Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы



бет1/6
Дата12.10.2020
өлшемі72,29 Kb.
#68268
  1   2   3   4   5   6






Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5191 болып енгізілді.

      Қолданушылардың назарына!!!

      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:



      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;


      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;



      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі бекітілсін.



      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04 № 142 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):



      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;



      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.



      3. "Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 481 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4394 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.



      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.



      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Ж. Түймебаев

Қазақстан Республикасы 

Білім және ғылым министрінің


2008 жылғы 18 наурыздағы  


N 125 бұйрығымен    


бекітілген          

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет