Білгірлер сайысы
1.Кіріспе.
-Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол,әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу.
Бүгінгі біздің сайысымыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің білгірін анықтау. Сайысқа 5 «Б» мен 6 «Б» сыныптардың топтары келіп отыр.Танысып қояйық. Топтардың атаулары (топтар өздерін таныстырады) «Алғаш жаттығу» (Разминка) «Мен+ сен = біз» (Қай топ бірінші болып есімдері бойынша алфавит ретімен сапқа тұрады
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1. «Бәйге»
2. «Шешуін тап». Афавиттік жұмбақ шешу
3. «Полиглот»
4. «Сөз құру»
5. «Тақырыптық әңгіме құру»
6. «Мақалды аяқта»
7. «Жанкүйерлермен ойын»
Сайыстың жүруі:
1-кезең «Бәйге».
1.Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев)
2.Абайдың шын аты? (Ибраһим)
3.Қазақ тілінде неше септік? (7)
4. «Закон сингармонизма» сөзінің қазақша мағынасы қандай? (Үндестік заңы)
5.Сөйлем неден тұрады? (сөз тіркесі мен сөздерден)
6. «Подлежащее» деген не? (бастауыш)
7. Қыс айларын ата (желтоқсан,қаңтар,ақпан)
8.Қыста не жауады,не сөғады? (қар,боран)
9.Барыс септігінің сұрақтарын ата? (кімге,неге,қайда)
10.Ілік септігінің сұрақтарын ата? (кімнің?ненің?)
11. Көмектес септігінің сұрақтарын ата? (кіммен?немен?)
12.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері қандай? (ертегілер,жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер,тұрмыс-салт жырлары,аңыз-әңгімелер)
13.Қазақтың ұлы ғалымы,Отырар қаласында туған өте білімді,өнерлі адам кім? (Әл-Фараби)
14.Күнпарақ дегеніміз не? (күнтізбе)
15.Бір жылда неше күн бар? (365)
16.Бір айда қанша апта бар? (4)
17.Бір тәулікте қанша сағат бар? (24)
18.Бір сағатта неше минут бар? (60)
19.Бір ғасырда қанша жыл бар? (100)
20.Бір аптада қанша күн бар? (7) 21.Тілдер күні (22 қыркүйек)
22. «Оқушы» сөзінің синонимы (шәкірт)
23.Республика астаны (Астана қаласы)
24.Еттен дайындалатын ұлттық тағам (бесбармақ,қазы-қарта,қуырдақ)
25. «Суффикс» сөзінің аудармасы (жұрнақ)
26.Аптаның бірінші күні (дүйсенбі)
27.Кабинет истории (тарих кабинеті)
28.Біздің қаланың атауы (Семей)
29.Бала оқытатын адам (мұғалім)
30. Мемлекеттік әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев,әні- Шәмші Қалдаяковтың). 31.Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
32. «Мұғалім» сөзінің синонимы (ұстаз,оқытушы)
33.Шығыс Қаз-н облысының орталығы (Өскемен қаласы)
34.Бие сүтінен дайындалатын ұлттық сусын (қымыз)
35. «Корень» сөзінің аудармасы (түбір)
36. Аптаның соңғы күні (жексенбі)
37. «Кабинет русского языка и литературы» (орыс тілі мен әдебиет кабинеті)
38.Адамды кім емдейді? (дәрігер)
39.Қалаға немен баруға болады? (пойызбен,автобуспен,машинамен)
40.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков).
2-кезең «Шешуін тап».
Қалған ойыншыға қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында 9 алфавиттік жұмбақ ұсынылады.
1.Тұзда бар,суда жоқ.
Мұзда бар,буда жоқ. (ұ)
2.Гауһарда бар,гүлнарда жоқ.
Жауһарда бар,сәуледе жоқ. (һ)
3.Үйде бар,шиде жоқ.
Күйде бар,биде жоқ. (ү)
4.Қазда бар,үйректе жоқ.
Құрда бар,шілде жоқ. (қ)
5.Дәнде бар,елде жоқ.
Сәнде бар,селде жоқ. (ә)
6.Бірде бар,үште жоқ.
Екіде бар,бесте жоқ. (і)
7.Қарғада бар,сауысқанда жоқ.
Тоғайда бар,аққуда жоқ. (ғ)
8.Шөлде бар,далада жоқ.
Көлде бар,теңізде жоқ. (ө)
9.Қайсы әріп қасарып,
Көнбейтін болуға бас әріп? (ң)
3-кезең «Полиглот».
Сайыскерлерге жұмбақ ұсынылады. Әр тілге 1 ұпайдан, Ең бай адам-көп тілді еркін меңгерген адам.Ал көп тілде еркін сөйлейтін адамды-ғылым тілімен «полиглот» дейміз.Елбасының талабы бойынша,біздіңмемлекетімізге көп тілді білетін мамандар керек. Сендердің араларында полиглоттар бар деп ойлаймын.Оны тексеру үшін сендерге жұмбақ жасырамын,сендер жауабын табасыңдар.Оны қазақ ,орыс, ағылшын тілдеріне аударыңдар.
1.Темір тілді,күміс үнді. (қоңырау-звонок-ring)
2.Мамықтай ұлпа,қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
Немесе- қаста келген,көктемде еріген (қар-снег-snow)
3.Қаласы бар,үйі жоқ.
Өзеңі бар,суы жоқ.
Орманы бар,бүрі жоқ.
Бақшасы бар,гүлі жоқ. ( карта-карта-map)
4.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама!
Немесе-
Көп әңгімем,өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Соған тиер көмегім. ( кітап-книга-book)
5.Түк білмей барасың,
Тәлім аласың.
Есейіп кетсең де,
Қарыз болып қаласың. ( мектеп-школа-school)
6.Суға батпайды,отқа жанбайды. ( мұз-лед-ice)
7.Табаныма байладым,қос таяқпен айдадым ( шаңғы-лыжи-snow-sri)
8.Оқушыға күнде еріп жүретін не? ( күнделік-дневник-biary)
4-кезең. «Зырылдауық» сөзінен сөз құрулары қажет,
5-кезең «Тақырыптық әңгіме»Топ көшбасшылары өздері таңдап алған тақырыптар бойынша 5-6 сөйлемнен тақырыптық әңгіме құрайды.
Ұсынылған тақырыптар:
1.Менің отбасым;
2.Менің досым;
3.Менің мектебім;
4.Менің күн тәртбім;
5.Менің ауылым;
6.Қыста.
6 –кезең. «Мақалды аяқта» кезеңінде мақалдарды аяқтауға тапсырма беріледі. Әр мақал үшін 1 ұпай есептеледі.
1.Өмір-үлкен ..... (мектеп) 2.Мектеп-кеме,білім - ...(теңіз)
3.Күлме досыңа,келер .....(басыңа) 4.Ұстаздан шәкірт .... (озар)
5.Отансыз- ...,ормансыз-бұлбұл (адам) 6.....жолдастан таяғым артық (жаман)
7.Күш-білімде,білім- ...... (кітапта) 8.Кітап- ....,тілсіз мұғалім (ғалым)
7-кезең «Жанкүйерлермен ойын» 1.Сөздердің антонимдерін табыңыз
1.жаңа 2.бүгін
3.жақсы 4.тар
5.кедей 6.биік
7.жас 8.ерте
9.көріксіз 10.қысқа 2.«Аударма» Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз
1.новый 2.расписание
3.носорог 4.булочка
5.характер 6.гимн
7.время 8.время года
9.август 10.сказка
11.неделя 12.страус
Қорытынды
«Жалпы білім беретін №18 орта мектеп» КММ
ҚАЗАҚ ТІЛІ АПТАЛЫҒЫ
5-6 сыныптар
Өткізген қазақ тілі мұғалімі
Жанұзақова Ж.Н
Семей 2012
1.Менің отбасым; 1.Менің отбасым;
2.Менің досым; 2.Менің досым;
3.Менің мектебім; 3.Менің мектебім;
4.Менің күн тәртбім; 4.Менің күн тәртбім;
5.Менің ауылым; 5.Менің ауылым;
6.Қыста. 6.Қыста.
1.Өмір - үлкен .....
2.Мектеп - кеме, білім - ...
3.Күлме досыңа, келер .....
4.Ұстаздан шәкірт ....
5.Отансыз - ..., ормансыз - бұлбұл
6.....жолдастан таяғым артық
7.Күш-білімде, білім- ......
8.Кітап - ....,тілсіз мұғалім
1.Өмір - үлкен .....
2.Мектеп – кеме, білім - ...
3.Күлме досыңа, келер .....
4.Ұстаздан шәкірт ....
5.Отансыз- ..., ормансыз - бұлбұл
6.....жолдастан таяғым артық
7.Күш-білімде, білім- ......
8.Кітап- ...., тілсіз мұғалім
Достарыңызбен бөлісу: |