Аннотация
Берілген курстық жұмыста өндірістік қуаттылығы жылына 50 000 м3 азаматтық құрылыс үшін темірбетон бұйымдарын өндіретін шағын-зауыттың жобасы берілген. Шығарылатын бұйымдар, көп қуысты қабатаралық плита және баспалдақ. Курстық жұмыста негізі технико-экономикалық көрсеткіштері берілген. Курстық жұмыс А4 көлемдегі форматта – ...... беттен тұрады, ...... кестеден құралған.
Нормалық сілтемелер
Берілген курстық жұмыста келесі нормативтік нұсқаулар бойынша жасалған:
ГОСТ 7484-89 СНиП
ГОСТ 2884-90 ОНТП 09-85
ГОСТ 8267 – 82 Щебень.
МЕМСТ 10260 – 82 Шағалдан алынған қиыршық тас
ГОСТ 102 – 68 – 80 Крупные заполнители
ГОСТ 8736 – 85 Песок
ҚНжЕ 3.09.01 – 85 Құрама темірбетон конструкцияны және бұйымдарды өндіру
ГОСТ 7473 – 76 Бетонная смесь
МЕМСТ 27006 – 86 Бетон құрамын таңдау ережесі
Анықтамалар
Бетон дегеніміз – тиімді мөлшерде өлшеніп алынған тас, құм, тұтқыр зат және суды мұқият араластыру нәтижесінде алынған бетон араласпасының физика – химиялық процестердің арқасында қатуынан пайда болған жасанды тас материалды айтады.
Темірбетон – бетон мен болат арматура біріктірілген құрылыс материалы, арматура конструкцияның созылып жатқан аймағында орналасқан әрі созылмалы кернеуді қабылдайды, қысым кернеуі бетонға беріледі.
Арматура – дегеніміз болат стержендерді және әртүрлі сымдарды, арқандарды (прядтерді), торларды, каркастарды (жалпақ және көлемдік), темірбетондағы конструктивті элементтерінің құрамындағы бөлшектер.
Жұмысшы арматура – ең басты элемент; темірбетон конструкциядағы сыртқы жүк әсерлерден және ішкі кернеулерден пайда болған созу немесе қысу жүгін қабылдаушы арматура.
Бөліп тұратын арматура – қосалқы элемент, жұмысшы болат арматуралардың арасындағы жүктеррді біркелкі орналастырады.
Конструктивті арматура – қалыптау, тасымалдау, монтаждау кезінде конструкцияға енгізілетін және оның бүтіндігін сақтайтын арматура.
Монтажды арматура – қалын бетон конструкциялардағы жұмысшы стержендердің бекітуін қамсыздандырады.
Беріктік – материалдың сыртқы күштердің әсерінен күйрету немесе қарсыласу қасиеті.
Нағыз тығыздық – абсалюттік тығыз жағдайдағы бірлік көлемінің салмағы.
Орташа тығыздық – табиғи жағдайдағы бірлік көлемінің салмағы.
Кеуектілік – материалдың көлемінде бос қуыстардың мөлшерін көрсететін өлшем.
Су сіңіргіштік – материалдың өз бойына су сіңіру, ұстау қасиеті.
Суға төзімділік – материалдың өз қасиеттерін суда сақтау.
Қаттылық – материалдың өз бойына өзінен қатты заттың енуіне қарсыласуы.
Ұзақ мерзімге – пайдалану кезінде өзін конструкцияның беріктігін деформациялық т.б. қасиетін сақтау мүмкіндігінің көрсеткіші.
Достарыңызбен бөлісу: |