Бг-35 Сро-5 Жасушалық цикл. Митоз. Апоптоз. Көбею. Мейоз. Жасушаның тіршілік циклі



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі33,35 Kb.
#82979
1   2   3   4   5
Байланысты:
мбк сро 5

Іштей апоптоз кезінде –келесі механизмді жіберу мүмкін:
1. Хромосоманың әртүрлі зақымданулары (ДНҚ- үзілулері, ДНҚ- шыншырының тігілуі);
2. Липидтердің асқын тотығуы (ПОЛ) нәтижесінде, мембрананың жасушаішілік зақымдануы.
Бұл зақымданулар сыртқы факторлардан пайда болады: сәулелену, температураның өзгеруімен, химиялық қосылыстармен, азот оксидімен, радикалдармен. Осындай бұзылыстарды стресстер, клетка қоректенуінің бұзылысы жылдамдатуы мүмкін (мысалы: жас үлкейген сайын бас миында нейрондар азаяды).
Апоптоз –мұндай жағдайда Паркинсон ауруын туғызады. Сонымен, апоптоз дефекті жасушаларды жоюға бағытталған.
Апоптоз «команда» бойынша 
1. Бұндай апоптоз онтогенезбен байланысты:
- 1- жәндіктердің метаморфоз кезіндегі қуыршақ жасушасының жойылуы;
- 2- эмбриогенездегі хорданың (омыртқа) басталуы;
- 3- уылдырық шашқаннан кейінгі горбуша балығы мүшелерінің жылдам инволюциясы, өліммен аяқталады.
3. Барлық қатардағы лимфоидты қан түзуші жасушалардың дамуы. Мұндай клетканың дамуы үшін кейбір цитокиндер қажет болады.

4. Әйелдердің репродуктивті жүйесінде:

- жасушалардың жойылуы (ооциттер, фолликулярлық клеткалар);

- сары дененің жойылуы;

- лактация тоқтағаннан кейінгі сүт безі лактоциттердің жойылуы

Мейоз -жасушаның күрделі бөлінуі, оның нәтижесінде бір диплоидты аналық жасушадан төрт гаплоидтық жыныс жасушалары пайда болады. Мейоз – жасушаның ДНҚ еселенуінсіз (қысқа интерфаза) екі рет бөлінуі: оның бірінші бөлінуін – редукциялық, екіншісін – эквациялық бөліну деп атайды. Мейоздын әрбір бөлімі митоз сияқты төрт фазадан (профаза, метафаза, анафаза, телофаза) тұрады. Мейоздың негізгі корытындылары – гаплоидты жасушалардың пайда болуы, тұқым қуалаушылық материалдарының рекомбинациялануы, оның бірінші бөлінуінде жүзеге асады.


Профаза-1 бес сатыға жіктеледі: лептотена, зиготена, пахитена, диплотена және диакинез. Лептотена сатысында диплоидты хромосомалар ширатыла бастайды, нашар тығыздалған жіпке ұқсайды. Зиготенада гомологтік хромосомалар әрі қарай шира-

Тылып бір-біріне жақындап, қосылып жұптар құрайды (коньюгацияланады). Хромосома жұптарының саны гаплоидтық хромосома санына, яғни адамдарда 23 тең болады. Пахитена сатысында гомологтік хромосомалар толық қосылып төрт хроматидадан

Тұратын биваленттер түзеді. Бұл сатыда хроматидалар әрі карай ширатылып бір-бірімен айқасады. Осы сатыда айқасқан хромосомалар өзара генетикалық материалдармен алмасады; оны кроссинговер процесі деп атайды. Диплотена сатысында гомологтык хромосомалардың ширатылуы сәл-сәл жазылып, олар бір-бірінен ажырай бастайды, дегенмен, олар әлі де болса, бір-бірімен хиазмдер арқылы байланысып тұрады. Диакинез сатысында хромосомалар одан әрі ажырайды,өте тығыз ширатылады, ядро қабықшасы ериді, ядрошық жойылады, бөліну ұршығы пайда болады.


Оогенез процесінің алғашқы бөлінуінің профазасында 4 және 5 сатылар аралығында ерекше саты — диктиотенасатысы болады. Бұл саты эмбриогенезде басталып қыздар 11-13 жасқа, яғни жыныстық жетілген жасқа, келгенге дейін созылады. Бұл кезде хромосомалар ерекше морфологиялық формаға айналып әрі қарай бөлінуін уақытша тоқтатады.Ал жыныстық жетілу кезінде гипофиздің лютеиндеуші гормонының әсерінен ай сайын бір овоцит өзінің бөлінуін әрі қарай жалғастырады.

Мейоз жобасы

Метофаза І-де биваленттер бөлінуші жасушаның экваторына топтасады.Анафаза І-де биваленттер екі хромосомаларға ажырасып,олардың әрқайсысы қарама-қарсы полюске тартылады.Телофаза І-де пайда болған ядролардағы хромосомалардың саны екі есе азаяды, жасуша цитокинез нәтижесінде екіге бөлінеді.Қысқа интерфазадан кейін бірден мейоздың екінші бөлінуі-эквациялық бөліну басталады.Интеркинез кезінде екінші бөлінуге қажет ақуыздар және энергия қоры жиналады,бірақ ДНҚ еселенбейді.Екінші бөліну метафаза ІІ-ден басталады.Бұл фаза да митоздағыдай әрбір хромосома екі хроматидаға ажырайды. Анафаза ІІ де ажырасқан хроматидалар жасуша полюсіне қарай тартылады. Телофаза ІІ-де хроматидалар деспиралданады, ядро қабығы және ядрошық түзіледі, цитокинезден соң хроматидалар жиынтығы гаплоидты 4 жасуша пайда болады.

Мейоздың биологиялық маңызы:


  1. Мейоздың және ұрықтанудың нәтижесінде биологиялық түрлердің хромосома санының тұрақтылығы сақталынады; 2) мейоз нәтижесінде гаметаларда хромосомалардың еркін комбинациялану ықтималдығы күшейе түседі, себебі әрбір гомологті хромосомалардың (әкесінен және шешесінен алынған) екі гаметаға ажырау ықтималдығы ½ тең, ал барлык хромосома санын алатын болсақ олардың гаметаларда еркін комбинациялану ыктималдығы 2 п дәрежесіне, яғни адамдарда 223 дәрежесіне тең. Былайша айтқанда, бір гаметаға тек қана әкесінен алынған хромосомалар, ал екіншісіне шешесінен алынған хромосомалардың топтасу мүмкіншілігі өте аз мөлшерде болады (1/2)22 =1/4 194304 яғни 1/4000000-на тен; 3) мейоз процесінде кроссинговер салдарынан хромосомаларда генетикалық материалдар (гендер) рекомбинациаланады, тұқым қуалаушылық материалдың ұрпақтар жалғасында комбинативтік өзгергіштік байқалады.

Жыныстык көбеюдің негізгі мәні ұрықтану екені белгілі, бірақ кейде жаңа ағза ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан да дамуы мүмкін. Бұл құбылысты партеногенездеп атайды. Бұл жолмен пайда болған ағзалар гаплоидты болады. Партеногенездің екі түрі белгілі: андрогенез және гиногенез. Андрогенезде жаңа ағза сперматозоидтың ядросы негізінде дамиды, яғни сперматозоид жұмыртқа жасушасына енеді де оның ядросын ауыстырады, яғни жұмыртқа жасушасының ядросы өліп жойылады; ал гиногенезде сперматозоидтар арқылы активтенген (бірақ қосылмаған) жұмыртқа жасушасының ядросы жаңа ағзаның дамуына алып келеді.


Көбею – тірі ағзалардың өзінен кейін өзіне ұқсас ұрпақ қалдыру қабілеті көбею тірі ағзаларға тән қасиеттердің біреуі және осы процесстің арқасында жер бетінде тіршілік үздіксіз жалғасып отырады. Табиғатта көбеюдің екі түрі кездеседі – жыныссыз және жыныстық . Жыныстық көбеюдің айырмашылығы негізінде жыныстық процесс яғни бір түрге жататын даралардың тұқым қуалау ақпаратының алмасуы жатады. Жыныстық көбеюдің маңызы ұрпақтан-ұрпаққа генетикалық ақпараттың әрдайым өзгере беріліп отыруы және даралардың бір-біріне ұқсамайды. Гендер мен хромосомалардың қосылуынан ұрпақта жаңа белгілер пайда болуынан, бір түрге жататын даралар ішінде шексіз алуан түрлі белгілер туындайды. Жыныссыз көбею жыныстық көбеюге қарағанда қарапайым және ол эволюция құбылысында алғаш пайда болған. Оның негізгі ерекшелігі осы жолмен пайда болған ұрпақтардың аналық ағзалардан еш бір айырмашылығы болмайды, себебі екеуінің де тұқым қуалаушылық материалдары өзгеріссіз, бірдей. Ал жыныстық көбею — күрделі процесс, себебі болашақ ұрпақтың генетикалық материалы екі ата-ананың тұқым қуалаушылық ақпараттарының қосылуы нәтижесінде қалыптасады.


Жыныс диморфизмі – бұл аталық пен аналық ағзаның сыртқы белгілері және басқа да белгілері бойынша айырмашылығы. Жыныс деморфизмінің генетикалық табиғаты бар. Эмбрионалдық дамудың алғашқы кезінде жыныс бездері қалыптасады.Содан кейін хромосома жиынтығының ерекшелігіне байланысты, жыныс бездеріне аталық және аналық жыныс бездеріне айналады. Эмбриогенез кезінде жыныс бездері бөлетін гормондардың әсерінен жыныс жолдары және сыртқы жыныс мүшелері пайда болады.

Бірінші жыныстық белгілерге қыздарда үлкен жыныс еріндері, кіші жыныс еріндері, клитор, (сыртқы жыныс мүшелері) ал ер балада- жыныс мүшесі, және мошонка жатады. (сыртқы жыныс мүшелері).

Жыныстық жетілу кезінде екінші жыныстық белгілер пайда болады: адамда бой, сүйектің және бұлшық еттің салмақтануы, ер адамдарда ми сауыты әйелдерге қарағанда ірірек болуы. Иықтың кеңдігі, сиықының.

Ер адамдарға тән түктілік, дауыс тембірі, кеңірдектегі шеміршектің алдыға шығып тұрады. Әйел адамдарда омырау бездері және тері астындағы май клетчаткалары жақсы жетіледі.

Адамда жыныстық жетілу кезінде қосалқы жыныс белгілері және жыныстық әуестік байқалады.



Адам өзінің жынысына тән жыныстық тәртіпті меңгеру, адамның жеке басының қалыптасуы болып табылады. Әдетте бала 1,5-2 жастан өзінің жынысын білгеннен кейін, жынысқа сай тәрбиеге бағыттау қажет.

Гермофродит- ағзада бір мезгілде әйелдің де, еркектің де жыныс бездерінің (нағыз гермафродитизм) жетілуі. Адамда көбінесе жалған гермафродитизм кездеседі, ол адамда бір белгілі жыныс бездері болса, ал сыртқы жыныс мүшелері қарама-қарсы жыныстікі болып, аралық құрылысты болады. Бұл әдетте ананың гормональдық ауытқуларынан пайда болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет