Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы



бет4/7
Дата31.12.2019
өлшемі83.15 Kb.
1   2   3   4   5   6   7
      аннотация, пікір жазу үшін оқыған шығарманың мазмұнын, түрлі ақпарат көздерінен, оның ішінде Интернет желісінен алынған ақпараттарды шығармашылық жұмыстарға негізге алу үшін, өзінің жеке көзқарасы мен алынған ақпаратты, қазақтың ұлттық ерекшелігін және өзге ұлттардың құндылықтарымен байланыстырудағы әдістерді, көркем шығарманың жанрына сәйкес талдаудың әдістерін жинақтайды;
      көркем шығармалардың маңызын, ұлттық әдебиеттің өзіндік ерекшелігін және оның әлем мәдениетінің контексіндегі алатын орнын, адамның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда көркем шығарманың рөлі мен оның мазмұны жағынан өзектілігін, шығарманың композициялық және стильдік тұрғыдан үйлесімін, тілінің байлығын, қойылған коммуникативтік міндеттерге жетудегі тиімділігін ауызша және жазбаша жеткізуді, басқа да көркем шығарма құралдары арқылы көркем мәтінді әңгімелеуді бағалайды;
      2) «Қазақ тілі» оқыту қазақ тілінде емес жүргізілетін сыныптар үшін, «Орыс тілі» оқыту орыс тілінде емес жүргізілетін сыныптар үшін:
      тыңдалым:
      білім алушы көркем әдебиет көздерінен алынған шығарма мазмұнын, коммуникативті ниетті, сонымен қатар сөйлеушінің әлеуметтік және эмоционалды-экспрессивті ерекшелігін толық түсінеді, ақпаратты жалпылама, бөлшекті және сын тұрғысынан қабылдайды, әртүрлі стильдегі мәтінде айтылатын негізгі мәселелерді түсінеді және анықтайды, тыңдалған мәтінді көркемдеу, образдау тұрғысынан бағалайды, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, рухани-адамгершілік, патриоттық, мәдениет-тарихи дамуына байланысты идеяларды синтездейді және мәселелерді шешу мүмкіндіктерін ұсынады;
      айтылым:
      білім алушы монолог немесе диалогтік байланыс орнатуға сәйкес әртүрлі тілдік құралдарды тиімді пайдаланады, коммуникация ұйымдастырушыға тән сөйлесімдік қатынас тактикасын жүзеге асырады, диалог барысында ынталану рөлін сақтайды және сұхбаттасушының ойын қостап, дамыта түседі, сөйлеудің әртүрлі типін пайдалана отырып, монолог шығара алады, көркем әдебиет шығармасының тақырыбы бойынша еркін әңгіме барысында шығарма кейіпкерлеріне және олардың әрекеттеріне деген өзінің көзқарасын деректерге сүйене отырып дәлелдейді, әртүрлі пікірді сын тұрғысынан бағалайды, тілдік стратегиялар мен тактикаларды диалог және полилогтарда тіл нормаларын, сөйлеу мәдениетін, этномәденит ерекшеліктерін және этикетті сақтай отырып тиімді пайдаланады;
      оқылым:
      білім алушы әртүрлі стильде жазылған мәтіндерді түсінеді, тұтас және аралас мәтіннің барлық детальдарын, оның ішінде контекстегі таныс емес сөздердің мағынасын, мәнін және шынайылығын түсінеді, көркем шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын және автордың позициясын анықтай алады, әдебиеттегі көркем шығарманы басқа өнер түріндегі көрінісімен, қазақ халқының және өзге ұлттардың көркем әдебиет пен фольклордағы адамгершілік идеалымен салыстырады, оқылымның әртүрлі стратегияларын: сканерлеу, зерттеу және сын тұрғысынан оқуды қоса пайдаланады; дәлелдерді жетілдіру мақсатында мәтіндерді толықтыру және қысқарту тәсілдерінің әр түрін пайдалана отырып ақпарат алып шығады;
      жазылым:
      білім алушы әртүрлі тақырыптарға, мақсаттарға, проблемаға және жағдаяттарға сәйкес орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтай отырып түрлі типте және стильде мәтіндер құрайды, алынған ақпараттарды зерттеу және талдау негізінде тұтас немесе аралас мәтіндер құрайды, ой мен сезімін, эмоциясы мен суреттеуін нақты жеткізу үшін сөзбен көркемдеу құралдары мен стилистикалық тәсілдерді қолданады; шығарманың негізгі идеясын және мәтіннің/тақырыптың толық мазмұнын жеткізуде түрлі жоспарларды қисынды ойлауды сақтай отырып құрайды, көркем әдебиет шығармасының желісімен мәдениет пен тілдің көпқырлылығына, патриотизм және рухани-адамгершілікке қатысты өзінің жеке мәтінін жазады;
      өткен әдеби шығармалардың мазмұнын, фольклор арқылы халық тұрмысының, дәстүрінің ерекшеліктерін біледі, прозалық шығармалардан және өлең мәтіндерінен үзінділерді жатқа оқиды, авторлардың өмірбаяны, шығармашылық жолдары туралы, оқылған шығарманың тарихи-мәдени контексіндегі негізгі деректерді біледі, негізгі теориялық әдеби түсініктерді біледі;
      әлемдік мәдениеттегі ұлттық көркем мұраның маңызын, маңызды мәдени жетістіктердің бірі ретінде әдебиеттің рөлін, адам өміріндегі көркем әдебиеттің маңызын, әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын, туындының тақырыбын, идеясы мен келелі мәселелерін, туындадағы автордың ұстанымын, көркем туындылардың бейнелі табиғаты мен астарлы мағынасын түсінеді;
      әдеби тақырыпқа ауызша немесе жазбаша пікір дайындауда, өзінің талдамалы сипаттағы мәтінін құруда, зерттелген мәтінді түсіндіруде, өзіне маңызды оқу ортасын айқындау және көркем туындыларды бағалау үшін, пікірталастарда, жұрт алдында сөз сөйлеуде белсенді азаматтық ұстанымы мен рухани-адамгершілік қасиеттерін білдіруде жинақтаған білімі мен дағдысын қолданады;
      оқығаны бойынша өз тұжырымдамасына дәлел келтірумен табиғаттың әртүрлі жанрдағы туындыларын, туындының тақырыбын, идеясын, композициясын және тіл ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарды, кейіпкерлердің іс-қимылдары мен жүріс-тұрыстарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін, әлем әдебиетінің туындыларымен салыстыра отырып, көркем туындыларды, көркем туындыларда және фольклорда қазақ және басқа әлем халықтарының адамгершілік мұраты туралы түсініктерін талдайды;
      туындыны талдау жолдарын, көркем мәтіннің дәлме-дәл жанрлық-мәндес табиғатын, көркем туындыларды жиынтықтау, туындылардың фактілері мен бөліктерін тарихи фактілермен салыстыру үшін түрлі ресурстарды қолдана отырып, жазбаша мәтіндерді, туындының мазмұнын қазақ және басқа әлем халықтарының құндылықтарымен салыстыру үшін оны рухани-адамгершілік толымдылығын айқындау тәсілдерін синтездейді;
      туындыны оның мазмұнының өзектілігі мен маңыздылығы тұрғысынан адамның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін, композициялық, стиль бірлігі, тілдік ресімдеу тұрғысынан және қойылған коммуникативтік міндеттерге жетудің орындылығы, тиімділігі тұрғысынан ауызша және жазбаша пікірлерді, басқа өнер құралдары арқылы құрылған көркем мәтіннің талдамасын бағалайды;
      3) «Шетел тілі»:
      тыңдалым:
      білім алушы тыңдалымға ұсынған өзіне таныс немесе жартылай таныс тақырып бойынша әртүрлі жанрдағы мәтіндердің, сұхбаттың негізгі мазмұнын түсінеді, формалар, кестелер, сызбалар толтыру үшін функционалды тұрғыдан ерекше және маңызды деген ақпаратарды пайдалана алады, математикалық, физикалық, химиялық, медициналық терминдердің, білім саласы циклындағы пәндердің, сонымен қатар өзге де қатысы бар салаларда кездесетін мәтіндердегі негізгі бірліктердің семантикасын анықтай алады, мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады, деректер пен пікірлерді ажырата алады, оқыған және берілген жалпы тақырып шеңберінде әртүрлі жанр мен стильдегі орта көлемдегі мәтін ішінен қарама-қайшылықтарды анықтайды және өзара салыстыра алады, контекстегі таныс емес сөздердің мағынасы туралы болжай алады;
      айтылым:
      білім алушы этикалық нормаларға сүйене отырып, диалог – сауалнаманы, ақпаратпен алмасу диалогын, сондай-ақ кең тақырыпты пайдалана отырып, аралас типтегі ресми және бейресми жағдаяттар негізінде күнделікті байланыс орната алады, сөйлеу барысында тілдің дұрыс көркемдеудегі лексикалық және грамматикалық құралдарды пайдаланады, қоршаған шынайы ортаға деген эмоционалды тұрғыдан бағалаудағы көзқарасын білдіре алады және осы орайда өзінің құрдастары арасындағы тілдік байланыстағы тактиканы жүзеге асырады, мәтіндерді талдай алады және салыстыра алады, сонымен қатар өзінің көзқарасын айта алады және негіздей алады, әңгімелеу барысында өзінің көзқарасын білдіре отырып, оқиғаларға, түйінді мәселелерге және түрлі пікірлерге баға береді, мәселе бойынша кездейсоқ сөйлесу кезінде нақты лексиканы қолданады, белгілі бір тақырып бойынша пікірді бағалайды, қорытынды жасайды және беріліп отырған тақырып бойынша мәселені шешу жолдарын ұсынады;
      оқылым:
      білім алушы қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша және жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқыту пәндерінің публицистикалық, танымал ғылыми, өнер, прагматикалық мәтіндердегі негізгі мазмұнды түсінеді, мәтінмен атқарылатын жұмыстарды жетілдіре түседі; зерттеу, түсініктеме бере отырып оқу, рөлдік оқу, белгі қоя отырып оқу, арнайы ақпаратты алу үшін оқу, аналитикалық оқу стратегияларын пайдаланады, оқиғалар мен құбылыстардың уақытша және себепті байланыстарын анықтайды, кітаптар және электронды ресурстарды пайдалана отырып, сөздердің мағынасын талдайды және өзара салыстырады, түрлі жанр мен стильдегі мәтіндерде кездесетін қайшылықтарға сыни тұрғысынан баға береді және негізгі проблеманы анықтайды;
      жазылым:
      білім алушы жазбаша байланыс орнату үшін жоспар, тезис жасайды, естіген және оқығандарына сүйене отырып, түрлі жанрлар мен стильдердегі мәтіндерді түзейді, орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды, түрлі құрылымдағы күрделі сөйлемдерді пайдаланады, медиа-ақпарат негізінде дәлел келтіре отырып мәтін, әңгіме, баяндама жазады, жеке немесе ресми хат түрінде ақпараттық мәтіндер (арыз, сұраным, түсіндірме жазбалар) жазады, жаратылыстану-математикалық циклдағы басқа да пәндердегі тақырыптар бойынша эссе жазады (150-200 сөз);
      4) «Математика»:
      arcsinб, arccosб, arctgб, arcctgб анықтамасын; көрсеткішті, логарифмдік функциялардың анықтамаларын, олардың қасиеттерін және графиктерін, күрделі функцияның анықтамасын, санның логарифмінің қасиеттерін, кері тригонометриялық функциялардың анықтамасын; тригонометриялық, көрсеткіштік, лограифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу тәсілдерін, иррационал теңдеулерді шешу тәсілдерін, екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесінің геометриялық түсініктемесін, көпжақтар және айналу денелерінің түрлерін және олардың жазбаларын, көпжақтар және айналу денелерінің аудандары мен көлемдерінің формулаларын, стереометрия аксиомаларын және олардың салдарын, компланар және коллинеар векторлардың анықтамасын, кеңістіктегі координаталар жүйесін, статистиканың, статитикалық бақылаудың, статистикалық зерттеулердің негізгі ұғымдарын, дискретті және интервалды вариациялық қатарды, шексіздіктегі, нүктедегі функция шегінің анықтамасын, нүктедегі функция шегінің анықтамасын, нүктедегі, жиындағы функцияның үзіліссіздігінің анықтамасын, функция туындысының анықтамасын, функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін, алғашқы функцияның, анықталмаған және анықталған интегралдың анықтамасын, анықталған интегралдың көмегімен жазық фигураның және дененің көлемін табу формулаларын біледі, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: иррационал теңсіздіктерді шешу тәсілдерін, комплекс сандар және комплекс санның түйіндесінің анықтамасын, комплекс саннан квадрат шығару ережесін, кеңістіктегі түзудің және жазықтықтың, сфераның теңдеулерін, функцияның дифференциалының анықтамасын, дифференциал теңдеулер туралы жалпы ұғымды біледі;
      канондық түрдегі бір айнымалысы бар көпмүшенің жазылуын, қайталанбайтын алмастыру, теру, орналастырудың формулаларының маңынасын, биномалды таратылудың, нормалды таратылудың мағынасын, нормалды таратылған кездейсоқ оқиғаның берілген интервалға түзу ықтималдығын анықтауды, «басты жиынтық», «басты жиынтықтан таңдау», «дисперсия», «стандартты ауытқу» терминдерін, туындының геометриялық және физикалық мағыналарын, интегралды дифференциалдауға кері процесс ретінде түсінеді, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: сан ұғымын кеңейтуді және комплекс сандарды енгізуді, бірнеше айнымалысы бар көпмүше ұғымының анықтамасын, бірнеше айнымалысы бар көпмүшенің стандартты түрін; координаталар әдісінің мағынасын, қайталанатын алмастыру, теру, орналастырудың формулаларының мағынасын, екінші ретті туындының геометриялық және физикалық мағыналарын түсінеді;
      тригонометриялық, көрсеткіштік, лограифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің алгоритмдерін, иррационал теңдеулерді шешудің алгоритмін, қарапайым стереометриялық суреттерді салу техникасын, есептерді шығаруда жазықтықтардың параллельдік және перпендикулярлық белгілері мен қасиеттерін, геометриялық денелердің аудандары мен көлемдерін табу формулаларын, геометриялық есептерді шешуде векторларға қолданылатын амалдарды, коллинеарлық шартты, векторларға қолданылатын амалдарды (векторларды қосу, векторды санға көбейту, векторлардың скаляр көбейтідісі), функцияның экстремум нүктелерін, функцияның кему және өсу аралықтарын табу әдістерін, туындыны табуда дифференциалдау техникасын, интегралдар кестесін және анықталған интегралды табуда Ньютон-Лейбниц формуласын қолданады;
      жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша, иррационал теңсіздіктерді шешу тәсілдерін, «комплекс санның нақты бөлігі», «комплекс санның жорымал бөлігі», «модуль, комплекс санның аргументі», «түйіндес комплекс сандар» терминдерін, комплекс санды тригонометриялық түрде жазуды, квадрат теңдеудің комплекс түбірлерін табуды, жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномын, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу әдістерін, көпмүшенің түбірлері мен коэффициентерін табуда Безу теоремасы мен Горнер сызбасын, екінші және үшінші ретті анықтауыштарды есептеу тәсілдерін, векторларға қолданылатын амалдарды (векторлардың скалярлық, векторлық, аралас көбейтінділері), функция графигінің асимптоталарын, функцияның дөңес (ойыс) интервалдарын, иілу нүктелерін табу тәсілдерін, интегралдау тәсілдерін (бөліктеп интегралдау, алмастыру тәсілі), дифференциал теңдеулердің дербес және жалпы шешімдерін табудың әдістерін қолданады;
      тригонометриялық, көрсеткіштік, лограифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің түрлі тәсілдерін, иррационал теңдеулерді шешудің түрлі тәсілдерін, көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларының модельдерін, көпжақтар мен айналу денелерінің комбинацияларын, комбинатория есептерін шешу формулаларын, параметрлердің берілген мәндері бойынша нормалды таратылудың графигін, нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық моделдерін жинақтайды, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: анықтамалары және өзара кері функцияның қасиеттері негізінде кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін жинақтайд;
      тригонометриялық, көрсеткіштік, лограифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешімдерін, иррационал теңдеулерді шешімдерін, статистикалық мәліметтердің вариацияларының көрсеткіштерінің мәндерін, түрлі кездейсоқ құбылыстардың арасындағы байланыстарды бағалайды, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: иррационал теңсіздіктердің, теңдеумен жазылған есепке қатысты дифференциал теңдеудің шешімдерін бағалайды;
      5) «Қазіргі әлемдегі Қазақстан»:
      әлеуметтік зерттеулердің маңызын, деңгейлерін, түрлерін, сандық және сапалық әдістерін, Қазақстандағы қоғамдық, әлеуметтік және саяси объектілерді, процестер мен құбылыстарды, мемлекеттің қалыптасу жолдарын, негізгі белгілерін, негізгі қызметтерін жүзеге асырудың түрлері мен әдістерін, әлем елдеріндегі саяси типологиясында Қазақстанның алатын орнын, Қазақстан саясатының қызметін, құрылымын және түрлерін, мемлекеттік аппарат және органдардың құрылымын, қызметін, ұстанымдарын, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың индикаторларын, Қазақстандық қоғамның құрылымы мен құндылықтарын, жалпыадамзаттық құндылықтар, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын, қоғамдағы адамның адамгершілік қылықтарының нормалары, негізгі қоғамдық әлеуеметтік институттардың рөлін, әлеуметтік қатынастардың түрлерін, әлеуметтік дау-жанжалдарды шешу жолдарын, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның белгілерін, мемлекеттің дамуындағы азаматтардың рөлін, мәдениеттің негізгі элементтері мен функцияларын, мәдениет институттарының рөлін, экономиканы басқарудың негізгі мақсаттары мен маңызын, Қазақстан экономикасының ұлттық үлгісін, экономиканы дамытудың факторларын, Қазақстанның экономикалық стратегияларын, геосаясатты зерттеу әдістері мен құралдарын, Қазақстанның геосаясаттық жағдайы мен орнын, Қазақстанның геосаяси мүдделерін, Қазақстанның интеграциялық процестерге қатысуын, жаһандану құралдарын, адамзаттың жаһандық мәселелерін шешудегі Қазақстанның іс-әрекеті, Қазақстанның жаһандық бастамаларын, Қазақстанның ұлттық беделін нығайтуға бағытталған шараларды біледі;
      саяси дамудың тиімді жолдарын анықтау үшін «мемлекеттілік» және «мемлекет», «билік», «саясат», «ішкі және сыртқы мемлекеттік саясат», «басқару», «саяси прогресс», «реформа», «құқықтық мемлекет» ұғымдарының мәнін, Қазақстан Республикасының геосаяси белсенділігін жан-жақты зерттеу мақсатында «ұлттық қауіпсіздік», «геосаясат», «геосаяси жағдай», «геосаяси күш», «геосаяси мүдделер» ұғымдарыныңмәнін, қоғамдық-саяси дамудың маңызды факторы ретінде «құндылық», «ұлттық идеология», «ұлттық бірегейлік», «қоғам», «қоғамдық институт», «азамат», «азаматтық қоғам», «әлеуметтік қатынастар», «әлеуеметтік жанжалдар» категорияларын, адамқызметінің тұрақты түрлерін, маңызды идеяларды, құндылықтарды, дәстүрлерді, тәртіптің нормалары мен ережелерін, өзін-өзі жүзеге асыру ортасында модельдеу мен өмір сүру әрекетін анықтау, әлеуметтік қарым-қатынас пен тәртіпті реттеу үшін «мәдениет», «мәдени мұра», «ұлттық имидж» ұғымдарының мәнін, «индикатор», «экономикалық прогресс» ұғымдарын, «экономика» «стратегия», «интеграция», «жаһандану», экономикалық дамудың тиімді жолдарын анықтау үшін «адамзаттың жаһандық мәселелері» ұғымын түсінеді;
      әлеуметтік зерттеулердің сандық және сапалық әдістерін; шағын әлеуметтік зерттеулерді жоспарлау дағдыларын, әлеуметтік зерттеулер нәтижелерін ұсыну түрлері туралы білімді, әлеуметтік зерттеулер нәтижелерін көпшілікке ұсыну талаптары туралы білімді, түсіндіру, анықтау, жіктеу, салыстыру, саралау, модельдеу, болжамдау дағдыларын, қоғамдық, әлеуметтік және саяси объектілер, процестер мен құбылыстардыңрөлін, функцияларын, факторларын, даму мәселелерін, құрамын, құрылымын, белгілері мен ерекше өзгешіліктерін бағалау және талдау әдістерін қолданады;
      Қазақстан Республикасының даму стратегиялары мен мәселелерін, факторларын, қызметін, айрықша ерекшеліктері мен белгілерін, құрылымын және құрамын, Қазақстандағы қоғамдық, әлеуметтік және саяси процестерді, әлем елдерінің саяси типологиясында Қазақстанның орнын, мемлекеттілікті нығайту жолдарын, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын, Қазақстандағы мемлекеттік өкімет жүйесін, мемлекеттік аппараттар мен органдар құрылымын, қызметін, ұстанымдарын, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың индикаторларын, Қазақстан халқының құндылықтары мен құрылымын, негізгі қоғамдық әлеуметтік институттар рөлін, әлеуметтік қатынастарды, адамның мемлекет дамуындағы рөлін, өзінің аймағындағы саяси, геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени мәселелерді, мәдениеттің негізгі элементтері мен қызметтерін, Қазақстан мәдениетінің әртүрлігін, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени институттардың қызметі және дамуын, Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау бойынша іс-шараларды, экономиканы басқарудың негізгі мақсаттарын, Қазақстан экономикасының ұлттық моделін, экономикалық даму факторларын, Қазақстанның орнын және геосаяси жағдайын, Қазақстанның әлемдегі геосаяси белсенділігінің бағыттарын, жаһанданудың Қазақстанға тигізетін әсерін талдайды;
      қойылатын талаптарға сәйкес әлеуметтік зерттеулердің әртүрлі жолдарын, жергілікті компоненттер негізінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттің ішкі саясат мәселелерін және қоғамның құндылықтарын қалыптастыру, әлеуметтік жанжалдар, Қазақстан экономикасының мәселелерін, Қазақстан қоғамының ұлттық құндылықтарды нығайту бойынша жобаларды, азаматтық қоғамды қалыптастырудағы өзіндік модельдерін, өз жерінің әлеуметтік мәселелері туралы жобаларды, саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени реформалар туралы өзінің жобаларын, қауіпсіздікті күшейту бойынша ұсыныстарды, жаһандану процесінде ұлттық бірегейлікті сақтауды, халықаралық деңгейде Қазақстанның беделін жақсарту бойынша шығармашылық жобаларды жинақтайды;
      Қазақстан мемлекетінің стратегияларын, қызметін, факторларын және даму мәселелерін, Қазақстандағы қоғамдық, әлеуметтік және саяси объектілерін, процестерін, әлем елдерінің саяси типологиясында Қазақстанның алатын орнын, мемлекеттілікті нығайту жолдарын, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын, Қазақстанның мемлекеттік үкімет жүйесін, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуы мен алға басу индикаторларын, Қазақстанның геосаяси жағдайын, Қазақстанқоғамының құндылықтарын, негізгі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени институттардың дамуы мен рөлін, әлеуметтік қатынастарды, мемлекеттің дамуындағы адамдардың рөлін, мемлекеттің және өзінің тұрғылықты жерінің саяси, геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени мәселелерін, Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау бойынша атқарылатын іс-шараларды, Қазақстан экономикасының ұлттық моделін, экономикалық даму факторларды, Қазақстанның геосаяси жағдайы мен алатын орнын, Қазақстанның геосаяси күш-қуатын, әлемдегі Қазақстан елінің геосаяси белсенділігінің бағыттарын, Қазақстанның интеграциялық процестерге қатысуын, жаһанданудың Қазақстанға ықпалын, жаһандану процесін тарату құралдарын, адамзаттың жаһандық мәселелерін шешудегі Қазақстанның атқаратын қызметін, Қазақстанның ғаламдық бастамаларын, Қазақстанның халықаралық имиджін бағалайды;
      6) «Дене шынықтыру»:
      қимыл-қозғалыс әрекеттерін үйретудің физиологиялық және психологиялық негіздері және дене ширақтығын тәрбелеуді; сабақ құрылымын жасаудың қазіргі заманғы жолдары мен қызмет ету бағыты әртүрлі дене жаттығуларымен шұғылдануды, жалпы дамыту және түзету бағытындағы дене жаттығуларының биодинамикалық ерекшеліктері мен мазмұнын, денені дамыту және денсаулықты нығайту міндеттерін шешуде оларды қолдану негіздерін, дене жүктемелері кезінде өз ағзасының қызмет етудегі физиологиялық негіздерін біледі;
      жетекші психикалық прцестердің жас ерекшелігіне сәйкес даму ерекшеліктерін, дене тәрбиесімен жүйелі шұғылдану арқылы жеке тұлғаның дербес қалыптасу мүмкіндігі мен қасиеттерін, өз ағзасының психикалық-функционалдық ерекшеліктерін түсінеді;
      өз бетімен жетілу мақсатында түрлі дене жаттығуларын, салауатты өмір салтын және бос уақытын ұтымды ұйымдастыруды, ойын кезінде немесе арнайы құрылған жаттығулар кешенін орындау кезінде қажетті негізгі техникалық-тактикалық әрекеттерді, ағзаның бейімделу қасиеттерін дамытуды қадағалау және денсаулықты нығайту мен дене ширақтығының дайындығын жоғарылатудың дербес жолдарын, қызмет ету бағыты әртүрлі дене жаттығуларымен өз бетімен ұйымдастыру тәсілдерін, спорт жабдықтары мен құралдарын қолдану ережелерін, жеке бас гигиенасы ережелері, дене жаттығуларымен шұғылдану кезінде жарақаттанудың алдын алу және дәрігер алды көмек көрсету білімін, өзін-өзі ұстай білу, ересектермен және құрбыларымен тіл табыса білу, қарым-қатынас орната білу мәдениетін өздігінен қолданады;
      сауықтыру және дене шымырлығы мен ширақтығын жетілдіру мақсатында дене жаттығуларын орындау кезінде өз ағзасының қызмет ету жағдайын талдайды;
      қалыптасқан дағдыларды дене шынықтыру сабағымен қатар күнделікті өмірдегі әртүрлі жағдаяттарда қолдану жүйесін, ұжымдасып өтетін сабақтар мен жарыстарды ұйымдастырған кезде, сондай-ақ сол жарыстарға қатысқанда өзінің дербес білімі мен біліктілігін жинақтайды;
      жалпы, кәсіптік-қолданбалы және сауықтыру-түзету бағытындағы дене жаттығуларымен шұғылданудың маңыздылығын, өз бетінше жетілу және қимыл-қозғалыс дайындығының деңгейін, дене жаттығуларымен шұғылдану тиімділігін, ағзаның қызмет ету жағдайы мен жұмыс істеу қабілетін, дене жүктемелерін және дене жаттығуларының әсер ету бағытын мөлшерлеуді бағалайды;
      7) «Алғашқы әскери дайындық»:
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мамандарды даярлау жүйесін, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыруды, қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда және табиғи апатты хабарлау барысында, сондай-ақ, сол кезде әрекет ету тәртібін, табиғи апаттардың сипаттарын, зақымдау ошақтарында құтқару және апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл ұйымдастыруды, қорғанудың дербес және ұжымдық құралдарының, радиобелсенді және химиялық бақылау құрылғыларының атқаратын қызметін, құрылысы мен қолдану тәртібін, сондай-ақ, тұрғындарды эвакуациялау және жергілікті жерде орналастыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін, алғашқы медициналық көмектің міндеттері мен түрлерін біледі;
      ядролық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) қарулардың және адамдарды зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарының әсер ету ерекшеліктерін, сондай-ақ оларды қолданған кезде шаруашылық объектілеріне, қоршаған ортаға және экологияға тигізетін әсерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың салдары мен келтіруі мүмкін экономиалық және экологиялық шығынын түсінеді;

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет