Бүгінгі заман талабы не?



бет8/9
Дата18.01.2022
өлшемі22,47 Kb.
#129461
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Кенжебекова НургулМухитовна БҚО; А.Тихоненко ат.ЖОББМ

«Кездейсоқ буын»

Сауат ашу сабағында қолдануға ыңғайлы әрі сергіту сәті ретінде де қолдануға болады.

Шарты: газеттен, журналдан алынған басқы тақырыптар беріледі. Оқушы осы тақырыпшаларды сөйлемге біріктіреді.

«Кездейсоқ буын» ойыны.

Ол буын жеңіл күлкі тудыратындай юморға құрылуы керек.
«Диалог-ертегі»

Баланың шығармашылығын арттыруда және сөздік қорын байытуда пайдасы бар деп ойлаймын.

Шарты: мұғалім не оқушы шығарып, кез келген бір әңгіме - ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні

бір-бірден сөйлеммен ары қарай жалғастырады. Мысалы, мұғалім былай бастайды:

«Ертеде бір байдың шолжаң ұлы болыпты...»

1 – оқушы: «Сол ұлы ойнап жүріп адасып кетіпті...» десе,

2 – оқушы одан ары қарай жалғастырады: « Адасып көп жүріп,қарны ашып келе жатса, алдынан бір лақ кезігіпті»...

– міне осылай ертегі жалғаса береді, ең соңғы оқушы ертегіні жалғаса береді, ең соңғы оқушы ертегіні ұтқыр шешіммен аяқтауы тиіс. Және кімде-кім ертегі ішіне қызғылықты оқиға кірістіре алса, соның еңбегі жоғары бағаланады.

Жоғалған әріптер”

Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру ,тән дыбыстарды қайталау. Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу. Мысалы: к... гершін балдыр... ан ән... ран к... тап к... ктем ... же ... ңгіме о... ушы айда... ар а...

Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.Кейде "Жоғалған буындар "деп ойнатсаңыз да болады
"Дұрыс*Бұрыс"

Кері байланыс кезінде, уақытты ұту үшін көбіне "Дұрыс*Бұрыс" ойыны арқылы сұраймын. Ойын шарты бойынша өткен сабақ туралы бірнеше дұрыс және қате мәліметтер жазамын, сыныпты екі топқа бөліп тұрғызып, екі орындық қоямын, дұрыс мәлімет оқылса дұрыс орындығына немесе керісінше жылдам отыру керек, кім бірінші соған смайликтер беремін, соңында қай топтың смайликтері көп санаймыз


«Миға шабуыл»

Мақсаты: қандай да болмасын ақпарат(мәлімет,сұрақ қою,мәселе)туралы білгендерін жазбаша не ауызша ой салу.

Оқушыға сұрақ қою,проблеманы зерт теу арқылы ой өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді.Пікірлерінің еркін айтылуы ешқандай сынға ұшырамау керек.Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет