Бекмұхан Марлен Дефектология 3 курс



Дата08.02.2022
өлшемі20,52 Kb.
#124891
Байланысты:
Бекм хан Марлен Дефектология 3 курс


Бекмұхан Марлен Дефектология 3 курс
1.Отандық педагогика ғылымында арнайы мектеп қабырғасында білім алатын зияты зақымдалған балаларға математиканы оқыту әдістемесі XX ғасырдың 30-шы жылдарында қалыптаса бастады. Ресейдегі зияты зақымдалған балаларға арналған мектебінің негізін қалаушылар А.Н. Грабаров, Е.В. Герье, Н.В. Чехов математика зияты зақымдалған балаларға есеп шығарудың тәжірибелік тәсілдерін ғана беруі тиіс деп есептеді. Ғалымдар пайымдауынша, бұл балаларды математикаға оқыту баланың жеке қасиеттерін ескеру салдарынан дараланған, оқушыларға таныс және қызықты болатын нақты мәліметтерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Зияты зақымдалған балаларға арналған түзету мектебінің алғашқы қалыптасу жылдарында О. Декроли, Ж. Демор, М. Монтессори, Э. Сеген сынды прогрессивті шетелдік мамандардың оқу-әдістемелік тәжірибесі қолданылды. Мұғалімдер мен студенттерге арналған арифметика бойынша алғашқы әдістемелік құралдарды даярлаған ғалым – Н.Ф. КузьминаСыромятникова. Онда арифметиканың жалпы, сондай-ақ жеке әдістемесінің мәселелері толық баяндалды. Н. Ф. Кузьмина-Сыромятникова түзету мектебінің жалпы міндеттеріне сүйене отырып, арифметиканы оқыту міндеттерін тұжырымдады: жалпы білім беру, тәрбиелік, практикалық. Ол арифметиканы оқыту кезінде кӛрнекі құралдарды пайдалануды әділ насихаттап, осы оқу пәні бойынша жұмысты нақты жоспарлауға, практикалық жұмыстарды ұйымдастыруға назар аударды. Ол арифметикалық есептерді шешу әдістемесін егжей-тегжейлі әзірледі, дербес жұмыстарды ұйымдастыруға ұсыныстар берді.
Басқа жұмыстарында Н.Ф. Кузьмина-Сыромятникова («көмекші мектепте арифметикалық есептерді шешу», «көмекші мектептің І сыныбында арифметиканы оқыту», «арифметиканы оқытудың пропедевтикасы») арифметиканы оқытудың тиісті мәселелері бойынша неғұрлым толық әдістемелік ұсынымдар береді. Бұл құралдар «Дефектология» мамандығының студенттерін практикалық жұмысқа дайындауда, сондайақ арнайы мектеп мұғалімдерінің жұмысында үлкен рөл атқарды. 40-шы жылдардың соңында 50-ші жылдардың басында математиканың арнайы әдістемесінде зияты зақымдалған оқушыларды оқытуды жетілдіруге, арифметиканың әр түрлі бӛлімдері мен геометрияның элементтеріне арналған эксперименттік зерттеулер пайда болды. Мәселен, зерттеулерге К.А. Михальский, М.И. Кузьмицкой, О.П. Смалюги, М.Н. Перова, А.А. Хилько, Р.А. Исенбаева, В.В. Эк., Г.М. Капустина, И. В. Зыкманова және т. б. арифметикалық міндеттерді шешуге оқыту әдістемесін әзірледі, құралдарда оқушылардың практикалық тәжірибесін байытуға бағытталған дайындық жаттығуларының рөлі, салыстыру және салыстыру, дидактикалық ойындар, көрнекілік, тізбелік суреттер, мазмұнын жазу және міндеттерді шешудің әр түрлі нысандары, сондайақ міндеттердің мазмұнын нақтылауға бағытталған заттық-тәжірибелік жаттығулар көрсетілді.
Эксперименталды зерттеуге еншілес және сандық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі, зияты зақымдалған мектеп оқушыларын нөмірлеу және арифметикалық есептеулерге оқыту әдістемесі (Н.И. Непомнящая, О.Ю. Штителене, Н.Д. Богановская, В.Ю. Неаре) ұшырады.
Зерттеулер сан ұғымын табысты қалыптастыру үшін зияты зақымдалған балалар белгілі бір көрнекі-практикалық тәжірибе алуы керек екенін көрсетті, бұл олардың есептеу тәсілдерін меңгеру тек көрнекілікке сүйеніп және әр сӛйлемді бейнелеуге мүмкіндік береді. Демек, үздіксіз және дискретті жиындармен жұмыс істеу кезінде жинақталған тәжірибені белгілік-мінсіз деңгейге кӛтере білуді қалыптастырудың арнайы әдістемесі қажет. Зерттеулерде әр түрлі өлшемдермен өлшеу және олардың арасындағы қатынастарды орнату негізінде сандардың негізгі функционалдық сипаттамаларымен танысу әдістемесі әзірленді.
2. Арнайы мектептің негізгі міндеті – білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі және эмоциядық-ерік аясындағы кемшіліктерді мүмкіндігінше жеңу, оларды кәсіби еңбекке даярлау, заманауи қоғам жағдайына әлеуметтік бейімдеу. Арнайы мектеп оқушыларын математикаға оқытудың міндеттерін анықтау барысында аталмыш міндеттерді негізге алу қажет. Математика – арнайы мектептегі негізгі жалпы білім беретін міндеттердің бірі.
Арнайы мектептегі математикаға оқытудың жалпы білім беретін міндеті – білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушылармен, күнделікті ӛмірде және болашақ мамандығына қажетті, мемлекеттік білім беру стандарты деңгейінде білім, білік және дағдыларды игеруіне жету болып саналады. Осыған сәйкес математиканы оқыту мынадай жалпы мақсаттарға жетуді көздейді:

• аталмыш пәннің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетіне, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондайақ әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық байланысты жалпы адамзаттың мәдени мұраларымен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру;

• оқушының ақыл-ой және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;

• меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жанжақты дайындауды жүзеге асыру.

Осы мақсаттарға сәйкес математиканы оқытудың мынадай жалпы міндеттері айқындалады:

• баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын және ерік пен сезімге қатысты белсендігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;

• математиканы қоршаған болмысты танып білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
• заттық-тәжірибелік, танымдық іс-әрекетін дамыту және қалыптастыру;

• оқу сабақтарына деген қызығушылықты басқа балалармен және ересек адамдармен өзара іс-әрекетте жасай білуге үйрену.

Арнайы мектепте математикаға оқыту кезеңінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылар келесі білім, білік және дағдыларды игеруді қажет:

- натурал сан, нөл , натурал сандар қатарлары мен олардың негізігі қасиеттері туралы, жай және ондық бөлшектер туралы ұғымдарды;

- негізігі шамалар туралы (кесіндінің ұзындығы, заттар массасы, бағасы, денелердің көлемі мен сыйымдылығы, уақыт, фигуралар ауданы), шамаларды өлшеу бірліктері және олардың арасалмақтығы туралы түсініктерді;

- метрлік өлшем жүйесін, уақыт өлшемдерін білу және оларды тәжірибе жүзінде қолдануды;

- қарапайым өлшемдерді жасау дағдыларын, құрал-саймандарды қолдана білу іскерлігін (сызғыш, сағат, таразы, ӛлшем ыдыстары және т.б);

- бүтін (көптаңбалы) және бӛлшек сандармен негізі төрт арифметикалық амалдарды орындай білуді;

- жай (қарапайым) және құрама (бірнеше) амалды арифметикалық есептерді шешу іскерлігі;

-жазықтық және көлемді геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру, олардың қасиеттерін білу және оларды сызба құралдары (сызғыш , циркуль, үшбұрышты сызғыш, транспортир) арқылы салу.


Арнайы мектеп оқушыларын математикаға оқыту барсында қажетті материалды игеру механикалық жаттау және жатттығу сипатында болмауы керектігін ескеру қажет. Оқушылар алынған білімдері саналы түсінулері керек. негізде түсінікті математикалық ұғымдардың қалыптасуына ауысу қажет, оқушыларды жалпылауға үйретіп, оның негізінде практикалық жұмыстарды орындауға жетекшілік ету қажет.Білім алуда ерекше қажеттілігі бар (ақыл-ойы кем) оқушыларды математикаға оқытудың ерекше міндеті – олардың танымдық іс-әрекеті мен тұлғалық қасиеттерінің кемшіліктерін жеңу болып саналады.
Арнайы мектептегі математикаға оқытудың тәжірбиелік бағыттылығы шеберханалардағы еңбек сабағында, мектеп жанындағы участкілерде, өндірістік және ауылшаруашылық мекемелерінде пайда болатын есептерді шешуге теориялық бӛлімдерін, есеп шығару, ӛлшеу іскерліктері мен дағдыларын қолданудан тұрады. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар (ақыл-ойы кем) оқушыларды математикаға оқытудың ерекше міндеті – олардың танымдық іс-әрекеті мен тұлғалық қасиеттерінің кемшіліктерін жеңу болып саналады. Математикаға оқыту оқушыларды ұйымдастырып тәртіпке бейімдейді, тұлғаның келесідей қасиеттерінің қалыптасуын қамтиды: ұқыптылықты, тұрақтылықты, ерік және еңбек етуге деген ықыласын, бастаған ісін аяқтау іскерлігін тәрбиелейді.
3. Қазіргі уақытта зияты зақымдалған оқушыларды оқыту үшін бүкіл оқу пәндері бойынша, да оқыту жоспары мен бағдарламаларының түрлері ұсынылады. Математиканың жүйелі курсы 1-ші сыныптан бастап 9 сыныпқа дейін оқылады. Оқу жоспарының біреулерінде 1 сыныпта оқуға дайын емес немесе диагнозын дәлдеуге және баланы оқуға жіберетін мақсатқа лайық білім беретін мекеменің түрін анықтауға қажет процедевтикалық-диагностикалық 0-ші сынып ескеріледі. 0-ші сыныпта балаларды математикалық материалды қабылдау мен саналы түсінуге дайындайтын, балалардың мектепке дейінгі кезеңдегі даму ақаулақтарын толықтыратын «математика әліппесі» енгізілген. Әр оқу жоспарларындағы математиканы оқуға арналған сағат саны әртүрлі, сондықтанда сәйкесті бағдарламалардағы математикалық материалдың кӛлемі де әртүрлі. Математика бойынша мазмұнды материалды іріктеуде кәсіби еңбекке оқыту түрлері ескеріледі, сонымен қоса түзете оқыту мектеп түлектері оқуын арнайы кәсіби-техникалық білім беретін мекемелерінде немесе оқу-ӛндірістік кешендерде жалғастыратындығын ескеру қажет, түлектердің кӛбісі мектепті аяқтаған соң ӛндірістік және ауылшаруашылық мекемелеріндегі, фермерлік шаруашылықтағы, қызмет ету саласындағы ӛндіргіш еңбекке кіріседі, жеке еңбек іс-әрекетімен айналысады.
Зияты зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзете-оқыту) мектептің математика бойынша және жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының бағдарламаларын салыстырғанда негізгі бӛлімдердің атауларында ғана ұқсастық байқалынады. Түзете оқыту мектебіндегі математикалық материалдың кӛлемінің, мазмұнының және оқу жүйесінің ӛз ерекшелігі бір. Бұл түзете оқыту мектеп оқушыларының білімдерді меңгеру, есіне сақтау және қолдану ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
1.Зияты зақымдалған оқушылар жаңа білімдерді кӛп күш салып және уақыт кетіріп, баяу, кӛптеген қиындықтармен меңгереді, сондықтанда әр сыныптың бағдарламалық материалы бірталай шамалы көлемде беріледі.Мысалы, 1-ші сыныпта оқушалар пропедевтикалық кезеңнен кейін тек 1-ден бастап 5 санын өтеді және 5 көлеміндегі қосу және азайтуға үйренеді; құны, ұзындығы өлшемдерімен танысу 1 сыныптан басталады да 8-9 сыныптарда аяқталады, үлестер мен жай бӛлшектерді оқу 4 сыныптан басталып 8-9 сыныптарды аяқталады.
2.Бағдарламадағы материалдың орналасу ерекшелігі болып алдыға қарай «алдыға жүгіру», түрлі ұғымдардың қалыптасуына оқушыларды жетекшілік ететін дайындық жаттығулардың болуы саналады. Мысалы, айырмаларды салыстыру ұғымдарын оқушылар 4-ші сыныпта ӛтеді, ал қатар тұрған сандарды салыстыруды 1-ші және 2-ші сыныпта ӛтеді.
3.Зияты зақымдалғаноқушылардың, қалыптасатын ұғымдардағы мәңді белгілерді (аталмыш ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы, ұқсастығы немесе қарама-қарсылығы) қиындықпен анықтайтындығын, егер де сырт әлпеті ұқсас болса түсініктерді ұқсастыратындығын ескере отырып, бағдарлама мұғалімді оқыту кезеңінде теңеу, салыстыру және қарсы койып салыстыру тәсілдеріне сүйенуді кӛздейді. Мысалы, айырма қосумен салыстыруда қарастырылады (қарама-қарсы амалдар).
Бүгінгі күні арнайы мектептерде «математика» пәні бойынша Елисеева И.Г. құрастырылған типтік оқу бағдарламасы оқу үдерісіне енгізілуде. Аталмыш бағдарлама түсініктемесінде оқу пәнінің басты міндеттері, басқа пәндермен байланысы, Арнайы мектептердегі математика курсының басты бӛлімдері көрсетіліп оларға қысқаша сипаттама берілген. Математикалық түсініктерде иерархиялық байланыстар өте күрделі болғандықтан, бағдарламаның құрылысына шоғырлану қағидасы негіз болған. Бұл қағида оқушылардың түсінігі мен дағдылардың қалыптасуы үшін, бұрын оқығандарын үздіксіз қайталау мен бекітуге, мектептегі математикалық курсында маңызды орын алатын пән ішіндегі логикалық байланыстарды іс жүзінде қолдануға жағдай туғызады. Аталмыш бағдарламада оқу материалы оқу жылдары бойынша емес, дидактикалық модульдер бойынша бөлінген. Әрбір модульдің математикалық материалдарын оқыту уақыты шектелмеген.
Мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру қарқының оны мүмкіншілігіне сүйене отырып анықтайды. Әрбір мұғалімнің аталмыш бағдарламаның негізінде құрайтын тақырыптық жоспарында сынып оқушыларының және жеке балалардың мүмкіншіліктері міндетті түрде есепке алынады. Әрбір оқушының оқытуда барлық мақсаттың жүзеге асырылуы және бағдарлама материалы бүтіндей меңгерілуі міндетті еместігі туралы айтылған. Бірақ, сонымен қатар, әрбір оқушыны мүмкіндігіне қарай, мүмкіндігінше нәтижелі оқытудың жоғары деңгейіне жеткізуге ұмтылу қажеттігі көрсетілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет