Белсенді туризмнің әдісі мен тәсілдері Уикипедия ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



бет2/3
Дата04.01.2022
өлшемі137,47 Kb.
#109157
1   2   3
Байланысты:
Белсенді туризмнің әдісі мен тәсілдері

Туризм техникасы дегеніміз – туристік маршрутта кездесетін кедергілерден өту әдістерінің жиынтығы және осыларға сәйкес құрал-жабдықтарды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолдана білу.

  • Әртүрлі табиғи кедергілерді өту кезіндегі туристер білу қажет:

1. Сол бара жатқан маршруттың ерекшелігін білу.

2. Кедергілерді өту кезіндегі әдістерді жатқа білу.

3. Сол маршруттағы қажет болатын жабдықтарды толықтыру.

Туризм тактикасы



Арнайы маршрут бойынша жүру



Кедергілерді өту



Асуды өту



Туризм тактикасы дегеніміз – қойылған мақсатқа адам күшін, қаржысын, жабдықтарын, уақытын, мүмкіндігінше аз мөлшерде жұмсап және қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп, шаралар мен әрекеттер жиынтығын қолдану. Сонымен қатар, тактика – маршрут жолымен өту үшін қажетті құралдармен әрекеттер жиынтығы.

  • Тактика 2 кезеңнен тұрады:

1-кезең. Жорық алдындағы тактикалық іс-әрекеттер:

- Маршрутты таңдау;

- Жорыққа қажетті жоспарлы кестені құру;

- Жорыққа қажетті құрал-жабдықтар мен азық-түлікпен қамтамасыз ету;

- Жорыққа бара жатқан топтың деңгейін білу.

2-кезең. Жорық барысындағы тактикалық әрекеттер:

- Жорықтың жалпы жүріп өту жоспарын, кестесін құру;

- Рельефке қатысты жүру жолдарын таңдау;

- Маршруттағы кездесетін кедергілердің техникалық жолдары.



Тактика қателерінің нәтижесінде жарақаттану, мақсатқа жетпеуі, қаржыны, адамдар күшін, құрал-жабдықтарды артық жұмсау сияқты теріс салдарлар болуы мүмкін.

Тактикалық мәселелерді шешудің, оларды қиындататын әр түрлі факторлар болады:

1) Ауа райының шұғыл өзгеруі;

2) Табиғи апаттар;

3) Жарақаттар мен сырқаттар;

4) Топтың нашар хал-күйі және т.б.



  • Белсенді саяхаттың классификациясы

Белсенді туризмдегі классификацияланған туристік саяхат - белгілі бір қиындық категориясына сәйкес келетін бағыт. Туристік маршрут - белгіленген қызмет көрсету бағдарламасы бар белгілі бір уақытқа арналған алдын –ала жоспарланған жылжу трассасы.

  • Асулардан өту ерекшеліктері

1. Жолдың қиын бөліктерінің сипаттамасы

2. Асулардан өтуге қажетті техникалық,тактикалық және демалуға қажетті орындарды айқындау.

3. Маршруттық сандық сипаттамалары. Сақтандыру нүктелерінің саны.

4. Жорыққа қажетті арнайы жабдықтары



  • Қиындық категорияларды анықтауда 3 классификациялық сипаттама:

1. Маршруттың техникалық қиындығы.

2. Жорықтың ұзақтылығы ( уақытпен )

3. Ара – қашықтық (км)

- 5-ші категория үшін ара- қашықтық 10-20 күн.

- 4- ші категорияға 7-8 күн беріледі.

- 3-ші категорияға 4-5 күн.

- 2-ші категорияға 2-3 күн.

- 1-ші категорияға 1 күн.

Белсенді туризмнің тактикалық зерттемесі

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету



Маршрут жібі бойынша қозғалу





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет