Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы



бет5/7
Дата31.12.2019
өлшемі83,15 Kb.
1   2   3   4   5   6   7
      дербес және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануды, радиациялық және химиялық бақылау жүргізу бекетінің құрамында барлаушы ретінде әрекет етуді, жараланғанда, қан кеткенде және күйік шалғанда алғашқы медициналық көмек көрсетуді, дененің түрлі бөліктері жараланғанда байлап, таңуды, дененің түрлі бөліктерінде сынықтың ашық және жабық түрі бойынша алғашқы медициналық көмек көрсетуді, үсік шалғанда, күн өткенде, электрлі жарақат алғанда, суға батқанда алғашқы медициналық көмек көрсетуді біледі;
      зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайды, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын талдайды;
      зақымдаудың қазіргі заманғы қаруын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайда әрекет ету алгоритмін, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туындағанда әрекет ету алгоритмін сараптайды;
      қабылданған шешімнің салдарын бағалайды.
      8. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын пәндер бойынша жалпы орта білім беру бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары:
      1) «Биология»:
      жасушаның компоненттерін, құрылысын, құрамы мен ақуыз міндетін, майларды, көмірсутектерді, нуклейн қышқылдарын, - аденозинтрифосфат (бұдан әрі – АТФ), гемоглобинді, жердегі тіршілік үшін су молекуласының полярлық маңызын және рөлін, Бор эффектісін, биологиялық мембраналар арқылы тасымалын, энергия алмасуының мейоз бен митоз фазаларын, фотосинтез фазаларын, антиген-антидене реакцияларының негізгі механизмдерін, адамның хромсомаларының аурулары мен тұқымқуалаушылық теориясының негізгі күйін, тірі ағзалардың қоректенулері мен зат алмасуларын, типтерінің/түрлерінің өзгерулерін, будандастыруды, түрдің пайда болуын, препараттарды үнемі дайындауын, залалсыздандыру мен асептика әдістерін, бағаналы жасуша процестерін, рибонуклеин қышқылдары (бұдан әрі – РНҚ) молекуласының транскрипциялық, посттранскрициялық модификациясын, ДНҚ репликациясындағы ақуызды синтездеуін, транскрипциялар мен трансляцияларын, қатерлі ісікті қоздыратын, ісіктер мен факторлардың пайда болуы мен аллельдердің тазалығына әсер ететін факторларды, генетикалық кодтың қасиеттерінің қартаю заңдылығының теориясын, трансгендік ағзалар мен генетикалық модифицирленген полимерлердің әртүрлі тізбекті реакцияларының қолдануын, ұрық дамуының кезеңін, эволюциялық ілімді, жер бетінде өмірдің қалыптасуының кезеңдері мен сызбаларын, антропогенезді, экологиялық түсініктер мен терминдерді, экологиялық факторларды, тірі ағзалардың тұратын орындарының түрлері мен олардың ерекшеліктерін, ғаламдық және Қазақстанның экологиялық проблемаларын, табиғат ресурстарын қорғау принциптерін біледі;
      фотосинтездің жарық пен қараңғы фазасына өту кезіндегі процесстерді, белсенді және пассивті, транслокация тасымал механизмдерін, жасуша мембранасы арқылы түрлі заттардың тасымал механизмдерін, фосфорлылау тотықтырғыш, хромосомалық, гендік мутация пайда болу механизмдерін, электрокардиография мен электроэнцефалографияның зат тасымалының маңызды жолдарын, су потенциалы мен ген-инженерлік қызметінің қозғалысын, жасуша циклінің энергетикалық алмасу сатыларын, гамета тазалығының гепотезі, тұқымқуалаушылық өзгерістері мен даму арасындағы байланысты, тұқымқуалаушылық заңдылықтарын, «Адамның гені» жобасының маңызын, ДНҚ рекомбинацияның алу жолдарын, субстраттарға ферменттердің әсер етуін, даму процесстері механизмдерін, бейімделудің пайда болған механизмін, экологиялық пирамиданың ережесін, қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік факторларды түсінеді;
      генетикалық есептерді шығаруға арналған сызбаларды, молекулалық биологиялық есептерді, зат алмасу мен энергияның айналымын, экологиялық жүйе анализін, түр өзгерісі мен тұқымқуалау белгісі үшін статистикалық әдістерін, микробиологияның гендік инженериясы мен молекулалық биологияның әдістерін, жасуша мембранасының сұйық кристалды үлгісін, сұйық және қатты қоректік орталарды қолданады;
      филогенетикалық карталарының түрлі формаларының принциптерін, хемосинтез және фотосинтез процесстерінің ерекшеліктерін, хлоропластың функциялары мен құрылысын, тыныс алу кезіндегі АТФ-тың пайда болуын, даму процессіне әсер ететін факторларды, ДНҚ мен РНҚ молекуларының құрылысын, бұлшықет талшықтарының орналасуы мен жалпы қасиеттерінің құрылысын, ДНҚ-ның репликациясы мен рекомбинациясын, мутация мен репарация процесстерін, ДНҚ құрылысы мен оның функциясы арасындағы байланысын, РНҚ функциясының түрлері мен құрылысын, спрематогенез бен оогенез арасындағы айырмашылықты, түр мен экологиялық жүйенің тұрақтылығының айырмашылығын, Қазақстан мен дүние жүзіндегі экологиялық жағдайларды, экологиялық мәселелерді шешу жолдарын талдайды;
      адамдағы гаметогенез сызбасын, экожүйедегі биоценоз үлгісі мен тағамдық тізбегінің сызбасын, Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу мүмкіндіктерін, жинақталған және өңделген мәліметтерді, ақпараттардың кесте, графиктер, хабарламалар, баяндамалар, презентациялар түрінде берілгенін, болжамдарды, дәлелдер мен түсіндірмелерді ұсыну үшін ғылыми үлгілер мен дәлелдемелерді, зерттеулер мен тәжірибиелерді жүргізу жоспарын, үлгілерді, зерттеушілік, шығармашылық, оқу жобаларын, ақпарат материалдарын жинақтайды;
      ферменттердің белсенділігіне әсер ететін түрлі факторларды, ақуыздың құрылысы мен фотосинтез нәтижесін, осмосты, модификациялық өзгергіштік заңдылықтарын, моногибридті және дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін, мутагенезге әкеліп соқтыратын себептерін, жергілікті аймақтың экожүйесін, биотехнологияда зерттелетін генетикалық модифицирленген және трансгенді ағзаларды қолданылуына байланысты этикалық сұрақтарын бағалайды.
      2) «Химия»:
      негізгі химиялық түсініктерді, атомистикалық теорияны, органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын, заттардың түрлері бойынша жіктеуді, заттар массасының сақталу заңын, құрам тұрақтылық заңын, периодттық заңын, Фарадей заңын, көлемдік қатынас пен Авогадро заңдарын, органикалық және бейорганикалық қосылыстардың негізгі топтарының номенклатурасы мен құрылысын, физика-химиялық қасиеттерін, сонымен қатар олардың туындыларын, металдар мен қоспалардың, бейметалдар мен олардың қосылыстардың, полимерлі материалдардың кейбір салаларын қолдану мен ерекше қасиеттерін, нанотехнологиялардың кейбір салаларын қолданылуын біледі;
      атомдардың құрылымын ескере отырып, түрлі элементтердің химиялық реакцияларға түсу қабілеттерін, тотығу және тотықсыздану процесстерін, химиялық өзгерістердің негізгі механизмдерін, молекулааралық пен ішкімолекула байланыстарында пайда болған механизмдерді құру мен заттардың қасиеттерін, кинетикалық теорияның негізін, гомогенді және гетерогенді катализдің негізін, бейметаллдар мен металдардың қасиеттерін және өтпелі металдардың ерекше қасиеттерін, зерттелген органикалық және бейорганикалық қосылыстардың құрылысы мен химиялық қасиеттерін, инфрақызыл спектроскопия мен масс-спектрометрия арқылы қосылыстардың зерттеу принциптерін, ең маңызды органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық өндіріс принциптерін түсінеді;
      зертханалық құралдармен, уландырғыш пен жанғыш заттармен қауіпсіз пайдалану ережелерін, табиғатта, өндірісте және тұрмыста болып жатқан химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін қажетті біліктілігі мен қабілетін, органикалық және бейорганикалық қосылыстардың түрлі класстарына жататын заттарды анықтау үшін травиалды немесе халықаралық номенклатура бойынша заттарды анықтау әдістерін, сапалық және сандық анализ әдістерін, қоршаған ортада экологиялық сауаттылықты ұстау ережесін, адам ағзасына және басқа да тірі ағзаларға әсер ететін қоршаған ортаның химиялық ластанудың әсерін бағалау әдістерін, тұрмыс пен өндірістерде қолданатын ерітінділердің берілген концентрациялары бойынша дайындау техникасын, қалыпты энтропия мен энтальпия реакцияларының қатты заттар мен газдардың молекулалық массаларын анықтау әдісін, қалыпты энтальпия мен энтропия өзгерістерін есептеуін, қышқыл мен негіз көрсеткіштерінің pH мәнін, белгісіз ерітінділердің концентрациясын анықтау үшін көлемдік анализін, химиялық эксперименттердің қорытындыларын дайындау үшін заттардың бөлінуі: экстракция, жұқа қабатты хроматография, айдау фракциясы, сыни тұрғысынан ойлау мен ғылыми әдістерді өндіруін білу, өткізу, бақылау, жазбалар мен анализдерді қолданады;
      заттардың құрамы мен құрылысына қарай қасиеттерінің тәуелділігін, стериоизомерлер мен құрылыстардың физикалық және химиялық қаситтерін, заттардың құрылысы мен қасиеттерін анықтауға арналған олардың қарапайым спектрлерін, түрлі факторларға сәйкес химиялық тепе-теңдік күйі және химиялық реакция жылдамдығының тәуелділігін, периодттық жүйедегі элеметтердің қасиеттерін өзгерту үрдісін, ерітіндідегі қышқылдық, негіздік және иондық тепе-теңдіктің түрлі теорияларын талдайды;
      органикалық пен бейорганикалық заттарды ажырату үшін заттардың қоспаларын математикалық алгоритммен шығару амалын, массасын есептеуін, элементтің массалық үлесі мен гомологтік қатардағы органикалық заттардың жалпы формуласын, өнімнің жануына байланысты заттардың молекулалық формуласын анықтау үшін ерітіндідегі концентрацияны (қоспа) есепке алып бастапқы заттардың немесе реакция өнімінің көлемдері мен мөлшерлерін, термохимиялық есептеулерді жүргізу әдістерін, органикалық қосылыстардың гомологтары мен изомерлерінің формулаларын, органикалық пен бейорганикалық қосылыстардың маңызды топтарының арасындағы гинетикалық байланысты, органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясының дәлелдемелерін жинақтайды;
      түрлі дереккөздерден түсетін химиялық ақпараттардың дұрыстығын, түрлі материалдардың электр өткіштігін, қышқылдық пен негіздік орынбасушыларының күштеріне табиғаттын әсер етуін, химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін түрлі факторларды, химиялық тепе-теңдік ортаға сыртқы ортаның түрлі жағдайларда әсер етуін, қоршаған орта мен адам денсаулығына әсер ететін химиялық өндірістің тигізетін зиянын, радиоактивті ыдырау зардабын бағалайды;
      3) «Физика»:
      механиканың (кинематика, динамика, статика, гидро-аэростатика, гидро-аэродинамика), молекулалық физика мен термодинамиканың, электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты және айнымалы ток, электр тогы, магнит өрісі, электромагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың физикалық шамалары мен ұғымдарын, ғалам дамуының негізгі кезеңдерін, ақпаратты тарату мен қабылдау тәсілдерін, негізгі радиотехникалық қондырғылар мен жүйелерді құру принциптерін, нанотехнологияның негізгі принциптерін және шығу тарихын, жаңартылған және жаңартылмайтын табиғи қорларды ұтымды пайдаланудың негіздерін біледі;
      механиканың (кинематика, динамика, статика, гидро-аэростатика, гидро-аэродинамика), молекулалық физика мен термодинамиканың негізгі заңдарын, принциптері мен постулаттарын, электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты мен айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электрмагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың негізгі заңдары мен принциптерін, наноматериалдар мен наножүйені зерттеу әдістерін, әлемнiң заманауи ғылыми бейнесіндегі физика ғылымының орнын, ой-өрісті қалыптастырудағы және практикалық есептерді шешудегі физиканың рөлін түсінеді;
      физика ғылымының негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, заңдары мен теорияларын, физика ғылымының символикалары мен терминологияларын, физикада қолданылатын ғылыми танымның бақылау, сипаттау, өлшеу, эксперимент сияқты негізгі әдістерін, ғаламтор желісі мен компьютерлік дерекқорлардағы физика бойынша ақпараттарды іздеу және өңдеу үшін жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін, эксперименттер мен өлшеу нәтижелерін өңдеу, физикалық шамалар арасындағы тәуелділіктерді анықтау тәсілдерін қолданады;
      дәрежелік функциялар түрінде берілген тәуелділіктерді, ғаламдағы құбылыстарға, объектілер мен денелерге әр түрлі физикалық күштердің әрекетін, екі айнымалы арасындағы қатынасты, физикалық процестердің тәуелдiлiгі мен айнымалылар арасындағы қатынастардың графигін, құрылғылар мен аспаптардың сипаттамалары мен жұмыс істеу принциптерін, ғылыми жаңалықтарды қолданылу салаларын, нанотехнологияның қолдану салаларын, адамның өндірістік қызметі мен қоршаған орта жағдайы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды Ғалам күйін сипаттайтын параметрлерді және оның дамуының мүмкін жолдарын талдайды;
      жиналған және өңделген мәліметтердің, ақпараттың кесте, график, хабарлама баяндама, презентация түрінде қарастырылуы үшiн, ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді болжамдар, дәлелдеулер, түсiндiрмелер ұсыну үшiн, эксперимент пен зерттеу жүргізу жоспарын жинақтайды;
      заңдар мен олардың қолданысын білуін жүргізілген бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін, экологиялық қауiпсiздiк тұрғысынан физикалық процестермен байланысты адамның өндiрiстiк және тұрмыстық қызметінің салдарын, нақты жағдайлардағы ғылыми таным әдiстерінің қолданысын бағалайды;
      4) «Информатика»:
      логикалық операцияларды және олардың шартты белгілерін, логикалық амалдарды орындау ережелерін, сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру ережелерін, ақпараттық жүйелер түсінігін және оның міндеттерін, геоақпараттық жүйелер түсінігін, объектіге бағытталған программалаудың негізгі түсініктерін, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың міндеттері мен функцияларын, ақпараттық модельдерді компьютермен жүзеге асырудың әдістері мен құралдарын, ақпараттық этика және құқық, ақпараттық қауіпсіздік нормаларын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптерін, «мәліметтер қоры», «мәліметтер қорын басқару жүйесі», «мәліметтерді нормалау» түсініктерін, мәліметтер қорының жіктелуін, реляциялық мәліметтер қорының негізгі элементтерін, бір кестелі және көп кестелі мәліметтер қорын жасау принциптерін, мәліметтер қорында ақпаратты іздеу және сұрыптау командаларын, веб-сайттарды жасау үшін негізгі HTML-тегтерін және CSS командаларын, Web-редакторымен жұмыс істеудің негізгі принциптерін, Web-беттерді редакциялаудың негізгі құралдарын, Web-беттердің құрылымын және сайтты жобалаудың принциптерін, Web-дизайнның негізгі принциптерін, «сервер», «провайдер», «хостинг» түсініктерін, «мәліметтер тұтастылығы», «файлдық жүйе» түсініктерін, компьютер жадысының негізгі сипаттамаларын және иерархиясын, виртуалды жады және кэш-жады міндеттерін, аналық тақшаның негізгі компоненттерін, графикалық және анимациялық пакеттердің мүмкіндіктері мен міндеттерін біледі;
      компьютердің логикалық элементтерінің қызмет атқарудағы принциптерін, позициялық және позициялық емес санау жүйелерінің айырмашылықтарын, алгоритмдер мен программалар құруда объектіге бағытталған тәсілдің принциптерін, реляциялық мәліметтер қорын ұйымдастыру принциптерін, желілік технология қызметінің принциптерін, клиент-сервер моделінің артықшылықтары мен кемшіліктерін, анимациялық роликтерді құрастырудың негізгі принциптерін, жасанды интеллект жүйесінің мүмкіндіктері мен оны қолдану саласын, бұлттық технологиялар мүмкіндіктерін, виртуалды жады және кэш-жады міндеттерін түсінеді;
      сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру ережелерін, күрделі пікірдің мәнін есептеу үшін логика заңын, нақты объектіні графика түрінде ұсыну үшін редактор мүмкіндігін, цифрлық суреттерді өңдеу тәсілдерін, компьютерлік экспериментті жүргізуде қолданбалы бағдарламалар және қосымшаларды, ақпараттық объектілерді жасау және оқу жұмысының нәтижесін безендіру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, мәліметтер қорын жасау үшін мәліметтер қорын басқару жүйесін, қайталанатын іс-әрекетті автоматтандыру үшін макростарды, әртүрлі оқу пәндері бойынша тапсырмалар мен жобаларды орындау үшін мәліметтер қорында және компьютерлік жүйеде іздеу ережесін (сұраныстарды құрастыру), ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық этика және құқық ережесін, жобаның нәтижесін жариялау мен тарату үшін файлдық алмастырғышты, қосымшаларды әзірлеу үшін объектіге бағытталған программалаудың мүмкіндіктерін, WEB-сайттар жасау принциптерін, анимацияны жасаудың әртүрлі тәсілдерін, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын, гигиена, эргономика және ресурсты үнемдеу ережелерін қолданады;
      логикалық амалдарды және сұлбаларды, ақпаратты іздеу үшін бірнеше өлшемшарттар мен қатынас операторларын қолдана отырып сұраныстарды, компьютерлік жүйелерді қорғау үшін қауіпсіздік шараларын, әзірленген программадағы қателерді, веб-сайтты жасау әдістерін, компьютерлік модельдеудің мүмкіндігі мен тиімділігін, қойылған міндетті шешу үшін қажетті ақпаратты, модельдеу мен жобалау үшін географиялық ақпараттық жүйелердің мүмкіндігін, ұжымдық қатынау күйіндегі әртүрлі құжаттарды, компьютерлік модельдерді, желіде жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік шараларын, дайын анимацияны, бейнені, веб-сайттарды, желідегі құқықтық және этикалық нормаларды бұзу салдарын, жобалық жұмысты орындаудың нәтижелерін, қойылған міндетті шешу үшін қажетті ақпаратты, объектілер, оқиғалар мен процестердің қасиеттерін талдайды;
      объектілер, процестер мен оқиғалар, ақпараттық жүйелер туралы ақпаратты жинақтайды және оны жаңаша түрде ұсынады, программалық қамтамасыз ету, есептеуіш техниканың даму болашағы туралы ақпаратты, компьютерлік модельді әзірлеуге қажетті мәліметтерді талдау нәтижесінде алынған шешімдерді, логикалық шамалар негізіндегі логикалық сұлбаларды, қойылған мақсатқа сәйкес компьютерлік модельді, қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктерін, анимацияны, бейнематериалды өңдеу, web-беттер мен сайттарды жасау туралы деректерді жинақтайды;
      бағдарламаның жұмысқа қабілеттілігін, жоба үшін қолданылатын ақпараттың сапасын (дәлдік, жеткіліктік, сенімділік, өзектілік, релеванттық), ақпараттық модельдердің модельдеудің мақсатына сәйкестігін, жобаны әзірлеу мен модельдеу кезінде қойылған мақсаттарға сәйкес өздерінің іс-әрекеттерінің нәтижесін (нақтылық, өлшемділік, қолжетемділік, шынайылық, өзара байланыс), қолданыстағы бағдарламамен қамтамасыз етудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, желілік технологиялардың даму болашағын, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану барысында этикалық және құқықтық нормаларды бұзу салдарын, объект туралы ақпаратты оқитын электронды құралдарды еңгізудің мүмкін болатын қаупін, веб-беттердің дизайн сапасын, эргономика заңдарын, қауіпсіздік техника ережесін сақтауды бағалайды;
      9. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы стандарттық деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша (жалпы орта білім) білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары:
      1) «География»:
      заманауи географиялық ғылымның құрамын, құрылымын, рөлін, зерделеудің өзекті проблемаларын және әдістерін, Қазақстанның, дүние жүзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы пәні мен құрылымын, оның өтпелі бағыттарын және географиялық мәдениет қалыптастырудағы олардың рөлін, заманауи географиялық кеңістіктің түрлі деңгейлеріндегі көптүрлілікті (жергіліктіден ғаламдыққа дейінгі), табиғатты пайдалану саласының, экономикалық, әлеуметтік, саяси география және геосаясаттың негізгі ғылыми ұғымдарын, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық және геосаяси карталардың ерекшеліктері мен элементтерін, табиғатты пайдаланудың географиялық ерекшеліктерін және заманауи проблемаларын, геосфераға антропогендік әсер етудің себептерін, факторларын және негізгі көздерін, Жер сфералары мен табиғи-аумақтық кешендерге әсер етудің салдарын, қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік саясатын, табиғатты қорғау шараларының жүйесін және негізгі бағыттарын, табиғатты пайдаланудың заманауи жүйелерінің түрлері мен типтерін және табиғатты тиімді пайдаланудың жалпы принциптерін, этногеографиялық және аймақтық ерекшеліктерін және адамзаттың заманауи демографиялық проблемаларын, халық өмірінің деңгейі мен сапасындағы айырмашылықтарды, көші-қонның негізгі бағыттарын, дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымының географиялық ерекшеліктерін, оның негізгі салаларының орналастырылуын, жекелеген елдер мен аймақтардың географиялық ерекшеліктерін, олардың әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейі бойынша айырмашылықтарын, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі жүйесіндегі мамандануын, дүние жүзі саяси картасының мазмұнын, адамзаттың ғаламдық проблемаларының географиялық аспектілерін, ғылыми техникалық революцияның сипатын, оның ерекшеліктерін және ғылыми-техникалық революция дәуірінде шаруашылық дамуының негізгі бағыттарын, техника мен технологияның (инновациялар) даму жолдарын, әлеуметтік-экономикалық ресурстар жиынтығын, экономикалық жүйелердің модельдерін, дүниежүзілік шаруашылық және дүние жүзі елдері дамуының негізгі көрсеткіштерін, мемлекеттің аумақтық құрылымын және мемлекеттердің типтерін, аумақтардың морфологиялық ерекшеліктерін және мемлекеттердің модельдерін, мемлекеттік шекараларды, олардың түрлерін және динамикасын, Қазақстанның заманауи геосаяси және геоэкономикалық жағдайының ерекшеліктерін, Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарға қатысуын, халықаралық географиялық еңбек бөлінісіндегі рөлін, дүниежүзілік саяси процестердегі Қазақстанның рөлін және орнын, адамзаттың ғаламдық заманауи проблемаларын біледі;
      әлемнің заманауи экономикалық-географиялық және саяси-географиялық сипатын, қоғам өміріндегі географияның рөлін, географиялық ортадағы жоспарлы іс-әрекетті, дүние жүзінде және Қазақстан Республикасында қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің өмірлік маңызды мәселелерін шешудегі табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың даму заңдылықтарын, табиғи, әлеуметтік, экономикалық және саяси үрдістердің ерекшеліктерін, заманауи әлемнің кеңістіктік көптүрлілігінің себептерін, оның жалпы және аймақтық ерекшеліктерін, табиғи және әлеуметтік-экономикалық, табиғатта болатын экологиялық процестердің ғаламдық және жергілікті динамикасын, табиғи, әлеуметтік-экономикалық және геоэкологиялық объектіле, процестер мен құбылыстардың дамуының географиялық беталысын, табиғи ортаға антропогендік қысым көрсетуді тұрақтандырудың жолдарын, ғаламдық экологиялық зардаптың алдын алу жолдарын, географиялық «табиғат – халық (қоғам) – шаруашылық (экономика)», қоршаған ортаны қорғаудағы ғылыми-техникалық прогрестің рөлін, қазіргі қоғамдық құбылыстар мен үрдістерді, адам өмір сүретін географиялық қоршаған ортаны қалыптастыратын және өзгертетін ғаламдық және жергілікті табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторларды, өмір сапасының қоршаған табиғи ортаның сапасына тәуелділік дәрежесін, адамзаттың ғаламдық заманауи проблемаларының себептерін және оларды шешу жолдарын, ірі аймақтар мен дүние жүзі елдерінің географиялық жаһандану жағдайындағы ерекшеліктерін, заманауи интеграциялық және геосаяси процестердің маңызы мен мәнін, геосаясат субъектілерінің өзара қарым-қатынастарының сипатын, рөлін және ықпал ету саласын, дүние жүзінің геосаяси зоналарының ерекшеліктерін түсінеді;
      ғаламдық, аймақтық және жергілікті деңгейде заманауи геоэкологиялық, әлеуметтік-экономикалық және геосаяси процестерді талдау үшін географиялық білімді, географиялық негізгі түсініктер мен терминдерді, географиялық зерттеулерді, географиялық сараптамаларды және қоршаған ортаның мониторингі мен олардың түрлі амалдарын, географиялық зерттеулердің әдістерін, географиялық ақпараттың түрлі дереккөздерін, тақырыптық және экологиялық карталардың қосымша сипаттама элементтерін, географиялық объектілерді сипаттау дағдылары мен жоспарларын, географиялық ақпаратты қажетті контексте іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, өзгерту, сақтау, беру және презентация жасау дағдыларын, картада өлшеу әдістерін, қажетті контексте есептеулер жасау үшін түрлі формулаларды қолданады;
      географиялық қабықта және географиялық ортада болатын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды, табиғат пен қоғамның өзара байланысын және олардың кеңістіктік ерекшеліктерін, географиялық объектілер, процестер мен құбылыстардың таралу, байланысу және басқа да кеңістіктік қарым-қатынастарының ерекшеліктерін, географиялық объектілер, процестер мен құбылыстардың көрсеткіштерін, орналасу факторларын, қоршаған орта факторларының адам өмірі мен іс-әрекетіне әсерін, қазіргі кездегі дүниежүзілік шаруашылықтың табиғи, әлеуметтік-экономикалық негіздерін, сандық және сапалық географиялық ақпаратты, шаруашылық іс-әрекеттің қоршаған орта жағдайы мен тұрғындардың денсаулығына әсерін, табиғатты пайдаланудың түрлері мен формаларын, экологиялық қауіп-қатерлерді, қоршаған табиғи ортаны қорғауды және табиғатты үнемді пайдалануды ұйымдастыру негіздерін, қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік саясатын, дүниежүзілік шаруашылықтың модельдері мен даму көрсеткіштерін, шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи факторларын, дүние жүзі елдерінің рейтингісі мен индекстерін, мемлекеттің аумақтық құрылымын және мемлекеттердің типтерін, мемлекеттердің шекараларын, олардың түрлерін және динамикасын, саяси, экономикалық және әлеуметтік дамудың ерекшеліктері мен факторларын, Қазақстанның әлемдегі рөлін және орнын талдайды;

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет