Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Сіреспе. Себебі, патогенезі, клиникасы, сіреспенің алғашіы белгілері, алдын алуы



бет126/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

2.Сіреспе. Себебі, патогенезі, клиникасы, сіреспенің алғашіы белгілері, алдын алуы.
Сіреспе (tetanus) - бұл жедел ерекше инфекциялық ауру болып табылады. Ол күшті экзотоксиндер: тетаноспазмин мен тетаногемолизинді бөлетін, анаэробты спора түзуші - C.tetani таяқшасымен қоздырылады. Тетаноспазмин нерв жасушаларына әсер ете отырып, көлденең салалы бұлшыкеттердің тоникалық және клоникалық тырысуларын шакырады. Тетаногемолизин эритроциттерді гемолизге ұшыратады. Сіреспе таяқшасы жерде, әсіресе үй жануарларының соның ішінде сиыр, жылкының нәжісімен ластанған топырақта болады, тыңайтқыш ретінде бақшада және егістікте қолданғанда таралады. Микроб денеге закымдалған тері және шырышты кабыктар аркылы ластанған топырақпен бірге түсіп, сіреспені шақырады.
Инкубациялық кезең көбінесе 4-14 күнге созылады. Ол аз болған сайын, аурудын агымы да ауырлана түседі. Сіреспеге карсы табиғи иммунитет жок. Сіреспенің пайда болуында науқастың иммунологиялық жағдайы, микроорганизмнің вируленттігі, оның саны мен тіндердің бұзылу деңгейі үлкен роль атқарады.
Жалпы сіреспені – біріншілік - жалпы, жоғарылайтын, төмендейтін және жергілікті түрлерін ажыратады. Клиникалык агымына байланысты жедел және созылмалы болып бөлінеді.
Клиникалық көрінісі. Жергілікті сіреспе жараның айналасындағы бұлшыкеттердің зақымдалуымен және осы аймакта тырысулардың дамуымен, тері жамылғысының бозғылттануымен, жараның қабырғасының күнгірт түсті болуымен және аз мөлшерде бөліністердің шығуымен ерекшеленеді. Аурудын ағымы жеңілірек болады. Жергілікті сіреспе жалпыға кез - келген уақытта ауысуы мүмкін екендігін есте сақтау керек.
Жалпы сіреспенің жедел түрінің клиникалық көрінісі: бастың ауыруы, тері жамылғысының бозғылттануы, жоғары тершеңдік, әлсіздік, кейде дене қызуының 400С - тан жоғары болуы, тахикардия — 120 соккы/мин.
Сіреспенің негізгі белгісіне, тіпті аз қарқынды жарыкка, дыбыска және механикалық тітіркендіргітерге жауап ретінде дамитын клоникалық және тоникалык тырысулар болып табылады. Шайнау бұлшықеттерінің тырысуы байкалады - тризм. Бұл кезде науқас тілін тістеп калуы мүмкін. Мимикалық бұлшықеттердің тырысуын «сардоникалык күлкі» деп атайды. Үрдіске шүйде, мойын, арқаның ұзын, іштің бұлшықеттері камтылып, тұлғаның кенет жазылып иілуіне әкеледі де, оған белгілі бір калып береді – ол опистотонус деп аталады. Бұлшыкеттердің жиырылу күні соншалықты күшті болғандықтан, кейде бұлшықеттер мен сіңірлер жыртылады және сүйектердің сынуы байқалады. Зәр мен нәжістің бөлінуі тоқтап қалады. Тырысуға кабырғаралык бұлшықеттер мен диафрагма катысуы мүмкін. Осы кезде тыныстың бұзылыстары, тіпті оның тоқтауы және қабырғалардың сынуы байқалады, бұл науқастың өліміне себепші болуы мүмкін.
Жоғарылайтын немесе өрлейтін сіреспеде тырысулар жараның айналасынан басталып, тұлғаның барлық жерлеріне тарайды. Темендейтін немесе түсетін сіреспеде тырысулар бет бұлшықеттерінен басталады.
Сіреспенін алдын - алу шаралары жоспарлы және шұғыл болып бөлінеді. Жоспарлы шараларға вакцинация жатады АКДС және АДС.
Шұғыл шаралар: жараны epre хирургиялық өңдеуден өткізу: антибиотиктерді тағайындау; кездейсок жараланған науқастардың барлығына сіреспеrе карсы иммунизация жасау - егілген (вакцинация жасалған) науқастарға 0,5мл сіреспелік анатоксин салынады, егілмеген науқастарға 1 мл сіреспелік анатоксин және сіреспеге карсы сарысудың 3000 ХБ Безредко бойынша енгізіледі.
Сіреспенің емі. Науқасты реанимация бөлімінің бөлек палатасына көру, есту және механикалық тітіркендіргіштерден шектеп караңғы бөлмеге жатқызады. Наукас дәрігердің және мейірбикенің үнемі бақылауында болуы тиіс. Палатада ӨЖД аспабы, интубация мен трахеотомияға арналған кұралдардың жинағы, ауызды ашкыш, керекті дәрілік заттар болуы қажет. Наукаска седативті заттар, барбитураттар, нейролептиктер, тіпті ӨЖД үшін миорелаксанттар енгізіледі. Десенсибилизациялық дәрілер, Жүрек гликозидтері, тыныс аналептиктері, пневмонияның алдын - алу үшін антибиотикотерапия, оксигенотерапия тағайындалады. Энтеральді және парентеральді қоректендіру қолданылады, белокты және су - электролитті алмасудың бұзылыстарын қалпына келтіруге бағытталған ем жүргізіледі. Сіреспеде өлімнің деңгейі 50 % дейін жетеді. Ерекше ем: сіреспеге карсы сарысуды венаға енгізудің бір тәуліктік мөлшері - 100000 - 150000 ХБ; курстық мөлшері - 200 000 - 350 000 ХБ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет