Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Күйіктер. Анықтамасы, жіктелуі. Күйік жараның көлемің анықтау әдістері. Күйік жараның жергілікті емі



бет120/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

2. Күйіктер. Анықтамасы, жіктелуі. Күйік жараның көлемің анықтау әдістері. Күйік жараның жергілікті емі.
Күйік ( combustio ) деп термиялық , химиялық , электрлік , сәулелік энергия ның әсерінен туындайтын ағзалар мен тіндердің спецификалық зақымдарын айтады . Зақымдаушы энергияның түріне байланысты оларды термиялық , химиялық , электрлік және сәулелік күйіктер деп ажыратады . Жалпы хирургиялық аурулардың 2 % -ын күйіктер құрайды және олардың ең жиі кездесетіні термиялық күйіктер болып табылады . Күйіктің дамуының себебіне жалынның , будың , қайнаған судың , балқыған темірдің және т.б. әсерінен болатын тіндердің шамадан тыс қызып зақымдалуы жатады . Термиялық әсердің белсенділігі зақымдаушы термиялық агенттің табиғатына , оның температурасына , әсер ету уақыты мен дамыған тіндік гипертермияның ұзақтығына байланысты болады . Мысалы , өте жоғары температура қысқа уақыт әсер етсе , зақымдалу тереңдігі кішігірім болуы мүмкін . Сонымен бірге , температурасы онша жоғары емес ( ыстық су , бу ) , бірақ ұзақ уақыт денемен жанасқан болса , онда тек тері ғана емес , сонымен қатар тереңде жатқан анатомиялық құрылымдар да зақымдалуы мүмкін . Инфрақызыл сәулелердің 5 мм тереңдікке еніп , тіндерді 50-60 ° С дейін қыздыру мүмкіндігі бар . Тіндердегі өзгерістер , олардың қызу деңгейіне байланысты болады . Егер температура 60 ° С - тан аспайтын болса , онда ылғал ( колликвациялық ) өліеттену дамиды , ал өте жоғары температуралық агенттермен белсенді қыздырса , тіндер құрғайды және құрғақ ( коагуляциялық ) өліеттену пайда болады .
Жіктелуі
XXVII Бүкілодақтық хирургтар съезінде күйіктің 4 дәрежелік жіктелуі қабылданды :
І дәреже – беткей эпидермальді күйік ( терінің қызаруы мен ісінуі , тұрақты артериальді гиперемия ) .
ІІ дәреже – терінің жоғарғы қабатының күйігі ( мөлдір сары түсті сұйық тыкка толған көпіршіктер пайда болады , эпидермис ажыраған ) .
3 А дәреже – дермальді күйік . Меншікті терінің зақымдалуы , бірақ бар лық қабаттары өзгеріске ұшырамаған , өсу қабаты мен тері қосалқылары сау қалады .
ІІІ В дәреже - күйік терінің барлық қабаттарына тараған , өліеттенген кабыршақ түзіледі . Кейбір жағдайларда тері асты шелмайы да зақымдалуы мүмкін .
IV дәреже – терімен қоса , меншікті шандырдан терең орналасқан тіндер де өліеттенеді – бұлшықеттер , сүйектер , сіңірлер , буындар . Күйікті емдеудің ерекшеліктеріне байланысты және болжамына қарай , оларды екі топқа бөледі .
Бірінші топқа беткей орналасқан ( I , II , III Адәрежелі ) күйіктер жатады .
Екінші топты - терең ( III Вжәне IV дәрежелері ) күйіктер құрайды , бұл кезде теріде өздігінен регенерация болмағандықтан , операция жолымен ғана қалпына келтіруге болады .
Күйіктің көлемін бағалау
Күйіктің көлемін анықтау үшін, әртүрлі әдістер қолданылады. Ю.Ю.Джанелидзе , Г.Ю.Вилявин , Б.Н.Постников және т.б. ұсынған кестелер мәлім. Күйік көлемін анықтаудың тиімді, әрі карапайым тәсілдері: A. Wаlасе -тің «Тоғыздық ережесі» және «алақан ережесі» , бұл кезде алақанның көлемі дене бетінің 1 % -ын құрайды . « Тоғыздық ережесінде » әрбір анатомиялық аймақ 9 % -ға тең : басы мен мойны – 9 %; тұлғасының алдыңғы және арткы беттері – әрқайсысы 18 % ; әрбір колы — 9 %; әрбір аяғы – 18 %; бұтаралығы мен сыртқы жыныс мүшелері 1 %. Б.Н.Постников әдісімен күйіктің көлемін дәл анықтауға болады. Күйіктің бетін, залалсыз целлофанмен жауып, күйіктің шекарасын сызып белгілейді. Содан кейін, целлофанды миллиметрлік кағазға қойып, күйіктің көлемін шаршы сантиметрмен есептейді. Арнайы кестемен күйіктің көлемі мен жалпы дене бетінің көлемінің пайыздық ара - қатынасын есептеу жеңілірек болады. Адам денесінің жалпы бетінің орташа көлемі - 16 000 см. Балаларда күйіктің көлемін анықтау үшін, арнайы кесте ұсынылған, онда бала жасына байланысты дене бөліктерінің ара - қатынасы есептеледі .
Күйік жарасының морфологиялық және клиникалық көрінісі
Күйік ауруы Күйіктер кешенді патологиялық өзгерістерді шақырып , өмірге маңызы зор жүйелердің барлығын қамтиды. Күйік ауруы — терінің және айналасындағы тіндердің термиялық зақымдалуының салдарынан дамитын клиникалық белгілердің кешені болып табылады. Күйік ауруының ауырлық дәрежесі , асқынулардың жиілігі және нәтижесі, негізінен терең жарақаттың көлеміне байланысты болады. Беткей күйіктердің көлемі дене бетінің 15 % құраса немесе терең күйіктерде – бұл өлшем 10 % болғанда, күйік ауруы дамиды . Егер I дәрежелі күйіктің көлемі дене бетіне шаққанда 100 % және I - IIIA дәрежелі күйікте – 30 % болса , онда науқастың жағдайы өте ауыр, өмірге қауіпті болып есептеледі. Сонымен қатар , 10 % -ға тең беттің, бұтаралықтың және сыртқы жыныс мүшелерінің ІІ және ІV дәрежелі күйіктері мен аяк қолдың 15 % -дан асатын күйіктері өмірге қауіп төндіреді . Ересек адамдарда күйіктің ауырлық дәрежесі мен оның болжамын анықтау үшін , Н.Frank болжамдық көрсеткішті ұсынды . Ол жарақаттың тереңдігі мен аумағын бағалауға негізделіп , шартты бiрлiкпен белгіленеді .
Күйік жарасының ағымы жарақаттың тереңдігіне байланысты болады , І - ІІ дәрежелі күйіктерде серозды - асептикалық қабыну , әдетте іріңдеумен асқынбайды және жедел қабынуды жойғаннан кейін , міндетті түрде эпителиальді элементтердің регенерациясы жүріп , жара жазылады . Күйіктің ІІІ , ІІ және ІV дәрежелерінде жараның жазылу үрдісі басқаша болады : күйік болған мезетте тіндер өліеттенеді – реактивті жарақаттық ісіну дамиды - іріңді демаркациялық қабыну пайда болады - регенерация кезеңі басталады . Іріңді - демаркациялық қабынудың нәтижесінде күйік жарасы өлген тіндерден тазарады . Регенеративті кезеңде грануляция , эпителизация және тыртықтану үрдістері дамиды
Күйікте көрсетілетін алғашқы көмек
Оттың жалынын өшіріп , жарақаттанған адамды кауіпті аймақтан шығарғаннан кейін , алғашқы көмекті ұйымдастыру қажет . Тіндердің гипертермиялық мерзімін қысқарту үшін және соған байланысты күйіктің тереңдігін азайту үшін , күйген аймақты суық сумен шайып немесе мұздатқыш заттарды қойып , салқындату керек . Жалпы қызуды басу үшін , киімнің түймелерін ағытып немесе оны шешіп , науқастың басына мұз немесе суық компрессті койған жөн . Күйік жарасына залалсыз кұрғақ таңғыш қойылады . Залалсыз таңғыш табылмаса , кез - келген таза матаны пайдалануға болады . Күйік жарасына ешқандай шаралар жүргізілмеуі тиіс , себебі олар ауыру сезімін күшейтіп , жарақаттанған адамның жалпы жағдайының нашарлауына әкеліп соқтыруы мүмкін . Қолдары күйген жағдайда жүзіктерді шешіп тастаған жөн . Күйген аймақтағы киімді шешуге болмайды , оны тігісінен ажыратып , абайлап алып тастайды . Ауыру сезімін басатын дәрілерді міндетті түрде енгізу керек .
Күйік жарасының емі
Күйік жарасының емі біріншілік хирургиялық өңдеуден басталады . Үлкен көлемді күйіктерде , оны наркозбен орындайды . І дәрежелі күйіктерде жараның өзін және оның шеттерін 70 % этил спиртімен өңдейді , содан кейін балық майымен немесе 5 % синтомицин эмульсиясымен таңып қояды . Кейбір жағдайларда залалсыз кұрғақ таңғыш салынады . Беті күйгенде ашық әдіс қолданылады , жараны залалсыз маймен майлап қояды . І дәрежелі күйіктер тыртық қалдырмай 1 аптаның ішінде жазылады .
ІІ , ІІІ дәрежелі күйіктерде ЖБХӨ - дің алдында шеттерін спиртпен өңдеп алады . Кейбір дәрігерлер жараның бетін фурацилин немесе басқа да
антисептиктермен жуып тазартуды ұсынады . Кішігірім және орташа көлемді көпіршіктерді жармайды , үлкендерін түбінен тесіп , ішіндегі сұйықтықты сыртқа шығарады немесе залалсыз құралмен кесіп алады . Содан кейін , күйген адамды әлдебір әдіспен емдейді .
Жабық әдісті қолданғанда жараның бетін 5 % синтомицин эмульсиясымен немесе вазелин майымен таңып қояды да , таңғышты мүмкіншілік болса , 10-14 күн ауыстырмай ұстайды . Жараға инфекция түспеген жағдайда II дәрежелі күйік 2 аптаның ішінде , ал ІІІ дәрежелі күйік - 3-4 аптада жазылады . Жабық әдісті аяқ - қолдары күйгенде немесе тұлғаның кішігірім күйіктерінде қолданған ыңғайлы . Жараның тазару кезеңінде ( эпителизацияға дейін ) полиэтиленгликоль негізінде жасалған , суда еритін майларды пайдаланған Полиэтиленгликоль жарадағы сұйықтықты өзіне сіңіріп , оның өліеттенген тіндерден тез тазаруына септігін тигізеді . Оларға 5 % диоксидин , 1 % йодопирон , сульфомилон , левомеколь майлары және т.б. жатады . Ашық әдіс беті күйгенде , үлкен көлемді күйіктерде және жаппай күйгенде қолданылады . ЖБХө барысында көпіршіктерді кесіп алады . Танғыш салмай ашық емдеу әдісі – ауада инфрақызыл сәулелері бар бөлмелерде , арнайы аэротерапевттік қондырғыларда ( АТҚ ) немесе залалсыз жылы ауа ағыны бар изоляторларда жүргізіледі . АТҚ - да 30-32 ° С - қа дейін жылытылған залалсыз тік ( вертикальді ) ламинарлы ауаның ағыны жіберіледі . Осы әдістерді қолданғанда жараның бетінде қабыршақ жылдам түзіліп , ІІ және ІІІ дәрежелі күйік болса да , жара жазылғанға дейін сақталады немесе одан да терең күйіктерде демаркациялық жолақ пайда болғанда , хирургиялық жолмен кесіліп алынады . Осы кондырғыларда орнатылған науқастың төсегі қоршаған ортадан мөлдір пленкамен шектеледі , ауа ағыны науқастың үстіңгі жағында әдейі орнатылған ұяшықтардан жіберіледі . Изоляторға залалсыз халат , маска және қолғап киген медицина қызметкерлеріне кіруге рұқсат етіледі . Күйіктің беті антибактериальді заттармен өңделеді . Күйікжарасының бетін құрғатып кептіру , тез - арада терең өліеттенген аймақтарды анықтап , некрэктомияы орындауға мүмкіндік береді . Ол үшін 5-7 - ші күннен бастап құрғақ қабыршақтың үстіне ( астында грануляциялык тiн пайда болғанға дейін ) некролиттік қасиеті бар таңғыштар салынады . Содан кейін , өліеттенген тіндерден тазарған жараның бетіне тесілген , торлы ксенотерінің қиықтарын ( кесінділерін ) қояды немесе жұқа қабатты антибактериальді майды жағады . Бірнеше күн өткеннен соң , аутодермопластика орындалады . Қосарланған әдіс жабық және ашық әдістерді бірінен кейін бірін жүргізеді . Сонымен қатар , жартылай ашық әдісті қолдануға болады . Бұл әдісте дәріге малынған дәкелік таңғыштарды жараның бетіне қойып , оны бекітпейді .

Билет № 28

1. Кескіш аспаптарды, инелерді және резинке биялайларды залалсыздандыруы.
2.Тарылтушы эндартериит. Себебі, патогенезі, клиникасы, емі.
ЖАУАБЫ.
1. Кескіш аспаптарды, инелерді және резинке биялайларды залалсыздандыруы
Залалсыздандырудың жалпы қағидалары
Залалсыздандыру ( латынша « sterilis » - ұрықсыз ) қандай да бір заттың физикалық , химиялық факторлардың әсерінен микроорганизмнен толық тазаруы , Залалсыздандыру асептиканың негізі болып табылады . Әдістер барлық , әсіресе , жоғары төзімді микроорганизмдердің өлімін қамтамасыз етуі керек . Сондықтан , залалсыздандырғыш заттарды пайдалану үшін , олардың спороцидтік белсенділігі канша уақытқа созылатындығына байланысты бағалайды . Тәжірибеде пайдаланылатын залалсыздандырғыштардың сапасы мынадай болуы қажет : бактерицидтік және спороцидтік белсенділігі тиімді болу керек ; медицина қызметкерлері мен науқастар үшін қауіпсіз болу керек ; кұрал - саймандардың жұмыс істеу қабілетін нашарлатпау керек .
Кесетін металл құрал - саймандарды залалсыздандыру
. Кесетін хирургиялық құрал - саймандарды термиялық залалсыздандыру , олардың өткірлігін төмендетеді . Бұл құрал - саймандардың негізгі залалсыздандыру әдісі – ол антисептикалық ерітінділерді пайдаланатын суық химиялық әдіс . Соңғы кезде таңу бөлмелеріндегі құрал - саймандарды ыстық құрғақ ауалы аспаптарда залалсыздандырып жүргендіктен , олардың өткірлігі біршама төмендеген , бірақ өте тиімді залалсыздандырылады . Ең жақсысы – газбен және заводтардағы сәулелі залалсыздандыру болы
табылады . Соңғы әдіс бір рет пайдаланылатын скальпель лезвиясына және инелерге ( атравматикалық тігіс жіптер ) көп жасалады .
Резеңкеден және пластмасстан құрал - саймандарды залалсыздандыру .
Негізгі әдіс автоклавта залалсыздандыру . Бірнеше рет залалсыз дандырылған резеңке өзінің эластикалық қабілетін жоғалтады және жарылып кетуі мүмкін . Сондай - ақ , резеңкеден жасалған заттарды 15 минут қайнатуға болады . Бір рет пайдалануға болатын пластмасстан жасалған заттарды , сүңгі түтіктерді ( катетерлерді ) және зондтарды заводта сәулелі залалсыздандырудан өткізеді . Резеңке қолғаптар жөнінде ерекше айтып өтуге болады . Соңғы кезде бір рет пайдаланылатын қолғаптарға сәулелік залалсыздандыру әдісі жүргізіледі . Көп рет пайдаланылатын жағдайда , оларды автоклавта арнайы ( аяйтын ) режимде залалсыздандырады : залалсыздандыру алдындағы өңдеуден кейін кептіреді , тальк себеді ( бір - біріне жабыспас үшін ) , дәкеге орап , бикстерге салады да , 1,1 атм . 30-40 минут немесе 1,5 атм . 15-20 минут автоклавта залалсыздандырады . Залалсыздандырылған қолғаптарды киген кезде , талькті кетіру үшін , спиртті мақта - шарикпен сүртеді . Шұғыл жағдайда мынадай әдіспен залалсыздандыруға болады : хирург қолғапты кигеннен кейін , 5 минут бойы 96 % спиртке батырылған мақтамен сүртеді .

Залалсыздандырудың физикалық әдістері Физикалық әдістерді термиялық жолмен іске асырады күйдіру және кайнату , бу қысымымен залалсыздандыру ( автоклавта ) , ыстық ауамен ( құрғақ ауамен ) , сәулелі залалсыздандыру .


Залалсыздандырудың химиялық әдістері Химиялық залалсыздандыруға газбен және антисептикалық ерітінділермен залалсыздандыру жатады .
Қазіргі таңдағы асептикада физикалық және химиялық залалсыздандыру әдістері қолданылады . Залалсыздандыру 4 кезеңнен тұрады :
1. Залалсыздандыру алдындағы дайындық .
2. Залалсыздандыруға дайындап орналастыру .
3. Залалсыздандыру .
4. Залалсыздандырылған заттарды сақтау .
Залалсыздандыру алдындағы дайындық Залалсыздандыру алдындағы дайындықка – тазалау , жуу және кептіру жатады . Оны барлық құрал - саймандарға жасау керек
залалсыздандыру алдындагыдайындыктын максаты - кұрал - саймандарды , инелерді пирогенді заттардан механикалық тазарту және гепатит вирусын жою . Қан болған құрал - саймандарды арнайы ерітінділерде жібітеді . Айта кететін жағдай , іріңді операциядан кейін , гепатитпен 5 жыл ішінде ауырған және ЖИТС қатерлі тобындағы науқастарға жасалынған операциядан кейінгі кұрал - саймандарды бөлек өңдейді . Залалсыздандыру алдындағы дайындықтың барлық шараларын міндетті түрде қолғап киіп жасау керек ! Құрал - саймандарды тазарту үшін , оларды дезинфекциялық ерітінділерге ( мысалы , 3 % хлорамин , 0,1 % диоцид , 5 % лизол ерітінділеріне ) салады . Содан кейін , оларды ағын суда жуып болған соң , арнайы сілтілі ерітіндіге салып , щетканың көмегімен жуады да , ағынды суда тағы бір рет шаяды . Болғаннан кейін , құрал - саймандарды өздігінен немесе ыстық ауалы шкафқа салып кептіреді .
2.Тарылтушы эндартериит. Себебі, патогенезі, клиникасы, емі.
Облитерациялаушы эндоартериит- аурудың негізінде ишемиялық симптомокомплекстің дамуымен жүретін қан тамырлардың стенозы мен облитерациясына әкелетін аяқтың дистальды бөлімі артерияларының дистрофиялық зақымдалуы жатыр. Бұл сырқат 20- 30 жастағы ер адамдарда жиі кездеседі. Облитерациялаушы эндоартерииттің ер адамдар мен әйелдердің арасындағы қатынасы 99:1 құрайды.
Этиологиясы:
Суықтың ұзақ әсер етуі-үсік шалу
» Аяқ травмалары »
Шылым шегу »
Авитаминоздар
Ауыр эмоцианалдық күйзелістер
Психикалық бұзылыстар, Инфекциялар , Аутоиммунды процестердің бүзылыстары
Патогенезі: Көптеген авторлар қан тамырлардың спазмы бүйрек үсті безінің гиперфункциясына байланысты дамитын гиперадреналинемия әсерінен тұрақты болып келеді деп есептейді.
Ұзақ уақыт дамыған артериялардың спазмы мен vasa vasorum қан тамырының созылмаль ишемиясына әкеледі, осының нәтижесінде интиманың гиперплазиясы, адвентициясының фиброзы мен қан тамырдың өзіндік нервті аппаратының дегенеративті өзгерістері туындайды. Интиманың өзгеруі салдарынан тромб түзіліп, тамыр қуысының тарылуы мен облитерациясы дамиды. Егер сырқаттың басында көбіне аяқтардың дистальды бөлімдерінің, әсipece балтыр мен табанның тамырлары зақымдалса, кейіннен патологиялық процеске ipi apтериялары (тізе асты, сан, мықын) қосылады. Артериялар бойымен қан ғымының жедел баялауы тіндік алмасу қамтамасыз ететін микроциркуляторлы тамырлардағы қан ағымын бұзады да, тіндерге оттегінің тасымалдануы төмендеп, тіндік гипоксия дамиды және артериоло- венулярлы анастомоздар ашылған кезде тіндік гипоксия күшейеді. Tіндерде оттегінің азаюы тотықпаған өнімдердің жиналуы мен метаболикалық ацидозға әкеледі. Осындай жағдайда қан қоюланып, оның коагуляционды белсенділігі, эритроциттердің агрегациясы ,тромбоциттердің адгезивті –агрегацялық қасиеті жоғарылап,дезагрегациялық қасиеті төмендейді.
1 саты- функциональды Компенсация сатысы . Науқастар бақайлардың ұштарында тоңу , кейде шаншу мен күйдіруге , қатты әлсіздік пен шаршауға шағымданады . Үсігенде аяқтың түсі бозғылт тартып , ұстағанда суық екені сезіледі . 4 * 5 кда " ч " ва жылдамдықпен 1000 м - ден артық қашықтықты жүргенде ауысатын ақсаңдау пайда болады . Себебі науқас көп жүргенде балтыр мен табан бұлшықеттерінде ауырсынуды сезе бастап тоқтауына тура келеді . Осы симптомның патогенезінде көптеген факторлардың маңызы бар , соның ішінде бұлшықеттердің жеткіліксіз қанмен қамтамасыз етілуі , оттегінің утилизациясының бұзылуы , тіндерде зат алмасудың тотықпаған өнімдері жиналуы ықпал етеді . Осы сатыдағы табан артериясындағы пульс әлсіз немесе анықталмайды .
2 саты – субкомпенсация сатысы. Алмасатын ақсаңдаудың интенсивтілігі артады және жоғарыда көрсетілген темппен жүргенде ақсаңдау 200 м жүргенде ( Па сатысы ) пайда болады . Табан мен балтыр терісінің өзіне тән эластикалық қасиеті төмендейді, құрғайды, қабыршақталады және табан астының терісінде гиперкератоз пайда болады. Тырнақ өсуі баялайды , қалыңдайды, сынғыш келеді , сұрғылт тартып өңі кетеді . Зақымдалған жердегі шаштардың өсуі бұзылып тақырланады . Тері асты клетчаткасының және ұсақ бұлшықеттердің атрофиясы дамиды. Табан артериясындағы пульсация анықталмайды.
З саты – декомпенсация сатысы . Зақымдалған аяқтағы ауырсыну тыныштық жағдайында пайда болады , науқас тек 25-30 м қашықтыққа дейін жүре алады . Тері түсі зақымдалған аяқтың орналасу жағдайына сәйкес жедел өзгереді : Жоғары көтергенде - бозарады Төмен түсіргенде қызарады Соңында жұқарып , тез жарақаттанғыш болып келеді . Қажалу , соғу , тырнақ алу кезіндегі шамалы жарақаттар жарылулар мен беткей ауырсынулы жаралардың түзілуіне әкеледі . Ауырсынуды басу үшін науқас аяғын төмен түсіріп мәжбүрлік жағдайда ұстайды . Балтыр мен табан бұлшықеттерінің атрофиясы үдейді . Еңбекке қабілеті төмендейді .
4 саты- деструктивті өзгерістер сатысы.Табан мен бақайларда ауырсыну тұрақты және шыдатпайтын болып келеді . Түзілетін жаралар көбіне аяқтың дистальды бөлімінде, жиі бақайларда орналасады. Жара шеті мен түбі лас - сұр түсті, ал грануляциялары болмайды, айналасында қабынулы инфильтрация бар.Балтыр мен табанның ісінуі қосылады . Бақайлар мен табанның дамитын гангренасы ылғалды болып келеді . Сан және тізе асты артериясындағы пульсация жоғары өрмелейтін артериальды тромбоздың әсерінен анықталмауы мүмкін.Еңбекке қабілеттілігі осы сатыда толық жойылған . Облитерациялаушы эндартерииттің ағымы көбіне ұзақ , көп жылдарға созылады . Ол өршу мен ремиссиялармен сипаттталады .
Ауру ағымының негізгі екі Клиникалық формасын ажыратады :
1.Шектелген - бір немесе қос аяқтың артериялары бірдей зақымдалады . Бұл форма қатерсіз жүреді және дамитын өзгерістер баяу жүреді .
2.Жайылған- тек қана аяқ артериялары ғана емес , сонымен қатар құрсақ аортасының висцеральды қан тамырларының , аорта доғасы тармақтарының , тәждік және церебральды артериялардың зақымдалуымен сипатталады .
Диагностикасы :
Диагностикасы үшін функциональды сынамалар мен арнайы зерттеу әдістері маңызды . Функциональды сынамалар ішінде аяқтың артериальды қанмен жеткілікті қамтамасыз етілуін көрсететін симптомдар .
Оппелдің плантарлы ишемия СИМПТОМЫ
Гольдфлам сынамасы
» Самюэлс и Шамова сынамасы »
Панченконың тізе феномены »
Саусақпен қысу симптомы .
Шамов Сынамасы: Науқасқа аяғын тізе буынын жазған күйде бүкпей 2-3 минутқа жоғары көтертеді және санының жоғарғы 1 \ 3 бөлігінің ортасына систолалық қысымнан жоғарылатқан қысымы бар Рива - Роччи аппаратының манжеткасын салады . Осыдан кейін аяқты горизонтальды жағдайда ұстап , 4-5 мин кейін манжетканы шешеді . Сау адамдарда орташа есеппен алғанда 30 с кейін бақайларының сыртқы бетінде реактивті гиперемия пайда болады . Егер ол 11/2 мин кейін пайда болса- салыстырмалы түрдегі шамалы қан айналымының жеткіліксіздігі , ал 11 / 2-3мин - қа кешіксе - орташа жеткіліксіздігі , егер 3 мин артық кешіксе- аса ауыр жеткіліксіздігі бар .
Емі :
Аурудың бастапқы сатысында консервативті ем тағайындаған дұрыс.Ол міндетті түрде комплексті түрде және патогенетикалық сипатта болуы тиіс. Облитерациялаушы эндартериитті емдеудің негізгі принциптері :
1.Қолайсыз факторлардың әсерлерін жою (суық тию, үсудің алдын алу, шылым шегу және алкогольді қолдануға тыйым салу );
2.Қан тамырлардың спазмын спазмолитиктермен (но -шпа, галидор, вазодилан, баметан сульфат және ганглиоблокаторлармен(дипрофен, дикалин, гексоний)
3.Ауырсынуды басу (анальгетиктер , 1 % новокаин ерітіндісімен артерияішілік блокадалар , эпидуральды блокадалар , Lg - 1,3 деңгейінде пара - вертебральды симпатикалық ганглийлердің блокадалары )
4.Тіндерде метаболикалық процестерді жақсарту ( В1, В6, В15, В12 витаминдері , никотин қышқылы, компламин, Солкосерил , брадикининдердің ингибиторлары -ангинин , продeктин , пармидин );
Консервативті емнен нәтиже болмаса , операцияға көрсеткіш болып табылады.
Аса жақсы нәтиже беретіні – Симпатикалық жүйке жүйесіне жасалатын операция - перифериялық артериялардың спазмын жоятын бел Симпатэктомиясы. Осының нәтижесінде коллатеральды қан айналымы жақсарады . Қазіргі кезде хирургтердің көбі 2-3 бел ганглилерінің деңгейіндегі шекаралық симпатикалық баған аймағы резекциясымен шектеледі . Процестің локализациясына байланысты біржақты немесе екі жақты бел Симпатэктомиясын жасайды.Бел ганглилерін бөліп алу үшін жиі құрсақтан тыс кірісу жолын таңдайды .
Операцияның Нәтижелілігі зақымдалған аяқ ишемиясының шамалы дәрежелі ( II саты ) науқастарда жоғары болады .
Некроз немесе гангрена болғанда – ампутацияға көрсеткіш болады . Оперативті кірісудің көлемі қатал түрде индивидуалданған болуы керек және аяқтың қанмен қамтамасыз етілуімен орындалуы тиіс . Айқын демаркационды сызығы бар бақайлардың изоляцияланған некрозында фаланганың экзартикуляциясын немесе некрэктомияны жасайды. Аса жайылған зақымдалуда бақай ампутациясын , трансметатарзальды ампутацияны және в поперечном предплюсневом сочленениедан ( сочленение Шопара ) табан ампутациясын жасайды . Кейде предплюсне - плюсневых буындар деңгейінде табан ампутациясына көрсеткіш пайда болады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет