат ұрпағының табаны қай жылы тиді?: 1969жылы
ІІ-топ
1. Шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі қалай аталады?. Біздің галактика
2. Әр түрлі заттардан нелер құралады? Денелер
3. Температураның өлшем бірлігі:Градус
4. Меркурий планетасының қазақша атауы: Болпан немесе Кіші Шолпан
5. Жердің радиусы қандай шамаға тең? 6370км
6. Бірліктердің Халықаралық жүйесінде жылдамдықтың бірлігіне не алынады? м/с
7. Күш өлшейтін құрал қалай аталады?: Динамометр
8. Жұмыс қандай бірлікпен өлшенеді? Джоуль
9. Еркін түсу үдеуінің мәні: 9,8н/кг
10. Қорғасын 327градуста балқыса неше градуста қатты күйге айналады?: 327 градуста
11. Кернеуді қандай әріппен белгілейді, оның бірлігі,өлшенетін аспабы? U; Вольт;Вольтметр
12. Сұйық қайнайтын температура.Қайнау температурасы
13. Қатынас ыдыстарды ата: Шайнек,құмған,кофе қайнатқыш т.б
14. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал қалай аталады?
Барометр-анеройдтар
15. Екінші ғарыштық жылдамдықтың мәні. 11,2км/с
16. Ньютонның екінші заңының өрнегі: F=m*a
17. Период пен жиілік бір-біріне қандай шама: кері шама
18. Аспанда барлығы қанша шоқжұлдыз белгіленген? 88
19. Сұйықтың буға айналу құбылысы қалай аталады? Булану
20. Астрономия грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? Астрон-жұлдыз,номос-заң
ІҮ кезең:
Берілген суреттер арқылы физика саласында қызмет еткен ғалымдарды 30-секундта тауып, қандай заң ашқанын айту керек.
1. Георг Ом
2. Альберт Эйнштейн.
3. Попов Александр
4. Резерфорд
5. И. Ньютон
6. Планк
7. Майкл Фарадей
8. Пьер Кюри
Ом, Георг Симон - немiс физигi. 1805-1806 жылдары Эрланген университетiнде оқыды. Әр түрлi гимназияларда математика мен физикадан сабақ бердi. 1830 ж. Ом алғаш рет ток көзiнiң электр қозғаушы күшiн өлшедi. I=U/R
Эйнштейн Альберт–физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі.
Арнайы салыстырмалылық теориясы (1905).
Жылу сыйымдылығының және фотоэффект кванттық теориясы
Бозе Эйнштейн кванттық статистикасы.
Броун қозғалысының статистикалық теориясы, флуктуациялардың теориясына негiзін салға
Попов Александр Степанович (1859 жыл -1905) – орыс физигі. Алғаш рет өзiнiң құралдары мен тәжiрибелерiн1895 жылы Орыс физика-химиялық серiктестiктiң отырысында көрсетiлдi және үлкен қызығұшылық тұғызды. Александр Степанович Поповтың атымен физика мен электротехника салаларында жасалған еңбектер үшiн берiлетiн сыйлық аталды.
Эрнест Резерфорд (30.8. 1871, Жаңа Зеландия, Брайтуотер — 19.10.1937, Ұлыбритания, Кембридж) — ағылшын физигі, радиоактивтілік және атом құрылысы жөніндегі ілімнің негізін салушы. Резерфордқағылымға сіңірген еңбегі үшін “лорд Нельсон” атағы берілді Дж. Томсонның жетекшілігімен газдағы иондалу процестерін, ал 1896 ж. француз физигіА.Беккерель (1852 — 1908) радиоактивтілікті ашқан соң осы құбылысты зерттеумен айналысты.
Исаак Ньютон, ағылш. ( 4 қаңтар 1643 жыл — 31 наурыз 1727) — ағылшын физигі, математигі,астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы. Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңынжәне қозғалыс заңдарын тұжырымдап, содан кейінгі үш ғасырда үстемдік еткен және қазіргі заманғы инженерлік ғылымның негізі болып табылатын классикалық механиканың негізін қалады
Макс Карл Эрнст Людвиг Планк — неміс физик-теоретигі, кванттық теорияның негізін салушы Планк заңы — абсолют қара дененің спектріндегі (термодинамикалық тепе-теңдік орнағанда) энергияның таралу заңы. Бұл заңды алғаш рет 1900 ж. неміс физигі М.Планк ашты. h=6,62*10-34Дж*с / h=1,055*10-34Дж*с.
Майкл Фарадей (22 қыркүйек 1791 — 25 тамыз 1867) — ағылшын физигі, химик және физико-химик. 1821 жылы ол магниттiң токтағы өткiзгiш бойымен айналатынын және токтағы өткiзгiштiң магнит бойымен айналатынын бақылап, электр қозғағыштың алғашқы моделiн жасады. 1831жылы барлық тұрақты және айнымалы ток генераторларының жұмысы негiзделген –электромагниттiк индукцияны ашты F=eNA=9,648*104Кл/моль Фарадей тұрақтысы.
Пьер Кюри (1859 ж. Париж қаласы - 1906) - француз физигi, радиоактивтiлiк туралы ғылымның негiзiн құраушылардың бiрi, Париж ғылым академиясының мүшесi, 1903 жылғы Нобель сыйлығының иегері.
1898 ж. жаңа радиоактивтi элементтер – полоний мен радийдi ашты, 1899 ж. радиоактивтi сәуле шығарудың күрделiлiгiн, оның қасиеттерiн анықтады.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ! – дей отырып бүгінгі көріп тамашаланған «Физика әлеміне саяхат» атты интелектуалдық ойын сабағы өз мәресіне жетті. Қортынды сөз кезегін әділ қазы апайларынызға береміз.
Оқушылар келесі сабақта бақылау жұмысын жазамыз барлық тақырыптарды қайталап келіңіздер. Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |