Білім алушы Сыныбы «Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары І нұсқа


Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында



бет5/7
Дата04.06.2020
өлшемі0,92 Mb.
#72343
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қазақ тілі ТЖБ (1)
д.з 45, Қазақ тілі ТЖБ (1)
2. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

Баяғыда бір бай мен кедей көрші тұрыпты. Бай өте жақсы өмір сүріпті. Ал кедей егін егіп, өз еңбегінің нанын жеп күнелтеді екен.

Бір жылы көктемде қатты су тасқыны болады. Бай бар алтынын көтеріп, биік ағаштың басына шығып кетіпті. Кедей де нанын алып, ағаштың басына шығады. Су тасқыны бірнеше күнге созылады. Қарны ашқан бай кедейге:

– Мына бір кесек алтынды алып, маған бір үзім нан берші, -дейді.

– Алтының өзіңе, нан бере алмаймын,- дейді кедей. Екінші күні бай тағы да:

– Алтынымның жартысын берейін, бір үзім нан берші, –деп жалынады. Кедей бере алмайтынын айтады. Ақыры, аштан өліп бара жатқан бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Байға жаны ашыған кедей өз нанымен бөліседі. Келесі күні су тоқтап, олар ағаш басынан түседі. Содан бері бай мен кедей араласып, жақсы көрші болған екен. Халықтың «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» дегені осыдан қалған болар.

1) Бай мен кедей ненің арқасында араласа бастады?

________________________________________________________________________________________


2) Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ құрастырып жаз.

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

3) Мәтінге ат қой. ________________________________________________________________________________________


4) Мәтіннің негізгі ойын анықтап жаз _________________________________________________________________________________ [4]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет