Батыс Қазақстан облысы.
Шыңғырлау ауданы. Сегізсай ауылы.
Сегізсай негізгі орта білім беретін
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Бекмагамбетова Гулшара Сабыржановна
Қысқа мерзімді сабақ жоспары.
Пәні: Әдебиеттік оқу
|
Тақырыбы: «Анамның қолдары».
|
Күні:13.01.2017
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Бекмагамбетова Гүлшара Сабыржановна
|
Сынып:2
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Шығарманың тақырыбын ашу, мәтін мазмұнындағы өмір шындығын ажырату. Оқушылардың сөздік қорын дамыту, мәтінді өз бетімен оқу, шығармашылық және мәселелі сұрақтар арқылы пікір айту дағдысын дамыту.Өзгені де тыңдап, өзінше ойлап жауап беруге, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, еңбекке сын көзқарасын қалыптастыруға жағдай туғызу; балаларға ұлттық тәрбие - адамгершіліктің қайнар көзі екені байқату, сезіндіру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Шығарманың тақырыбын ашады
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Шығарманың тақырыбын ашу, мәтін мазмұнындағы өмір шындығын ажыратады
|
Кейбір оқушылар:
Шығарманың тақырыбын ашып, мәтін мазмұнындағы өмір шындығын ажыратып,оқушылар мәтінді өз бетімен оқып , сұрақтарға жауап береді
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Мәтінді оқып, мазмұныны айтады
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
|
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірлектер:
|
Талқылауға арналған тақырыптар:
|
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
|
|
Жазу үшін ойға салу:
|
|
Алдыңғы оқу
|
Кішілік – кісілік
|
Жоспар:
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Формативті бағалау (ОүБ)
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
- Балалармен амандасу.
Балаларды шаттық шеңберге жинап «Жылулық» тренигін өткізу.
Балалар бір-бірінің алақандарын ұстап, бір –біріне жылы сөз, тілек айтады. Мыс: сен ақылдысын,әдемісін, тәртіптісін. ...... т.б.
Ал балалар енді осындай жылы тілектермен бүгінгі сабағымызды бастайық. Қане балалар түстер арқылы топқа бөлініп отырайық.
Үй тапсырмасын сұрау : Кішілік-кісілік «Сұрақ-жауап» әдісі, оқушылар бір-бірін «Қолпаштау» әдісі арқылы формативті бағалау арқылы бағалайды.
І- топқа Қария сөзінде қандай өнегелі өсиет тұр.
ІІ- топқа Неліктен кішілікпен үлкендік бір –біріне ұқсайды.
Екі топқа бірдей сұрақ- сен айналаңа қандай кішілік мінез көрсете аласың ?
Қызығушылықты ояту.
Бала-менің бауыр етім, Сенің тәтті балғын үнің,
Бала үшін бар бейнетім. Баурап алды мені бүгін.
Бөбегім деп өлеңдетіп, Қызығым сен, қыз бен ұлым,
Балбырасын алма бетің. Кеудемде өскен егіз гүлім.
-Бұл өлең кім туралы деп ойлайсыңдар?
-Ана. (орысша-мама, ағылшынша- mather).
Суретте кімнің бейнесі. «Ана»
«Ана деген кім?» деген сұрағына жауап беріп, кластер құрастыру.
Ана - ақылшы мейірімді жан
ұстаз, өмір, сыйлаушы,
қамқоршы, аяулы жан
|
«Қолпаштау» әдісі арқылы формативті
|
Кеспе қағаздарымен жұмыс
|
Ортасы
|
Олай болса, түрік халқының «Анамның қолдары» деген әңгімесін оқып көреміз.
Оқулықпен жұмыс
«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісін пайдаланып, көршісіне, талдап, біреуі шығып түсінігін сыныпқа айтады.
Сұрақтар арқылы мәтінді талдау
І- топқа
Мұғаліміміз аналар мерамы қарсаңында үйге анамыздың қол хақында бір шығарма жазуға тапсырма берген еді . Мұғалім тақырыпты ашып айтпаы . Тек анамыздың еңбекқорлығы жнінде бірнеше сөз жазыңдар деді . Екі – үш күннен кейін мұғалім үй тапсырмасын сыныпта оқытты . Кезек сыныптағы бір қызға жетті . ол былай бастады . «Анамның қолдары ... Анам қолдарының бірімен май шайқайды . Бірімен құшағында діни кітабымызды ұстайды . Енді бірімен әкеміздің бешпентін жамайды Келесі қолымен тамақ пісіреді . Бір қолымен мен оқуға кетерде шашымды өреді . Келесі қолымен...» .
ІІ топқа Мұғалім күліп:
Сонда қалай, қызым . Келісісмен , келісісмен ...Сенің анаң қырықаяқ па?Адамда соншама қол бола ма? Бұл , бос сөз, - дейді . Барлығымыз күле бастадық . Қыз болса , былай деп жауап берді .
Жоқ ,бұл боссөз емес. Екі қолы әкем үшін ... Жеті баласы бар .Әрқайсыс үшін есептесеңі , он төрт болады . Ас үй , қора, ақшат үшін де екі қолдан алты қол болады . Кедейлер үшін де қолды қосыңыз.Дұға үшін де екі қол ойлаңыз .Тура жиырма алты қол болады .Анамның тура жиырма алты қолы бар , құрметті ұстазым .
- Сұрақтар:
- Қыздың анасына деген қандай сезімдерін байқадыңдар? (Жанашырлық, аяушылық, т.б.)
- Осы мәтінді оқығанда өзіңде қандай сезімдер мен ойлар пайда болды?
- Осы сұрақ оқушылардың өз анасы, апайы, әжесі, күтушісі, тәрбиешісінің еңбегі туралы айтуына сөзсіз мүмкіндік береді.
Сергіту сәті
Өзіміз үшін бір шапалақ,
Ата-анамыз үшін екі шапалақ,
Сыныптастарыңыз үшін үш шапалақ.
(бірінші түсіндіріледі, екі рет жасалады)
Дәптермен жұмыс.
1.Сөздікпен жұмыс.
Хақында –туралы
Бешпент- сырт киім
2.Ана туралы туралы мақал-мәтел жаз.
Ойтолғау.
Оқушыларды тыңдай отырып:
- Дүниеде не қымбат? (Ана)
- Ана неден қымбат? (Бәрінен)
- Ананың аялы алақанына, мейіріміне тең келер нәрсе жоқ. Ана біз үшін жалпақ дүниеден де жалпақ.
- Балалар, ендеше осындай аналарыңның осы қиын, таусылмайтын, күнделікті қайталанатын жұмысын жеңілдету үшін не істер едіңдер?
Сергіту сәті
Оқушылар өздері білетін ана туралы өлеңдерін жатқа айтады.
|
«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі
«Стикердегі сұрақ» әдісі
Сергіту сәті
|
|
Аяқталу
|
Сабақты қорытындылау
Күрделенген тапсырманың
«Стикердегі сұрақ» әдісі арқылы сабақ қорытындылады.
- Бүгінгі әңгіме не жайында болды?
- Сабақ ұнады ма? Ұнаса неліктен?
Балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін «Қолпаштау» әдісі арқылы формативті бағалау арқылы білдіреді.
Кері байланыс «Жетістік басбалдағы»
Қолдана аламын ..........
Түсінемін...
Білемін бірақ бәрін емес..........
Бағалау.
Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұнын айту және ана мақал –мәтел жазып келу.
|
«Стикердегі сұрақ» әдісі бойынша
Мұғалімнің қорытынды бағасы
«Жетістік баспалдағы» әдісімен кері байланыс
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |