Бидайбеков Е



бет64/87
Дата15.01.2023
өлшемі1,9 Mb.
#165576
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   87
Байланысты:
treatise13514

Ашық түрдегi тапсырма. Ашық тапсырмаға жауап бергенде оқушы тапсырмадағы жоқ сөздi және қойылған сызықтың орнын сан немесе формуламен толықтырады. Тапсырма бiрмәндi анық жауапты талап ететiндей және екi жақты түсiнiк беру жiберiлмейтiндей етiп құрылады. Сызықша бақылау материалы үшiн маңызды болып табылатын термин кiлтiнiң орнына қойылады. Бiрiншi жетi-сегiз сөзден аспайтын сұрақты тұжырымдау ұсынылады. Сосын құрастырушы қойылған сұраққа жауап жазады. Содан кейiн тест құрастырушы шамамен сол сұрақтың көлемiне сәйкес мөлшерде жауап жазады. Ары қарай айтылғандардан сөз кiлтi немесе бiр, екi сөз алынып тасталады да олардың орнына сызықша қойылады.
Ашық түрдегi тапсырмалар үшiн бiр сөзден тұратын «Толықтыр» нұсқауын қолдануға болады. Болжам болмағандықтан ашық тапсырмалар сыналушы үшiн қиынырақ болуы мүмкiн. Шындығында да, өзi дұрыс жауапты құрастырып шыққанша, жауаптардың iшiнен дұрыс жауапты таңдап алу оңайырақ. Педагогтар үшiн ашық тапсырманың бұл қасиетi ерекше қызықтыратындай болып табылады.
Сонымен қатар, ашық түрдегi тапсырмалардың да кемшiлiктерi бар. Оқушы сызықша орнына жауапты жазғанда жауаптың синонимiн жазып кетуi мүмкiн немесе қалып кеткен формуланың элементтерiнiң ретiн өзгертiп алуы мүмкiн. Мұндай жағдайда орындалған тапсырманың қорытындысын дұрыс бағалауда, оқушы жауабына талдау жасайтын, оны эталонды жауаппен салыстыратын, мықты инструментальдi жүйенi қолдану қажет.
Тапсырманың ашық түрiне мынадай мысал келтiрейiк:

  1. Ақпаратты өлшеудiң негiзгi бiрлiгi _________________ .

Тест тапсырмаларының үшiншi түрi «сәйкестiктi анықтау» нұсқауымен берiлген тапсырмалар болып табылады. Олардың мәнi мынада, бiр жиынның элементтерiн екiншi жиынның элементтерiмен салыстыру. Жиынның бiр элементiне екiншi жиынның тек бiр элементi ғана сәйкес келуi керек. Тапсырманың бұл түрiне мысал келтiрейiк.

Мысалы. Сәйкестiктi анықта.



  1. s:=0; for i:=1 to 5 do s:=s+i; а) 120

  2. p:=1; for i:=1 to 5 do p:=p*i; ә) 15

  3. s:=0; for i:=1 to 5 do s:=s+2*i; б) 15

  4. p:=1; for i:=1 to 5 do p:=p*2*i; в) 30

  5. s:=0; for i:=5 downto 1 do s:=s+i; г) 3840

Сәйкестiк дұрыс қойылған жағдайда тапсырма дұрыс орындалған деп есептеледi. Жабық түрдегi тапсырмалар сияқты бiрiншi жиын элементтерiне ұқсас екiншi жиын элементтерiн таңдап алуда қиындықтар туады. Егер оқушылар ұқсас емес элементтерiн бiрден ажырататын болса, онда тапсырманың тиiмдiлiгi төмендейдi. Әрбiр артық элементтiң шындыққа ұқсастығының өлшемi тәжiрибемен белгiленедi және осы элементтi дұрыс элемент ретiнде таңдаған оқушылардың үлесiмен анықталады.
Тест тапсырмасының төртiншi түрi - дұрыс тiзбек құруға арналған тапсырма, сыналушыдан амалдар немесе үдерістердiң орындалу тәртiбiн көрсету талап етiледi. Нұсқау ретiнде тапсырма тұжырымдамасына кiретiн, «дұрыс тiзбектi құрыңыз» деген сөздi қолдануға болады. Көрсетiлген амалдар нөмiрленедi, ал жауапта дұрыс тiзбек құрылатын код көрсетiледi.
Мысалы:

  1. BEGIN

  2. PROGRAM A;

  3. READ (A, B);

  4. VAR A, B, D: INTEGER;

  5. D:=SQR(A)+SQR(B);

  6. WRITE ('D=', D);

  7. END.

Психологиялық-педагогикалық және әдiстемелiк әдебиеттерде тестiлеудi және тест түрiндегi тапсырманы оқушының бiлiмiн және iскерлiгiн тексеру құралы ретiнде қолдануға талдау жасалынуы тегiн емес, өйткенi тест тапсырмаларының бiрқатар жағымды, ұтымды жақтары бар.
Тестiлеу оқушының тақырыпты меңгеру деңгейiн айқындауға, сонымен қатар оқыту қорытындысының қойылған мақсатқа сәйкестiгiн көруге мүмкiндiк бередi. Егер оқушылардың көпшiлiгi бiрдей бiр тапсырманы орындамаса, онда мұғалiмге оқытқанда кеткен кемшiлiктерi бар деген белгi бередi.
Тест тапсырмалары оқу қорытындысын тексеруде оқушылардың жеке ерекшелiктерiн және тақырыпты бүтiндей сыныптың және жеке әрбiр оқушының меңгеру деңгейiне көңiл қоюға мүмкiндiк бередi.
Тест тапсырмалары сұрауға кеткен сабақ уақытын үнемдейдi, оның орнына уақыт жаңа тақырыпты түсiндiруге жiберiледi. Сонымен қатар оқушылар орындаған жұмысты тексеруге кеткен мұғалiмнiң де уақытын үнемдейдi.
Тест түрiндегi тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқу үдерісiн жандандырады. Әр түрлi тест тапсырмаларын қолдану арқылы мұғалiм тексеру үдерісіне айтарлықтай өзгешелік енгiзедi. Оқушылар мұндай тапсырмаларды орындауға зор қызығушылықпен кiрiседi.
Тест тапсырмалары бүкiл сынып оқушыларының бiлiмiн жүйелi түрде, үнемi тексеруге нақты мүмкiндiктер бередi. Бұл оқушыларды сабаққа белгiлi бiр уақыт өткеннен кейiн емес, жүйелi түрде, үнемi дайындалуға мәжбүр етедi.
Тест тапсырмаларының осындай жақсы жағымен қатар олардың кейбiр кемшiлiктерiн айтуға болады:

  • оқушылар дұрыс емес, қате жауаптардың көп санын оқып және талдап оларды ерiксiз есте сақтап қалып, бiраз уақыт өткеннен кейiн оны дұрыс сияқты еске түсiруi мүмкiн;

  • оқушылар дайын тұжырымдармен жұмыс iстеп үйренiп алып, алған бiлiмiн сауатты және қисынды жауаптармен толық құрай алмай, айтып бере алмауы мүмкiн;

  • оқушылар дұрыс жауапты болжаммен табуы мүмкiн;

  • оқушылар дұрыс жауапты сұрақтың мәнiмен байланыспай, ұқсастығы, жауаптағы сөздер саны және т.б., дұрыс емес жауаптан шартты белгiлерi арқылы айыра алуы мүмкiн;

  • оқушылар дұрыс жауапқа кездейсоқ, қате ойлау нәтижесiнде келуi мүмкiн.

Қазiргi кезде информатикадан жарияланып жүрген тест тапсырмалары көбiнесе сапалы емес және тестке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандырмайды, мұғалiмдер ешқандай керектi әдiстемелiк құралдардың жоқтығынан әртүрлi жинақтардағы жайдан-жай құрылған тестердi қолданады. Кездейсоқ алынған тапсырмалар жиынтығын тест деп қарастыруға болмайды, тест оқушы бiлiмiн нақты өлшеу құралы ретiнде қолданылып, қатал және нақты әдістемелік талаптарды қанағаттандыруы керек.
Сонымен қатар, информатика пәнінен оқушылардың білімін бақылауда бақылаудың дәстүрлі түрінен басқа дәстүрден тыс түрлері де қолданылады.
Информатика бойынша білім бақылауда интеллектуалдық ойындарды қолдану оқушылардың өзіндік тұлғалық ерекшеліктерін ашуға, сабаққа дайындық деңгейін арттыра түсуге көмектессе, ал мұғалімге оқушылардың білімінде кеткен кемшіліктерді дер кезінде жөндеуіне мүмкіндік береді. Ойын барысында оқушыларда белгілі бір мәселені шешу қабілеті, өз бетінше ойлау қабілеті, білімге деген құштарлығы оянады. Оқушылардың ойынға қызыққандары соншалықты олар қойылған мәселені шешуге барынша ынтасымен тырысып, өз фантазияларын одан әрі дамыта түседі. Интеллектуалдық ойындар мен ойын кезеңдері дәстүрлі оқытумен де жақсы үйлесіп кетеді.
Информатика курсы бойынша оқушылардың білімін бақылауда қолдануға болатын бірқатар ойындарға мысалдар келтірейік. Информатика курсында бірқатар тақырыптар («Компьютердің құрылғылары», «Программалық жабдықтау» және т.б.) оқушылардан көп терминдерді меңгеруін талап етеді, сондықтан да білім бақылаудың бастапқы кезеңінде мына тапсырмаларды қолданған ыңғайлы.
«Таныс термин» ойыны. 8-сынып (Дербес компьютермен танысу).
1-мысал. Берілген терминдердің ішінен компьютердің құрылғысы болып табылатын терминдерді жазып көрсетіңіздер. Сканер, модем, кэш-жады, пернетақта, тышқан, принтер, монитор, винчестер, стример, трекбол, джойстик, компьютерлік технологиялар, тасымалдаушы, жедел жады, факс-модем, контроллер, микропроцессор, жүйелік шина, аналық плата, қоректендіру блогы.
Оқушылар терминдерді жазып біткеннен кейін бірін-бірі бақылай алады, олар өзара дәптерлерін алмастыра отырып, бірінің жұмысын бірі тексереді. Мұғалім бекіткен норма бойынша жұмыстарын да өздері бағалайды. Оқушыларға үй тапсырмасына осы терминдер бойынша әңгіме, тақпақ немесе ертегі құрап келуге тапсырма беруге болады. Мұндай жұмыстарды шығармашылық сипаттағы жұмыстарға жатқызуға болады. Оқушылардың осындай жұмыстарды орындау нәтижесінде жеке тұлғалық қасиеттерін байқауға болады.
Оқушылардың білімін бақылауда интеллектуальдық ойынның бір түрі болып табылатын кроссвордтарды қолдануға болады. Оның ерекшелігі оқушының ойлау қабілетін дамыту, оқушыларды белсенді ойлау іс-әрекетіне жетелеу және шығармалығын дамыту. Кроссвордты шешу барысында оқушы өз білімін өзі бақылай алады, ал мұғалім әр оқушының жұмысын бағалай алады. Сонымен қатар оқушыларды тек қана кроссвордтарды шешуге ғана емес, өз беттерінше кроссвордтар құрастыра білуге де үйрету қажет. Кроссвордтар құрғанда ескерілетін жайттарды оқушыларға мұғалім алдын-ала түсіндіргені жөн.
А.М. Горький: «Ойын – балалардың әлемді тану жолы» деп айтқан. Дидактикалық ойындарға алдын-ала мақсат қойылады, оған сөзжұмбақта жатады. Бұл ойындар оқу материалын тез түсінуге, өткен тақырыпты тексеруге көмектеседі. Сөзжұмбақ оқушының ой-өрісін дамытады. Сөзжұмбақ оқу материалын қайталауда және білімді тексеруде ең қолайлы ойын түрі болып табылады. Оны сабақтың әр кезеңінде қолдануға болады. Оны жаңа сабақты түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекітуде, үй жұмысын тексергенде және оқу материалын қайталауда да қолдануға болады.
Сөзжұмбақтың мынадай түрлерін атап көрсетуге болады:

  1. Сөзжұмбақ – жұмбақ

  2. Чайнворд немесе лабиринт

  3. Сөзжұмбақ-баспалдақ

  4. Сөзжұмбақ-пирамида

  5. Сөзжұмбақ-басқатырғыш

Енді осылардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өтейік.
1. Сөзжұмбақ – жұмбақ. Оларды шешу үшін жолда жасырылған екі сөзді табу керек. Бірінші сөздің соңғы әрібі келесі сөздің бірінші әрібі болады.
2. Чайнворд немесе лабиринт. Толтырудың негізгі ережесі- соңғы әріп келесі сөздің бірінші әрібі болады.
3. Сөзжұмбақ- баспалдақ. Бұл сөзжұмбақта барлық сөздер бірдей әріптен басталады немесе бітеді.
4. Сөзжұмбақ – пирамида. Барлық сөзді таба отырып шыңына шығу керек.

5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет