«Бекітемін» «Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» мм басшысының м а. Н. Рахимжанов



бет1/3
Дата17.02.2023
өлшемі27,9 Kb.
#169155
  1   2   3
Байланысты:
Ана, әже және мен, каз




«Бекітемін»
«Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысының м.а.
__________ Н. Рахимжанов
«____» _______ 2023 ж.
Балаларды отбасылық және ұлттық құндылықтарға баулу мақсатында өтетін Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана, әже және мен» аудандық байқауының
ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

1.1. Осы Ереже меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар арасында балаларды отбасылық және ұлттық құндылықтарға баулу мақсатында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана, әже және мен» республикалық байқаудың мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру тәртібі мен өткізу шарттарын айқындайды.


1.2. Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана, әже және мен» байқау ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ және Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ және «Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес өткізіледі.
1.3. Мақсаты: тәрбиенушілерді мемлекеттік тілі белсенді қолдана отырып, қазақ халқының патриоттық, мәдени-тарихи дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына баули отырып, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттері мен адамгершілік құндылықтарын дамытуға ықпал ету.
1.4. Міндеттері:
- балалардың дербстігі мен қызығушылығын ынталандыру,
- ата-аналармен және отбасымен достық қарым-қатынасты нығайтуға, отбасылық және ұлттық құндылықтарға баулуға ықпал ету;
- педагогтерді ұлттық құндылықтарды балалардың тұтас дамуының қазіргі заманғы теорияларымен үйлесімді үйлестіруге ынталандыру;
- қыздарда отбасылық ошаққа деген сүйіспеншілікті, отбасылық дәстүрлерге ұқыпты және құрметпен қарауды тәрбиелеу.
2. Ұйымдастыру тәртібі және өткізу шарттары
2.1. Байқаудың ұйымдастырушылары «Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
2.2. Отбасылық және ұлттық құндылықтарға баулу бойынша Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана, әже және мен» байқауы үш кезеңде өткізіледі:
І кезең - аудандық (қалалық) (ағымдағы жылы ақпан);
ІІ кезең - облыстық деңгей (ағымдағы жылы,ақпан);
ІІІ кезең – республикалық деңгей (ағымдағы жылы, науырыз).
2.3. Байқаудың барлық кезеңдерінде материалдарды бағалау үшін басшылардың бұйрығымен аудан деңгейінде өңірлік комиссия құрылады.
2.4. Өңірлік комиссия аудандық, қалалық білім бөлімдерінің қызметкерлері, мектепке дейінгі ұйым басшылары, білікті педагогтер, әдіскерлер, қатарынан құрылады.
2.5. Өңірлік комиссия ұсынылған материалдарды зерделейді және бағалайды, келесі кезеңдерге қатысу үшін жеңімпаздарды анықтайды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздардың екі командасы анықталады, олар келесі кезенге қатысу үшін жіберіледі.
2.6. Комиссия мүшелері келесі құқықтарға ие:
- әр номинацияда орындардың қайталануына жол беру;
- лайықты үміткерлер болмаған жағдайда, жүлделі орындарды бермеу;
- техникалық ақаулапға байланысты ( қатысушының тарапынан) ашылмаған бейнематериалдарды қарастырмау;
-ұзақтығы осы ережеде белгіленген уақыттан асатын бейнематериалды қарамау.
2.7. Облыстық кезеңнің байқау комиссиясының қарауына аудандық, қалалық білім басқармалары келесі материалдарды жолдайды:
1) аудандық, қалалық білім басқармаларының ілеспе хаты;
2) байқауға қатысу үшін өтінім (1, 2-қосымшалары);
3) бірінші кезең қорытындысы бойынша аудандық, қалалық білім басқармаларының байқау комиссиясының хаттамасы;
4) осы ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес ұзақтығы 5 минуттан аспайтын байқаудың қызықты кезеңдерін көрсететін бейнематериал.
2.8. Материалдар «Ана, әже және мен» байқауының атауымен 2023 жылдың «17» ақпанынан кешіктірілмей baha.55555@mail.ru электрондық поштасына жіберіледі. Көрсетілген мерзімнен кеш келіп түскен материалдар қаралмайды, сондай-ақ қайтарылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет