Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Билет №4 Хирург қолдары мен операция алаңның өндеудің классикалық және жаңа тәсілдері



бет9/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Билет №4

  1. Хирург қолдары мен операция алаңның өндеудің классикалық және жаңа тәсілдері.

Хирургтың қолын өңдеу (жуу) өте маңызды іс - әрекет, белгілі заңдылықтардың орындалуын талап етеді. Кезектесіп механикалық және химиялық өңдеуді (залалсыздандыруды), антисептикалық заттармен әсер етуді және құрғатып бітеуді жүргізу керек. Механикалық және химиялық өндеу. Механикалық және химиялық өңдеуді шүмектен аққан суда қолды сабындап, щеткамен жуу арқылы жасайды. Саусақтың ұшынан бастап, білектің жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін жуу керек. Негізгі талап сақталынуы керек: «өңделген қолмен ластау терінің бөлігін немесе лас заттарды ұстауға болмайды » . Қазіргі кезде қолды сабынмен немесе сұйық қол жуғыш заттармен тазарту рұқсат етіледі (егер қолы тұрмыстық жағдайда ластанған болмаса). Антисептикалық заттармен өңдеу. Қолды өңдеу үшін қолданылатын химиялық антисептиктердің, төмендегідей қасиеттері болуы керек : күшті антисептикалық әсер көрсету; хирургтың терісіне қауіпсіз болу; қымбат емес және оңай табылатын болуы керек (өйткені, өте көп мөлшерде қолданылады). Теріні кургатып бітеу (дубленне). Теріні құрғатып бітеудің көмегімен, терідегі саңылауларды жауып, терінің залалсыздыгын ұзартуға болады. Қазіргі таңда хирургтың колын өңдеу әдістері, оны істеуді талап етпейді, өйткені пленка түзуші және құрғатып бітеу касиеті бар антисептиктер қолданылады. Қолды өңдеудің классикалық әдістері - Спасокукоцкий - Кочергин, Альфельд. Фюрбринтер және т.б. тарихта калды және қазіргі кезде колданылмайды. Спасокукоцкий - Кочергин әдісімен қолды өндеу. Бұл әдіспен өңдегенде, алдын - ала колды сабындап жумайды. Әдістің кезеңдері мынадай: 1. 0,5 % мүсәтір спиртінде тампонды пайдаланып, бірінші шылапшында шытакка дейін колды 3 минут жуу керек; 2. 0,5 % мүсәтір спиртімен екінші шылапшында білектің жоғарғы және ортаңғы бөлігінің шекарасына дейін 3 минут жуу керек; 3. Залалсыз матамен қолды сүртіп кептіру керек ; 4. 96 % этил спиртімен қолды 2 рет 2,5 минуттан өңдеу керек; 5. 59 % йодтың спирт ерітіндісімен саусақтың ұштары мен тырнақтарын өндеу керек. Қазіргі кездегі хирургтың қолын өңдеу әдістері . | Қолды өңдейтін ерітінділер: первомур , хлоргексидин , дегмин (дегмицид). церигель , АХД - специаль ( хлоргексидин және детергенттердің біреуі қосылған антисептик ) , евросепт және т.б. Қолды первомурмен ( C - 4 ) өңдеу . Первомур - ( 1967ж . Ф.Ю. Рачинский , В.Т. Овсиян ұсынған ) құмырсқа қышқылы , сутегінің асқын тотығы және судан тұратын ерітінді . Бұл өте күшті антисептик - терідегі саңылауларды жабатын жұка пленка түзеді . Ex tеmроrе дайындалатын 2,4 % ерітіндіні пайдаланады. Басында жұмыс ерітіндісін дайындайды, оның құрамына 81 мл 85 % құмырска кышкылы мен 171 мл 33 % сутегінің асқын тотығы кіреді . Оларды қақпағы тығыз жабылатын шыны ыдысқа құйып, 1 сағатқа тоңазытқышқа салып кояды да , анда - санда ыдысты шайқап отырады. Осы уақытта бұлардың арасында химиялық реакция жүріп, первомур ерітіндісі түзіледі, ал оның өте күшті бактерицидтік қасиеті бар. Осы шамадағы ерітіндіні 10 литрге дейін дистиллденген сумен сұйылтады және оны сол күні ғана қолдануға болады . Ерітіндіні дайындағанда міндетті түрде қолғап кию керек, өйткені қолы күйіп калуы мүмкін . Әдісі : қолды бір минут ағынды жылы сумен жуады, содан кейін первомур ерітіндісі құйылған шылапшында, білектің жоғарғы және ортангы % болігінің шекарасына дейін шайып, ендейді. Залалсыз матамен сүртіп, кургатканнан жататын рейін, қолғап киеді. Первомур ерітіндісі бар 1 шылапшында 5 хирург колын елдеуге болады. Әдістің тиімділігі – жылдамдығында, кемістігі – хирург қалында дерматит дамуы мүмкін . Хлоргексидинмен қолды өндеу. Хлоргексидиннің 0,5 % спирттік ерітін дісі пайдаланылады. Әдісі : 2-3 минут ішінде ерітіндіге малынған тампонмен 2 рет қолды өндейді. Салыстырмалы кемістігі – әдістің ұзақтығы. Дегмин және дегмицидпен өндеу. Беткей белсенді заттар (детергенттер) тобына жататын антисептиктер. Әдісі : 5-7 минут ішінде ерітіндіге қолды салып жуады, соңынан қолды залалсыз матамен сүртеді. Кемістігі – әдістің ұзақтығы. Цирегельмен өңдеу. Церигель детергенттер тобына пленка түзетін, бактерицидтік қасиеті өте күшті антисептик (кұрамына поливинилбутирол мен 96 % спирт кіреді). Әдісі : 3-4 мл перигельді 10 секунд ішінде қолға жағады да, 2-3 минут саусақтарының арасы ашык, жартылай бүгілген күйде колды ұстап тұрады , осы кезде қолдың терісінде пленка түзіледі . Бұл әдісті бұрынғы кезде қолғатты киюді қажет етпейтін, кішігірім хирургиялық іс - әрекеттерді орындау кезінде қолданған . Бұл әдістің кемістігі - хирургтың қолында дерматит дамуы мүмкін. АХД, АХД - специаль, евросептпен өңдеу. Комбинирленген антисептиктің негізінде этанол, полиольді май қышқылының эфирі , хлоргексидин жатады. Әдісі: Ерітінді арнайы флаконда шығарылады, қақпағын басқанда, хирургтың қолына ерітіндінің бір мөлшері кұйылады, сонан соң, оны 2-3 минут ішінде қолына жағады , бұл процедураны 2 рет қайталау керек . Қосымша сүрту және кептіру керек емес . Бұл әдістің кемістігі жоқ және қазіргі кезде кең пайдаланылады . Қолды өңдеудің қаншама әдісі болса да, қазіргі кезде операцияның барлық түрі залалсыз қолғапты киіп жасалуы тиіс ! Кішігірім іс - әрекеттерді жасаған кезде және кездейсоқ жағдайларда колды өңдеместен залалсыз қолғапты китоге болады . Ал басқа операциялар үшін міндетті түрде , қолды өңдеп болғаннан кейін , залалсыз қолғапты кигені дұрыс , себебі қолғаптын тесілуі операциялық жараның ластануына ( инфицирленуіне ) әкеліп соғады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет