Білім алушылардың пәндерге тіркелу тәртібі Пәндерге тіркелу 4 кезеңнен тұрады



Дата28.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#130073
Байланысты:
Тіркеу бойынша нұсқаулық


Білім алушылардың пәндерге тіркелу тәртібі
Пәндерге тіркелу 4 кезеңнен тұрады:
1-ші кезең. Мамандық бойынша оқу жоспары мен элективті пәндер каталогымен танысу.

Пәндерге тіркелу алдында, кафедра меңгерушісі және топтың эдвайзері білім алушыларды оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы бойынша оқытылатын пәндердің тізімімен таныстырады.



2-ші кезең. Білім беру траекториясына тіркелу (қажет болған жағдайда).

Егер мамандығыңыз бойынша білім беретін траекториялар көзделген болса, онда пәндер өзгешелене бастаған курста мамандық шеңберінде нақты білім беру траекториясын таңдау қажет.



3-ші кезең. Пәндерге және оқытушыларға тіркелу.

Осы кезеңде пәндерді және олардың оқытушыларын таңдау қажет.



4-ші кезең. Қайта тіркелу (қажет болған жағдайда).

Егер білім беру траекториясына тіркелу кезінде пәндерге немесе оқытушыларға оқу тобын құрайтындай жеткілікті студенттің саны жинақталмаса, онда қайта тіркеу қажет болады.


Пәндерге электрондық тұрде тіркелу:

Пәндерге электрондық тұрде тіркелу студенттің жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады.

Тіркелу «Универ» жүйесінде онлайн режимде өтеді.

1. Логин мен пароліңізді енгізіңіз.



2. «Жүйеге кіру» батырмасын басыңыз. Егер логин, пароліңіз болмаса, немесе Сіз оларды ұмытып қалсаңыз, онда Тіркеу кеңсесіне жүгінсеңіз болады.

Авторизация сәтті аяқталғаннан кейін Сіздің жеке кабинетіңіздің бастапқы беті ашылады.

Содан кейін ұсынылып отырған пәндер мен оқытушылардың арасынан таңдап, күзгі семестрдің пәндеріне тіркелесіз. Алдымен Сізге міндетті пәндер мен міндетті пәндерге ұсынылған оқытушыларды таңдау қажет. Таңдау барысында Сіз пәндер мен оқытушыларды таңдайсыз. Пәнді таңдау кезінде пәннің қысқаша сипаттамасымен танысуға болады.

Пән оқытушыларын таңдау кезінде, олар туралы қысқаша ақпаратты көруге болады (оқытушының аты жөнін басу арқылы)

Міндетті пәндерді таңдаған соң элективті пәндер таңдауына өтесіз, онда өзіңіздің оқу траекторияңыздың пәндерін таңдайсыз. Таңдалатын ЖБТ 1,2,3 ішінен Сіз мысалы, 3-ші Жеке білім беру траекториясын таңдайсыз.

Пәнаралық модульде 4 пәннің ішінен Сіз екі пәнді (4 кредит) таңдай аласыз.

Ары қарай «Сақтау» батырмасын басасыз.

Егер Сіздің парақшаңызда жасыл түсті жазумен жазылған «Пәндерге тіркеу сәтті өтті деген» хабарлама шықса, Сіз күзгі семестрге тіркеуді өттіңіз. Егер таңдауларыңызды сақтау кезінде, «Сіз пәндердің бірінен барлық топтарды таңдамадыңыз» деген жазу пайда болса, немесе модульден кредиттің санын жеткіліксіз немесе асырып таңдасаңыз, онда Сізге қайта тіркелу қажет болады.

Содан кейін көктемгі семестрдің тіркеуіне өтіп, күзгі семестрдегідей пәндер мен оқытушыларды таңдайсыз. Пәндер мен оқытушыларды таңдаған соң және көктемгі семестрдің тіркеуін сәтті аяқтағаннан кейін Сіз алдағы оқу жылына тіркелуді аяқтайсыз.

Оқу жылына тіркелуді аяқтаған соң Сіз өзіңіздің Жеке оқу жоспарыңызды (ЖОЖ) құрастырасыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет