Постсинтездік (G2) кезеңде жасуша бөлінуге дайындалады. Ол үшін жасушада көмірсулар, майлар, ақуыздар синтезделініп олардың қоры көбейе түседі, Органеллалар саны да көбейеді, себебі келесі кезеңде — митозда, олардың бәрі де екіге бөлінуі қажет.
Митоз— жасушаның дұрыс бөлінуі. Митоз дене жасушаларында байқалады. Митоз процессінде ядро күрделі өзгерістерге ұшырайды, жаңадан пайда болған жасушаларға тұқым қуалаушылық материалы тепе-тең бөлініп беріліп отырады. Бұл митоздың биологиялық маңызы болып саналады.
Митоздың негізгі себептері: 1) ядро - цитоплазмалық ара қатынасының өзгеруі (1/6-1/8 ден 1/69-1/89 ге дейін); 2) "митогенетикалық сәулелер" - бөлінуші жасушалар көршілес жатқан жасушалардың митоздық жолмен бөлінуіне әсер етеді;
3)"жарақат гормондарының" әсері - жарақаттанған жасушалар жарақаттанбаған жасушалардың бөлінуіне ықпал ететін ерекше заттар бөліп шығарады.
Біртұтас митоз құбылысы 4 фазаға бөлінеді: профаза, метафаза, анафаза, телофаза. Профазада ядро көлемі ұлғайып, хроматин жіпшелері тығыз ширатылып,жуандап,қысқарып митоздық хромосомаларға айналады.Профазаның аяғында бөлінуші жасушаның екі полюсіне центросоманың центриолялары ажырап,арасында ахроматин жіпшелері пайда болады.
Метафазада хромосомалар өздерінің ценромералары арқылы ахроматин жіпшелеріне бекініп бөлінуші жасушаның экваторына реттеліп орналасады. Бұл кезеңде әрбір хромосома хроматидаларының теламерлік бөліктері ажырап, тек центромерасы арқылы байланысып тұрады. Бұл кезде хромосомалардың пішіні анық көрінеді. Соңдықтан, кариотипті анықтау және хромосомаларды жіктеу осы метафазада (метафазалық пластинкада) жүргізіледі.