2-тарау. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері 4. Бағдарламаның мақсаты студенттердің философияны дүниені танып-білудің ерекше
формасы ретінде түсінуін қалыптастырып, олардың келешек кәсіби қызметтері аясында
оның негізгі тараулары, мәселелері мен әдістері туралы тұтас білім беру.
5. Бағдарламаның міндеттері:
1) Білім алушылардың қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық
міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясында білім алушылардың
философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін игеруі;
2) студенттердің бойында философиялық рефлексияны, өзін-өзі сараптау және
адамгершіліктік өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру;
3) ғылыми зерттеу қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық және шығармашылық әлеует
қалыптастыру.
6. Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие
болады:
1) философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұнын
сипаттау;
2) нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру;
3) дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық зерделеу мен
зерттеудің нәтижесі ретінде негіздеу;
4) дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктеу;
5) мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен мазмұнына
түсініктеме жасау;
6) негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі жеке
және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу;
7) медиамәтіндер, әлеуметтік-мәдени және жекетұлғалық жағдайлардың философиялық
қырларына этикалық шешімдерді қабылдау және негіздеу үшін талдау жасау;
8) қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами ұстанымын
қалыптастыру және сауатты дәйектеу;
9) кәсіби саладағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтау үшін өзекті болып
саналатын зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін талқылауға ұсыну.