Логопедия ғылымы негізгі міндеттерін белгіле.
. Логопедия ғылымы мынандай міндеттерді белгілейді:
1. Әртүрлі тіл кемістіктеріндегі сөйлеу тілі қызметінің дамуын зерттеу;
2. Сөйлеу тілі бұзылуының таралуы, оның симптоматикалық белгілерін анықтау;
3. Сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің өздігінен дамуын, сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке басының қалыптасуына, психикасынын дамуына тигізетін ықпалын анықтау;
4. Әртүрлі ақаулары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктері мен кездесетін тіл кемістіктерін зерттеу;
5. Сөйлеу тілі бұзылуының себептерін, белгілерін, құрылымын, механизмдерін анықтау;
6. Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын ажырататын педагогикалық тәсілдерді жетілдіру, дамыту;
7. Сөйлеу тілі кемістіктерін жүйелеу;
8. Тіл кемістіктерінің ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын түзету әдістері мен амалдарын жетілдіру;
9. Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін және түзету тәсілдерін анықтау;
10. Сөйлеу тіл кемістіктерінен алдын ала сақтандыру тәсілдерін толық жетілдіру;
11. Логопедиялық жәрдемді ұйымдастыру мәселесін жеке зерттеу.
Девиантты мінез-құлық сипаттамасы, оның белгілері, психологиялық юұзылыс көрінісі.
Девиантты мінез-құлық (сонымен қатар әлеуметтік ауытқу, ауытқушылық мінез-құлық) (лат. Ауытқу - ауытқу) - жалпы қабылданған, кең таралған және қалыптасқан әлеуметтік нормалардан ауытқитын тұрақты жеке мінез-құлық. Теріс девиантты мінез-құлық қоғамның белгілі бір ресми және бейресми санкциялар қолдануына әкеледі (оқшаулау, емдеу, қылмыскерді түзету немесе жазалау) . Ауытқуды әлеуметтік құбылыс ретінде және оған қоғамның реакциясын әлеуметтану, индивидуалды ауытқуды - психология зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |