Бекітілді утвержден



бет1/4
Дата02.07.2018
өлшемі388 Kb.
#45587
түріПротокол
  1   2   3   4
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Физика-математика факультеті

Жетысуский государственный университет имени И.Жансугурова

Физико-математический факультет










БЕКІТІЛДІ УТВЕРЖДЕН
Университеттің ОӘК отырысында

на заседании УМС университета

Хаттама

Протокол № ___ от _________ 2015 г



ОӘК төрағасы

Председатель УМС __________ Мальтекбасов М.Ж.



5В011000 – Физика мамандығы бойынша

Элективті пәндер каталогы

Қабылдау жылы: 2015 ж



Каталог элективных дисциплин

по специальности: 5В011000 – Физика

год приема: 2015 г

Талдықорған 2015 ж.



ЭК

Пәннің шифры: Meh 1205

Пән атауы: Механика

Пререквизиттері: физиканың мектеп курсы

Постреквизиттері: молекулалық физика

Пәннің мақсаты: механиканың барлық негізгі идеялары мен әдістерін оқып үйрену. Физикалық заңдардың мағынасын түсіну және ол заңдылықтарды есеп шығаруға пайдалану, лабораториялық сабақтарға механика заңдылықтарын қолдану.

Пәнге берілген қысқаша сипаттама: механикалық қозғалысты, қозғалыс заңдылықтарын, импульстың сақталу заңын, энергияның сақталу заңын, механикалық тербелістерді, толқындарды, сұйықтар мен газдардың механикасын оқып-үйрену.

Күтілетін нәтиже: механика курсын меңгерген студент, физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсініп қана қоймай, сонымен бірге оларды іс жүзінде қолдана білуі қажет, яғни есеп шығара білуі керек. Есеп шығара білген студент – алған білімді тәжірибеде пайдаланып, іске жарата алады, лабораториялық жұмыстарды да қиналмай орындайды.

Құзыреті:

арнайы: «Механика» пәнін оқыту барысында студент материаның әртүрлі механикалық қозғалыс формаларының (түзусызықты бірқалыпты және өзгермелі, вертикаль жоғары және төмен, шеңбер бойымен қисықсызықты, горизонтқа бұрыш жасай) кинематикасы, механикалық табиғаты бар әртүрлі күштер (гравитациялық – салмақ күші, бүкіләлемдік тартылыс күші, центрге тартқыш күш, үйкеліс күші, серпімділік күші) динамикасы, механикалық импульс пен энергияның сақталу заңдары, механикалық тербелістер мен толқындар заңдылықтары, гидро-, аэростатика мен гидро-, аэродинамика заңдылықтары жайлы терең және берік білімдер алуға міндетті.

пәндік: «Механика» пәнін оқыту барысында студент алған білімдерін практикалық мақсаттарға (есептер шығаруға және физикалық эксперименттер жүргізуге) пайдалану біліктері мен дағдыларына ие болулары керек.




ЭК

Шифр дисциплины: Meh 1205

Название дисциплины: Механика

Пререквизиты: школьный курс физики.

Постреквезиты: молекулярная физика.

Цель изучения: формирование умения выражать связи между механическими явлениями и величинами в математической форме; информации; ознакомление с методами, применяемыми в исследованиях по механике.

Краткое содержание основных разделов: Кинематика. Основные понятия кинематики. Относительность движения. Равномерное движение. Равноускоренное движение. Свободное падение тел. Движение по окружности. Основы динамики. Первый закон Ньютона. Второй закон Ньютона. Третий закон Ньютона. Закон Всемирного тяготения. Движение тел под действием силы тяжести.

Ожидаемые результаты: основные этапы развития механики, теоретические основы механики, принципы и законы, их математическое выражение; основные механические явления и их особенности; наиболее распространенные методы проведения экспериментов и обработки результатов;

Компетенции:

специальные: основные этапы развития механики, теоретические основы механики, принципы и законы, их математическое выражение; основные механические явления и их особенности; наиболее распространенные методы проведения экспериментов и обработки результатов; важные физические достижения и теории, ученых, сделавших открытия, краткие сведения из истории механики; физические величины, связь между ними границы применимости физических моделей и гипотез.

предметные: правильно выражать физические идеи, применять теоретические знания для объяснения физических явлений; применять теоретические знания для решения задач по механике; осуществлять контроль и самоконтроль усвоения теоретического материала; пользоваться физическими приборами, применять на практике методы измерений и обработки результатов; пользоваться справочной литературой.


ЭК

Пәннің шифры: Mat 1206

Пән атауы: Математика 1

Пререквизиттері: Мектеп курс математикасы

Постреквизиттері: математика 2.

Мақсаты: Математикалық талдаудың негізгі түсініктерін оқу және оларды қолдану; осы пәннің типтік есептерін шешудің негізгі математикалық әдістерімен танысу және оларды практикада қолдануды үйрену

Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Нақты сандар. Нақты сандарды салыстыру. Дәл жоғарғы және дәл төменгі шекаралықтардың бар болуы. Сандық тізбектер және оның шегі. Функция ұғымы. Функцияны беру тәсілдер. Функцияның нүктедегі шегі. Функцияның нүктедегі үзіліссіздігі. Функцияның үзіліс нүктелері және олардың классификациясы. Үзіліссіз функцияның қасиеттері.

Күтілетін нәтиже: Білімгер пәнді оқып, емтиханды тапсыру нәтижесінде негізгі геометриялық ұғымдарды және зерттеу әдістерін біледі; пәннің типтік есептерін шығара біледі; қолайлы математикалық әдістерді және есептің шешімінің алгоритмін таңдай алады; есептердің шешімін іздестіру кезінде қазіргі кездегі есептеу техникасын пайдаланып, сандық әдістерді қолдана алады

Құзыреттіліктер:

арнайы: алған білімін тәжірибе жүзінде қолдану, типтік есептерді шығару дағдыларына ие болу, нақты процесстер мен құбылыстардың математикалық модельдерін құра білу.

пәндік: математиканы негізгі түсініктерін, анықтамаларын және теоремаларын білу, типтік есептерді шешудің әдістемесін игеру.




ЭК

Шифр дисциплины: Mat 1206

Название дисциплины: Математика 1

Пререквизиты: школьная база

Постреквизиты: математика 2

Цель изучения: формирование у будущих учителей основ профессионально-математических знаний, представлений о математике.

Краткое содержание основных разделов: Рассматриваются элементы введения в математический анализ. Функция. Предел функции. Непрерывность функции. Производная и дифференциал функции одной переменной: их геометрический и механический смысл. Производные и дифференциалы высших порядков. Правило Лопиталя раскрытия неопределенностей. Интервалы монотонности функции. Экстремум функции. Первообразная и интеграл. Методы интегрирования. Определенный интеграл.

Ожидаемые результаты: овладеет основными методами доказательства теорем; научится применять полученные знания на практике и использовать основные численные методы математического анализа; приобретет навыки самостоятельно получать знания, используя математический аппарат.

Компетенции:

специальные: Применять полученные знания на практике, приобрести навыки решения типовых задач, уметь строить математические модели реальных процессов и явлений.

предметные: Знать основные понятия, определения и теоремы математики, усвоить методы решения типовых задач.


ЭК

Пәннің шифры: Mat 1207

Пән атауы: Математика 2

Пререквизиттері: Мектеп курс математикасы

Постреквизиттері: Математикалық физика әдістері

Мақсаты: Математикалық талдаудың негізгі түсініктерін оқу және оларды қолдану; осы пәннің типтік есептерін шешудің негізгі математикалық әдістерімен танысу және оларды практикада қолдануды үйрену

Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Нақты сандар. Нақты сандарды салыстыру. Дәл жоғарғы және дәл төменгі шекаралықтардың бар болуы. Сандық тізбектер және оның шегі. Функция ұғымы. Функцияны беру тәсілдер. Функцияның нүктедегі шегі. Функцияның нүктедегі үзіліссіздігі. Функцияның үзіліс нүктелері және олардың классификациясы. Үзіліссіз функцияның қасиеттері.

Күтілетін нәтиже: Білімгер пәнді оқып, емтиханды тапсыру нәтижесінде негізгі геометриялық ұғымдарды және зерттеу әдістерін біледі; пәннің типтік есептерін шығара біледі; қолайлы математикалық әдістерді және есептің шешімінің алгоритмін таңдай алады; есептердің шешімін іздестіру кезінде қазіргі кездегі есептеу техникасын пайдаланып, сандық әдістерді қолдана алады

Құзыреттіліктер:

арнайы: алған білімін тәжірибе жүзінде қолдану, типтік есептерді шығару дағдыларына ие болу, нақты процесстер мен құбылыстардың математикалық модельдерін құра білу.

пәндік: математиканы негізгі түсініктерін, анықтамаларын және теоремаларын білу, типтік есептерді шешудің әдістемесін игеру.




ЭК

Шифр дисциплины: Mat 1207

Название дисциплины: Математика 2

Пререквизиты: школьная база

Постреквизиты: Методы математической физики

Цель изучения: формирование у будущих учителей основ профессионально-математических знаний, представлений о математике.

Краткое содержание основных разделов: Рассматриваются элементы введения в математический анализ. Функция. Предел функции. Непрерывность функции. Производная и дифференциал функции одной переменной: их геометрический и механический смысл. Производные и дифференциалы высших порядков. Правило Лопиталя раскрытия неопределенностей. Интервалы монотонности функции. Экстремум функции. Первообразная и интеграл. Методы интегрирования. Определенный интеграл.

Ожидаемые результаты: овладеет основными методами доказательства теорем; научится применять полученные знания на практике и использовать основные численные методы математического анализа; приобретет навыки самостоятельно получать знания, используя математический аппарат.

Компетенции:

специальные: Применять полученные знания на практике, приобрести навыки решения типовых задач, уметь строить математические модели реальных процессов и явлений.

предметные: Знать основные понятия, определения и теоремы математики, усвоить методы решения типовых задач.


ТК 2.1

Пәннің шифры: KPP 1202

Пән атауы: Қолданбалы программалық пакеттер

Пререквизиттері : информатика

Постреквизиттері: Мектепте информатиканы кәсіптік оқыту

Мақсаты: студенттерге қолданбалы бағдарламалармен қамтамасыз етуді құраушы бағдарламалық құралдарды пайдалануды үйрету. Қолданбалы бағдарламаларды практикада кеңінен қолдана алу.

Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Қолданбалы бағдарламалар туралы түсінік. ҚБ классификациясы. ҚБ-да интерфейсті ұйымдастыру. Мәтінді өңдеу жүйесі. Мәтіндік бағдарламалар. Баспалық жүйелер. Құжаттың құрылымы. Кестелерді жасау және редактрлеу. PageMaker баспа жүйесі. Adobe Photoshop бағдарламасының эффектілерін қолдану. Электрондық кестелер. Кестелік процессордың

міндеттері және негізгі функциялары. MS Excel ЭК. Деректер қоры және ДҚБЖ. Компьютерлік графика жүйесі. Кеңселік программалық құралдар. Презентация құрудың жаңа тәсілдері. Power Point құралдарымен презентация ұйымдастыру. Компьютерлік вирустар. Вирустар жайлы түсінік және олардың классификациясы. Антивирустік бағдарламалық құрылғылар



Күтілетін нәтиже: қолданбалы бағдарламалардың жұмыс істеу принциптерін, әдістерін; әртүрлі қолданбалы бағдарламалардың элементтерін айыруды; қолданбалы бағдарламалардың аспаптық ортасында жұмыс істей алуды; қолданбалы бағдарламаларды қызметтің әртүрлі салаларында қолдануды үйренеді.

Құзыреті:

арнайы: қазіргі ақапараттандырылған қоғамның дамуы кезінде қолданбалы программалардың мәні мен маңызын түсіну;

пәндік: қолданбалы программалық пакеттер туралы білімді меңгеру; зерттеу: қолданбалы бағдарламаларды кез келген салада пайдалана алу.

КВ 2.1

Шифр дисциплины: PPP 1202

Название дисциплины: Прикладные программные пакеты

Пререквизиты: информатика

Постреквизиты: Профильное обучение информатики в школе

Цель изучения: изучение классификации программных средств, составляющих прикладное программное обеспечение. Получить практические навыки работы с наиболее распространенными прикладными программами

Краткое содержание основных разделов: Системы обработки текстов. Возможности текстовых процессоров. Электронные таблицы. Общие сведения о табличных процессорах. Базы данных и системы управления базами данных. Системы компьютерной графики. Классификация систем компьютерной графики. Инструментальные программные средства для решения прикладных математических задач. Пакет Mat Cad.

Средства разработки презентаций. Программы организаторы. Системы автоматизации бухгалтерской деятельности. Сервисные средства. Информационные менеджеры. Системы распознавания текстов. Компьютерные игры. Компьютерные вирусы и антивирусные программы.



Ожидаемые результаты: будут знать: основные понятия прикладного программного обеспечения; классификацию прикладного программного обеспечения; приобретут знания по основным элементам окон прикладных программ.

Компетенции:

специальные: понимать сущность и значение прикладных программ; предметные: владеть знаниями о прикладном программном обеспечении; исследовательская: получать и использовать прикладные программы в любой сфере деятельности,

ЭК

Пәннің шифры: Ily 1107

Пән атауы: Ілиястану (ОҚТ)

Пәннің пререквизиттері: Жоқ

Пәннің постреквизиттері: жоқ

Мақсаты: Классик ақын, жазушы, публицист, драматург, аудармашы, фольклорист, әдебиет зерттеушісі, тарихшы, фельетон жанрының негізін салған көп қырлы талантІлияс Жансүгіровтің зертханасына «енгізіп», шеберлік мектебін саралау, таразылау, суреткердің сырын түсіндіру.

Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық өмірбаяны,сөз өнерін игеру жолындағы алғашқы ізденістері, қоғамдық және мемлекеттік қызметтері, әртүрлі өнер саласына ат салысуы, поэмалар жазуы, прозаның дамуына қосқан үлесі, драматургиясы, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жариялап, зерттеуі, аудармашылық еңбегі, журналистік қызметі, публицистикалық еңбектері, шығармаларының лингвистикалық және көркемдік қыры, ақынның қазақ әдеби тілін дамытуға қосқан үлесі, қаламгер шығармашылығының зерттелуі қамтылған.

Күтілетін нәтижелер:

- қаламгер туындыларымен танысып, ондағы дәуір демін, қоғам шындығын айқындай алуы; прозалық туындыларындағы көркем образ, әдеби характер, әдеби тип, реализм, романтизм, жазушы стилі сияқты әдеби ұғымдардың негізгі белгілерін білуі; оқылған шығармалардағы кейіпкердің рөлі мен орнын, сондай-ақ кейіпкер характерінің қоршаған орта мен жағдайларға байланысты қалыптасуын ашып көрсетуге дағдылануы;

- тиісті деректерді келтіре отырып, пікір алмасуларда, диспуттарда өз көзқарастарын, пікірлерін дәлелдей алуы, әдеби сын – зертеулерге тезис және конспект жасай білуі.

Құзыретті: І.Жансүгіров мұрасының тарихи маңызын, пеоэтикалық ерекшелігін, жанрлық ізденістерін талдай біледі:


ЭК

Шифр дисциплины: Ily 1107

Название дисциплины: Илиястану (ДВО)

Пререквизиты: нет

Постреквизиты: нет

Цель курса: Ввести в многогранную творческую лабораторию Ильяса Жансугурова – поэта-классика, писателя, драматурга, переводчика, фольклориста, исследователя литературы, историка, основоположенника жанра фельетона.

Краткая характеристика дисциплины: В изучение курса входит: биография И.Жансугурова, первые исследования на пути изучения искусства слова, общественная и государственная деятельность, его место в различных областях искусства, казахской литературоведческой науке, неоценимый вклад в формирование художественных принципов нашей литературы, написание поэм, вклад в развитие прозы, драматургии, развитие казахского литературного языка, сбор и публикация образцов устного народного творчества, исследование творчества самого поэта.

Ожидаемые результаты:

  • Знакомство с произведениями поэта, раскрытие истинных событий тех времен, общества; знание литературных понятий композиция, художественное своеобразие, система образов, галерея героев и других компонентов творческой мастерской поэта;

  • Роль и место героев прочитанных произведений, умение показать их связь окружающей средой и действительностью;

  • На примере конкретных примеров из текстов обмениваться мнениями, в диспутах доказывать свое мнение и взгляды, умение писать тезисы и конспекты на литературно-критические исследования.

Компетенции: зная основное учебное содержание предмета, уметь ставить перед собой цель претворить в жизнь профессиональные задачи, использовать для их решения научные методы.

новые технологии.



ЭК

Пәннің шифры: EM 2216

Пән атауы: Электр және магнетизм

Пререквизиттер: механика және молекулалық физика

Постреквизиттер: атом және атом ядросының физикасы.

Мақсаты: «Электр және магнетизм» курсын оқытудың негізгі мақсаты физикалық теорияны ғылымның қазіргі кезеңдегі жетілуінің, әртүрлі бақылаулар мен тәжірибелердің және орындалған эксперименттердің нәтижелерінің қортындысы ретінде көрсету.

Пәнге берілген қысқаша сипаттама: «Электр және магнетизм» жалпы физика курсының бес бөлімінің бірі және студенттер «Механика», «Молекулалық физика және термодинамика» бөлімдерінен кейін үшінші кезекте оқытылады.

Күтілетін нәтиже:

  • негізгі физикалық құбылыстар мен олардың жүру ерекшеліктерін;

  • негізгі физикалық түсініктерді, шамаларды және олардың математикалық өрнектері мен өлшем бірліктерін;

  • эксперимент жүргізудің және өлшеулер нәтижелерін өңдеудің кең таралған әдістерін білетін болады.

Құзыреті:

арнайы: «Электр және магнетизм» пәнін оқыту барысында студент жеке электрлік, магниттік және жалпы электромагниттік құбылыстар мен заңдылықтар бойынша терең және берік білімдер алуға міндетті.

пәндік: «Электр және магнетизм» пәнін оқыту барысында студент алған білімдерді практикалық мақсаттарға (есептер шығаруға және физикалық эксперименттер жүргізуге) пайдалану біліктері мен дағдыларына ие болулары керек.



ЭК

Шифр дисциплины: EM 2216

Название дисциплины: Электричество и магнетизм

Пререквизиты: «механики и молекулярная физика

Постреквезиты: физика атома и атомного ядра

Цель изучения: изучения курса «Электричество и магнетизм» является изучение теоретических основ электромагнетизма как результат развития науки на современном этапе и обобщение наблюдений, практического опыта и эксперимента, формировать у студентов глубокое и прочное знание о физических явлениях, законах, процессах и понятиях.

Краткое содержание основных разделов: «Электричество и магнетизм» является одним из пяти разделов обшей физики и изучается третьим после усвоения студентами знаний по разделам «Механика», «Молекулярная физика и термодинамика». Этот курс отражает современный уровень науки и образования, необходимый будущему научно-педагогическому работнику (магистру) преподавателям общеобразовательной школы (бакалавр) по специальности 05110 «Физика»

Ожидаемые результаты:

- основные физические явления и их особенности;

- важнейшие физические понятия, величины, их математическое выражение и единицы измерения;

- наиболее распространенные методы проведения экспериментов и обработка результатов измерений.



Компетенции:

специальные: В процессе изучения дисциплины «Электромагнетизм» студент должен иметь теоретические знания по законам электрического и магнитного полей, а также электромагнитного поля в целом, по электростатике, законам постоянного тока, электрического тока в различных средах, магнитного поля, электромагнитной индукции, электромагнитному колебаниям и волнам.

предметные: В процессе изучения дисциплины «Электромагнетизм» студент должен уметь применять теоретические знания на практике, т.е. при решении задач, проведении экспериментальной работы по физике.


ЭК

Пәннің шифры: FEN: EM 2217

Пән атауы: ФЭН: Электр және магнетизм

Пререквизиттері: механика, молекулалық физика

Постреквизиттері: оптика, атомдық және ядролық физика

Мақсаты: «Электр және магнетизм» курсын оқытудың негізгі мақсаты физикалық теорияны ғылымның қазіргі кезеңдегі жетілуінің, әртүрлі бақылаулар мен тәжірибелердің және орындалған эксперименттердің нәтижелерінің қортындысы ретінде көрсету. Сонымен қатар, болашақ маманнның негізгі физикалық құбылыстарды, заңдар мен үрдістерді айқын түсінуі, физикалық құбылыстар мен шамаларды математикалық әдістермен өрнектей білуі, физиканың негізгі заңдарын теориялық және практикалық лектерді шығаруға пайдалануды меңгеруді, жұмыс барысында анықтамалық әдебиеттерді пайдалан білу.

Пәнге берілген қысқаша сипаттама: «Электр және магнетизм» жалпы физика курсының бес бөлімінің бірі және студенттер «Механика», «Молекулалық физика және термодинамика» бөлімдерінен кейін үшінші кезекте оқытылады. Бұл курс болашақ ғылыми-педагогикалық қызметкерлер (магистр), жалпы білім беретін мектептердің 050110 «Физика» мамандағы бойынша (бакалавр) мұғалімдер даярлауға қажетті білімдер мен қазіргі деңгейін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтиже:

  • негізгі физикалық құбылыстар мен олардың жүру ерекшеліктерін;

  • негізгі физикалық түсініктерді, шамаларды және олардың математикалық өрнектері мен өлшем бірліктерін;

  • эксперимент жүргізудің және өлшеулер нәтижелерін өңдеудің кең таралған әдістерін білетін болады.

Құзыреті:

арнайы: «Электр және магнетизм» пәнін оқыту барысында студент жеке электрлік, магниттік және жалпы электромагниттік құбылыстар мен заңдылықтар бойынша терең және берік білімдер алуға міндетті.

пәндік: «Электр және магнетизм» пәнін оқыту барысында студент алған білімдерді практикалық мақсаттарға (есептер шығаруға және физикалық эксперименттер жүргізуге) пайдалану біліктері мен дағдыларына ие болулары керек.

ЭК

Шифр дисциплины: EON: EM 2217

Название дисциплины: ЭОФ: Электричество и магнетизм

Пререквизиты: механика и молекулярная физика

Постреквезиты: оптика, физика атома и атомного ядра

Цель изучения: изучения курса «Электричество и магнетизм» является изучение теоретических основ электромагнетизма как результат развития науки на современном этапе и обобщение наблюдений, практического опыта и эксперимента, формировать у студентов глубокое и прочное знание о физических явлениях, законах, процессах и понятиях, умения выражать физических законов в математической форме и использовать их для решения практических задач, представление доступного материала для проведения физического эксперимента.

Краткое содержание основных разделов: «Электричество и магнетизм» является одним из пяти разделов обшей физики и изучается третьим после усвоения студентами знаний по разделам «Механика», «Молекулярная физика и термодинамика». Этот курс отражает современный уровень науки и образования, необходимый будущему научно-педагогическому работнику (магистру) преподавателям общеобразовательной школы (бакалавр) по специальности 05110 «Физика»

Ожидаемые результаты:

- основные физические явления и их особенности;

- важнейшие физические понятия, величины, их математическое выражение и единицы измерения;

- наиболее распространенные методы проведения экспериментов и обработка результатов измерений.



Компетенции:

специальные: В процессе изучения дисциплины «Электромагнетизм» студент должен иметь теоретические знания по законам электрического и магнитного полей, а также электромагнитного поля в целом, по электростатике, законам постоянного тока, электрического тока в различных средах, магнитного поля, электромагнитной индукции, электромагнитному колебаниям и волнам.

предметные: В процессе изучения дисциплины «Электромагнетизм» студент должен уметь применять теоретические знания на практике, т.е. при решении задач, проведении экспериментальной работы по физике.

ЭК

Пәннің шифры: MPhA 2222

Пән атауы: Математикалық физика әдістері

Пререквизиттері: Математикалық физика әдістері математикалық анализ, аналитикалық геометрия, векторлық алгебра, дифференциалдық теңдеулер теориясы, жалпы физика курсы пәндерінен алған білімдерге негізделген.

Постреквизиттері: кванттық механика, электродинамика, классикалық механика, термодинамика және статистикалық физика, электротехника, радиотехника

Мақсаты: студенттерді физиканың әртүрлі есептерін шығару үшін математикалық физиканың әдістерін пайдалануға үйрету.

Пәнге берілген қысқаша сипаттама: пәнді игеру нәтижесінде студент физикалық өрістердің сипаттамаларын өріс теориясының математикалық тәсілдерін меңгеріп, физикалық процесті суреттеуге мәселеге байланысты, оның теңдеуін құрып, шешуін тауып, шыққан нәтижеге физикалық тұрғыдан түсініктеме бере алатындай дәрежеге көтерілуі тиіс. Студент математикалық физика аппаратын меңгеріп, есептерді шешу тәсілдерін де үйренуі қажет. Математикалық физиканың есептерін шешудің негізгі әдістерін меңгерту, сонымен қатар шыққан шешімге физикалық интерпретация жасауға үйрету.

Күтілетін нәтиже: Пәнді оқу барысында студенттер математикалық теория өрісінің негіздері, математикалық физика теңдеулері, оларды шешу әдістері, арнайы функциялар туралы білімдері боліліп шығады.

Құзыреті:

арнайы: студенттерге ғылымның осы саласы бойынша едәуір терең және сапалы білімдер беру; теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету, яғни біліктілік пен дағдыларын едәуір берік қалыптастыру. Оқыту процесінде студенттердің ғылыми-логикалық ойлау, оқулықтар мен ғылыми әдебиеттермен өздігінен жұмыс істей алу, творчестволық ізденіc, белгілі бір тақырыптарды тереңірек зерттеу.

пәндік: Математикалық физика әдістері

саласындағы білімдерді меңгеру, физикадағы есептерді шешуде теориядан алған білімдерін пайдалану. Физикалық құбылыстардың бір-бірімен байланысын ажырату. Физикалық құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіре білу. Негізгі физикалық заңдылықтарды тұжырымдау және олардың математикалық өрнектерін дәлелдей білу.



ЭК

Шифр дисциплины: MMPh 2222

Название дисциплины: Методы математической физики

Пререквизиты: Математический анализ, аналитическая геометрия, векторная алгебра, теория дифференциальных уравнений, общий курс физики

Постреквезиты: Квантовая механика, электродинамика, классическая мханика, термодинамика и стат.физика, электротехника и радиотехника

Цель изучения: научить студентов использовать аппарат методов математической физики для решения конкретных задач по физике, грамотно формировать постановку стоящих перед ним задач, развить способность самостоятельного мышления и решить кругозор в области теоретической и математической физики.

Краткое содержание основных разделов: познакомить с основными математическими методами, используемых при решении различных задач, в результате изучения дисциплины освоит характеристики физических полей и методы математической теории поля.

Знание по данному курсу необходима для повышения теоретического уровня и профессиональной подготовки будущих учителей.



Ожидаемые результаты:В результате изучения дисциплины студент усвоит характеристики физических полей и методы математической теории поля, сумеет поставить задачу и написать уравнения, описывающее физический процесс, решить его и дать физическую интерпретацию полученного решения.

Компетенции:

специальные: использует основные законы естественнонаучных дисциплин в профессиональной деятельности, применяет методы математического анализа и моделирования, теоретического и экспериментального исследования; владеет культурой математического мышления, логической и алгоритмической культурой, способен понимать общую структуру математического знания, взаимосвязь между различными математическими дисциплинами, реализовывать основные методы математических рассуждений на основе общих методов научного исследования и опыта решения, учебных и научных проблем, пользоваться языком математики, корректно выражать и аргументировано обосновывать имеющиеся знания;

предметные: схематизировать механические явления, представляя конкретные механические задачи в абсолютной форме; пользоваться математическими методами при решении инженерных задач; употреблять математическую символику и терминологию для выражения количественных и качественных характеристик объектов, аналитического и численного решения дифференциальных уравнений; быть компетентным в выборе и рационализации режимов эксплуатации технологического оборудования.

ЭК

Пәннің шифры: Opt 2218

Пән атауы: Оптика

Пререквизиттер: механика, молекулалық физика, электр және магнетизм

Постреквизиттер: атом және атом ядросының физикасы

Мақсаты: жарық пен рентген сәулелерінің табиғаты мен қасиеттерін және олардың затқа ететн әсерін оқып үйрену. Жарықтың корпускулалық теориясы мен толқындық теориясын оқып-зерттеу.

Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Жарықтың электромагниттік табиғатын, жарық шаммаларын, интерферения, дифракция, дисперсия, поляризация құбылыстарын геометриялық оптика негіздерін, жарықтың сыну және шағылу заңдарын, жарықтың шашырауын, сәуле шығару түрлерін, Комптон заңын оқып үйрену.

Күтілетін нәтиже: оптика курсын меңгерген студент, физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсініп қана қоймай, сонымен бірге оларды іс жүзінде қолдана білуі қажет, яғни есеп шығара білуі керек. Есеп шығара білген студент – алған білімді тәжірибеде пайдаланып, іске жарата алады, лабораториялық жұмыстарды да қиналмай орындайды.

Құзыреті:

арнайы: Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың теориялық негізін білу. Физикалық құбылыстардың бір-бірімен байланысын ажырату. Ол физикалық құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіре білу. Физикалық шамаларды және оларды өлшеу әдістерін, өлшеу бірліктерін білу.

пәндік: Оптика саласындағы білімдерді меңгеру, механикадағы есептерді шешуде теориядан алған білімдерін пайдалану. Ақпараттарды басқару дағдылары мен біліктерінің болуы, психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді мониторингті жүзеге асыру, зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу.


ЭК

Шифр дисциплины: Opt 2218

Название дисциплины: Оптика

Пререквизиты: механика, молекулярная физика, электричество и магнетизм

Постреквезиты: физика атома и атомного ядра

Цель изучения:

  • освоение студентами основных закономерностей и явлений геометрической и физической оптики;

  • обретение понимания принципов формирования оптического изображения и факторов, определяющих его качество;

  • Краткое содержание основных разделов: В данном курсе изучаются оптические явления, теория которых рассматривается с позиций физической и геометрической оптики. Изучение всех вопросов данной дисциплины важно как для усвоения базовых понятий, активно используемых в других более специальных дисциплинах.

Ожидаемые результаты: знания о наиболее распространенных методах проведения оптических экспериментов и обработки результатов; знания, описывающие с единых физических позиций  взаимосвязи между основными явлениями геометрической и физической оптики; знания основных вопросов построения оптических приборов и причин.

Компетенции:

специальные: знание основных этапов развития оптики, теоретических основ, принципы и законы, их математическое выражение; основные явления и их особенности; наиболее распространенные методы проведения экспериментов и обработки результатов; важные физические достижения и теории, ученых, сделавших открытия, краткие сведения из истории, физические величины, связь между ними границы применимости физических моделей и гипотез.

предметные: правильно выражать физические идеи, применять теоретические знания для объяснения физических явлений; применять теоретические знания для решения задач по механике; осуществлять контроль и самоконтроль усвоения теоретического материала; пользоваться физическими приборами, применять на практике методы измерений и обработки результатов; пользоваться справочной литературой.

ЭК

Пәннің шифры: FEN: Opt 2219

Пән атауы: ФЭН: Оптика

Пререквизиттері: механика, молекулалық физика, электр және магнетизм

Постреквизиттері: атом және атом ядросының физикасы

Мақсаты: жарық пен рентген сәулелерінің табиғаты мен қасиеттерін және олардың затқа ететн әсерін оқып үйрену. Жарықтың корпускулалық теориясы мен толқындық теориясын оқып-зерттеу.

Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Физиканың эксперименттік негіздерінің оптика бөлімі денелердің механикалық әсерлесуін тәжірибе арқылы тексеруге арналған; физикалық құбылыстарды алу шарттарын ұғындыру және оны ғылыми тұрғыда түсіндіру; негізгі физикалық заңдылықтарды тұжырымдау және оның математикалық өрнектерін дәлелдеуге баулу; физикалық құбылыстарды тәжірибе жүзінде алу, тексеру және оларды ғылыми тұрғыда негіздеу;

Күтілетін нәтиже: физиканың эксперименттік негіздерінің оптика бөлімін меңгерген студент, физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсініп қана қоймай, сонымен бірге оларды іс жүзінде қолдана білуі қажет, яғни оқу орындарында, өндірісте, жалпы тұрмыста эксперимент қоя білуі керек. Алған білімді тәжірибеде пайдаланып, жаңа лабораториялық жұмыстарды да қоятын деңгейге жетуі керек.

Құзыреті:

арнайы: Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың теориялық негізін білу. Физикалық құбылыстардың өту шарттарын білу. Физикалық құбылыстардың бір-бірімен байланысын ажырату..

пәндік: Оптика саласындағы білімдерді меңгеру, механикадағы есептерді шешуде теориядан алған білімдерін пайдалану. Жаңа технологияларды пайдалану, жаңашылдыққа қабілетті болу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу.


ЭК

Шифр дисциплины: EON: Opt 2219

Название дисциплины: ЭОФ: Оптика

Пререквизиты: механики, молекулярная физика, электричество и магнетизм

Постреквезиты: физика атома и атомного ядра

Цель изучения: освоение студентами основных закономерностей и явлений геометрической и физической оптики; обретение понимания принципов формирования оптического изображения и факторов, определяющих его качество; выработка навыков применения полученных знаний для анализа оптических и оптико-физических схем приборов и явлений.

Краткое содержание основных разделов: В данном курсе изучаются оптические явления, теория которых рассматривается с позиций физической и геометрической оптики. Изучение всех вопросов данной дисциплины важно как для усвоения базовых понятий, активно используемых в других более специальных дисциплинах, так и для получения достаточно полного представления об основных научных концепциях современной физики.

Ожидаемые результаты: знания о наиболее распространенных методах проведения оптических экспериментов и обработки результатов; знания, описывающие с единых физических позиций  взаимосвязи между основными явлениями геометрической и физической оптики; знания основных вопросов построения оптических приборов и причин, ограничивающих качество оптического изображения; умение различать оптические системы по степени коррекции аберраций; умение использовать принципы и методы физической оптики для исследования особенностей  взаимодействия излучения с оптическими средами; умение составлять принципиальные оптические схемы для проведения основных измерительных операций.

Компетенции:

специальные: планировать и проводить экспериментальные исследования по оптике с использованием различных методов;

предметные: применять на практике различные методы обработки экспериментальных результатов


ЭК

Пәннің шифры: KM 2223

Пән атауы: Классикалық механика

Пререквизиттер: Жалпы физика курсының механикасы, математикалық анализ, геометрия пәндерінен алған білімдерге негізделген.

Постреквизиттер: Осы пән бойынша меңгерген білім қоры астрономия, кванттық механика, ядролық физика пәндерін түсіну үшін керек.

Мақсаты: Теориялық физика курсында студенттердің көңілін физиканың ең жалпы түсініктері, заңдары мен принциптеріне аударып, оларды физикалық процестерді және құбылыстарды талқылауға үйретіп, іске асыруға мүмкіншілік тудырады. Сол себептен теориялық физиканың негізгі әдістері арқылы методологиялық жалпылау тәсілдерін, физикалық ұғымдар мен принциптерін қолдануын, олардың қазіргі ғылым және техникамен байланыстығын көрсету керек..

Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Классикалық механика теориялық физиканың бірінші тарауы болып табылады. Механика курсын оқып зерттеуде студенттер денелердің қозғалысын, олардың құрылысы мен қандай механикалық қасиеттерінің бар екендігімен танысты. Бірақ қозғалыс заңдарының аналитикалық тұрғыдан қалай қорытылып шығарылатындығын, яғни жалпы механика курсындағы теңдеулердің қайдан шығатынын, кеңістік пен уақыттың симметриялылығымен қалай байланысатындығын толық түсінбейді.

Күтілетін нәтиже: Студенттер нүкте кинематикасы ұғымын, негізгі кинематикалық және динамикалық сипаттамаларын анықтауды, динамиканың негізгі есебін шығаруды білу керек.

Құзыреті:

арнайы: Пәнді оқу барысында студенттер теориялық механикадағы модельдер, материялық нүкте кинематикасы, динамика заңдары, қозғалыс теңдеулері, абсолют қатты дене механикасы, бөлшектердің соқтығысуы, тербелістер туралы білімдері болуы керек.

пәндік: Классикалық механика теория саласындағы білімдерді меңгеру, механикадағы есептерді шешуде теориядан алған білімдерін пайдалану. Физикалық құбылыстардың өту шарттарын білу. Физикалық құбылыстардың бір-бірімен байланысын ажырату.

ЭК

Шифр дисциплины: KM 2223

Название дисциплины: Классическая механика

Пререквизиты: Механика

Постреквезиты: Квантовая механика, Астрономия


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет