Бекітемін: Пән: Өзін – өзі тану Күні



Дата15.01.2020
өлшемі29,09 Kb.
#55888
Бекітемін:
Пән: Өзін – өзі тану

Күні: _______________

: 17



Сыныбы: 4 А Ә Б В

Тақырыбы: Дербестік пен жауапкершілік

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Дербестік, жауапкершілік.




Мақсаты: Оқушыларға дербестік және жауапкершілік ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушылардыжауапкершілікпен жұмыс жасауға үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы дербестік және жауапкершілік қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды дербестікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru



https://angimeler.wordpress.com


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

«Сақиналар»

Ойыншылар дөңгеленіп отырады, байлаулы тұрған жіпті екі қолдарымен ұстайды.Жіптің ортасында сақина кигізілген,ойыншылар ол жіпті қолдарымен жауып. Кезек-кезек бір-біріне жылжытып отыруы керек. Жаңадан келген жүргізуші әрқйсысына «қолыңды аш»деп. Сақинаны тауып алуы керек.Кімнің қолында сақина болса. Сол жаңа жүргізуші болады.

2. Үй тапсырмасы.

1. №16 – сабақ. 6 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №17, «Асыранды қаздар» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

• Атасының немересіне айтқан ақылынан қандай ой түйдіңдер?

• Өз бетімен еңбек ету дегенді қалай түсінесіңдер?

• Дербестік адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

• Дербес адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

• Сенің бойыңда дербестік бар ма? Айтып бер.






3. Сабақтың дәйексөзі.

Жауапкершілікті сезінуден жан атаулы биіктейді.

Стефан Цвейг

Сұрақтар:

  1. Жауапкершілік деген не?

  2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?




4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Жауапкершілік жүгі1

Ерте ерте ертеде ақшасы мен дәулетінің көптігіне қарамай өмірінен түңеліп, өмір сүруден жалыққан бір ханзада болған екен. Достары, іні-бауырлары аңшылыққа шығып, қыдырып-тозып жүргенде жаңағы ханзада бөлмесінен шықпай ешнәрсеге қызықпайтын болады. Баласының мұндай жағдайын көрген әкесінің жүрегі ауырады.

Бір күні хан сол елдің ең білімді ғұламасын шақырып, жағдайды түсіндіріп баласының дертіне бір дауа табуын бұйырады. Ойлануға бар жоғы бір апта беріледі. Осы уақыт ішінде ешқандай шешім табылмайтын болса, ғұламаның өміріне қиянат жасалынатынын ескертеді.

Қариякүндемейтүндемейойланса да ешбірамалтабаалмайды. Ханныңсөзінескеріпөлкеденқашыпкетудіжоспарлайды. Жақындарыменқоштасып, жиған-тергенінарқасынаартыпкетіп бара жатыпбірауылдыңмаңайындақой мен қозыбағыпжүргенжасқойшыныкөреді. Оныменбіразәңгімелеседі. Қойшы “Аға, аз уақытқақойларымдыбағыпберсеңіз. Түскіасымдыалмайшығыппын, үйжаққабарыпсоны ала келейіндепедім” дейді.

Ғұламабіреугеболсынжақсылығымтисінниетіменқуанакеліседі. Бар ынта мен назарынмойынаалғанжауапкершілігінесалыптұрғанда, бірқозыойнапжүріп ор ішінедомалаптүседі. Қозынықұтқарыпшығармасаөзішығалмайтыныанық. Қойшыбаланыңалдындаұятболды-ау деп, ғұламаорғатүскенқозынықұтқармақшыболады. Осы мақсатпенордыңеңастынатүседі.

Қозыныарқасынабайлапорданшығуғатырмысады. Біраққозыныңауырлығынанкөпкешыдамайқайтаорғақұлайды. Қайтатырмысып, қайтақұлапәреңдегендеқозыныорданалыпшығарады.

Жасдосынабергенуәдесінорындауүшін, бірқозынықұтқарамдепжанталасқаны, өзініңбасынатүскенжағдайды, өлкенітәркетіп бара жатқаныңестеншығарады. Есінетүсіпойланады: “Кімдекімбастағаністіңсәттіаяқталуынмақсатетіп, қойғанмақсатынатолықберілгенболса, олкісініңешқашаніші да пыспайды, басқаешнәрсенікөңіліңе де алмайды”

Осыныойлапғұламақашудан бас тартады. Ханныңалдынабарып:


– “Уамәртебелім, егерханзаданыңешнәрсегеқызығұшылығыжоқболыпішіпысса, өмірдентүніліпжүрсе – оныңүстінежауапкершілікжүктеңіз, бос уақытболдырмайтынтапсырмаберіңіз. Ішпысқандықтың, өмірдентүңелгендіктіңнегізгісебебі – еріккенділік. Беретінтапсырмаңызқаншалықтыүлкен, жазасықаншалықтыауырболса, балаңыздыңөміргедегенкөзқарасысоншалықты тез өзгеріп,құштарлығыартып, жаңадантынысалғандайболады”


  • Жауапкершілікті болудұрыс әрекет жасаудың көрінісі бола ма?

  • Неліктен жауапкершілікті арту адам өмірінің мәнін күшейтеді?

  • Өз өмірінің мәнін күшейту үшін дұрыс жолға түсіп, игі әрекеттерді жасаумен байланысты мысалдар келтіріңіздер.

  • Дұрыс әрекетті сипаттайтын оқиғаларды өз өмірлеріңіздерінен әңгімелеп беріңіздер.







5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.



4-тапсырма

Жауапкершілікті адам қандай болу керектігі туралы өз ойларыңды жалғастырып жазыңдар.

1. Жауапкершілікті адам өзіне тапсырылған жұмысты дер кезінде орындайды.

2. Жауапкершілігі мол адам ... .

3. ... .

4. ... .


5-тапсырма

Тірек сөздерді пайдалана отырып, әңгіме құрастырып айтыңдар. Тірек сөздер: тазалық, жинау, балалар, көмек, жауапкершілік, ұқыпты, еңбексүйгіш, уәде, орындау, ризашылық.






  1. Топпен ән айту.

Дос болайық, бәріміз!

Өлеңін жазған Хасенхан Талғаров

Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз!

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста,

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.

Қайырмасы.

Отан біздің панамыз,

Аман жүрсін анамыз,

Нұрлы күн сөнбесін.

Бақыт болып жанамыз,

Жарық біздің санамыз,

Қара бұлт төнбесін.





7. Үй тапсырмасы.

1. №17 – сабақ. 6– тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №18, «Өкініш» мәтінін оқып келу.





8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.









1https://angimeler.wordpress.com


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет