ХХ ғ. басында атақты неміс педагогы П.Шуман былай деп жазған екен: «баланың психологиялық дамуы неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім денгейі жоғары болуы керек». Педагогика тарихында Германия ең алғаш рет жалпы білім беретін мектептерде, білім беретін мұғалімдерді кәсіби дайындау курсын ашты. Еуропада тұңғыш мұғалімдер семинариясы, сонымен қатар Берлинде саңырау балаларға арналған мектебіне мұғалімдер даярлау курсы ашылды. Ресейде 1898 жылы педагог–дефектологтарды дайындау курсы Санкт-Петербургте басталды. Дамуында ауытқулар кездесетін балаларға дәріс беретін мұғалімдерді арнаулы мамандандырылған даярлыққа арналған курс ашпас бұрын ғасырлар бойы дәрігерлер, лингвисттер, дін қызметкерлерінен құралған практикалық–педагогикалық қызмет атқарылды. Қазіргі таңда көптеген жоғары оқу орындары педагог-дефектологтар мен психологтар мамандандырылған дайындық курсын өткізу бағдарламаларын ұсынуда. Сонымен АҚШ-та 230-дан астам бағдарламаға есептелген мұғалімдерді даярлау, қайта даярлау, кәсіби сапаны арттырумен ұлттық жүйесі жұмыс атқарады. Университеттерде Батыс Еуропалық жүйе бойынша жалпы білім беретін мектептерде дәріс беретін мұғалімдерге арнаулы педагогика пәнінен курстар жүргізіледі, курс саны ең кем дегенде 100-120 сағатты құрауы керек. ХХ ғ. аяғына таман Ресейдің педагогиқалық университеттерінде логопедия және олгофренопедогогика мамандықтарының бағдарламаларын дайындаған факультет, кафедралар құрылды. Сонымен қатар Ресейде арнаулы білім беру жүйесі бойынша 200 мыңнан астам педагогтар, соның ішінде 10%- ы ғана педагог мамандығы бар қызмет атқарады.