Функциональды жаттығу Мақсаты – қалыптасқан дертті жүріс – тұрыс стереотипін жаттығулар арқылы бұзу және жаңа сау стереотип қалыптастыру. Дәрігер бақылауымен және оның белсенді араласуымен фобия немесе истериялық бұзылысы бар науқастар біртіндеп өзіндегі бұзылыстардан алшақтайды, өзінің әрекеттері аймағын кеңейте түседі.
Мысалы, агорофобия кезінде алғашында науқас дәрігердің қолдауымен, дәрігермен бірге аулaға шығады, келесі күні аулa ортасына дейін жетеді, келесі күні көшеге шығады. Кейінірек ол осы әрекеттерді өзі жасайды, мүмкіндіктерін кеңейтіп отырады.
Сергектік жағдайындағы сендіру әдісі Дәрігердің күшті ықпал етуі арқылы жүргізілетін психотерапия әдісі. Әдіс науқастың эмоциональді – еріктік сферасына бағытталған, науқас сенгіштігі жоғары болған сайын тиімдірек болады. Бұл әдіс балаларда аффективті, ал ересектерде истериялық, фобиялық, неврастения белгілері болғанда қолданылады. Сендіру әдісі палатада немесе дәрігер кабинетінде жүргізіле береді. Наұқас бұл кезде жатады немесе көзін жұмып жартылай отырған күйде болады. Сеанстардың жалпы саны 15-20 рет.
Сендіру сеансы 3 сатыдан тұрады:
науқасты гипноздық ұйқыға енгізу
гипноздық ұйқы және осы жағдайда сендіру
гипноздық ұйқы жағдайынан шығару
Науқасты гипноздық ұйқыға жылдамырақ енгізу үшін сөздік сендіруден басқа метроном дыбысы, жауын шуы, теңіз толқыны шуылын, науқас терісін сипау және т.б. тәсілдер де қолданылады. Алдымен науқасты тыныштандырып, босаңсытады, содан соң денедегі жайлы сезімдермен жүретін ұйқы жағдайына енгізеді. Келесі сеанстарда науқасты мазалайтын тақырыптар қозғалады, оларға дұрыс баға беріліп, аурудан сауығып кететініне сендіреді. Гипноздық ұйқыдан шығу дәрігер командасымен іске асырылады.
Аутогенді жаттығу
Әдістің мәні – ағзаның вегетативті және соматикалық бұзылыстарын науқастың өз ерік күшімен реттеуі болып табылады. Аутогенді жаттығу Шульцтің әдістемесі бойынша жүргізіледі. Ол бойынша пациент 6 жаттығуды игеруі керек:
Дененің бүкіл бұлшықеттерін тез және толық босаңсыту;
Перифериялық тамырлар тонусына ерікті түрде әсер ету арқылы қол мен аяқта жылу сезімін шақыру;
Жүрек қызметінің ритмін ерікті түрде реттеу;
Тыныс ырғағы мен тереңдігіне әсер ету;
Құрсақ қуысы мен қантамырларының тонусына ерікті түрде әсер ету арқылы жылу сезімін шақыру;
Тамырларға әсер ету арқылы бас аймағында салқындық сезімін шақыру.
Мұның барлығы арнайы таңдалып алынған сөз формулаларын іштей бірнеше рет қайталау арқылы қол жеткізіледі. Ем курсы 12 аптаға созылады. Әрбір жаттығу 2 апта бойы 5-10 минуттан тәулігіне 3 реттен жиірек жүргізіледі.
№32 билет.
1 Жүйке жүйесінің пре- және перенаталды зақымдалуы. Жіктелуі эпидемиологиясы клиникасы диогностикасы емі