Бг-35 Сро-5 Жасушалық цикл. Митоз. Апоптоз. Көбею. Мейоз. Жасушаның тіршілік циклі



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі33,35 Kb.
#82979
1   2   3   4   5
Байланысты:
мбк сро 5

1. Тұрақты ұлпалар – оларда клеткалар бөлінбейді, ДНҚ саны тұрақты (орталық жүйке жүйе клеткалары).
2. Өсуші ұлпалар– жеке клеткалар митоз жолымен бөлінеді (бүйрек, ішкі секреция бездері, қаңқалы және жүрек бұлшық еттері. Клетканың бөлінуі арқасында ұлпалардың көлемі ұлғаяды).
3. Жаңарушы ұлпалар - өлген клеткалар жаңа клеткалармен ауыстырылады (эпидермис, сүйек миы, асқазан-ішек трактісінің шырыштары). Митоздың маңызы.1. Генетикалық тұрақтылық.
2. Өсу.
3. Жыныссыз көбею.
4. Регенерация.
Апоптоз – генетикалық бағдарланған жасушаның өлімі. Апоптоз энергияны қажет ететін белсенді процесс болып саналады. Бұл құбылыс эмбриогенезде, қартаюда, тіршілік циклін доғаруда үлкен қызмет атқарады. Егер ағзада генетикалық аппарат зақымдалса апоптоз патологиялық құбылыс болып саналады.
Табиғат жасушаны қорғану мен репарация механизмдерімен ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі өлтіру немесе суицида механизмімен де қамдандырды.
Жасушаның ескіруі катабиозға («ката» -төмен, «био»- өмір) және жасушаның өліміне алып келеді. жасуша өлімі – бұл тіршілік әрекеті құбылысының жаңадан кері айналмайтын өсуге, көбеюге қабылетін жоғалтқан тоқтауы.
Жасушаларда өмір сүру ұзақтығы әртүрлі болады. Ұзақ өмір сүретін жасушалар бар, олар ерекше қызмет атқара отырып ағза өмірінің соңына дейін болады. Басқа жасушалар, белгілі міндетті орындауда пайда болады. Мысалы: метаморфоз кезінде, ит балық желбезектері мен құйрығын жоғалтады. Бұл мүшелер жасушаларының өмір сүру ұзақтығы белгіленіп бағдарланған.
Осындай жасушалардың жойылуына арнайы генетикалық бағдарланған жасушаішілік механизмдер белсенді роль атқарады.
Апоптоз –дегеніміз «қоңыр күз» деген мағынаны білдіреді. Апоптоз бағдарламасы келесі жағдайларда жіберілуі мүмкін:
1. жасушаның халі нашарлағанда, немесе –«іштей апоптоз»;
2. «Негативті сигнализация» сырттан, ол жасуша рецепторлары арқылы беріледі, немесе –«апоптоз-команда бойынша».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет