Тұңғыш президент күніне арналған
|
Білім беру аймағы : «Қатынас» «Әлеуметтік орта» «Таным» .
Бөлім: Тіл дамыту,көркем әдебиет ,айналамен таныстыру.
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің көшбасшысы.»
Мақсаты: Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
«Тұңғыш президент»мерекесі жайлы айта отырып,бүлдіршіндерге
елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру.Отанға, елбасына
деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Сөздік жұмысы: егемен, тәуелсіз,елбасы.
Көрнекіліктер: Елбасының суреті, бейнетаспа,мақал-мәтел.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Педагогтың іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Ынталандыру Сезімді ояту
|
-Армысың,қайырымды аспан ата!
-Армысың, мейірімді жер ана!
-Армысың,шұғылалы алтын күнім!
-Армысың,балабақша дос-жараным!
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын айту.
Бейнетаспадан қазақ елі,тұңғыш президентіміз туралы 5 минуттық фильм көрсету.
Балалардың фильм жайлы пікірлері тыңдалады.
|
Шеңберге тұрып,жаңа күнмен амандасады.
Барлығы тұрып әнұранды айтады.
Бейнетаспадан тұңғыш президент жайлы фильмді тамашалайды.
Кім,не жайлы екенін өз сөздерімен баяндап береді.
|
Ізденістер
Ұйымдастыру.
|
а)Қазақстан Республикасының картасын көрсету.
-Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан-ғасыр жері бар екенін байқауға болады.Осы кең байтақ қазақ жері- бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады.Яғни егеменді мемлекет.
ә)Сөздік жұмысы:
Тәуелсіз-толық еркі бар,ерікті,бағынышты емес.
Егемен-өз билігі,бас бостандығы өзінде,тәуелсіз.
-Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
-Елордасы қай қала?
-Астана қандай қала
б)Қазақстан,егемен,тәуелсіз сөздеріне сөйлем құрату.
в)Тұңғыш президенттің отбасы туралы әңгімелесу.
ғ)Тұңғыш президентке арналған өлеңдер оқу:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
-Елін сүйген еңселім де, еркінім,
Аппақ таңнан даусыңды естіп елтідім.
Тәуелсіздік-Назарбаев Нұрсұлтан,
Тұңғыш көкке көтерді ол ел туын!
Ауыр күнді артымызға тастауы
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
|
Қазақстанның картасынан еліміздің жер көлемімен танысады.
Тәуелсіз,егемен сөздерінің мағынасымен танысады.
Тұңғыш президент-Назарбаев Нұрсұлтан.
Астана
Астана- жас қала.
|
Қорытындылау.
Өзін-өзі бағалау.
|
Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.
«Халықтың ортақ үйі-Отаны.»
«Өзге елге сұлтан болғанша,өз еліңе ұлтан бол.»
«Отан» туралы өлеңді орындаумен аяқтау.
|
Мақалдардың мағынасын түсіндіреді
«Отан» әнін айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Президенттің халық үшін, елі үшін еңбек ететінін білуі тиіс;
Болуы қажет:Отанға, елге, елбасына деген құрметтің болуы қажет;
Жасай алады: Өз беттерінше, өз ойларын айта біледі,сөздік қорлары мол.
|
Алтын күз
|
Сабақтың тақырыбы: « Күз жомарт»
Сабақтың мақсаты: Балалардың күз туралы түсінігін кеңейту,
Алтын күздің ерекшеліктері туралы
әңгімелеу. Суреттер бойынша әңгіме
құрастыру арқылы балалардың тіл
байлығын дамыту. Құстарға қамқорлық
жасай білуге тәрбиелеу. Қылқаламмен таза , ұқыпты жұмыс істеу, балалардың шығармашылық қабіллеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: күз көрінісі бейнеленген суреттер үнтаспа.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,
сұрақ- жауап.
Сабақтың барысы: - Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіп
қалыпты.Олай болса, барлығымыз
орнымыздан тұрып амандасайық.
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн туды,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Иә, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі. Ал, күзде неше ай бар, қазір қай ай?
- Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші.
Тыныштық сәті ( жәй музыка ойналады)
-Күз мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға келе жатырсыз.
Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір кезде жаңбыр жауып кетеді. Адамдардың кейбіреуі қолшатыр ұстап барады.
-Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.
Алтын күз туралы, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.
-Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
-Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Балалардың тақпақтарын тыңдау.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру( сұрақ-жауап арқылы)
Ғажайып сәт: - Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?
Есікті қағып «Алтын күз» кіреді.
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Сәлеметсіз бе, балалар бізге «Алтын күз» келіп қалыпты.
-«Алтын күз»: - Балалар, манадан бері сендердің мен туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарыңды анадайдан естіп келе жатырмын. Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар.
- Күзде құстардың бәрі бірдей ұшып кетеді ме?
Тақпақ
Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта,
Жем шашуды ұмытпа.
- Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық!
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
-« Алтын күз» сіздің тағы да тапсырмаңыз бар ма балаларға?
« Алтын күз»:- Балалар, сіздер маған күздің беретін сыйын бейнелеп беріңдерші.
Балалар үстел басына отырып шығармашылық жұмыс жасайды.
« Алтын күз»:- Өте жақсы балалар, мен сендерге ризамын. Сендерге әкелген сыйм бар. Енді мен кетейін. Сабақтарыңды жақсы оқып,тәртіпті болыңдар. Сау болыңыздар!
- Сау болыңыз!
- Балалар, сендерге « Алтын күздің» тапсырмасы ұнады ма?
Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Күз мезгілінің ерекшеліктерін бекітті.
Қандай түсініктерді игерді: Күзде ауа райында болатын өзгерістерді суреттеу, толық сөйлем құрап жеткізу.
Меңгерген дағдылары: Қойылған сұрақтарға толық жауап беру, тату болу.
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Тақырыптық сабақ:
«Тәуелсіз елдің көшбасшысы»
«Ләйлек» ортаңғы топ
Тәрбиеші: Ракишева А.М.
Самар ауылы, 2015 оқу жылы
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Қортынды сабақ
Бірінші тоқсан.
Тақырыбы:
«Күз жомарт»
«Ләйлек» ортаңғы топ
Тәрбиеші: Ракишева А.М.
Самар ауылы, 2015 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |