Бидайбеков Е


Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері



бет10/87
Дата15.01.2023
өлшемі1,9 Mb.
#165576
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   87
Байланысты:
treatise13514

1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері

Мектеп информатикасының мазмұндық-әдiстемелiк желілерінің ішінде келешегі зор екендігі тәжірибелер негізінде анықтала отырып, оқушыларға кибернетика элементтерін оқыту 1960 жылдардың басынан бастап дами бастады. Бұл зерттеу бағытының көш басында 1961 жылдан бастап орта мектепке арнайы жасалған кибернетиканың жалпы негіздері курсын тәжiрибе ретiнде оқытуды қолға алып, кибернетика негіздерін жалпы білім берудің базалық (мiндеттi) құрылымы ретінде орта мектептің оқу жоспарына енгізудің қажеттілігін табандылықпен дәлелдеген В.С.Леднев болды.


Кейіннен бұл жаңа ғылыми-әдістемелік зерттеу бағытына В.С.Ледневтің [51, 54] шәкірті А.А.Кузнецов белсене араласты. Қолға алынған зерттеулер кең көлемде, мектепте жалпы білім беруге көзделе жүргізіліп, жалпы орта білім берудегі бірқатар маңызды ортақ мәселелердi, атап айтқанда, жалпы орта білім беру мазмұнындағы кибернетиканың алатын орнын, орта мектеп оқушыларының білім алуында оның маңыздылығын, оны мектепте оқыту жолдары, кибернетика курсын оқыту әдістемесі мен мазмұнын қамтығандығын атап өткен жөн [53]. Осыдан ширек ғасыр бұрын В.С.Леднев пен А.А.Кузнецов жалпы орта білім үшін кибернетика негіздерінің жалпы білім беру және политехникалық мәні туралы бұлтартпас қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін дәйектерді тұжырымдады. Солардың ішінен кейбіреулерін ғана келтірейік: «Кибернетика табиғаты әртүрлі жүйелерге тән ақпараттық байланыстар туралы түсінікті, барлық мақсатқа сай әрекет ететін жүйелердiң басқару ұйымдары құрылымының ортақтығын енгізе отырып әлемнiң бірлігі туралы түсініктердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Оқу пәндері, оның ішінде, кибернетика арқылы да әр тұрғыдан оқылып, зерттелетін құбылыстар мен үдерістер түсіндірмесі оқушылардың әлем туралы терең, жан-жақты, шынайы ғылыми түсініктердi қабылдауына әкеп тірейді».
Кибернетиканы оқып үйрену негізгі дүниетанымдық идеяларды барынша жүйелі түрде баяндауға мүмкіндіктер жасап, орта мектептегi оқуды қоршаған ортаны диалектикалық-материалистік тұрғыдан түсінуге әсер ететiн маңызды тұжырымдар мен жалпылаулармен аяқтауға мүмкiндiк туғызады. Кибернетика адамзат танымының ауқымын кеңейтіп, бұрын ғылым мүлде ене алмаған салаларға енеді, ал бұл, сонымен бірге, адамзат танымы шектеулi деген алуан түрлі агностикалық көзқарастарды жоққа шығаратындықтан, үлкен дүниетанымдық мағынаға ие болады.
Оқушыларды кәсіби білім алуға дайындауда кибернетиканың орны, ең алдымен, кәсіби мектепте жүзеге асырылатын бiрқатар практикалық ғылымдарды оқыту кибернетиканың негіздерiн оқып үйренуге тура не жанама түрде негізделгендігімен анықталады. Жалпы орта білім кез-келген бағыттағы кәсіби білім алудың негізі болатындықтан, кибернетиканы оқып үйрену қазіргі уақытта орта мектеп оқушыларын кәсіби білім алуға дайындауға және оларда жалпы еңбектегі біліктілік пен дағдылардың қалыптасуына қажет болып табылады» [53].
Ұзақ мерзiм жүргiзiлген теориялық–тәжiрибелiк жұмыстардың негізінде бір мәндi қорытынды жасалды: «… кибернетиканы оқып үйрену жалпы орта білім берудің мазмұнына жеке пән ретінде енуі керек» [53]. Бірақ та, зерттеушілердің сол кездегi барынша қол жеткізгені – бұл 1970 жылдардың ортасында жалпы көлемі 140 сағат болатын «Кибернетика негіздері» курсын жалпы білім беретін орта мектептің факультативтік курстарының қатарына енуі (9-10 сыныптарда 70 сағаттан) [54]. Ұсынылған оқу материалының мазмұны туралы түсінік алу үшін төменде факультативтің негізгі бөлімдері келтірілген.
Кіріспе
1. Алғашқы түсiнiктер 6 сағат
2. Кибернетика нені оқытады 2 сағат
3. Модель 6 cағат
4. Кибернетикалық жүйеде ақпараттың
өрнектелуі (берiлуi) 6 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет