Күйдіру және қайнату
. Әдетте , металлдан жасалған тостағанға құралды салып , үстінен этил спиртін құяды да , оны өртеп жібереді . Құрал - саймандарды арнайы электрозалалсыздандырғышта қайнатады . Оларды торға жайып салып ( шприцті инесінен бөліп ) , орналастырады да , дистиллденген суға ( оның ішіне натрий - гидрокарбонатын – 2 % ерітінді болғанша қосуы да мүмкін ) батырып қояды . Қалыпты жағдайда , 100 ° с температурада 30 минут қайнатады . Залалсыздандыру аяқталғаннан кейін , құрал - саймандарды арнайы залалсыз білтелермен ұстап алады . Көп уақыттан бері залалсыздандыруды қайнату арқылы іске асырып жүрді , бірақ бұл әдісте температура 100 ° С - қа дейін көтеріледі , ол спора түзуші бактериялардың жойылуына мүмкіндік бермейді . Қазіргі уақытта клиникаларда залалсыздандыру үшін , қайнату әдісі қолданылмайды .
Достарыңызбен бөлісу: |