«Қарасу ОКЖ» ГУ «Карасуская ЦБС»
Әдістемелік секторы Методический сектор
Ұлы ақын әрі ойшыл
Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл
1845 – 2015
Библиографиялық әдебиет көрсеткіші
Великий поэт и мыслитель
170 лет со дня рождения Абая Кунанбаева
1845 - 2015
Библиографический указатель литературы
Қарасу – Карасу, 2015
Құрастырушыдан
Қарасу орталық аудандық кітапхана ұлы ақын, ойшыл, философ, аудармашы, сазгер, ағартушы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арнап библиографиялық әдебиет көрсеткішін әзірледі.
Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы.
Нағыз ақын, әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін түсіндіруге тырысты. Өзінің, өлеңдерінде ол феодалдық-рулық билеп төстеушілерді аяусыз әшкерелейді және халықты өнер-білімге шақырады.Жалынды отаншылдық, туған жеріне сүйіспеншілік және оның азап күйініші, гуманизм, халығына көмектесу, оның тағдырын жеңілдету Абай Құнанбаевтің шығырмашылығына ерекше.
Абай Құнанбаев бірнеше поэмалар, жүзден астам өлең жазды, елуден астам аудармаларды орындады. Жазушының ең танымды шығарма- «Қара сөз» поэмасы. Сонымен қатар Құнанбаевтың өмірінде музыкалық дарыны байқалды, ол бірнеше танымды күйлерінің авторы болды. Оның «Қара сөздер» шығармасын кейбіреу зерттеушілер бір қалыпты философиялық трактат деп қабыл етеді. Ол еңбек пен өмір мағынасының мәселелеріне жаңа мәнін берген данышпан.
Аталған көрсеткішке кітапхана қорындағы материалдар енгізілді.
Көрсеткшке баспа бетінен және жеке басылымдарда жарық көрген шығармалары енген. Ақынның өмірі мен қызметіне арналған материалдар мен өлеңдер енгізілді.
Әдебиеттер алфавит бойынша орналастырылған.
Көрсеткіш қазақ және орыс тілдерінде әзірленген. Мұғалімдерге, кітапханашыларға, мектеп оқушыларына, студенттерге, оқырмандарға арналған.
Библиографиялық құралды практикалық жұмыста оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсеткенде, тақырыптық сынып сағаттарын, кітап көрмелерін безендіргенде, бұқаралық іс-шараларды дайындағанда, тақарыптама библиографиялық анықтама жасаған кезде қолдануға болады.
«Абайды таныту арқылы
біз Қазақстанды әлемге танытамыз,
қазақ халқын танытамыз.
Абай әрқашан біздің ұлттық
ұранымыз болуы тиіс».
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ
А. Құнанбаевтың өмірбаяны және творчествосы
Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
Достарыңызбен бөлісу: |