«Бекітемін» ШҚО білім басқармасының басшысы А. Садыкова



Дата08.09.2017
өлшемі132,12 Kb.


«Бекітемін»

ШҚО білім басқармасының

басшысы

___________ А. Садыкова

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күнініне арналған

техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының студенттері арасында өтетін

«Ғылым өрлеу қызметінде» атты

облыстық жобалар байқауының


ЕРЕЖЕСІ

Өскемен қаласы,

2016 ж

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Ереже жобалар байқауының мақсаты мен міндеттерін, өткізілу мерзімін, тәртібі мен шарттарын анықтайды.

1.2. Байқау Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес өткізіледі, өту мерзімі 31 қазан, 2016 жыл.

1.3. Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының 2 немесе 3 курс студенттері (ІІ және ІІІ деңгейлі білім беру бағдарламасын өткендер), 9, 11сынып базасында оқытылып жатқан оқушылар мен 1 курс студенттері қатысады.

1.4. Байқау екі тілде жүргізіледі: мемлекеттік және орыс тілдерінде.

1.5. Байқауға қатысу туралы өтінімдер (Қосымша 1) ұсынылған үлгіде 8(7232)70-05-90 факсі немесе center_tipo@mail.ru электрондық мекен жайы бойынша 2016 жылдың 28 қазанына дейін қабылданады.



II. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


Байқау техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі студенттердің ғылыми техникалық шығармашылықтары мен инновациялық ой толғауларын қалыптастырып, кеңейтуде демеу көрсету мақсатында өткізіледі.

Байқаудың міндеттері:

2.1. Колледж студенттерінің тұлға ретінде қалыптасып, дамуына демеу көрсету және шығармашылық дағдыларын дамыту мен инновациялық қызметтерге баулу.

2.2. Студенттердің оқу танымдық және ғылыми зерттеушілік қызметтерін белсендету.

2.3. ТжКББ жүйесі оқу орындар мен жұмыс берушілер арасында іскерлік және ғылыми байланыс орнатуда демеу көрсету.

2.4. Студенттердің кәсіби даярлығын қалыптастырып, дамыту және бірыңғай ғылыми, білім және инновациялық үрдістерді қамтамасыз етуде жәрдемдесу.

2.5. Өндіріс, техника және ғылым бағыттары бойынша студенттерге тәжірибе жинақтау аясында өз күштерін тексеруге мүмкіндік беру.

2.6. ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының өзара қарым-қатынас жасауын жүзеге асыру.
III. БАЙҚАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗДЫҒЫ

3.1. Байқаудың өткізілу тәртібі мен кезеңдерін құрастыратын арнайы ұйымдастырушы комитеті құрылады.

3.2. Ұйымдастырушы комитет байқаудың ғылыми бағытын анықтап, секцияларға бөледі, жобалардың дұрыс орындалу тәртібін айқындайды (Қосымша 3), әдістемелік баға және критерий құрастырып, бекітеді (Қосымша 6).

3.3. Орындалған жобалық жұмыстарға талдау жасап, тексеру жұмыстарын жүзеге асыруда, құрамы байқаудың ұйымдастырушы комитетімен бекітілген арнайы сарапшылар комиссиясы құрылады. Сарапшылар комиссиясы құрамына техникалық және әкәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының білікті оқытушылары мен жұмыс берушілер енуі мүмкін.

3.4. Байқауда ұсынылған әр бағыт бойынша 3 маманнан кем емес сарапшылар комиссиясының құрамы айқындалады.

IV. БАЙҚАУ МАЗМҰНЫ


4.1. Байқау қатысушыларының зерттеу жұмыстары білім алу үрдісі аясында жаратылыстану, гуманитарлық, педагогика және арнайы пәндер ғылым бойынша алған білімдері негізінде жүргізіледі.

4.2. Жобалық жұмыстардың тәжірибелік маңызы болуы керек.

4.3. Байқау жобалары үш секция бойынша тыңдалады:

«Жарытылыстану циклі»;

«Гуманиралық педагогикалық цикл»,

«Арнайы пәндер циклі».


V. БАЙҚАУДЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМІ

5.1. Байқауға байқаудың талаптарына сәйкес келетін жұмыстар ғана алынады.

5.2. Қатысушылар даярлаған жобалары бойынша қысқаша тезистер ұсынып (Қосымша 4), қорғайды (Қосымша 5)

5.3. Жобаларды ресми қорғау 2016 жылдың 31 қазанында өтеді.



VI. БАЙҚАУ ЖОБАЛАРЫН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ


    1. Қатысушылардың жобалары төрт критерий бойынша алынған құзыреттілік көрсеткіштері негізінде бағаланады (Қосымша 6)

    2. Алынған құзыреттілік көрсеткіштері жоғары, орташадан жоғары, орташа, орташадан төмен.


VII. МАРАПАТТАУ

7.1. Қатысушылардың екінші кезеңнен кейін алған нәтижелері бойынша секцияның жеңімпаздары айқындалады. Байқаудың талаптарына сәйкес, ең көп ұпай санын жинаған қатысушылар жеңімпаз деп саналады.



    1. Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталады.

    2. Сондай ақ, байқау қатысушылары сараптама комиссиясының шешімімен «Жаңашылдық және өзіндік », «Үздік спикер», «Ғылыми өзекті», «Әлеуметтік маңызды» номинациялары бойынша грамоталармен марапатталады.


Қосымша 1

Байқауға қатысу үшін сұраным формасы

Байқауға қатысу сұранымы оқу орынның фирмалық бланкісінде қабылданады. Фирмалық бланкісі болмаған жағдайда оқу орынның толық атауы көрсетілуі тиіс.



№п/п

Қатысушының аты-жөні, тегі

(студенттік билетпен не анықтамамен расталатын) курс, база

секция

мамандығы

Жетекшінің А.Ж.Т., оқытатын пәні

Тілі

1

Иванов Сергей Петрович

2 курс, 9 сынып

Табиғи ғылым циклы

1114000 «Дәнекерлеу ісі»

Смирнова Ирина Ивановна, химия

орысша

2

Ахметов Дамир Серикович

1 курс, 11 сынып

Адам денсаулығы мен қоршаған ортаны сақтаудың заманауи технологиялары

1403000 «Санитарлық техникалық, вентиляциялық және инженерлік жүйелер мен жабдықтарды монтаждау және пайдалану»

Муратов ДаулетНургалиевич, өндірістік оқыту

қазақша

Оқу орны директорының қолтаңбасы



2-Қосымша
Ғылыми жобаға қойылатын талаптар

  1. Тақырыптың өзектілігі.

  2. Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік мәні.

  3. Зерттеу тақырыбы мен саласына байланысты теориялық, эксперименталдық, фактологиялық, статистикалық, заң шығарушылық, дерек көздері расталған жұмыстың дұрыстығы.

  4. Зерттеу мәселелерін жалпылау мен талдау элементтерінің қатысуы.

  5. Жұмыс бойынша қорытынды шығару.

  6. Ғылыми жұмыстың көлемі – 15-40 бет.


3-Қосымша

Баяндаманы ресімдеуге қойылатын талаптар

Ғылыми жұмысың көлемі 15-40 бет басылған мәтіннен жасалуы керек. Баяндамалар электронды түрде ұсынылады. Екінші кезеңге өткен қатысушылар басылған мәтіннің бір данасын ұсынады.

Мәтін MS-WORD-та терілуі керек. Шрифті TimesNewRoman, 14, кегль арақашықтығы 1,15, азат жолы- 1,25 см. Шет сызықтары: үстіңгісі – 2 см, астыңғысы – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 см. Сілтемелер бет сайын жасалады. Формулалар қосымшада теріледі – формулалар редактор (MicrosoftEquation). Графикалар мен диаграммалар – в MS-Excel-де, суреттер jpg форматында.

Баяндамада келесі бөлімдер болуы керек:


- титул беті;

- мазмұны;

- кіріспе –тақырыптың таңдауын негңздейді және жұмысың өзектілігіне, оның мақсаты мен мәселесін, зерттеудің материалдары мен әдістері; эксперименталды бөлімі; жұмыс нәтижесі және оларды талқылау;

-қорытынды (түйіні, мінездеме беру);

- қолданылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.



Титул бетін ресімдеу

- ұйымның толық атауы, жұмыс қайда орындалған;

- жұмыстың тақырыбы;

- бағыты;

- орындаған (аты-жөні, курс мамандығы)

- жоба жетікшісі (А.Ж.Т., лауазымы);

- жұмыстың орындалған жылы.

Мәтінді қателерге тексеру қажет.

Қойылған талаптарға сәйкес келмейтін баяндамалар, байқауға қатыстырылмайды.

4-Қосымша

Тезистерді рәсімдеуге қойылатын талаптар

Екінші турға өткен байқаудың қатысушылары, сарапшылық комиссияға, көлемі – 5 бетке дейінгі баяндама тезистерін ұсынуы қажет. Беттің жоғарғы оң жақ бөлігінде секция атауы, автордың аты-жөнінің бірінші әріптері мен тегі, колледждің атауы, ғылыми жетекшінің аты-жөнінің бірінші әріптері мен тегі жазылады. Беттің ортасында жұмыстың аты, содан кейін мәтін жазылды. Тезистер басылған мәтіннің бір дана қосымшасымен электронды түрде ұсынылады.

Мәтін MS-WORD-та терілуі керек. Шрифті – Times New Roman, 14-ші, кегль арақашықтығы 1,15, азат жолы - 1,25 см. Шет сызықтары: үстіңгі – 2 см, астыңғы – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 см. Сілтемелер бет сайын жасалады. Формулалар қосымшажа теріледі – формулалар редактор (MicrosoftEquation). Графикалар мен диаграммалар – MS-Excel-де, суреттер jpg форматында.

Мәтінді қателерге қажет.

Қойылған талаптарға сәйкес келмейтін тезистер, байқауға қатыстырылмайды.
5-Қосымша

Ғылыми жұмыстарды қорғау рәсімі


Екінші кезеңге өткен байқаудың қатысушылар секциялар отырыстарының біреуінде өз жұмысарының негізгі жағдайларын баяндайды. Әр өатысушының сөз сөйлеу уақыты 15 минутқа дейін. Көпшілік алдында қорғау кезінде техникалық құралдар мен көрнекіліктер құралдарды пайдалану міндетті.
6-Қосымша

Жобаларды бағалау белгілері

Байқауға қатысушылардың жоба жұмыстары біліктіліктерінің әсер етуінің төрт құрастырушы көрсеткіштері бойынша, келесі ұйымдастыруының деңгейлері бойынша бағаланады:



4 – жоғары; 3 – орташадан жоғары; 2 – орташа; 1 – орташадан төмен.

біліктіліктерінің әсер етуінің көрсеткіштері

Оқушылардың тегі

Пәндік-ақпараттық құрыым (максималды мәні – 12)
















1

Жоба тақырыбы бойынша нақтылы материалдар мен негізгі терминдерді білу
















2

Бар мәселе пікірлерін (тәсілдерін) және оларды шешу әдістерін білу
















3

Ақпарат көздерін білу
















Әрекетті-коммуникативтік құрылым (максималды мәні –24)
















1

Мәселелерді айқындау және оның өзектілігін негіздей білу
















2

Мәселелерді, мақсаттарды қалыптастыра білу
















3

Салыстыра, орын ауыстыра, жалпылай және қорытынды жасай білу
















4

Себеп-салдар байланысын анықтай, аргументтер мен көркемдік мысалдар көрсете білу
















5

Қойылған мақсатпен алынған нәтиженің қатынасын білу
















6

Сауатты, эмоционалды және еркін сөйлей білу
















Орталық-бағдарлық құрылым (максималды мәні – 8)
















1

Жұмыстың тәжірибелік мәні мен тақырыптың өзектілігін түсіну.
















2

Өз пікірін айту, оны дәлелдеу
















АКТ-құрылым (максималды мәні – 12)
















1

Уақытша және ақпараттық кеңістікті тиімді ұйымдастыра білу
















2

Қолданылатын бағдарламалық өнімдерді негіздеу
















3

Жұмысты рәсімдеудегі өзіндігі мен креативтілігі
















Максимальды мүмкін баллдар саны– 56.
Байланыс телефондары: 8(7232) 700-590, 8778 116 27 79 – Рахымжанова Динара Алтынбековна, Шакерова Алия Кусаигазиевна, Габдуллина Аяулым Болатхановна
Каталог: assets -> images -> document
document -> «Бүгінгі жасөспірімдерді теріс әрекеттерден, әлеуметтік желілерден сақтандыру жолдары»
document -> Бюллетень проект «Образовательные стратегии выпусников школ вко»
document -> О работе с сайтами суицидальной направленностью
images -> Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
images -> Региональный центр «Шығыс» управления образования вко жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы бойынша биология
document -> Құрметті жерлестер шығысқазақстандықтар!
document -> «Дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп-кешенімен» ынтымақтастықта жұмыс істейтін облыстағы мектептер тізімі
document -> ШҚо бб «ШЫҒыс қазақстан өҢірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығЫ» кмм


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу