Арнайы медициналық топтарда (денсаулығына байланысты, әр деңгейдегі оқушылармен) сабақ ұйымдастыру Жүйелі түрде жүргізілетін және ғылыми негізделген педагогикалық бақылаудың арқасында ғана дене шынықтыру балалар мен жасөспірімдердің денсаулықтарын сақтау мен нығайтудың, олардың физикалық дамуын жақсартудың тиімді әдісі бола алады. Осыған байланысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі физикалық жаттығулардың өсіп келе жатқан ағзаға әсері туралы жеткілікті деңгейде хабардар болуға тиіс. Сонымен қатар, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері өздерінің педагогикалық әдістерін бақылап, оларды оқушылардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес өзгертіп отырулары тиіс.