Беруін талдау Оқу құралы Қостанай



бет13/24
Дата28.02.2018
өлшемі3,66 Mb.
#38329
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Ағымдағы активтердің (баланс активінің II бөлімі) орташа шамасы формула бойынша анықталады:

=

Мұнда: - ағымдағы активтердің орташа шамасы;

Он, Ок- сәйкес жыл басындағы және аяғындағы активтер шамасы. Активтердің орташа шамасының толығырақ есебі активтер жағдайы туралы ай сайынғы мәліметтерді пайдаланған кезде алынатын болады.

Ағымдағы активтердің (айналым капиталыньщ) айналымдылық коэффициенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық айналым қара­жатының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы актив тердің айналымдылығының үдеуі олардың қажеттілігін кемітеді де, кәсіпорындарға халық шаруашылығының мұқтажы үшін (абсолюттік босату) немесе қосымша өнім өндіруге (салыстырмалы босату) айналым қаражатының бір белігін босатуға мүмкіндік береді.

Айналымның жылдамдауы нөтижесінде айналым қаражатының заттық элементтері босайды, шикізат, материалдар, отын қорлары мен аяқталмаған өндірісті істеу аз қажет болады, демек, бұрын осы қорлармен іске салынған ақша ресурстары босап шығады. Босаған ақша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, қаржылық жағдайы жақсарады.

Ағымдағы активтердің айналым жылдамдығы бұл -өзі өндірістік-шаруашылық қызметтің ұйымдастыру-техникалық деңгейінің кешенді көрсеткіші. Айналым санының артуынаайналу уақыты мен өндіріс уақытының қысқаруы есебінен қол жеткізуге болады. Өндіріс уақыты технологиялық процесс пен пайдаланылған техниканың сипатымен байланысты. Оны қысқарту үшін технологияны жетілдіріп, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру қажет.

Айналым уақытын қысқартуға мамандану мен бірлесудің дамуы, тікелей шаруашылық аралық байланыстырудың жақсаруы, жүк тасу, өзара есеп айырысу мен қүжат айналымын тездетумен қол жеткізуге болады.

Әрбір кәсіпорын үшін айналымдылық коэффициенті өзіндік сипатта болады, егер ол анықталған болса, онда оның мағынасын қолайлы деңгейде ұстап түру керек. Оны табу оп-оңай, егер кәсіпорын коэффициенттің осы мағынасында үнемі заемдық капиталды пайдалануға тырысатын болса, онда шығындарды жабу мен қызмет ауқымын кеңейту үшін айналым капиталының айналымдылығының бұл жылдамдығы ақша қаражатын жеткіліксіз мөлшерде туындатып отырғанын көрсетеді. Ал керісшше, егер кәсіпорын тұрақты сату көлемінде немесе оның артуы барысында жеткілікті табыс тапса, онда айналым апиталының айналым жылдамдығы тиімді болғандығы.

Ағымдағы активтердің айналымдылық жылдамдыгы, жоғарыда келтірілген формула бойынша есептелген оның айналым санымен ғана емес және айналымның ұзақтығымен, айналым қаражатының беку коэффициен-тімен де сипатталады (немесе айналымдылықтың айна­лым коэффициентімен).



Ағымдағы активтердің бір айналымының ұзақтығы мына формуламен анықгалады:

ДО==360/ =
Мұнда: Д°- бір айналымның күнмен есеителген ұзактығы;

К°А -ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті немесе ағымдағы активтердің айналым саны.

Көрсеткіштің бір жылдық мәнін есептегенде кезеңнің ұзақтығы 360 күн, бір тоқсанға - 90 күн, бір айға - 30 күн құрайды.

Сонымен, ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның барлық мобильдік қаражатының айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның өсуі материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициентінің артуымен уйлессе ол жағымды, ал егер соңғысы азайса, онда жағымсыз.



5. Материалдық айналым каражатының айналымдылық коэффициенті

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет