Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
нарықпен тығыз байланыстар орнатуына, кооперациялар ұйымдастыру
қажеттілігіне ерекше орын бөлінетін.
1912 - 1918 жылдар аралығында жарық көрген «Қазақ» газеті либерал-
демократиялық бағыттағы идеяларды бейнеледі. Бұл газетте Ә. Бөкейханов,
А. Байтұрсынов, М. Дулатов қызметтес болған. Басты аграрлық мәселеде
олар жерге мемлекеттік меншікті (Ресей империясының) жою, оны қазақтар
меншігіне беру, жерді сатуға тыйым салу талаптарын қойды. «Қазақ»
газетінде экономикалық кеңістікте мал шаруашылығының рөлі туралы, мал
шаруашылығын қарқындату туралы, кооперативтік қозғалыс туралы
мақалалар жазылды.
Жалпы, өлкенің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси
өмірінің дамуы туралы көзқарастарының әр түрлімгіне қарамастан, «Айқап»
журналы мен «Қазақ» газеті өз беттерінде қазақ халқының жалпы ұлттық
идеялары мен мүдделерін көрсете білді.
Революциялық өрлеу жағдайында Қазақстандағы социал-демократиялық
ұйымдар мен топтар халық арасында саяси үгіт-насихатты белсендендірді.
Азаттық қозғалыстың түрлі формаларының дамуына Бірінші дүниежүзілік
соғыс кедергі келтірді.
Ресейдің бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы, халықтың жұтауы мен
саяси тұрақсыздықты туындатқан соғыс заманының қиыншылықтары Ресейді
1917 жылдың ақпан айында революциялық жарылысқа әкелді.
Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы Қазақстанда үлкен
шаттықпен қарсы алынды. Бүкіл Қазақстанда митинг, жиын, жиналыстар
толқыны өтті. Патшаның биліктен бас тартуын және Ақпан буржуазиялық-
демократиялық революция жеңісін қазақ қоғамының көсемдері жігерлікпен
қарсы алды, өйткені олар тәуелсіздік алуға деген үміттерін байланыстырды.
Ресейдегі ақпан революциясының басты өзгешілегі қос билік орнауы болып
табылады: 1) жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Кеңесі; 2)
Уақытша үкімет.
Достарыңызбен бөлісу: