Беруін талдау Оқу құралы Қостанай


Қатыстырылған капиталды талдау



бет7/24
Дата28.02.2018
өлшемі3,66 Mb.
#38329
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

5.3 Қатыстырылған капиталды талдау
Талдау жүргізу үшін қарыз қаражаттарының әрбір аптарынын есеп беретін көрсеткіштерін топтық қорытындылармен сәйкестендіру қажет, олардың базистік көрсеткіштерден ауытқуларын анықтап, қатысты елшемдердің өзерістерш көрсету керек. Біздің әсіпорын есепті жылы ұзақ мерзімді ғана емес, қысқа мерзімді несиелерді де қатыстырмаған (тартпаған). Басқа сезбен айтқанда, қатыстырылған (қарыз) капитал кредиторлық борыштан тұрады.

Дебиторлық және кредиторлық борыштың қатынасы негізінен 2:1 болуы керек деп ұсынылған. Егер кредиторлық борыш дебиторлық борышпен қамтамасыз етілмеген болса, онда бұндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады, себебі ол өзіндік қаражаттың әлдебір өтімді бөлігінің ақшаға айналуын бәсеңдетуі мүмкін. Егер кәсіпорынның коммерциялық несиесі дамыған болса, онда дебиторлық борышы қатты өсіп кетуі мүмкін.

Кредиторлық борыштың дебиторлық борышпен өте төмен дәрежеде қамтамасыз етілуі, дебиторлармен де кредиторлармен де арақатынасы тиімсіз болуы да олардың өзара қарыздарын төлемеуінен болады. Кредиторлық борыштың өсіп кетуі қаржылық жағдайды нашарлатпайды, себебі кәсіпорын бұл борышты зерттеліп жатқан уақытта қатыстырылған қаражат көздері ретінде пайдаланып жатыр деп айтуға болар еді. Бірақ тауар, жұмыс және қызметтер үшін ғана емес, бюджет пен еңбекақы бойынша есеп айырысуда да үлкен кредиторлық борыштың болуы кәсіпорынның жұмысы мен жалпы оның қаржылық жағдайын тиімсіз жағынан сипаттайды.

Талдаушының келесі маңызды жұмысы - кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның қаржылық тұрақтылығы дәрежесі бойынша топтауға мүмкіндік беретін абсолютті көрсеткіштерін зерттеу.

Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.

Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерін сипаттайтын үш негізгі көрсеткіш анықталады:

1. Меншікті айналым капиталының бар болуы ак). Бұл көрсеткіш меншікті капитал мен (баланс пассивінің I бөлімі) ұзақ мерзімді активтердің (баланс активініңI бөлімі) арасындағы айырма ретінде анықталады. Ол меншікті айналым қаражаттарын сипаттайды. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда оның көбеюі кәсіпорынның қызметінің болашақтағы дамуын көрсетеді. Құрылысына қарай меншікті айналым капиталының бар болуын былай жазуға болады:
МАК = М= І6П-І6А.
Мұндағы: Іб П - баланс пассивінің I бөлімі;

Мк - меншікті капитал;

І6А - баланс активінің I бөлімі;

Ұа - ұзақ мерзімді актив.

Мак көрсеткіші бірқатар маңызды талдау коэффициенттерін есептеп табу үшін пайдаланылады: кәсіпорынның ағымдағы активтерін жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні 0,1-ден төмен болмау керек), тауарлы-материалдық қорларды жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні - 0,6-дан төмен емес) және тағы басқалары.

2. Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздың қалыптасу көздерінің бар болуы (МАК/Ұз).

Бұл көрсеткіш алдындағы көрсеткішті, яғни меншікті айналым капиталының ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасына қосу жолымен мына формуламен анықталады:


МАК/Ұз= Макм= Мак+IIбП.
Мұндағы: Ұм - ұзақ мерзімді міндеттемелер;

Мак - меншікті айналым капиталы;

IIбП - баланс пассивінің II бөлімі.

3. Тауарлы-материалдық қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті кысқа мерзімді несиелер мен қарыздар сомасына қосу жолымен, мына формула арқылы анықталады:
НК = МАК/Ұз+ ҚНҚ.
Мұндағы: НК - негізгі көздер;

Қнк - қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар.

Тауарлы-материалдық қордың бар болуының үш көрсеткішіне тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың олардың қалыптасу, көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткіші сәйкес келеді.


  1. Меншікті айналым капиталының (Мак) артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (—):

± Мак= Мак - ҚШ.
Мұндағы: ҚШ - тауарлы-материалдық қорлар мен шығындар.
2. Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (Мак/ұз):

± Мак/ұз = Мак/ұз - ҚШ.
3. Қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің (НК) жалпы мөлшерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-):
± НК = НК - ҚШ.
Тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылык жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге мүмкіндік береді:

  1. қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы;

  2. қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;

  3. тұрақсыз қаржылық жағдайы;

  4. дағдарысты (қауіпті) қаржылық жағдайы.

Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталатын уақытта қалыптасады.
ҚШ < Мак немесе Мак > ҚШ.
Бұл теңсіздік тауарлы-материалдық қорлар меншіки айналым капиталымен жабылатынын көрсетеді, яғни кәсіпорын сыртқы кредиторлардан тәуелсіз болады. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Оның үстіне, бұл жағдай ең дұрыс деп қарастырылмауы мүмкін, себебі әкімшілік негізгі қьізмет үшін қаражаттың сыртқы көздерін пайдалана алмайды, пайдаланғысы келмейді немесе пайдалануға мүмкіндігі жоқ.

Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталады.


Мак/ұз<ҚШ<НК.
Бұл келтірілген қатынас тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорын тауарлы-материалдық қорларды жабу үшін әр түрлі "қалыпты" - меншікті және қатыстырылған қаражат көздерін пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес келеді.

Тұрақсыз қаржылық және қалыптасқан жағдай келесі теңсіздікпен сипатталады:


ҚШ > НК немесе НК < ҚШ.
Бұл қатынас кәсіпорын өзінің тауарлы-материалдық қорларының бір бөлігін жабу үшін «қалыпты емес»болып, яғни негізделмеген болып саналатын қосымша жабу көздерін тартуға баруына тура келетін жағдайға сәйкес келеді.

Ішкі талдау кезінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына төлеу қабілетсіздігі балансын құру негізінде, тереңдетілген зерттеу жүргізіледі. Оған келесі өзара байланысқан көрсеткіштер топтары кіреді:

1. Төлемеушіліктің жалпы мөлшері:


  • банктің қарызы бойынша уақыты өтіп кеткен борыштар;

  • жабдықтаушылардың есеп айырысу құжаттары бойынша уақыты өтіп кеткен борыш;

  • бюджетке салықты толық төлемеу;

  • басқа да төлемеу, соның ішінде еңбекақы бойынша да;

2. Төлемеушіліктің себептері:

  • меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігі;

  • тауарлы-материалдық құндылықтардың жоспардан тыс қорлары;

  • сатып алушылар уақытында төлемеген, тиеліп жіберілген тауарлар;

  • акцептен бас тарту себепті сатып алушылардьш жауапты сақтауындағы тауарлар;

  • айналым қаражатын күрделі құрылысқа, жұмысшылардың алған қарыздары бойынша борыштарына жұмылдыру, сонымен бірге бөлінгеін қаржыландыру көздерінің каражаттарымен жабылмаған шығындар.

3. Қаржылық шиеленісті азайту көздері.

  • уақытша бос меншікті қаражаттар;

  • қатыстырылған қаражаттар (қалыпты кредиторлық борыштың дебиторлық борыштан асып кетуі);

  • айналым қаражатын уақытша толтыруға алынған банк несиелері және тағы басқа қарыз қаражаттары.

Қаржылық шиеленісті азайтатын төлемеушілік пен қаржы көздерінің жалпы мөлшерін толық есептегенде, 2-топ бойынша қорытынды 1 және 3-топтар бойынша қорытындылардың сомасына тең болуы керек. Қаржылық жағдайды төлем тәртіптерін және несиелік қатынастарды талдау үшін берілген көрсеткіштерді динамикада қарастыру ұсынылады (мысалы, тоқсан бойынша).

Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерімен қатар қаржылық жағдай үшін барлық айналым капиталының, әсіресе тауарлы-материалдық қорларға қатысты (айналымга қарсы) азаюымен көрінетін материалды айналым қаражатының айналымдылыгы маңызды орын алады.

Тауарлы-материалдық қорлардың жағдайын тереңдетіп талдау қаржылық жағдайды ішкі талдаудың құрамдас белігі болып табылады, себебі қаржылық есеп беруде жоқ және коммерциялық құпияға жататын тауарлы-материалдық қорлар жөнінде ақпаратты қолдануды көздейді.

Қорытындылай келе айта кету керек, арнайы әдебиеттерде кәсіпорындарда калыптасқан қаржылық кағдайға бұдан да басқаша жіктеу берілген. Оларды келесі атаулармен 4 топқа бөледі:



  • қаржылық жағдайы жақсы кәсіпорындар;

  • қаржылық жағдайы орташа кәсіпорындар;

  • қаржылық жағдайы нашар кәсіпорындар;

  • банкрот кәсіпорын.

Бұл кезде өндірістік кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаражаттарды жұмсаудың келесі негізгі бағыттары бойынша қарастырылады:

  1. қалыпты (біркелкі) өндірістік-шаруашылық және ұдайы өндіру қызметін қамтамасыз ету;

  2. ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар бойынша уақытылы есеп айырысулар;

  3. кәсіпорынның дамуы бойынша көлемді жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі (нарықтың аңа секторларын игеру, өндіріс көлемін кеңейту, өнім мен технологияның жаңа түрлерін игеру және т.б.).

Қаражатты жұмсаудың осы бағыттарын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мүмкіндігін негізге ала отырып, осы көзқарастың авторлары кәсіиорынның қаржылық жағдайын бағалау және оны қайсыбір топқа жатқызудың өз әдістемесін ұсынады.

Кәсіпорынның қарамағындағы қаржы ресурстары осы үш функцияны да орындауға мүмкіндік берсе, онда оның жағдайын жақсы деп бағалау керек. Егер алдыңғы екі функциялар орындалып, ал үшіншісін орындауға қаражат жетпесе, онда оның жағдайы орташа болады. Ал егер қаражат алдыңғы екі функцияны да орындауға жетпесе, онда кәсіпорынның қаржылык жағдайы банкрот болуға (құлдырауга) жақын.


Бақылау сұрақтары:

1. Меншік капиталдың салыстырмалы көрсеткіштері.

2. Қатыстырлған капиталдың салыстырмалы көрсеткіштері.

3. Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерін сипаттайтын үш негізгі көрсеткіш

4. Кәсіпорынның қаржылык жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша төрт типі.

5. Ішкі талдау кезінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына төлеу қабілетсіздігі балансын құру негізіндегі көрсеткіштер топтары.


Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары:

1 Жеке капиталдың нақты көлемін ғана емес, сонымен қатар капиталдың жалпы сомасында оның несін анықтау қажет:

А) Бағасын

В) Құнын


С) Үлес салмағын
D) Қызметін
Е) Құрылымын
2 Жеке капиталды барлық авансталған капиталдың сомасына қатынасына тең:

А) Қаржылық коэффициенті

В) Тәуелсіздік қоэффициенті

С) Қаржыландыру коэффициенті

D) Маневрлік коэффициенті
Е) Инвестициялау коэффициенті
3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын келесі көрсеткіш

А) Қаржыландыру қоэффициенті

В) Тәуелсіздік коэффициенті

С) Инвестициялау коэффициенті

D) Маневрлік коэффициенті
Е) Қаржылық коэффициенті
4 Кәсіпорынның тәуелсіздік дәрежесін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі:

А) Қаржылық коэффициенті

В) Тәуелсіздік коэффициенті

С) Қаржылық тұрақтылық қоэффициенті

D) Маневрлік коэффициенті
Е) Инвестициялау коэффициенті
5 Жалпы капиталды жеке және ұзақ мерзімді заемдік қаражаттардың үлесін сипаттайды:

А) Қаржылық коэффициенті

В) Тәуелсіздік коэффициенті

С) Қаржылық тұрақтылық қоэффициенті

D) Маневрлік коэффициенті
Е) Инвестициялау коэффициенті
6 Қаржылық тұрақтылық коэффициентінің формуласы:

А) Кф.у = (Ск+До)/Ақ


В) Кф.у = (Ск+До)
С) Кф = (Ск+До)+Ак
D) Ку = (Ск+До)/Ак
Е) Км = Со.к/Ск
7 Қаржыландыру коэффициентінің формуласы:

А) Кф.у = (Ск+До)/Ак


В) Кф = Ск:Пқ
С) Кф. = (Ск+До)+Ак
D) Ку = (Ск+До)/Ак
Е) Км = Со.к/Ск
8 Тәуелсіздік коэффициентінің формуласы:

А) Кф.у = (Ск+До)/Ак


В) Кф = Ск:Пк
С) Кф. = (Ск+До)+Ак
D) Кн = Ск : Ақ
Е) Км = Со.к/Ск
9 Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жеке капитал және ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасына қатынасымен анықталады:

А) Кф.у = (Ск+До)/Ак


В) Кф = Ск:Пк
С) Кд/о=До/(Сқ+До)
D) Кн = Ск : Ак
Е) Км = Со.к/Ск
10 Ұзақ мерзімді міндеттемеледің жеке капитал және ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасына қатынасымен анықталады:

А) Қаржылық коэффициенті;

В) Тәуелсіздік коэффициенті

С) Заемдік қаражаттарды ұзақ мерзімді тартудың қоэффициент

D) Моневрлік коэффициенті
Е) Инвестициялау коэффициенті
11 Заемдык қаражаттарды ұзақ мерзімді тартудың қоэффициенті:

А) Кф.у = (Ск+До)/Ак


В) Кф = Ск:Пк
С) Кд/о=До/(Сқ+До)
D) Кн = Ск : Ак
Е) Км = Со.к/Ск
12 Капитал құрылымын қалыптастырудың рационалдығын анықтау:

А) Инвестициялау қоэффициенті

В) Қаржыландыру коэффициенті

С) Тәуелсіздік коэффициенті

D) Инвестициялау қоэффициенті

Е) Моневрлік коэффициенті


13 Жеке капитал барлық негізгі капиталды және айналым капиталының бөлігін жабатын нұсқа:

А) Пассивті қалыптастырудың идеалды нұсқасы

В) Активтерді қалыптастырудың идеалды нұскасы

С) Айналымды емес актив нұсқасы

D) Қаржыландыру нұсқасы

Е) Материалдық емес нұсқасы


14 Талдау кезінде жеке айналым капиталының абсолютті көлемін анықтау көржеткіші:

А) Инвестициялау коэффициенті

В) Қаржыландыру коэффициенті

С) Тәуелсіздік коэффициенті

D) Моневрлік қоэффициенті
Е) Инвестициялау коэффициенті
15 Маневрлік коэффициенті кәсіпорын жеке қаражаттарының қай бөлігі мобильді түрде орналасқанын көрсетеді:

А) Кф.у = (Ск+До)/Ак


В) Кф = Ск:Пк
С) Кд/о=До/(Ск+До)
D) Кн = Ск : Ак
Е) Км = Со.к/Сқ
16 Жеке айналым қаражаттарының шамасын анықтау үшін:

А) Жеке капиталға ұзақ мерзімді активтер сомасын қосу керек


В) Жеке капитал сомасынан баланстың ұзақ мерзімді активтер сомасынан азайту қерек
С) Кысқа мерзімді активтерге капиталды қосу керек
D) Қысқа мерзімді активтерден капиталды азайту керек
Е) Ұзақ мерзімді активтерден капиталды азайту керек
17 Тәуелсіздік коэффициентінің альтернативті атауы ?

А) меншікті

В) тұрақты

С) тәуелді

D) аванстық

Е) автономдық


18 Қаржылық талдау кітаптарында меншікті капиталдың оның жалпы сомасына қатынасының ең аз мәні ?

А) 0,6


В) 0,5

С) 0,1


D) 0,2

Е) 0,3
19 Жалпы капиталды басқаша қалай атайды ?

А) қатыстырылған

В) авансталған

С) автономдық

D) А,С, жауаптары дұрыс

Е) дұрыс жауабы жоқ
20 Баланс пассивінің 2 бөлімі қашан шықты ?

А) 1998


В) 1996

С) 1997


D) 1999

Е) 2000
21 Бөлінбеген табыс-бұл ?

А) жабылмаған зиян

В) жабылған зиян

С) келіп түсу

D) күмәнді қарыз

Е) дұрыс жауабы жоқ
22 Дебиторлық және кредиторлық борыштың қатынасы ?

А) 3:1


В) 1:1

С) 1:2


D) 2:2

Е) 2:15
23 Егер кредиторлық борыш дебиторлық қамтамасыз етілмеген болса, бұл қандай жағдай ?

А) жағымды

В) пайдалы

С) жағымсыз

D) жақсы


Е) дұрыс жауабы жоқ
24 Кәсіпорындарда қалыптасқан қаржылық жағдай бойынша оны неше топқа бөлуге болады ?

А) 2


В) 3

С) 4


D) 5

Е) 6


Тапсырмалар:

1. Баланс мәліметтері бойынша пассивтердің құрамы мен құрылымына талдау жасаңыз (Кесте 5.1).


Кесте 5.1

Кәсіпорын активтерінің құрамы мен құрылымын талдау






Пассив

Кезең басында

Кезең соңында

Кезең аралығындағы
өзгеріс (+,-)

Құрылымдағы

өзгеруі
(4гр.-2гр.)



сомасы,

мың тг.


үлес

салма-ғы,%



сомасы,

мың тг.


үлес

салма-ғы,%



мың тг.

(Згр.-
1гр.)



%,

(5гр.:1гр.-100)



А

Б

1

2

3

4

5

6

7




I бөлім Меншікті капитал






















1

Жарғылық капитал





















Кесте 5.1 жалғасы



А

Б

1

2

3

4

5

6

7

2

.....
























I бөлімнің барлығы

























II бөлім Ұзақ мерзімді міндіттемелер






















1

Ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар






















2

.....

























II бөлімнің барлығы

























III бөлім Қысқа мерзімді міндіттемелер






















1

Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар






















2

.....

























III бөлімнің барлығы

























Баланс





















2. Баланс мәліметтері бойынша пассивтің негізгі салыстырмалы көрсеткіштерін талдап факторлық талдау әдісімен өзгерудің негізгі себептерін анықтағыз (Кесте 5.2).


Кесте 5.2

Пассивтің негізгі салыстырмалы көрсеткіштерін талдау








Көрсеткіштер



Жыл басында

Жыл соңында

Жыл бойындағы
өзгеріс

Құрылы-
мының
езгеруі,
пункт
(4гр-2гр)



сомасы,

мың тг


үлес
салмағы,

%


сомасы,

мың тг


үлес
салмағы,%


мың тг

(Згр-
1гр)



%

(5гр/1гр
*100)



1

Авансталған капитал,
соның ішінде:
1.1 Меншіктік капитал
1.2 Қарыздық капитал,
оның ішінде
ұзақ мерзімді міндеттемелер






















2

Тәуелсіздік коэффициент
(1.1 жол / 1 жол)






















3

Қаржыландыру коэффициент

(1 жол / 1.2 жол)
























4

Қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасы коэффициенті (1.2жол/1. жол)






















5

Инвестициялау

коэффиценті























3. Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорын тұрақтылығының көрсеткіштерін талдаңыз (Кесте 5.3)


Кесте 5.3

Кәсіпорын тұрақтылығының көрсеткіштерін талдау






Керсеткіштер

Символ-дары

Кезең
басын-да

Кезең
соңын-да

Кезеңдегі
өзгерістер

(+; -)


1.

Меншікті капитал

МК










2.

Ұзақ мерзімді активтер

Ұа










3.

Меншікті айналым капиталының бар болуы (1жол-2жол)

Мак










4

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

ҰМ










5.

Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің бар болуы (Зжол+4жол)

Мак/ұ










6.

Қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар

Қнк










7.

Тауарлы-материалдық қорлардың қалыпты (негізгі)
қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері (5жол+6жол)

НК










8.

Тауарлы-материалдық қорлар

ТМҚ










9.

Өзіндік айналым капиталының артықтығы (+)
немесе жетіспеушілігі (-) (Зжол-8жол)

Өак










10.

Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздернің артықтығы (+)
немесе жетіспеушілігі (-) (5жол-8жол)

Мак/ұ










11.

Тауарлы-материалдық корлардың қалыпты (негізгі)
қалыптасу көздерінің жалпы мелшерінің артықтығы
(+) немесе жетіспеушілігі (7жол-8жол)

НК












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет