Билет №7 Нематодалардың дамуына биотикалық факторлардың әсері


Кеміргіштер санының болжау принциптері



бет7/8
Дата27.04.2022
өлшемі19,68 Kb.
#140932
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7-8 билет

3. Кеміргіштер санының болжау принциптері.
Кеміргіштердің динамика саны.Популяцияның қалыптасуы.Жер бетінің әр түрлі аймақтарының рельеф,микроклимат және өсімдіктер жамылғысы бойынша өзіндік ерекшелітері бар.Әрбір шаруашылықта әр түрлі дақылдар өсіріледі,олардың арнаулы агротехникалық тәсілдермен өңдейді,сонымен қатар шаруашылық территориясында
жайылымдықтар,шабындықтар,орман алқаптары және тағы басқалары орналасады.Кез келген жерде бір біріне ұқсас территорияны кездестіруге болады.Бұл жерлерде кеміргіштер үшін қорек болатын өсімдіктермен қатар олардың тіршілігін қамтамасыз ететін жылу алмасу физиологиялық процестерін жүргізетін қолайлы жағдайлар қалыптасады.Бұндай территориялар станция деп аталады.Сұр тоқалтістілердің кейбір станциялары мынандай:күздік бидай,күздік арпа,жаздық арпа егістігі,көп жылдық шөптер танабы (1-жылдық, 2-жылдық және одан кейінгі жылдарға) әр түрлі отамалы дақылдардың егістігі,әр түрлі жайымдылықтар мен шабындықтар,шөп және сабан маялары:егістікті қорғайтын орман алқабы,су ағатын каналдар бойы,жыл бойы және тағы басқа жерлер.Бұл станцияларда сұр тоқалтістілердің тіршілік етуіне қолайлы жағдайлартуу мүмкін.Сондықтан,әрбір станцияларда кездесетін кеміргіштердің жасы әр түрлі болуы,сонымен қатар фенологиясы,даму қарқыны,тірі қалуы және саны жөнінен өзіндік ерекшеліктері байқалады.Кеміргіш түрлерінің популяциялары тіршілік етуге қолайлы станцияларды мекендейді.Бұндай популяциялар тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін. Батыс Қазақстан аймағында ұсақ саршұнақтың тіршілік ететін негізгі станциясы белгілі,олар астық егістіктері мен жайылымдықтар.Егістіктегі кеміргіштер кеміргіштер популяциясы қысқы ұйқыға жылдам дайындалып,олар май қорын мол етіп жинайды,особьтарының көпшілігі қыстан аман есен шығады.
Көптеген кеміргіштер жылына бірнеше ұрпақ беріп дамиды.Әр түрлі мерзімде туылған кеміргіштерге сыртқы орта температурасының әсері өзгеше болады.Түрлердің динамика саны екі көрсеткішпен айқындалады,стацияны қоныстанған кездегі және популяция тығыздығындағы өзгерістер.Тек қана осы екі көрсеткіштің қосындысы ғана түрдің сан деңгейіне сипаттама бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет