Бет жақсүйек аймағының жедел одонтогенді қабыну аурулары.
Этиологиясы.
Патогенезі.
Жіктелуі.
Жедел периодонтит. Клиника. Салыстырмалы диагностика.
Созылмалы периодонтит. Клиника. Салыстырмалы диагностика.
Бет жақсүйек аймағының жедел одонтогенді қабыну ауруларын.
Бет-жақ аймағының қабыну аурулары өзінің пайда болу табиғатына қарай инфекциялы-қабынулы процесс, сонымен микробтармен шақырылады, олардың әдетте қарапайым жағдайда ауыз қуысының кілегей қабатында және тері қабатында вегетирленеді. Тері қабатының және кілегей қабатының бүтіндігі бұзылғанда, шеткері пародонт зақымдалғанда, сонымен қоса тістің қатты қабаты зақымдалып оның қуысы ашылса микробтар қасындағы тіндерге кіреді. Олардың кейіннен жағдайы әртүрлі болуы мүмкін. Кейде олар енген жерлерінде қорғаныс факторларынан жойылады, ал басқа жағдайларда – лимфа ағысымен лимфа түйіндеріне жетеді, ол жерде олардың бекітілуі және жойылуы жүреді. Егер лимфа тамырлар бекітіп және жоя алмаса, олар қан ағысына еніп және ағынмен мүшелерге еніп кетуі мүмкін. Бірақ көбінесе басқа нәтиже болады. Тінге енген микробатр, жаңа тіршілік ету жағдайына қалыптасады, көбейе бастайды. Олардың бір қатары белок табиғат заттарын өңдейді – экзотоксиндер, олардың антиген қабілеті бар және сол бір тіндерді зақымдай алады.