Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы



бет2/7
Дата31.12.2019
өлшемі83,15 Kb.
#55324
1   2   3   4   5   6   7
      7) «Көркем еңбек», «Музыка»:
      сызықтардың және формалардың негізгі түрлерін, негізгі және қосымша түстерді, сурет салуға және сәндік-көркем жұмыстарға керекті негізгі материалдар мен құралдарды, өнердің негізгі түрлері мен жанрларын, өнердің әр алуан түрлері бойынша жұмыс істеудің негізгі техникаларын, әлемдік және отандық суретшілердің кейбір үздік туындыларын, музыкалық сауаттылықтың негіздерін, музыкалық мәнерліліктің басты құралдарын, вокалдық және аспаптық жанрлар мен стильдерді, қазақтың халық аспаптарын және әлем халықтарының аспаптарын, қазақ халық музыкасының, Қазақстан сазгерлерінің және әлемнің басқа елдерінің ән және аспаптық репертуарларының кейбір үлгілерін, қарапайым музыкалық импровизациялар жасау тәсілдерін біледі;
      өнердің өмірмен байланысын, орындау техникасының өнердің түрімен, стилімен, жанрымен байланысын, Қазақстанның сәндік-көркем өнеріндегі ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктері мен маңызын, қазақ халқының мәдениеті мен басқа да халықтардың мәдениеттеріндегі өнер туындыларының маңызын, қазақ халқы мен басқа да халықтардың ұлттық музыкалық дәстүрлерінің ерекшеліктері мен маңызын, музыкалық туындылардағы берілетін идеяларды, сезімдерді, көңіл-күйлерді, халықтық және сазгерлік музыканың ерекшеліктерін түсінеді;
      заттарды бейнелеудегі перспектива және композиция заңдарын, қарапайым көркем жұмыстарды жасау үшін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, шығармашылық идеяларды, көркем және техникалық еңбек өнімдерін жасау үшін түрлі көкемдік жұмыс құралдары мен техникаларын, шығармашылық жұмысты орындаудағы өнер туындыларының түрлері, жанрлары мен стильдері бойынша білімін, техникалық қауіпсіздік қағидаларын, қарапайым вокалдық және аспаптық импровизациялар мен аранжировкаларды жасауға арналған музыкалық мәнерлілік құралдарын, жеке және ансамбльмен ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларын қолданады,
      өзіндік жұмысты ұйымдастыру үшін өнердің алуан түрі бойынша ақпаратты, қазақ халқының және әлемнің басқа да халықтары өнерінің стильдері мен жанрларын, эксперименталдық, зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған материалдар мен аспаптардың қасиеті мен сапасын, бейнелеу өнері, техникалық және көркем еңбек бойынша шығармашылық жобаларды, композиторлық музыканың стильдері мен жанрларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, қарапайым эксперименталдық жұмыстарды орындау және музыкалық импровизация мен аранжировкаларды жасау үшін дыбыстардың қасиеттерін талдайды;
      бейнелеу өнері, техникалық және көркем еңбек бойынша, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып шығармашылық жобаларды, негізгі және аралас техникада алуан түрлі материалдар мен құралдарды, жұмыс істеудің тәсілдері мен амалдарын қолдана отырып көркем жұмыстарды, музыкалық шығармалардың қарапайым импровизациясы мен аранжировкаларын, зерттеулер нәтижесі бойынша шығармашылық идеяларды жинақтайды;
      көркем жұмыстардың және музыкалық шығармалардың негізгі мақсатын, образдары мен идеяларын, жеке/ұжымдық орындалған көркем және техникалық еңбек туындыларын, музыкалық шығармаларды, импровизациялар мен аранжировкаларды бағалайды.
      8) Дене шынықтыру:
      ағзаның дамуына ықпал ететін негізгі дене шынықтыру жаттығуларын, оларды орындаудың қағидалары мен техникасын, дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысындағы техникалық қауіпсіздік қағидаларын, сергіту жаттығулары мен ширатып шынықтыру жаттығуларын орындау қағидаларын, дене жаттығуларын орындау кезіндегі ағзадағы өзгерістерді бақылау тәсілдерін, дене даярлығын жақсарту үшін дене бөліктері мен бұлшық еттерді дамыту әдістерін біледі;
      дене шынықтырудың денсаулықты нығайтудағы маңызын, дене шынықтыру мен спорттың елдің дамуындағы және сол үшін мақтаныш сезімін қалыптастырудағы рөлін, орындалатын жаттығулардың күрделілік деңгейін, түрлі физикалық жүктемелердің талап етілетін қарқындылығына қол жеткізу қажеттілігін, дене, психикалық және эмоциялық саламаттылықты сақтау мен қолдаудың маңызын, түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде туындайтын тәуекелдерді түсінеді;
      келісілген мақсаттарға қол жеткізу үшін өзіндік/бірлескен жұмысты орындау дағдыларын, кешенді дене жаттығуларын орындау кезінде қолданылатын композициялық амалдар мен ережелер туралы білімін, уақытты, кеңістікті, дағды мен қозғалыс координацияларын түсінетінін көрсете отырып, дене жаттығуларын орындаудың дұрыс бірізділігін, дене дамуындағы кемістіктерді және денсаулық үшін ықтимал тәуекелдерді жоятын арнайы жаттығуларды, дұрыс тамақтану мен қозғалу режимінің негізгі қағидаттарын қолданады;
      болашақ оқуды және мінез-құлқын басқару үшін топта дене шынықтыру жаттығуларын орындаудағы өзінің жетістіктері мен тәжірибесін, дене шынықтырудың әр түріндегі жеке қабілеттерін және сенімділігін жақсарту, ортақ мақсатқа қол жеткізудегі ынтымақтастық және әділ жарыс жағдаяттарын талдайды;
      қозғалыс түрлерінен тұратын белгілі бір қозғалыстар комбинацияларын, сондай-ақ түрлі спорт тактикаларын пайдалана отырып стратегияларды, дене шынықтырудың алуан түрлі жағдаяттарына бейімделу үшін білім мен дағдыларды жинақтайды;
      әртүрлі физикалық жүктемелерді орындау кезінде туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді, өзінің және өзгелердің физикалық мүмкіндіктерін, мектепішілік және мектептен тыс спорттық іс-шараларға қатысу үшін өзінің мүмкіндіктерін бағалайды.
      6. Орта білім беру деңгейі бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары:
      1) «Қазақ тілі мен әдебиет» оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін, «Орыс тілі мен әдебиет» оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін, «Ана тілі мен әдебиет» оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін сыныптар үшін:
      тыңдалым және айтылым:
      білім алушы сөйлеу мінез-құлқының имплицитті және эксплицитті көрсетілген формаларын иеленген, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-әлеуметтік, оқу-кәсіби қарым-қатынас жасау салаларына тиісті өзекті мәтіндерді түсінеді, өзіндік пікірін білдіру үшін қажетті грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды, ауызша қарым-қатынаста түрлі мақсаттар мен әдіске жету үшін тілдік құралдарын пайдалана отырып, диалогты қолданады, ауызша қарым-қатынас жасағанда өмірлік жағдайлармен байланыстырады, тілдік қатысымның әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып диалог және әңгімеге бастамашы бола алады;
      оқылым:
      білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және нақты ақпаратты түсінеді және өзінше түсіндіреді, мәтіннің құрылымдық және композициялық бөліктерін салыстырады, қарым-қатынас жасаудың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-кәсіби салаларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады, зерттеу, түсініктеме беру, таңдау, рөлдік оқу, белгілеп оқу, арнайы ақпарат алу мақсатымен оқу, талдамалы оқулары сияқты оқу стратегияларын қолданады, идеяларды қалыптастырады, оларды сын тұрғысынан түсіндіреді және оқылған мәтін негізінде әртүрлі болжам жасайды;
      жазылым:
      білім алушы тыңдаған және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі жанрдағы және стилдегі мәтіндерді жазады, коммуникативтік құрылғыларға сәйкес әртүрлі тілдік құралдарды пайдаланады, мәтінде сандық, графикалық ақпаратты өзгертеді және керісінше; ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін мақала, эссе, хат жазады, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік мәдени және оқу-кәсіби салаларына қатысты мәтіндерді қалыптастыру кезінде тілдің көркемдік бейнелеуіш құралдарын пайдалану, қарым-қатынас жасаудың анықтамалық материалды пайдалана отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды.
      2) «Қазақ тілі» оқыту қазақ тілінде емес жүргізілетін сыныптар үшін, «Орыс тілі» оқыту орыс тілінде емес жүргізілетін сыныптар үшін:
      тыңдалым:
      білім алушы мәтіннің негізгі мазмұнын, сондай-ақ сөйлеушінің ниетін білдіретін неғұрлым функционалды маңызды ақпаратты түсінеді, терминдердің семантикасы мен әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-танымдық тақырыптар бойынша мәтіннің негізгі бөліктерін түсінеді; мәтін мазмұны бойынша жауап береді, деректер мен пікірлердің ерекшелігін ажырата алады, орташа көлемді әртүрлі жанрдағы мәтіндердің негізгі мәселелерін анықтайды, мәтінде айтылған деректер мен құбылыстар, оқиғалар арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды орнатады және көрсетеді, айтылған ойдың мазмұнын болжайды;
      айтылым:
      білім алушы алдын ала ұсынылған тілдік қатынас іске асыра отырып, тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, адамгершілік, интеллектуалды тақырыптар бойынша диалогке түсе алады, ұсынылған тақырып бойынша ақпараттты талдайды және жинақтайды, белгілі бір тақырып бойынша айтылған ойға баға береді;
      оқылым:
      білім алушы тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, адамгершілік, интеллектуалды тақырыптар бойынша берілген нақты бір күрделі мәтіндерді түсінеді, зерттеу, түсініктеме беру, таңдау, рөлдік оқу, белгілеп оқу, арнайы ақпарат алу мақсатымен оқу, талдамалы оқулары сияқты оқу стратегияларын қолданады, құрылымдық-композициялық, лингвистикалық ерекшеліктерін салыстырады, негіздемелі қорытынды шығара және оқығанына сыни тұрғыдан баға бере отырып, мәтіннің мазмұнын талдайды және жинақтайды;
      жазылым:
      білім алушы түрлі тілдік құралдарды қолдана отырып, естігені және оқығаны негізінде түрі, жанры және стилі әртүрлі мәтіндер жазады, әртүрлі деректерден ақпараттар алу арқылы ақпараттық түрдегі мәтіндер жазады, нақты тақырып бойынша күрделі және толық жоспар жасайды, түрі, стилі әртүрлі мәтіндердің мазмұнын салыстырады, талдайды және бағалайды, орфографиялық және граматикалық нормаларын сақтайды, троптар мен тілдің көркемдік-бейнелеуіш құралдарын қолданады;
      3) «Шетел тілі»:
      тыңдалым:
      білім алушы оқытылған тақырыптар аясындағы екінші кезектегі мәселелерді қалдырып, басты деректерді анықтайды, оқытылған тақырыптар аясындағы мәтіндердің негізгі мазмұнын түсінеді, оқытылған тақырыптар аясындағы бөлшектік ақпаратты түсінеді, қосымша ақпарат алу мақсатында естігені бойынша күрделі сұрақтар құрастырады, оқытылған тақырыптар аясында айтушының ойын негіздейді;
      айтылым:
      білім алушы оқытылған тақырыптар аясында оқиғаның логикалық жолдарын құрып, мәтіннің негізгі мазмұнын жеткізеді, ресми және ресми емес стильдерді қолданады, нақты ақпарат алу үшін сұрақтар қояды, оқытылған тақырыптар аясында мәтіндерді салыстырады және қарама-қарсы қойып салыстырады; оқытылған тақырыптар шеңберінде ойын негіздей отырып, өз пікірін білдіреді, өз елі мен оның мәдениеті жағдайында шетел тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас туралы ақпарат ұсынады, түрлі мәдениеттер өкілдеріне қарым-қатынас төзімді танытады; әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның табысты интеграциясы үшін шетел тілінде алатын мәнін түсінеді және түсіндіре алады;
      оқылым:
      білім алушы оқытылған тақырыптар аясында әртүрлі стиль мен жанрдағы мәтіндердің негізгі мазмұнын анықтайды, оқытылған тақырыптар аясында әртүрлі стиль мен жанрда берілген мәтіндердегі бөлшектік ақпаратты түсінеді, түрлі ақпараттық ресурстарды шетел тілінде қолданады, оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіндердің арнайы ақпаратын анықтайды, мәтіннің атауы, мәтін үзінділері, суреттері, тірек сөздері бойынша мазмұнын болжайды, автордың көзқарасын немесе пікірін түрлі мәтіндерден алынған ақпаратты бағалайды;
      жазылым:
      білім алушы кесте, диаграмма, сызба, сауалнама, формуляр және т.б. толтырады, жоспар құрады, оқытылған тақырыптар аясында мәтін жазады, түзетеді, коммуникативтік міндеттерге сәйкес мәтіннен қажетті үзінділер алады, алдын ала оқыған тақырыптар бойынша алған біліміне сүйене отырып, шын мәніндегі және/немесе ойдан шығарылған өткен, осы және болашақта болатын оқиғаларды суреттейді, оқытылған тақырыптар шеңберінде берілген мәтіннің тыныс белгілерін сауатты және дұрыс қояды, тиісті ережелер мен түрлерін сақтай отырып, әртүрлі стиль мен жанр бойынша мәтіндер құрайды.
      4) «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті», «Өзбек әдебиеті», «Тәжік әдебиеті», «Ұйғыр әдебиеті»:
      әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін, әртүрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын, фольклорда халықтың тұрмысының, салт-дәстүрінің бейнелену ерекшеліктерін, терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттелуін, оқылатын шығармалардың дәйек сөздерін біледі;
      әлемдік мәдениетте ұлттық көркем мұраның мәнін, мәдениеттің аса маңызды жетістіктерінің бірі ретінде әдебиеттің рөлін, адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәнін, әдебиетте құбылыстардың нақты бейнеленуін, әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын, форма мен мазмұн бірлігіндегі көркем шығармаларды, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, мәселелерін, шығармадағы автордың көзқарасын, көркем туындылардағы ашық айтылған және бүркеулі түрде айтылған мағыналарды түсінеді;
      әдеби тақырыпқа жазбаша немесе ауызша шағын пікір дайындау кезінде, талдамалық сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру, оқыған мәтінге өзіндік түсініктеме беру кезінде, оқырмандар ортасы үшін өзектілігін анықтау және көркем шығармаларды бағалау үшін, пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысу, қажетті ақпараттарды іздестіруге пайдаланады;
      оқығанына, тақырыпқа, идеясына және шығарманың композиция, сюжет ерекшеліктеріне өзінің қарым-қатынасын дәлелдеген әртүрлі жанрда бейнеленген шығармаларды, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, кейіпкерлердің негізгі эпизодтарын, іс-әрекетін және амалдарын, әлемдік әдебиет туындыларымен және өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстыра отырып, көркем шығарманың, жазушының стиль ерекшеліктерін талдайды;
      көркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау жолдарын таңдау үшін, көркем шығармаларды талдап қорыту және әлемді тұтастай қабылдау үшін, тарихи деректермен фактілерді салыстыру, әртүрлі жоспарлар құру, қазақ және басқа да халықтардың құндылықтарымен өзара байланысына арналған әртүрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған білімді, білікті және дағдыны жинақтайды;
      оқылған шығарманы, композициялық, стильдік, бірлік, тілдік ресімдеу тұрғысынан және алған қойылған коммуникативті міндеттердің орындылығы, қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан ауызша және жазбаша пікірлерін білдіру логикасын, өнердің басқа да құралдары арқылы жасалған көркем мәтінді түсіндіруді бағалайды.
      5) «Математика», «Информатика»:
      элементар математиканың, статистика және ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдарын, сандар классификациясын; нақты сандармен есептеу амалдарын орындауды, элементар математиканың негізгі формулалары мен қасиеттерін, негізгі элементар функцияларды, олардың қасиеттерін және графиктерін, алгебралық және трансцендентті теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін, оның ішінде теңдеулер мен теңсіздіктер жиынтығын шешу тәсілдерін, көпбұрыштар классификациясын, жазық мен кеңістіктік фигуралардың негізгі түрлерінің қасиеттерін және белгілерін, комбинаторика ережелерін, оқиға ықтималдығының классикалық анықтамасын, ықтималдықтар теориясының негізгі формулаларын, статистикалық мәліметтерді жинау және өңдеу әдістерін, қолданбалы есепті шешу үшін математикалық модельді пайдалану алгоритмін, «алгоритм», «ақпараттық процестер», «ақпараттық қауіпсіздік», «онлайн қауіпсіздік», «плагиат», «лицензиялау» және «авторлық құқық», «веб-беттер», «веб-сервер», «веб-сайт», «веб-браузер»,«URL-адрес», «http-хаттама», «IP-адрес», «домендік атау»ұғымдарының мағынасын, ақпараттың ұсынуын, өлшеу тәсілдерін; заманауи дербес компьютердің (бұдан әрі - ДК) құрылысын, ДК және компьютерлік желілерде ақпараттарды сақтау, өңдеу және жіберудің негізгі техникалық құралдарын, компьютерлік желілердің міндетін және ұйымдастыру мен қызметінің принциптерін, ДК-дің программалық қамтамасыз етілуінің міндетін және құрамын, ақпараттық модельдерді компьютермен жүзеге асырудың әдістері мен құралдарын, алгоритмдеу және программалау негіздерін, компьютерлік техниканың даму кезеңдерін, ақпараттық қауіп түрлерін, сондай ақ ақпараттарды қорғаудың тәсілдерін біледі,
      математиканың академиялық тілін, санды стандартты түрде жазу тәсілін (санның мәнді бөлігі және реті), көпмүшенің түбірі мен коэффициенттері арасындағы байланысты; берілген функцияға кері функцияның бар болу шартын, теңдеуді, теңсіздікті және олардың жүйелерін шешу деген не екенін, әртүрлі қолданбалы есептерді шешу үшін математикалық модельдерді пайдаланудың маңыздылығын, аксиомалар, теоремалар, леммалар, салдар, қасиеттер мен белгілер арасындағы айырмашылықты, жазықтықта және кеңістіктегі геометриялық салулар мен өлшеулердің принциптерін, өмірдегі кездейсоқ жағдайлардың ықтималдық сипаттарының мәнісін, таңдаудың сандық сипаттамасы мен кездейсоқ шаманың мағынасын, сандық және сапалық талдау жүргізудегі статистикалық деректерді графикалық түрде берудің рөлін, ақпараттық процестердің қоғамдағы, тірі табиғаттағы, техникадағы рөлін, барлық деректерді ұсыну үшін компьютермен екілік алфавитті пайдалануды, ақпараттарды өлшеу бірліктері арасындағы байланысты, компьютердің жұмыс істеуінің программалық принципін, программалық қамтамасыз етудің қажеттілігін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) құралдарын пайдаланудың экономикалық, құқықтық және этикалық аспектілерін, компьютермен жұмыс жасау барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсінеді;
      практикалық есептерді шешуде математикалық білімді, математикалық есептерді шешу алгоритмдерін, мәнмәтінге сәйкес математикалық терминологияны, басқа да оқу пәндерін игеру барысында математикалық білімдерін, нақты сандарға есептеу амалдарын, ауызша және жазбаша түрде дәл және жуықтап есептеуді, практикалық тұрғыдағы геометриялық есептерді шешуде жазық фигуралар мен кеңістіктік денелердің қасиеттерін, әртүрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді, математикалық есептерді шешуде есептеу техникасын және программалық қамтамасыз етуді, ақпаратты екілік кодта ұсыну үшін кодтау ережесін, ақпаратты қорғау тәсілдерін, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың заманауи программалық құралдарын қолданып, әртүрлі ақпараттық объектілерді жасау, редакциялау, түрлендіру, сақтау мен берудің негізгі технологияларын, қолданбалы программалардың мүмкіндіктерін, ақпаратпен бірлесіп жұмыс жасау үшін ғаламдық және жергілікті желілер мүмкіндіктерін, зерттеу жұмыстарын жүргізу мен оларды көрсету үшін объектілер мен процестердің физикалық, биологиялық, экономикалық және ақпараттық компьютерлік модельдерін; алгоритмдерді жазудың негізгі ережелерін, практикалық есептерді шешу үшін программалау тілдерінің мүмкіндіктерін, АКТ құрылғыларымен жұмыс жасау кезінде эргономиканы, ресурстарды үнемдеуді, қауіпсіздік техникасы ережелерін, ақпараттық этика және авторлық құқық нормаларын қолданады;
      заңдылықтарды және осы заңдылықтар негізінде математикалық модельдер құрастыруды, деректердің берілуінің түрлі формаларын пайдаланып, әртүрлі мазмұндағы деректерді, рационал және иррационал өрнектерге жасалған түрлендірулерді, теңдеулер, теңсіздіктер, теңдеулер жүйесі, теңсіздіктер жүйесін шешуді, геометриялық фигуралардың өзара орналасуын; аксиомалар, теоремалар, салдар, қасиеттер және белгілер арқылы дәлелдеуге берілген есептерді, функциялардың қасиеттерін, математикалық модельдер құрастыру үшін мәтіндік есептердің шарттарын, көрсету, өңдеу мен беруге арналған сәйкес аппараттық және программалық құралдарды таңдау бойынша ақпаратты, деректер мен нәтижелерді түсіндіру үшін кестелер, сызбалар, диаграммалар, сұлбалар және т.б., нақты және елестету объектілері мен процестерді (кестелер, графиктер, диаграммалар, сұлбалар және т.б.) зерттеу үшін компьютерлік модельдерді, ең тиімді жолды анықтау мақсатында компьютерде есептерді шешудің әртүрлі тәсілдерін, қателерді анықтау үшін программалау тіліндегі программалық кодты, ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын талдайды;
      математикалық есептерді шешудің алгоритмдерін, графиктерін салу үшін функциялардың қасиеттерін, математикалық және статистикалық деректерді өңдеу және талдау нәтижелерін, аксиомалар, теоремалар, салдар, қасиеттер және белгілер арқылы дәлелді пікірлерді, геометриялық түрлендірулерді қолдана отырып, оның ішінде интерактивті ортада салуға берілген есептерді шешу тәсілдерін, мәтіндік, кестелік, графикалық, мультимедиалық және құрама объектілерді беру үшін және өз идеяларын жүзеге асыруға, пайдаланушы қажеттілігіне қарай компьютердің конфигурациясын және программалық қамтамасыз етуді блок-схема команда түрінде берілген есептерді шешу алгоритмдерін жинақтайды;
      есептеулер нәтижесін, берілген параметрлердің мағынасына байланысты функциялардың графиктерінің орналасуын болжайды және графиктердің салынуын, статистика және ұсыныс негізінде оқиғаның болу ықтималдығын, математикалық деректерге негізделген қорытындыларды, берілген шарттарға сәйкес қолданбалы есептердің шешу нәтижелерін, шамалардың жуық мәндері және олардың стандартты түрде жазылуын, жүргізілген тәжірибелер санының артуымен оқиға нәтижесінің абсолюттік және салыстырмалы жиілігін, қолданылуына байланысты АКТ құралдарының тиімділігін, ақпараттың дәлдік, толықтылық, сенімділік, өзектілік, релеванттық түрлі дерекнаманы салыстыруын, компьютерлік модельдер артықшылығын, алгоритм тиімділігін және оның орындалу нәтижесін, адам денсаулығына АКТ құралдарының кері әсерін; қоғамның дамуына компьютерлік технологиялардың әсерін, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қазіргі құралдардың мүмкіндігін бағалайды.
      6) «Жаратылыстану», «Физика», «Химия», «Биология», «География»:
      қазіргі замандағы жаратылыстану ғылымының рөлін, бастапқы, географиялық, биологиялық, физикалық және химиялық ұғымдарды, биологиялық, физикалық және химиялық теориялар мен заңдардың негізін, физикалық, химиялық, биологиялық энергия көздерін, практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін, оларды қолдануда таралған облыстары және онының түрлерiн, бөлімдеріндегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды, Қазақстанның маңызды химиялық және металлургиялық өндірістерін, физикалық және химиялық шамалардың өлшем бірліктерін, ғұлама ғалымдардың химияның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестерін, микробиология, молекулалық, жасушалық биология негіздері, органоидтық жасушалардың атауларын, жасушалардың бейорганикалық және органикалық заттарын, өсімдіктер және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен жүйесінің компоненттерін, жасушаның зат алмасу кезеңдерін, өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарын, дезоксирибонуклеинді қышқылының (бұдан әрі - ДНҚ) жасушалық айналымын, құрылымын және маңызын, генетиканың, тұқым қуалаушылықтың және өзгергіштіктің заңдарын, эволюциялық дамудың негіздерін, селекцияның әдістерін, эволюция заңдарын, тірі ағзалардың әртүрлілігін, олардың адам және табиғи кешен үшін маңызын, жүйеліліктің таксономиялық иерархиясын және маңызын, биогеоценоздардың құрылымын; тірі ағзалардың өзара қарым-қатынастарының түрлерін, тағамдық тізбектегі және табиғаттағы энергия ағынын және заттар айналымын, тірі ағзаларға қоршаған орта факторларының әсерін, адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерін, география ғылымының нысанын, пәнін, құрылымын, географиялық зерттеулердің әдістерін, география ғылымының негізгі ілімдерін, теорияларын, концепцияларын, гипотезаларын, заманауи география кеңістігінің құрылымын, мазмұнын және деңгейін, аумақтық кешендерін, географиялық объектілердің, процестердің және құбылыстардың мәнін, жіктелуін, таралу ерекшелігін және орналасуын, заманауи геоақпараттық жүйелерді, олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін және қолдану аясын, географиялық қабықтың және географиялық ортаның құрамын, қасиеттерін, құрылымын, негізгі даму кезеңдерін, географиялық қабықтың негізгі заңдылықтарын, олардың кеңістіктік пайда болуын, табиғатта қалыптасуын және дамуын, Жер қабығының орналасуын, құрылымын, құрамын, қасиеттерін және маңызын, Жердің, географиялық объектілерінің, процестердің және құбылыстардың картадағы кескіндеу тәсілдерін; картаның түрлерін, жіктелуін және элементтерін; географияда қолданылатын негізгі формулаларды; материктер мен мұхиттардың, жекелеген аумақтардың, елдердің және Қазақстан Республикасының табиғат ерекшеліктерін, заманауи әлемдік шаруашылықтың, жекелеген аумақтардың, елдердің және Қазақстан Республикасының өңірлік және салалық құрылымын, шарттары мен даму факторларын, олардың шаруашылықты игерудегі айырмашылықтарын, халықаралық экономикалық қарым-қатынастың мақсатын, формаларын, әлемнің, жеке өңірлердің, елдердің және Қазақстан Республикасы тұрғындарының құрамын, құрылымын, жіктелуін, сандық динамикасын, тіркеу және санақ әдістерін, қайта өндіру типтерін, орналастыру және көші-қон факторларын, тұрғындық пункттердің типтерін, құрылымын, функцияларын, орналастыру факторларын және даму динамикасын, жеке өңірлердегі, елдердегі және Қазақстан Республикасындағы урбанизациялау процесін, деңгейін және ырғағын, жаһандық және өңірлердің демографиялық мәселелерін, жеке өңірлердің, елдердің және Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының экономикалық-географиялық және геосаясаттық жағдайын, әкімшілік-аумақтық бөлінуін, Қазақстанның табиғи-қор әлеуетін, тұрғындардың ерекшеліктерін, шаруашылық салаларының құрылымын, құрамын, орналастыру факторларын, орталықтарын, өнімдердің жеке түрлерін өндіру технологияларын, Қазақстанның экономикалық аудандарын, халықаралық байланыстарын, әлемнің тарихи-мәдени өңірлерін, өркениетін, геосаясатын, табиғатты сақтауға байланысты шараларын, тұрақты дамуын, жаратылыстану ғылымдарының дамуына және қалыптасуына ғұлама ғалымдардың қосқан үлесін біледі;

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет