Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы



бет1/7
Дата28.01.2018
өлшемі1 Mb.
#34227
  1   2   3   4   5   6   7


Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 ақпанда № 13137 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
 
      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 21-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары бекітілсін.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне (Е.Н. Иманғалиевке) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қыркүйектен 1 сыныптар үшін, 2017 жылғы 1 қыркүйектен 2, 5 және 7 сыныптар үшін, 2018 жылғы 1 қыркүйектен 3, 6, 8 және 10 сыныптар үшін, 2019 жылғы 1 қыркүйектен 4, 9, 11 және 12 сыныптар үшін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.07.2016 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының


      Білім және ғылым министрі                         А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы  


Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 21 қаңтардағы
№ 52 бұйрығымен бекітілген

Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары 1. Негізгі ережелер



      1. Осы Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары (бұдан
әрі – Өлшемшарттар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 21-3) тармақшасына сәйкес және меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды анықтау үшін әзірленген.
      2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) оқыту мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқыту курсы кезінде білу, түсіну және дағдыларға қолжеткізу бойынша күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын пайымдаулар;
      2) өлшемшарттарды бағалау – білім алушылардың оқу жетістіктерін оқу процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі нақты айқындалған өлшемшарттарымен, білім берудің тиісті мақсаттары және мазмұнымен салыстыруға негізделген процесс;
      3) бағалау өлшемшарттары – қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім мен білім алушыға оқу мақсатына жеткенін тануға мүмкіндік беретін тұжырымдар (табыс өлшемшарттары), жиынтық бағалау кезінде білім алушы жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалауға мүмкіндік беретін тұжырымдар (балдарды қою өлшемшарттары);
      4) қалыптастырушы бағалау – сабақта немесе үйдегі күнделікті жұмыс барысында білім алушылардың ағымдағы игерген білімдері мен қалыптасқан дағдылары деңгейін айқындайтын және оқыту барысында білім алушылар мен мұғалімдер арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын, білім алушыларға жаңа материалды зерделеу кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағаны мен оқыту мақсаттарына жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін бағалау;
      5) жиынтық бағалау – оқу тоқсанның аяғында оқу бағдарламаларының бөлімдерін оқып аяқтауы бойынша білім алушылардың білімді меңгеруі мен дағдыларының қалыптасуы деңгейін айқындайтын бағалау.
      6) жылдық бағалау – оқу жылының соңында қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін қоса алғанда пайыздық арақатынаста білім алушыларға қойылатын баға;
      7) білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау нәтижелерін тіркеу журналы – қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін тіркейтін, тоқсандық және жылдық бағаларды автоматты есептеуді жүзеге асыратын құжат;
      8) білу – нақты фактілерді, ақпаратты және сипаттамаларды қайта жаңғырту немесе есте сақтау қабілеті;
      9) түсіну – ақпаратты дұрыс қайта жаңғырту, болжау немесе түсіндіру арқылы меңгерілген материалды түсіну және түсіндіру қабілеті;
      10) қолдану – проблемаларды шешу мақсатында меңгерілген материалды нақты жағдайларда және жаңа жағдаяттарда қолдану қабілеті. Практикалық жұмыс, эксперименттер, проблемаларды шешу мен жаңа және/немесе түрлі өнімдер жасау білімді қолдануды көрсетудің тәсілдері болып табылады;
      11) талдау – түрткілер мен себептерді, ой қорытындыларын анықтау, ортақ ережелерді негіздеу үшін дәлелдер табу арқылы ақпараттық материалдарды құрамдас бөліктерге бөлу, ақпаратты зерделеу қабілеті;
      12) жинақтау – бөліктерді (идеялар, элементтер) жаңа мәнмәтінге біріктіру, қиыстыру қабілеті, мысалы қолдағы бар мәліметтерді реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), іс-әрекет жоспары, сызбалар. Оқытудың тиісті күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу шығармашылық сипаттағы қызметті болжамдайды;
      13) бағалау – қандай да бір материалдың (пікірлер, көркемдік шығармалар, зерттеу деректері) маңызын бағалау қабілеті;
      14) тыңдалым – түрлі тақырыпта ауызша айтылғандардың негізгі мазмұнын түсіну; олардан негізгі ақпаратты айырып көрсету; айтушының пікірін тани білу; мәнмәтін бойынша сөздің мағынасын айқындау; түрлі стратегияларды қолдана отырып, білім алушылардың деңгейлеріне сәйкес мәтіндердің әр түрінің мазмұнын қабылдау және түсіну қабілеті;
      15) айтылым – түрлі тақырыптардағы әңгімеде сөйлесудің ресми және сөйлеу стильдерінің сөздерін қолдану; қажет ақпарат алу үшін анағұрлым күрделі сауалдар қою; өз ойын білдіру; күтпеген түсініктерге пікір білдіру; құрдастарымен тапсырманы орындау барысында қарым-қатынас жасау; арнайы лексиканы сауатты қолдану; тарихты және оқиғаларды қайта айтып беру қабілеті;
      16) оқылым – түрлі тақырыптардағы көркемдік және ғылыми мәтіндердің негізгі мазмұндарын түсіну, олардың ішінен ақпаратты іздестірудің түрлі стратегияларын қолдана отырып түйінді ақпаратты айырып көрсету; мәнмәтін бойынша сөздердің мағыналарын анықтау; автордың қатынасын және пікірін тани білу; сөздердің мағынасын тексеру және оқылғанды түсінуін тереңдету үшін қағаздағы және сандық дереккөздерді пайдалану қабілеті;
      17) жазылым – түрлі тақырыптарға жазбаша жұмыстарды жоспарлау, жазу, редакциялау және түзету; қазір болған және ойдан шығарылған оқиғалар туралы, оқылғанға сыни пікірлер жазу; орфографиялық және грамматикалық қателер жібермей, барынша сауатты жазу; белгілі стильді ұстану; түрлі тізбек-сөздерді қолдана отырып сөйлемдерді параграфтарға байланыстыру қабілеті;
      18) портфолио – бұл белгілі оқу мерзімінде білім алушының жеке оқу жетістіктерін тіркеу, бағалау және жинақтау тәсілі. Білім алушылардың портфолиосы оқу мақсатына жету дәлелі ретінде қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижерін жинақтау үшін арналған. Портфолио мүдделі адамдар үшін бағалаудың объективтілігін және ашықтығын білім алушылар нәтижелерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында енгізіледі.

2. Білім алушылардың тілдік емес және тілдік пәндер бойынша оқу


жетістіктерін бағалау өлшемшарттары

      3. Білім алушылардың тілдік емес пәндер бойынша оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары оқу материалын меңгерудің деңгейлерін бағалауға негізделген:


      1) білу;
      2) түсіну;
      3) қолдану;
      4) талдау;
      5) жинақтау;
      6) бағалау.
      4. Білім алушылардың тілдік пәндер бойынша оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары оқу материалын меңгерудің деңгейлерін бағалауға негізделген:
      1) тыңдалым;
      2) айтылым;
      3) оқылым;
      4) жазылым.

3. Білім беру деңгейлері бойынша білім алушылардың оқу


жетістіктерін бағалау өлшемшарттары

      5. Бастауыш білім беру деңгейі бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары:


      1) «Қазақ тілі мен әдебиет» оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін, «Орыс тілі мен әдебиет» оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін, «Ана тілі мен әдебиет» оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін сыныптар үшін:
      тыңдалым және айтылым:
      білім алушы әңгіменің, оқылған немесе тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және жеткізе алады, сөйлеушінің көзқарасын жеткізу жолдарын айқындайды, қорытынды жасайды, пікірталастың тақырыбын түсінеді және әдеби тіл нормасын сақтай отырып, оны талқылауға қатысады; сөйлеу барысында синонимдерді, антонимдерді, омонимдерді, тура және ауыспалы мағыналы сөздерді саналы түрде қолданады, мәнерліліктің эмоциялық-реңкті құралдарын қолдана отырып, әңгімелеу және сипаттау мәтіндерінің мазмұнын баяндаудың түрлі тәсілдерін пайдаланады, көркем шығармалардың мазмұнын баяндаудың түрлі тәсілдерін қолданады, тыңдағандарына және оқығандарына қатысты пайымдайды, өз ойымен және эмоциясымен бөліседі, логикалық дәйектілікті сақтай отырып, өз көзқарасын дәлелдейді, берілген тақырып пен коммуникативтік берілген нұсқауға сәйкес өзара байланысқан, логикалық тұрғыдан дәйектелген дербес пікір білдіреді, тілдік қатынастың әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, диалогқа қатысады, оқылған, тыңдалған ақпараттың негізінде қазақ халқының және өзге де халықтардың рухани-адамгершілік құндылықтары туралы түсінікті талдайды;
      оқылым;
      білім алушы халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті туындыларын оқиды және кейіпкерлердің мінез-құлықтарын талдайды және іс-әрекеттеріне баға береді, көркем мәтіндерді көркем емес мәтіндерден ажыратады, көркем шығармалардың негізгі идеялары мен композициясын айқындайды, көркем туындының жанрын айқындайды; өзінің жауабына/таңдауына негіздеме береді, автордың бейнені сомдау үшін қолданған әдеби көркемдеуіш құралдарын айқындайды, жазушының өз кейіпкерлеріне қатынасы туралы қорытынды жасайды, белгілі бір оқу түрлері мен стратегияларын қолдана отырып оқиды, мәтін түрлерін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) айқындайды, әңгімелерді/өлеңдерді мәнерлеп оқиды, өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды, көркем әдебиет туындыларында адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды;
      жазылым;
      білім алушы тиісті сөздерді негізді түрде іріктей отырып, әртүрлі типте, жанр мен стильде өз мәтіндерін құрастырып жазады, меңгерген грамматикалық, пунктуациялық және орфографиялық нормаларға сай жазады, жеткізудің түрлі тәсілдерін (суреттер, сызбалар, кескіндер, кестелер т.б.) қолдана отырып, мәтіндер жазады, жазудың гигиеналық және каллиграфиялық дағдыларын сақтайды, өз халқының және басқа халықтардың мәдениетіне, салт-дәстүріне байланысты тақырыптарға өзінің жеке көзқарасын білдіре отырып, шағын мәтіндер құрастырады.
      2) «Қазақ тілі» оқыту қазақ тілінде емес жүргізілетін сыныптар үшін, «Орыс тілі» оқыту орыс тілінде емес жүргізілетін сыныптар үшін:
      тыңдалым:
      білім алушы қарым-қатынас жасаудың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени сын өзекті аудиовизуалды материалдардың мазмұнын түсінеді, мәтіннің тақырыбын, негізгі идеясын, мәтіндегі басты және қосалқы ақпараттың мағынасын барынша толыққанды, терең және дәл түсіне алады, қарым-қатынас жасау жағдаяттарына, қарым-қатынас орнына және қарым-қатынасқа (коммуникацияға) қатысушыларға қарай сөйлеу стильдерінің қалай өзгеретінін түсінеді, түрлі пікірлерді ескере отырып, оқиғаның/әңгіменің мазмұнын болжайды;
      айтылым:
      білім алушы алдын ала дайындалған жазбалар мен жоспарды пайдалана отырып, әңгіменің, оқиғаның мазмұнын жеткізеді, оқығаны, естігені жөнінде сұрақтар құрастырады және көзқарасын білдіреді, ұсынылған тақырып пен белгіленген коммуникативтік тапсырма бойынша өзара байланысқан, логикалық жүйеге құрылған хабарламаны құрастырады, қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени саласында түрлі тілдік жағдаяттарға сай өзінің коммуникативтік ниетін білдіре отырып, диалогқа қатысады, әлемдік мұраға ұлттық мәдениеттің қосқан үлесін түсінеді және түсіндіреді;
      оқылым:
      білім алушы оқу түрлері мен стратегияларын пайдалана отырып, мәтіндерді оқиды, таныс емес сөздері бар мәтіннен негізгі ақпаратты, автордың шешімі мен бағасын түсінеді, көркем және көркем емес мәтіндерді ажыратып таниды, алуан түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табады, идеяны, оқиғаларды және кейіпкерлер іс-әрекеттерінің себептерін түсінетінін көрсетеді; сөздіктер мен анықтамалықтарды пайдаланып, таныс емес сөздер мен фразалардың мағынасын анықтайды, қазақ және орыс әдебиетінің көркем туындыларындағы адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды;
      жазылым:
      білім алушы тыңдалған мәтіннің, оқылған ақпараттың және көрген оқиғаның (тақырыптар, жекелеген деректер, пікірлер) қысқаша жазбаларын жасайды, тыңдалған/оқылған мәтіндегі ақпаратты үлгі бойынша жинақтайды, стильдік тиесілігін ескере отырып, мәтін құрастырады; орфографиялық, грамматикалық және пунктуациялық нормаларды ескере отырып, баяндау/баяндаусыз сипаттағы мәтіндерді құрастыру үшін тиісті лексикалық бірліктерді пайдаланады.
      3) «Шетел тілі»:
      тыңдалым:
      білім алушы таныс тақырыптар бойынша қысқа әңгімелесулердің негізгі мазмұнын түсінеді, таныс сөздер мен фразалардың айтылуын ажырата алады; түстер мен сандар туралы қысқа сұрақтарды түсінеді, таныс тақырыптар бойынша қысқа әңгімелердің мазмұны мен мәнін болжау үшін мәнмәтіндік тірек сөздерді пайдаланады, баяу және айқын дыбысталып айтылған шағын әңгімелердің жалпы мәнін түсінеді;
      айтылым:
      білім алушы негізгі ойды тұжырымдайды және өзі туралы әңгімелей алады, сұрақтар құрастырады, сұрақтарға жауап береді, заттар мен оқиғаларды сипаттағанда негізгі сөздер мен сөз орамдарын дұрыс интонациямен және екпінмен айтады, өзіне не ұнайтынын және не ұнамайтынын айтады;
      оқылым:
      білім алушы қарапайым иллюстрацияланған сөздікті пайдаланады, тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптағы көлемі шағын көркем және көркем емес мәтіндерді түсінеді, қысқа мәтіндердің негізгі ойын айқындайды, қысқа мәтіндерден нақты және детальді ақпаратты айқындайды, қазақ және шетел әдебиетінің көркем туындыларында адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды;
      жазылым:
      білім алушы жиі қолданылатын сөздердің жазылуы мен айтылуы арасындағы айырмашылықты білетіндігін көрсете отырып, дұрыс жазады, дауыстап оқығанда жай сөйлемдерді жаза алады, сөйлем соңында тыныс белгілерін дұрыс қояды.
      4) «Математика», «Ақпараттық-комуникативтік технологиялар»:
      «цифр», «сан», «координаталық сәуле», «санның бөлшегі», «жай бөлшек», «аралас сан», «санды өрнек», «әріпті өрнек», «теңдік», «теңсіздік», «бұрыштың градустық өлшемі», «жазық бұрыш», «сыбайлас бұрыш», «пайыз», «жиын», «симметрия», «ақпарат», «объект», «файл», «папка», «затбелгі», «модель», «компьютер желісі», «Интернет» ұғымдарының мәнін, ондық санау жүйесіндегі разряд бірлік мәндерін, жазық және кеңістік геометриялық фигуралардың түрлерін және олардың элементтерін, шаршы және тік төртбұрыш периметрі мен ауданын есептеу формулалары, бірдей дәрежелі бөлшектерді қосу және азайту қағидаларын, операциялық жүйе объектілерінің қызметін, ақпаратты ұсыну түрлері мен өлшем бірліктерін, компьютердің негізгі құрылғыларын, кіру мен шығу құрылымдарын, қолданбалы, сервистік бағдарламалардың және операциялық жүйенің мақсатын компьютерде жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасы қағидаларын біледі;
      натурал сандарға, шамаларға және олардың арасындағы байланысқа қатысты арифметикалық амалдардың мәні мен ретін, шамалар арасындағы қарапайым өзара тәуелділікті, жиындардың «қиылысуы» мен «бірігуіне» қатысты операциялардың мағынасын, пайызды бөлшек санмен өрнектеуді, бөлшек сандарды пайызбен өрнектеуді, тұрақты және айнымалы шамалар арасындағы айырмашылықтарды, компьютердің негізгі бөліктерінің қолданылуы, құрылымдарының, операциялық жүйе интерфейсі элементтерінің кіру және шығу құрылғысы, компьютерлік техниканың адам денсаулығына тигізетін әсері, ақпаратты және құрылымдарды зиян келтіретін бағдарламалардан қорғаудың маңыздылығы, ақпараттың авторларға сілтеме жасалған ілеспе қажеттілігін түсінеді;
      өрнектер жазу үшін, санды өрнектерді түрлендіру үшін, есептер шығару үшін математикалық символдарды, арифметикалық амалдар мен қасиеттерді, натурал сандар мен арифметикалық амалдарды ауызша және жазбаша есептеу амалдарын, шамалардың стандартты және стандартты емес өлшем бірліктерін (ұзындық, аудан, көлем, масса, уақыт), шамаларды өлшеу құралдарын, есеп шарттарын жазудың математикалық тілі мен графикалық модельдерін, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу алгоритмдерін, периметр мен ауданды есептеу формулаларын (шаршының, тік төртбұрыштың, тікбұрышты үшбұрыштың), жиын элементтері арасындағы қатынастарды көрсету үшін Венн диаграммасын, санның бөлігін және оның бөлігі бойынша санды табу білігін, ақпаратты жинауға, сақтауға, өңдеуге және жеткізуге арналған ақпараттық-коммуникациялық құралдарды, ақпараттың алуан түрлерімен жұмыс істеуге, модельдер құруға арналған қолданбалы бағдарламаларды, алға қойылған міндеттерді шешу үшін интернет қызметін; компьютерде жұмыс істеу қағидаларын қолданады;
      ауызша және жазбаша санаудың рационалды тәсілдерін, геометриялық фигуралардың ерекшеліктерін, сандық өрнектер мен айнымалысы бар өрнектердің мәндерін салыстыру нәтижесін, әртүрлі шамалар арасындағы тәуелділіктер (сан, баға, құн, жылдамдық, уақыт, арақашықтық, еңбек (жұмыс) өнімділігі, жұмыс ұзақтығы, жұмыс көлемі), заңдылықтарды және тізбектің жетіспейтін элементтерін табуды, күрделі емес комбинаторикалық және логикалық есептерді, есеп шартының сызба, кесте түрлеріндегі жазбасын, санаумен, өлшеумен байланысты деректер мен нәтижелерді, қолданбалы бағдарламалардың мүмкіндіктерін, желіде этикалық және құқықтық нормалардың бұзылу салдарын, мәлімделген талаптарға сәйкес іріктеп, түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты талдайды;
      заттарды олардың белгілері мен кеңістіктегі орналасуына қарай сыныптауышын, шамалар арасындағы тәуелділіктің математикалық моделін, шынайы әлемнің нақты объектілері мен процестерінің бейнелер мен сызбалар түріндегі ең қарапайым модельдерін, ұсынылған мәліметтер немесе математикалық модельдер бойынша есеп құрастырады және оған кері есеп құрайды; берілген заңдылықтар бойынша тізбек құрастырады, практикалық міндеттерді шешу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып, объектілер мен жағдаяттардың модельдерін, қолданбалы бағдарламалар мен желілік қызметтердің мүмкіндіктері туралы білімдерін түрлі міндеттерді шешу үшін жинақтайды;
      өлшем нәтижелерін; сандар, шамалар, геометриялық фигуралар туралы қарапайым тұжырымдардың ақиқаттылығын немесе жалғандығын, графика, кесте, диаграмма түрінде берілген деректерді, модельдің берілген өлшемшарттарға сәйкестігін, қолданбалы бағдарламалар мен желілік қызметтердің түрлі міндеттерді шешуде пайдалану мүмкіндіктерін бағалайды.
      5) «Жаратылыстану»:
      күн жүйесінің ғаламшарларын және олардың ерекшеліктерін, Жер мен оның табиғаты туралы, Ғалам туралы негізгі жаратылыстану түсініктерін, ғылыми таным әдістерін: бақылау, эксперимент, тәжірибе, зерттеуді жоспарлау мен жүргізу барысындағы қауіпсіздік техникасы негіздерін, апатты табиғи құбылыстар кезінде әрекет жасау қағидаларын, адамның, өсімдіктердің, жануарлар мен саңырауқұлақтардың өмірлік циклдерін, адамның, өсімдіктердің, жануарлар мен саңырауқұлақтардың негізгі органдарының құрылымы мен орналасу ерекшеліктерін және олардың функцияларын, өсімдіктердің, жануарлар мен саңырауқұлақтардың жіктелуін, фотосинтез процесінің негіздерін, жарықтың кейбір қасиеттерін, кейбір физикалық күштерді және олардың пайда болу себептерін, қуаттың кейбір түрлерін, Жер бетінде кеңінен таралған заттектердің құрамы мен қасиеттерін, түрлі денелердің қасиеттерін және олар қолданатын кейбір салаларды, пайдалы қазбалардың негізгі түрлерін және олардың маңызын, Қазақстан Республикасындағы пайдалы қазбалардың негізгі кеніштерін біледі;
      макро және микроәлем ұғымдарының мәнін, қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың және жер бетіндегі биоалуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын, жеке бас гигиенасын сақтаудың қажеттілігін, ағзаның қорғану функцияларын, табиғат компоненттерінің тірі ағзалар үшін маңызын, қоршаған ортаға енудің құралы ретіндегі ағзалар ерекшеліктерін, омыртқалы және омыртқасыз жан-жануарлардың қарапайым айырмашылықтарын, табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың қажеттілігін түсінеді;
      табиғи объектілерді, процестер мен құбылыстарды зерделеу үшін кейбір зерттеу әдістерін, табиғи объектілерді, құбылыстар мен процестерді өлшеудің стандартты және стандартты емес бірліктерін, табиғи объектілерді, процестер мен құбылыстарды өлшеудің қарапайым құралдарын, жүргізген зерттеулерді түсіндіруге қажет тиісті ғылыми терминологияны, өзі тұрып жатқан жердегі өсімдіктер мен жан-жануарларды жіктеу үшін олардың қарапайым белгілері туралы білімді қолданады;
      табиғат компоненттері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды, материалдарды қолдану мүмкіндіктерін айқындау үшін олардың қасиеттерін, белгілі бір аумақтың жануарлар мен өсімдіктер әлемін, алуан түрлі өмір сүру орталарының ұқсастығы мен айырмашылығын, өз зерттеулеріндегі және түрлі дереккөздерден алынған материалдарды талдайды;
      тірі және өлі табиғаттың объектілері мен құбылыстарына зерттеу жүргізуді жоспарлау және өткізу үшін алынған білімі мен дағдыларын, сурет, сызба, графиктер, диаграммалар, кестелер түріндегі ақпараттық материалдарды, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты идеяларды, микро - және макроәлемнің объектілері, құбылыстары мен процестерінің имитациялық және географиялық үлгілерін жинақтайды;
      табиғи объектілердің, құбылыстар мен процестердің даму факторлары мен жағдайын, адамның әрекеті мен қоршаған ортаның жағдайына ғылыми-техникалық прогрестің салдары, ғылыми-техникалық прогрестің адамның тіршілік әрекетіне әсері, жасалған болжамға өз зерттеулерінен алынған нәтижелердің сәйкестігін бағалайды.
      6) «Дүниетану»:
      білім алушының күнделікті өмірі өтетін отбасының, мектеп қоғамдастығының құрылымын, құрамы мен функциясын, адамның ең негізгі әлеуметтік функцияларын, «адам – қоғам» өзара байланысы туралы бастапқы мәліметтерді, «қауіпсіздік», «денсаулық» ұғымдары және олардың басты белгілерін, жеке тұлғаның, отбасының, қауымдастықтардың және тұтас қоғамның ерекшеліктерін және олардың адам өміріндегі маңызы мен атқаратын рөлін, тұтыну тауарларының негізгі түрлерін және олардың құрамын, Қазақстанның тарихы мен географиясы туралы жалпы мәліметті, Қазақстан халқы мен Қазақстан халықтарының негізгі дәстүрлері мен фольклорын, Қазақстанның әлемдегі орны мен рөлін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін, жалпыадамзаттық құндылықтарды, оң және достық қарым-қатынас жасау қағидаларын, этикет қағидаларын, мектеп оқушысының құқықтары мен міндеттерін, саламатты өмір салтының қағидаларын біледі;
      адамның сыртқы белгілерінің себептілік шарттылығын, өзінің Қазақстанның жас азаматы ретіндегі және белгілі бір ұлт өкілі ретіндегі өзінің азаматтық болмысын, отбасының, туған жері мен Атамекенінің құндылығын, көпұлтты қазақстандық қоғамның құндылығын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің маңызын, қоғамдағы адамның адамгершілік мінез-құлық нормаларын, өз өмірінің мектеп өмірімен, ауыл, қала өмірімен, тұтас ел өмірімен тығыз байланыста екендігін, қоғамға қызмет етудің маңыздылығын, әртүрлі тұрғылықты жер түрлерінің функционалдық және құрылымдық ерекшеліктерін, өз ойы мен сөзінің, іс-әрекетінің бір жерден шығуына өз жауапкершілігін, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың мәнін, адам өміріндегі және қоғам дамуындағы саяхаттардың рөлін; адамның өзін тануы мен өзін дамытудың маңыздылығын, «еңбек», «өзара түсіністік», «өмірге қуанышпен қарау», «қиындыққа мойымау», «мейірімділік», «жомарттық», «кең пейілділік», «патриоттық», «шығармашылық» ұғымдарының мазмұнын және маңыздылығын, саламатты өмір салтын ұстануы керектігін, табиғаттың өмірлік қуат көзі ретіндегі мәнін, табиғатқа қамқорлық көрсетудің маңызын түсінеді;
      таным әдістерін қоғамдық процестер мен құбылыстар зерттеу үшін, оқу тапсырмалары мен шығармашылық, танымдық, зерттеу, жобалау сипатындағы жұмыстарды орындау үшін, қарапайым қаржылық қарым-қатынастардағы жеке басының тәжірибесі мен білімін, саламатты өмір салты туралы, жеке бас гигиенасы туралы, тамақтану және күн тәртібі туралы білімін, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету туралы қарапайым білімін, қоршаған ортаға бейімделудегі өзінің жеке және қоғам тәжірибесін, отбасында және ұжымда өзара оң және достық қарым-қатынасты сақтау мақсатындағы қатынас қағидаларын қолданады;
      Қазақстанның әлемдегі орнын, қазақ халқының және елде тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдерінің мәдени және салт-дәстүрлерінің ортақ және ерекше белгілерін, жеке тұлғаның, отбасының, мектеп қауымдастығының даму факторларын, адам өміріндегі негізгі ресурстардың мәнін; денсаулық пен қауіпсіздік факторларын, адамның көңіл-күйінің, сезімі мен адамдар іс-әрекетінің көрінісі, олардың себеп-салдарын, өзіндік эмоционалдық күйін талдайды;
      қоғамдық құбылыстар мен процестерді жүйелеу және топтастыру үшін білімі мен дағдыларын, қоғамның кейбір өзекті проблемаларын айқындау үшін білімі мен дағдыларын, кеңістікте (орын), уақытта (хронологияда), әлеуметтік ортада (қоғамда) бағдарлануы үшін жеке шешімдерін; отбасылық, тұлғааралық және қоғамдық салаларда коммуникация модельдерін, өмір қауіпсіздігі, саяхатты ұйымдастыру бойынша өз жобаларын, өзіндік рухани-адамгершілік дамуы бойынша шешімдерін жинақтайды;
      адамгершілік нормасы тұрғысынан өзінің мінез-құлқы мен айналадағы адамдардың істерін, отбасының, қоғамның, мемлекеттің әрбір адам өміріндегі маңыздылығын, заманауи өмірдегі дәстүр мен фольклордың рөлін, тұтыну заттарының маңыздылығы мен құны бойынша құндылығын, сабақта өз жұмысына қанағаттану дәрежесін, тұлғааралық, қоғамдық және қаржы-экономикалық қарым-қатынас саласында өзінің ілгерілеу деңгейін, өзінің эмоциялық және физикалық қалпын, адамдардың тәртібін жалпы қабылданған адамгершілік нормалары тұрғысынан бағалайды.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет